Экономикалық теорияның даму кезеңдері.Монетаристер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 10:07, реферат

Описание работы

Экономикалық теория — бұл:
ұдайы өндірістің фазалық динамикасы және ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым:
қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) пайдалану туралы ғылым;

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Экономикалық теория
туралы жалпы түсінік
2.Экономикалық теорияның
даму кезеңдері
3.Монетаристер
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

СОЖ экономика.doc

— 174.00 Кб (Скачать файл)

Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

 

 

 

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

Тақырыбы:Экономикалық теорияның даму кезеңдері.Монетаристер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Орындаған:Макулбек И

                                                 Тобы:203 А ДЕІ

                                                                     Қабылдаған:Қаратаева Ф.М

         Жоспары:  I.Кіріспе

           II.Негізгі бөлім

              1.Экономикалық теория

                 туралы жалпы түсінік

               2.Экономикалық теорияның

                 даму кезеңдері

               3.Монетаристер

          III.Қорытынды

        IV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық теория — бұл:

ұдайы өндірістің фазалық динамикасы және ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым:

қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) пайдалану туралы ғылым;

өндіріс пен айырбас әрекеттерінің  түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.

 

Экономикалық теория – экономикалық жүйелерге, экономикалық дамуға, экономикалық заңдар мен заңдылықтарға ғылыми көзқарастардың жиынтығы, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы, шаруашылықтың жұмыс істеуі туралы, экономикалық қатынастар туралы логикаға, тарихи тәжірибеге және экономист-ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларына негізделген теориялық түсініктер. Экономикалық Теория неғұрлым елеулі жалпы байланыстарды, нарықтық экономика мен оның басқа да тұрпаттары дамуының экон. үдерістеріне тән қажетті себептік байланыстарды зерттейді. Өндіріс пен бөлу тәсілдерінің дамуын, еңбек нәтижелерінің пайдаланылу бағытын, меншік қатынастарын зерделейді. Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономикалық білімнің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәуірімізге дейінгі IX-V ғ.ғ. Көне Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар (Ксенофонт, Аристотель, Конфуций және басқалар) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.

 

"Экономика" термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: "ойкос" — үй, шаруашылық, "номос" — заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді) жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 Әлемде сан алуан халықтар  еңбек етіп, қоғамдық өндіріс,  өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір  сүріп келеді. Адам еміріндегі  ең қажетті шарт — аш-жалаңаш,  баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.

 

    

 Экономикалық ойдың алғашқы  көзін біздің дәуірімізге дейін  ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек  ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды.

    

     Экономикалық теорияның даму тарихы адамзат

 қоғамы дамуының

 ажыратылмас бөлігі,

 онымен бірге дамып  қалыптасты. Қалай өмір сүру,

қажеттіліктерін, игіліктерді

 өндіру, бөлу процестеріндегі  қарым-қатынастардың

 барлығы 

алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде 

қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің

 белгілі бір әдісі түрінде көрінді.

Алғашқы қауымдық құрылыс  кезінде экономикалық ойлар

 мен ойшылдар

көріне қойған жоқ.

    Экономикалық теория ғылым ретінде қалыптасу

 кезеңі XVII ғасыр болып  табылады, бірақ экономикалық қөзқарастар  көне

 заманда да кездеседі.

Оның өмір сүру кезендерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен

ауыстырылды.

 

   Монетаризм

 

Монетаризм - XX ғасырдағы  экономикадағы теңдесі жоқ ірі  құбылыс,

 біртүтас экономикалық  ағым. Ол көптеген

 мемлекеттерді дағдарыстан

 шығарды, экономикасын  сауықтыруға мүмкіндік берді.

Монетаристер ақшаның  сандық теориясын бұрынғы қалпында

жандандыру

 мүмкін

 еместігін түсініп,  оның негізінде ақшаға сұраныс

 теориясын 

ұсынды. Ақшаның сандық теориясының жаңа нұсқасында ақшаға

сұраныстың

 мынадай функциясы  ұсынылды:

 

 

 

 

 Монетаризм  идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда

(тэтчеризм),

 АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде,

 Ресейде жүргізілген  Экономикалық саясатта көрініс  тапты

. Экономиканы басқарудың  әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған,

 өтпелі экономикасы  бар, қазіргі заманғы нарықтық 

тетіктері әлі қалыптаса  қоймаған бұрынғы соц.

елдерде Экономикалық

 саясаттың өздеріне  тән ерекшеліктері

 болды. Қазақстанның  Экономикалық 

саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің

 рөлін арттыруға,

 барлық деңгейде  экономиканың

 басқарылуын қалпына  келтіруге негізделді.

 Экономикалық реформаларды  жүзеге асыру 

барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы

 нарықтың өзін-өзі  реттеуі мен мемлекеттік

 реттеудің өркениеттік  тетіктері оңтайлы түрде 

ұштастырылды.

 

Экономиканы реттеудегі ақшаның рөлін темен ұстаған

кейнс теориясына

.М. Фридмен

өзінің зерттеулерінде

ақшаның

белсенді ролін

теріске шығаратын ортодаксальды  кейнс теориясына қарама-қарсы –  ақшаның

сандық теориясына сүйенді. Алғашқы

монетаристік тезистердің  іс-тәжірибелік

негізіне АҚШ-тың жүз  жыл уақыт ішіндегі ақша

Айналысының

тарихының

статистикалық материалдары алынды. Өзінің теориясын «монетаризм» деп атап, М. Фридмен

ақшаның классикалық  сандық теориясын

қайта жандандырды

және

экономикадағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікке сүйенетін ерте монетаризмнің  негізін қалады.

 

 

Монетаристер ақшаның  сандық теориясын бұрынғы қалпында жандандыру мүмкін еместігін түсініп, оның негізінде ақшаға сұраныс теориясын ұсынды.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Экономика ғылымдарының  сол жаңа ғылымдардың  қалыптасу жағдайын шолып отыруы тиіс. Сонымен қатар экономика ілімдерінің даму бағыттары бүгінгі таңдағы Экономикалық ойдың негіздерін, соның ең маңызды деген логикалық тұжырымдары мен берік бірлігіне бастайтын болуы қажет.  Мен бұл жерде ойшылдардың экономикалық процестерге деген эволюциялық көзқарастарын жүйелеп қана қоймай олардың идеяларын қарастырып нәтижелерін ашуға тырыстым. Алғашқы экономикалық категориялар мен идеялардың қаншалықты өзекті , осы заман шарттарына сәйкесетінін өзгерістер теория тұрғысынан қарастырып одан бір нәтижені шығару. Экономикалық ойлар әртүрлі мектептер мен бағыттардың негізгі жетістіктерінің жиынтығын құрап, осы заманғы іргелі әлеуметтік ғылымдардың сипатын тануда. Ал осыдан келіп қарасақ экономика осы кезде әр түрлі тараптарға бөлінеді, осыны толығымен аша білу. Экономика ілімдерінде ғалымдардың алуан түрлі көзқарастары кездеседі.  Сонымен қатар әрбір экономика ғалымдарының арасында ортық пікір жоқ, осы тақырыпта соны саралап бір ортық шешімге келу . Яғни олардың ойларын талқылай отырып соның даму бағыттарын ұстанғанда қандай нәтиже шығатындығын түсіну. Осы тұрғыда келер болсақ экономикалық құбылыстардың даму бағыттарында  - жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына дейін қарасытырдым.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Экономикалық  теория  негіздері.Я.Әубәкіров ,Алматы,1998ж

2.Экономикалық   теория.Мырзалиев  Б.С,Алматы,2006ж

3.Сахариев С.С Жаңа кезең-экономикалық теориясы,Алматы,2004ж

4.Тасқынбаева С.М   Экономикалық  теория негіздері  Шымкент,2010ж

5.www.Wikipedia.kz

 

 

 


Информация о работе Экономикалық теорияның даму кезеңдері.Монетаристер