Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 20:39, доклад
Экономикалық теорияның негізінде жүзеге асырылатын экономикалық саясат экономикалық мәселелердің шешілу механизмдері мен варианттарын қарастырады. Осы саясатты жүзеге асыру барысында біртұтас экономикалық жүйе дамиды. Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады. Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады.
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Физика техникалық факультеті
Техникалық физика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық жүйе: мәні, түрлері, құрылымы, аралас, экономиканың модельдері, дәстүрлі экономика, әкімшіл-әміршіл экономика, нарықтық экономика.
Орындаған: ТФ-21 тобының студенті
Шаймолдин Н.Б.
Қабылдаған: Есенгельдинова Р.Ж.
Астана 2014
Экономикалық теорияның
Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Оған әсер ететін факторларды үш құрылымға топтастыруға болады:
1) шаруашылық құрылым;
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әртүрлі сипатта болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Егер елде мемлекеттік сипат күшейсе онда ұлттандыру процесінің нәтижесі деуге болады. Керісінше жеке шаруашылық дамитын болса онда жекешелендіру процесінің жүргендігі.
Қазіргі заманғы әлем әрқайсысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Қоғамның тарихи даму процесін жіктеу критерийлері біркелкі емес:
1. Формациялық көзқарас –
Екінші ірі формацияны Маркс жеке меншікке негізделген деп атады. Үшіншісі – жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен көрінеді: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді.
ІІ. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын тарих ретінде зерттеуді ұсынады. Өркениет сөзі латынның "civilis" - азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық). Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды. Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады. Кейбір экономистер 7 өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры)-30-35 ғасырлық; шығыстық-құл иеленушілік (қола ғасыры)-20-23ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық-7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық 4-5 ғасырлық; индустриалдық – 2-3 ғасыр; кейінгі идустриалдық немесе ақпараттық қоғам.
ІІІ. Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын басқа жіктеуге сәйкес үш экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады: индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысын немесе ақпараттық қоғам деп те атайды.
IV. Өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін басқару әдісі. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл нарықтық және аралас экономика деп бөліну жүреді.
Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.
1.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
2. Экономиканың негізгі
Экономикалық теорияның басты
проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін
қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық
ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану
мәселесін зерттеу болып
Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.
Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді. Бұл жүйе мемлекеттілікке дейінгі алғашқы қауым кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралияның тұрғындарына, африка тайпаларына тән.
Дәстүрлі экономиканың өзіндік ерекшеліктері мынадай:
Дәстүрлі жүйеге тән елдер әлемдік шаруашылықты шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз етеді, дайын өнім өткізетін нарыққа айналады және бұрыңғы метрополиялардың, қазіргі индустриясы дамыған капиталистік елдердің ауыл шаруашылық шикізаттарын шығаратын орталық ретінде қызмет атқарады.
Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң типтік иерархиясы тән. Дәлірек айтсақ жоспарлаушылар бұл жүйеде қандай тауарлар өндіріліп және қандай қызметтер көрсетілуі керектігін анықтап алады.
Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар:
Бұл жүйеде өндірушінің еңбегі қоғамдық бағалауға бұрмаланып, жалған, субьективті бағалау түріне айналады. Нәтижесінде жүйенің тиімділігі кемиді. Бұл жүйе бұрыңғы КСРО және социалистік елдерде үстемдік еткен.
Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.
Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:
Аралас экономикалық жүйе. Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм мынадай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игіліктерді жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, технологиялық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі. Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр елде әр басқа. Жоспарлы жүйені басқарудан бас тарту және өз бетімен саналы нарықтық экономикаға өту елімізде аралас экономикаға өтудің басты бағыты болып табылады.
Аралас экономиканың бірнеше үлгілері бар.