Экономикалық-географиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 20:51, курсовая работа

Описание работы

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен,Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста — Украинамен, батыста — Финляндиямен, Беларусьпен,Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 227.64 Кб (Скачать файл)

Ауыл шаруашылығы екі  маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.

[өңдеу]Өсімдік шаруашылығы


Бидай жинауы

Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ жәнежүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.

[өңдеу]Мал шаруашылығы


Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

[өңдеу]Көлік географиясы


Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т) пен жолаушының (млн адам) санымен және жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы, жүккөтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі.

Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңберден шығысқа карай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір, Ортасібір және Оңтүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы дерлік Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы таныс.

[өңдеу]Байланыс


Шаруашылық салалары арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен, байланыс жуйелері аркылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәрежесі жөнінен Ресей Еуропаның жоғары дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.

Электр байланысының телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс. Ресейде бұл байланыс түрлерінің барлығы дерлік кездескенімен, олардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Телефон желісімен қамтамасыз етілуі барлық жерде біркелкі емес, ең жоғары көрсеткіш Орталық экономикалық ауданға тән.

Ресей жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мын км-ге жететін Трансресейлік талшықты оптика желісінің салынуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропамен және Жапониямен байланысын жаңа сатыға көтеруде.

Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшін арнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары — Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары болып табылады.[15]

[өңдеу]Экономикалық аудандары


 Толық мақаласы: Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары

Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән маманданғаншаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады:

    • Орталық экономикалық аудан;
    • Волга-Вятка экономикалық ауданы;
    • Орталық қара топырақты аудан;
    • Солтустік-Батыс экономикалық ауданды;
    • Солтүстік экономикалық аудан;
    • Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы;
    • Волга бойы экономикалық ауданы;
    • Орал экономикалық ауданы;
    • Батыс Сібір экономикалық ауданы;
    • Шығыс Сібір экономикалық ауданы;
    • Қиыр Шығыс экономикалық ауданы;
    • Калининград облысы

[өңдеу]Cыртқы экономикалық байланыстары


[өңдеу]Сыртқы сауда


Ресей Федерациясының басқа  елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

1994 жылы Ресей мен Еуропалық  Одақ арасында серіктестік пен  достастық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40 %-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін 50—60 %-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда- экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейге көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады.

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария,Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь,Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24 %-дан 60 %-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың басқа да нысандары дамуда. Жоғары дамыған елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің көптеген компанияларымен бірлескен кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі — туризм болып табылады.

[өңдеу]Туризм


Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады.

Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды ұлттық байлықтары болып саналады. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап әрі туристерге барлық қырынан толықтай таныстыруда түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда. Ресейдің аса ірі қалалары мен туристік-рекреациялық мүмкін- діктері жоғары аудандарда инфрақұрылымдар жаңартылып, заман талабына сәйкестендірілуде. Ол шараларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қордан өте қомақты қаржы бөлінуде.

Осы шаралар нәтижесінде  соңғы жылдары халықаралық туризм жылдам дамуда. Анықтамалық мәліметтер бойынша Ресейге келетін туристердің ішінде алыс шетелден келетіндер саны XX ғасырдың 90-жылдарындағы 13%-дан соңғы жылдары 29%-ға дейін көтерілген.


Информация о работе Экономикалық-географиялық жағдайы