Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 11:25, реферат
Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Толық мақаласы: Ақшаның экономикадағы рөлі
Ақша экономикадағы рөлін
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
Толық мақаласы: Ақшаның теориялары
Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.
Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.
Ертедегі метализм теориясының
қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне
адам еңбегімен жасалатын
Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.
XIX ғ. екінші жартысындағы
Ақшаның металдық теориясының екінші
метаморфозасы бірінші
Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын монета стандартын халықаралық айналымда енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі М.Хальперии және француз экономисі оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.[3]
Толық мақаласы: Ақша айналысы және оның заңы
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз
ақшалар арасында тығыз байланыс
пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның
үнемі бір айналыс аясынан
екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі
депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз
ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен
жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы
және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолмақолсыз
Толық мақаласы: Инфляция
2007 жылғы Әлемдегі инфляция деңгейі
Инфляция (лат. inflatio — «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада
тәуелсіздік үшін болған соғыс
доллардың құнсыздануына
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Толық мақаласы: Ақша массасы және ақша базасы
Ақша айналысының негізгі
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Ақша базасы — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.[3]
Толық мақаласы: Ақша жүйесі
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[5]
Толық мақаласы: Ақша жүйесінің типтері
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
Толық мақаласы: Ақша жүйесінің элементері
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.
Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.[3]
Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері
Елдің атаулары |
Ақша бірлігі |
Елдің атаулары |
Ақша бірлігі |
Қазақстан |
1 теңге = 100 тиын |
АҚШ |
1 доллар = 100 цент |
Ресей |
1 рубль = 100 копеек |
Англия |
1 фунт стерлинг = 100 пенса |
Украина |
1 гривня = 100 копийка |
Израйль |
1 шекель стерлинг = 100 агора |
Беларусь |
1 рубль = 100 копеек |
Жапония |
1 иен = 100 сена |
Өзбекстан |
1 сум = 100 тийн |
Сауд Арабиясы |
1 риал = 100 халал |
Қырғызстан |
1 сом = 100 тыйн |
Түркия |
1 лир = 100 куруш |
Тәжікстан |
1 сомони = 100 дирам |
Кувейт |
1 динар =100 дирхам = 1000 филса |
Әзірбайжан |
1 манат = 100 гепик |
Қытай |
1 юань = 10 цзяо = 100 финям |
Армения |
1 драм =100 люма |
Йемен |
1 риал = 100 филса |
Молдова |
1 лей =100 бань |
Кипр |
1 фунт =100 миллима |
Біріккен Араб Әмірлігі |
1 динар = 100 филса |
Үндістан |
1 рупия 100 пайса |
Ауғаныстан |
1 ауған = 100 пул |
Марокко |
1 дирхам = 100 сантима |
Египет |
1 фунт = 100 пиастра |
Монголия |
1 тугурик =100 мунгу |
Австралия |
1 австралия доллары = 100 цент |
Тайланд |
1 бат = 100 сатанга |
Ирландия |
1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса |
Бразилия |
1 крузейро = 100 сентаво |
Жиао зы алғашқы қағаз ақшаның түрі, Сонг әулеті, Қытай
Ақша белгісіне алтын, күміс ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар, қағаз ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, т.б. жатады. Ақша – қағаз ақша және құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз етудің нормасы мен әдістерін анықтайды. Қазақстанда ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін тек Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар.
Өндірісті дамыту мақсатында пайдаланылатын ақшаның яғни қаржының бастапқы түріне ақша капиталы жатады. Ол орта ғасырда сауда және өсімқорлық капиталдар түрінде пайда болды. Өнеркәсіп капиталының ауыспалы айналымның бірінші сатысында ақша капиталы өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады. Өндіріс процесінде тауар өндіріліп, ол өткізілгеннен кейін өнеркәсіп капиталы тағы да ақша капиталына айналады. Сөйтіп, өндіріс процесінде капиталдың бір түрі оның екінші түріне тұрақты айналып отырады, осының көмегімен қосымша құнның мөлшері де өсіп отырады. Капиталдың ауыспалы айналымы процесінде босаған ақша капиталы қарыз капиталына айналуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, ақша — қосымша құн әкелетін ақша түріндегі капитал. Ол өнеркәсіптік капиталдың бір түрі болып табылады. Ақшаны пайдалану процесінде ақшаға табыну — ақша фетишизмі (французша fetіche — сиқыр) пайда болады. Ақша фетишизмі — тауарлы шаруашылықтың табиғатынан туатын обьективтік құбылыс. Алтынның жалпыға бірдей балама рөлін атқаратыны сияқты, ақшаның өз жаратылысында кез-келген затқа айырбасталатын сиқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Ақша фетишизмі нарықтық экономика жағдайында, әсіресе, ақша тапшылығы орын алып отырған кезде, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ақшаның кез-келген тауар түріне айналу мүмкіндігі ақшалық материалдың — алтынның табиғи қасиеті деп түсіндіріледі. Тауардың барлық түрі ғана емес, адамдар арасындағы қатынас, тіпті моралдық қатынастар да ақшаға сатылады да, оған табыну процесі одан әрі күшейе түседі.[6]