Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 17:39, реферат
Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады; экономия, саяси эконоиия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымнің шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықтыұйымдастыру және басқару мәселелері тұрды
Экономикалык теорияның пәні және зерттеу әдістері
Экономикалық теория пәнінің
дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады;
экономия, саяси эконоиия, экономикс. Экономикалық
теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан
жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде
болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы
көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден
бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде
игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау
және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері
арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде
белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда
олар білімнің дербес саласына айналмай
діни көзқарасқа негізделген тармақталған
қоғамдық танымнің шеңберінде болды. Ежелгі
шығыста алғашқы қоғамдық кластардың
қатысуымен экономикалық ойдың орталығында
мемлекеттік шаруашылықтыұйымдастыру
және басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде
мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты
ұстап тұруға бағытталған теориялар мен
арнайы шығармаларпайда болды. Алайда
ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары
экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама
ықпал етті.
П.Самуэльсонның бейнелі сөзі бойынша
экономикалық теория қоғамдағы ғылымдардың
Ханымы болып табылады. Ұлт байлығының
қайнар көздері және оны ұлғайту әдістері
туралы мәселе экономикалық ойдың нақ
ортасында болды. Өткеннің көрнекті экономистерінің
еңбектерінде «байлық» сөзі текке сөз
болған жоқ. Ең болмағанда А.Смиттің «Халықтардың
байлықтарының себебі және табиғаты туралы
зерттеу», И.Посошковтың «Байлық және
кедейлік туралы кітап К.Маркстің «Капитал»
деген еңбектерін еске түсірейік.
Экономика туралы алғашқы түсініктерді
біз Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің
және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен
табамыз.
Ксенофонт (б.з.д. 445-335 жж.) «Экономия» деп
аталатын (гректің «ойкос» - шаруашылық
және «номос» заң деген сөздерінен шыққан)
құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару
құралын жасады. Оны «үй салу» яғни, үй
шаруашылығын басқару өнері (заңдары)
деп те аударуға болады. Ол экономия –
бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын
байытуға болатын ғылым деп жазды.
Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда
болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруасылықты
жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда
болды. «ойкономия» түсінігі саяси экономияға
айналды. «саяси экономия» түсінігінің
өзі алғаш рет француз экономисті Антуан
Монкретьеннің (1575-162 жж.) «Коғамдық шаруашылықтың
заңдары» («саяси экономияның трактаты»)
деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя»-грек
тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық
ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың
заңдары туралы ғылым болып қалыптасады.
Жаңа ғылым атауы алып ұзақ уақвт нақты
кесілген пәнге ие болмады. Онымен де «таза»
экономисттер айналыспады.
«Cаяси экономия» өзінің пәнінкапитализімнің
дүниеге келуімен кескіндейді (XVI ғ.соңы
– XVII ғ.басы). буржуазия ең алдымен өндірісте
емес байлықтың бейнесі болған алтын операциялармен
және саудамен айналысатын айналым сферасында
әрекет етеді.
Сондықтан алғашқы экономикалық ғылым
ретінде меркантилизм пайда болды (итальян
тілінде mercante -саудагер ).
Оның мәні: байлық сыртқы сауданың нәтижесінде
жиналады. Сол себептен тек айналым сферасын
зерттеу қажет. Меркантилизм екі кезеңнен
өтті:
Ерте кезеңде (ғғ. Басы ) ол байлықтың жалғыз
формасы ретіндегі алтын мен күміс идеализациясы
тән монетаризм формасында ілгері басты
және алға шықты. Монетаристер «ақша балансы»
теориясын алға қойды. Осыған сәйкес олар
ақшаны елден шығаруға тыйым салуды ұсынды.
Кейінгі мерконтилистерақша айырбасы
емес тауар айырбас сферасының зерттеулеріне
көңіл бөлді. «Сауда балансы» теориясы
жетілдірілді. Ерте кездегі меркантилистерге
қарағанда кейінгі меркантилистер ақшаны
елден шығаруға тыйым салмады, өнеркәсіп
тауарларының экспортың ұлғайтуды, шетел
тауарларына жоғары баж салығын салуды
ұлттық экономиканы қорғауды яғни протекционизм
саясатын жүзеге асыруды ұсынды (латын
сөзінде “protecsio” жақтау , қорғау ).
Меркантилизмнің өкілдері Т.Мен, А. Монкретьен,
У.Стаффорд, У.Кольбер, Ресейде – Ордын-Нащокин
(1605-1680), Петр I (1672-1725), И.И.Посошков (1632-1726)
және т.б. болып табылады.
Буржуазия айналым сферасындағы позицияларды
жаулап алып өндіріс сферасына енеді.
Бұл дереу теорияға әсер етті: байлықтың
қайнар көзі жасалған игіліктер айырбасталып
қана қоятын сауда емес өндіріс екендігі
дәлелденеді. Шынайы байлық ақша емес
тауарлар болып табылады. Осылай классикалық
саяси экономия мектебі пайда болады.
Оның негізін У.Петти және французсоты
Буагильбер салды.
Сол кездегі Европа әлі де аграрды еді,
сол себептен көп экономистерауыл шаруашылығы
өндірісіне басымдылық танытты. Олдар
физиократтар мектебінің өкілдері болып
табылады (грек тілінде phicis – табиғат,
kratos- билік). Ол XVIII ғ. ортасында Францияда
қалыптасты және класикалық саяси экономияның
француздық нұсқасы болып табылады. Оның
негізін салушы дәрігер Людовин XV және
мадам Помпадур Франсуа Кенэ болды (1694-1774
жж.), өкілдері Тюрго Дюпон де Нимур Мирабо
және т.б. Классикалық саяси экономияның
ең жарқын өкілдерінің бірі. А.Смит ( 1723-1790
жж.) және Д.Рикардо (1772 – 1823 жж.). А.Смит
«Халықтардың байлығының себебі және
табиғаты туралы зерттеу» атты кітабын
шығарды. А.Смиттің негізгі идеялары:
• Мемлекеттің экономикаға минимальді
аралауы;
• Бәсекенің әсеріндегі ұсыныс пен сұраныстан
тәуелді үйлестірілетін еркін бағалардың
негізінде нарықтың өзін - өзі реттеуі.
Ол бұл экономикалық реттеушілерді (баға,
сұраныс, ұсыныс және ең маңыздысы – бәсеке)
«көрінбейтін қол» деп аталады.
Классикалық мектептің еңбектері;
Зерттеудің басты обьектісі ретінде айналымды
емес, өндіріс сферасын жасады;
Еңбектің барлық тауар құнының өлшемі
мен негізгі ретіндегі мәнін ашты;
Экономика нарықпен реттелуі керек екенін
оның өзінің әділ заңдары бар екенін яғни
хандармен де үкметтермен де ауыстыра
алмайтынын дәлелденді;
Қоғамның барлық қабатының табыстарының
қайнар көздері: кәсіпкерлерді, жер иеленушілерді,
банкирлерді, саудагерлерді айқындады:
Экономикалық ғылымның одан әрі дамуы
күрделі жолдардан өтті. XIX ғ. 2-ші жартысының
басында саяси экономика терең дағдарысты
басынан өткізді, ол екі тармақтан бөлінді:
марксизм мен маржинализм.
Марксизімнің негізін салушы К.Маркс (1818
– 1883 жж.). К.Маркстің ең басты еңбегі «Капиталды»Ф.Энгельс
«жұмысшы табының библиясы»деп атады.
Маркс өзінің зерттеулерінің пәні-өндірістің
капиталистік әдісі мен оған сәйкес келетін
өндіріс пен айырбастың қатынасы, ал түпті
мақсаты-капитализмнің экономикалық заңдарын
ашу деп есептеді.
Маркстік теория бойынша қоғам дамуының
негізі - материалды өндіріс. Өндірістің
дамуымен жаңа қоғамдық қатынастар құрылады.
Өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның
материалдық базисі сана формаларын, заңды
және саяси қондырманы анықтайды. Қоғамда
әрекет етуші заңдар өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастар, сондай-ақ идеологиялық
және саяси қондырма мен базис арасындағы
кәйкестілік принципін көрсетеді .Өндірістің
даму деңгейі мен қоғамды ұйымдастыру
формасы арасындағы сәйкестілік принципі
неліктен қоғамдық қатынастарда өзгерістер
болатындығын түсіндіреді. К.Маркстың
негізгі экономикалық еңбегі 4томнан тұрамы.
Экономикалық қатынастар жүйесін талдау
байлық емес, тауардан басталады. Маркстың
пікірі бойынша осы тауарда зерттелінетін
жүйенің барлық қайшылықтар көрінеді.
''Капитал өндіріс процесі” деп аталатын
бірінші томда Маркс басты категориялар:
баға негізінде жатқан құнды, пайда негізі
- қосымша құнды, жұмыс күшінің құны мен
оның бағасы -жалақыны қарастырады. Капиталдың
қорлану процесі мен оның жұмысшылар тобының
жағдайына ықпалын сипаттайды. “Капиталдың
айналыс процесі” деп аталатын екінші
том капиталдың қозғалысын, оның айналымы
мен шеңбер айналымын талдауға арналған.
Маркс ұсынған ұдай өндіріс схемасында
өндіріс құралдары мен тұтыну заттары
өндіріс арасындағы айырбас шарты мен
пропорциясы қарастырылады.
Капиталистік өндіріс процесі деп аталатын
үшінші томда пайда, процент, жер рентасының
иелері арасында қосымша құнды бөлу процесі
қарастырылады. Тауар құнының өндіріс
бағасына ауысу механизмі көрсетілген.
Төртінші том Қосымша құн теориясы қосымша
құн мәні мен оның бөліну формалары тұрғысынан
экономикалық теорияға сына қамту жасалған.
Маркс теориясына сәйкес табыстың көзі
– еңбек. Табыстың қалған түрлері жұмысшының
төленбеген еңбегінің нәтижесі. Еңбек
құн теориясының маркстік тұжырымы жалдамалы
еңбегі пайдалануды түсінудің теориялық
негізін құрайды. Маркстің пікірінше эксплуатция
негізінде копиталистердің жалдамалы
жұмысшыларды еңбек нәтижелерінен аластатуы
жатыр, бұл өз кезегінде өндіріс құралдарынан
аластатуды көздейді.
Маркстің экономикалық ілімі экономикалық
ғылымдағы тартымды да терең бағыт. Оның
әлеуметтілігін әлсіз, біржақтылық ретінде
танығанмен әлеуметтік мәселелердің қойылуы
мен өнделуі, экономикалық процестер мен
құбылыстардың әлеуметтік аспектілерін
қарастыру маркстік методологияның күшті
жағын құрайды.
А.Смит сияқты К.Маркс нарық капитал жинақтаудың
күшті тәсілі деп есептеді, бірақ Смитке
қарағанда ол нарық мехонизм орындап шыға
алмайтындай оның қайшылықтары соншалықты
шынайы болғандықтар, бұл процесс тап
күресінің шиеленісуімен және капитализмнің
өршуімен аяқталады деп ойлаған. Бұл сұрақтар
қарапайым болмағандықтан, бұл көзқарас
өзі де тартыстар тудыруда.
Маркстің сыны капитализмнің құламағанын,
жұмысшы табының кедейленбегенін, Маркстің
болжамдарының расталмағанын дәлелдейді.
Маркстің экономикалық ғылымы ХХ ғ. басында
пролетариаттың жағдайы Батыс елдеріндегіден
біршама ауыр болған ел Ресейде кеңінен
тарады. Оны Г.В.Плеханов, В.И.Ленин (1870
– 1924жж.), М.А.Бакунин, «Капиталды» орыс
тіліне аударудың алғашқы инициаторы
А.Лопатин және т.б қолдады.
1917 жылдың қазан айынан бастап 70 жыл бойы
Маркстік экономикалық ғылым СССР-дегі
жалғыз, сол себептен билеуші ғылым болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық
ғылымның жалпы жағдайының ауысуы үшін
алғы шарттар қалыптасады. Дамыған елдерде
капитализм берік нығаяды. Саяси экономиканың
жалпы принциптерін жасау экономикалық
тәжірбиенің әр түрлі мәселелерін зерттеуімен
ауыстырылады. Авторлар енді шектеулі
ресурстарды оптикальды пайдалануға көңіл
бөледі. Бұл үшін олар шекті шамалар теориысын,
дифференциалыды және интегралдық есептерді
кең қолданады. Экономикалық әдебиеттер
әр түрлі нарықтық жағдайларды сипаттайтын
математикалық формулалар мен графиктермен
толығады. Сөйтіп экономикалық ғылымда
жаңа бағыт маржинализм пайда болады.
Маржинализмнің (француз тілінде marginal
– шекті, шектеулі) марксизмнен айырмашылығы
– қанауға негізделген өндіріс әдісі
ретінде копитализм мәнін зерттеуден
бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге
бет бұрды. Ол ХХ ғ. 70 – жылдары пайда болды.
Оның өкілдері: Австрияда К.Менгер, Англияда
У. Джевонс, Швердцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер
саяси экономиканың міндетін радциоиналды
шаруашылық пен шекпеулі ресурстарды
бөлудің ең тиімді тәсілдерін іздеуден
көрді.
Өздерінің зерттеулерінің әлеуметтік
бейтараптығына көңіл аудару үшін олар
«экономикстің» пайдасына «саяси экономия»
терминінен де бас тартты. Мұны ең алғаш
У.Джифонс, оған кейін «экономиканың принцптері»
кітабын шығарған А.Маршалл (1842 – 1924 жж.)
жасады.
Марксизмге қарағанда маржинализм оған
жаңа саналы ойлар мен тәсілдерді қабылдауға
мәжбүрлеген идеялар бәсекесінің қыспағында
болды. Осылай оның жақтаушылары өздерінің
зерттеулерінде бірінші болып мадельдерді
қолдана бастады, ал ХІХ ғ да 90 жылдары
А.Маршалл саяси экономияның класигі Рикардоның
теориясының элементтерін маржинализм
концепциясына енгізді. Нәтижесінде ол
нокласикалық жүйе деп атала бастады.
Оның өкілдері Д.Кларк (американдық мектеп),
А.Маршалл және А.Пигу (Кемпридж мектебі)
және т.б.
Неоклассиктер көңіл аударған басты мәселе
– адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Экономикалық ғылымның мақсаттарын айқындай
отырып, олар әр түрлі факторлардың экономикалық
хал-ахуалға ықпалы жөнінде айтты. Ең бірінші
игіліктердің (тауарлар мен қызметтердің)
тұтыну құны (пайдалылығы) және тұтынушылар
тарапынан осы игіліктерге сұраныс мәселесі
тұрды. Неоклассик өқілдері экономикалық
заңдар кез келген қоғам үшін бірдей дегенді
алға тартты.
А.Маршаллдың басты идеясы нарықтағы процестерді
анықтаушы күш ретінде сұраныс пен ұсыныстың
қалай қалыптасатының, қалай өзара әрекет
ететіндігі талдап, сұраныс икемділігі
түсінігін енгізді. Ол тепе – теңдік база
түсінігін қолданды. Пайдалылықтарды
(тұтыну құндарын ) өлшеу мен салыстыру
жолымен тұтынушылардың талғамын анықтау
мәселесін австриялық мектеп экономистері
Қара Меңгер мен Евгений Бем-Баверк және
т.б. қойды. Мұндай жақындау микроэкономика
деген атқа ие болды.
Кейінен маржинализм Д.М.Кейнстің нарықтық
реттеу экономикасын тұрақсыз етеді, сол
үшін мемлекеттік араласу қажет деген
теориясын өзінің бойына сіңірді.
Д.М.кейнс (1883 – 1946 жж.) А.Смитпен және К.Маркспен
қатар әлемнің үш ұлы экономистердің бірі
болып табылады. Экономикалық теорияда
болған нағыз ревалюция 1936 жылы жарияланған
Кейнстің «Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның
жалпы теориясы» (1883 – 1946) атты еңбегемен
жасалды. Оның есімімен макроталдау мәселесіне
аса көңіл аударған батыстық экономикалық
ойдың жаңа бағыты – кейнсиандықтың пайда
болуымен байланысты. Кейнс кейбір неоклассикалық
ілімнің негізгі тұжырымдарынан, атап
айтқанда, нарықты өзін-өзі реттеуші механизм
ретінде қарастырудан бас тартады. Нарық
Кейнс тұрғысынан тиімді сұранысты қамтамасыз
ете алмайды, сондықтан да оны мемлекет
ақша – несие және бюджет саясаты арқылы
ынталандыруы тиіс. Бұл саясат ұлттық
табыстың тез өсімін қамтамасыз ететіндей
және меншік инвеститциялар мен тұтыну
шығындарының өсімін ынталандыру тиіс.
Кейнс теориясының тәжірбиелік бағыттары
соғыстан кейінгі жылдары үлкен қолдауға
ие болып, оның ұсыныстары Англия, АҚШ
және батыстың басқа да елдерінде қолданылады.
Маржинализмді бүтіндей бағалай отырып,
оның жақсы жағы ретінде сәйкес концепцияларда
қалыптасқан жаңа идеялардан бойын аулақ
ұстамауын атап кетуге болады. Мұнда өзгеріссіз
оның басты постулаты шектеулі шамаларды,
шектеуліпайдалылықты, шектеулі табысты,
шектеулі шығындарды т.б зерттеу болып
қалды. Алайда, маржинализмнің болымсыз
қасиеті де бар: ол артығымен математикаланған
абстрактілі пікірлерге толып кеткен,
графиктер мен формулалармен жүктеліп
кеткен. Ал ең бастысы әлеуметтік мәселелерге
көңір аудармауы болды.
Маржинализмнің әлеуметтік мәселелерді
шешуге қаблнтсіздігінің реакциясы ретінде
институционалды - әлеуметтік бағыт пайда
болады. Оның өкілдері: Т.Выблен, У.Митчел,
М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гельбрейт, Г.Мюрдаль
және т.б.
Информация о работе Экономикалык теорияның пәні және зерттеу әдістері