Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 13:25, реферат
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол калыптаскан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде коғамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика;
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.
Әр түрлі елдердің қазіргі эхономикасын аралас зкономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның, экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның, экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚЩ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополисттік капитализмнің немесе индустриалды қоғамнын, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және оның мынадай белгілерін атап өтуге болды. Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экоиомика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өңдірісті дамытудағы бірден-бір мүдде — сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекепік реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.
Аралас экономиканың
алғашқы көрінісі — экономиканы
реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл
ең алдымен мемлекеттің
Аралас экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғалның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік меншіктің
пайда болуы — тауар қатынас-
Жапония аталған шаралардан басқаларыға да жүргізеді. Олар: "бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімді индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен аниқталады"'. Жапонияның, мысалы индустриалдық дамуы жоғары және постиндустриялық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.
Аралас экономиканың мәнді бір сипаты — микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.
II. Өтпелі экономиканың мәні мен заңдылықтары.
Өтпелі экономика типтерін өту процестерінің сипаты мен аукымы бойынша айырады. Әтпелі экономиканың ғаламдық және локалды типтерін бөліп қараймыз. Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге өтуімен байланысты: индустриалдық дәуірге дейінгіден индустриаддыққа өту немесе индустриалдықтан постиндустриалдыққа (ақпараттық); екі өркениетіліктен (шығыс және батыс) біркелкі әлемдік өркениетке өту.
Жоғарыда аталған дәуірлер шеңберінде локалдық өтпелі процестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі моделдегі рыноктық экономикаға өту. Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі жономиканың локалды нышаны мен типтеріне қатты әсер етеді:
а) инерииялы экономика. Коғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінін сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциондық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрынғы ескі экономикалық түрлерді сақтауды жүзеге асырады. Экономиканы, оның түрін, жай-күйі мен құрылымын, кадрларды қайта оқытуды өзгерту, жаңа экономикалық ойды 5-10 жылда калыптастыру мүмкін емес, ал «500 күнде» жүзеге асыру қиын болмақ.
Казакстан Решубликасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциялығы ескеріліп, ескі әміршілдік-әкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ауыстыруға бет-бұрыс жасадды;
ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайда кез-келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген дұрыс;
б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементгер, гүрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде кетіп бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке меншікпен араласқан түрде және т.б.;
в) өтпелі экономиканың тарихилығы:
— өту белгілі тарихи мерзім кезінде жүзеге асады;
— өтудің өзі белгілі мемлекетте болады. Нақтыласақ, Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңнің аяқталуы шамамен ХХІ-ші ғасырдың басына белгіленуде.
г) етпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде барлық өлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.
Егер нарықтық жүйеге енетін елдерді алатын болсақ, оларды бір-бірімен былай: нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі бойынша, мемлекеттік меншіктің жалпы құрылымдағы әртүрлі меншік түрлеріндегі үлесі бойынша, монополиялық және олигополиялық нарықтардың бар болуы бойынша, еркін нарықтық сектордың үлесі бойынша айыруға болады. Нарықтық экономикадағы елдер дәстүрлі экономикадан нарықтық экономиканың қазіргі жаңа түріне — әлеуметтік бағытталған әрі басқарудың аралас түріне кешуде.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сыпатталады.
Жоспарлы экономикадағы аздаған еддердің өзінде өту мерзіміне әсер ететін кәдімгідей айырмашылықтар болады. Нақтыласақ, ТМД елдерінде жеке меншік болған емес, ал 90% жуығы мемлекеттік меншік үлесіне тиді. Сондықтан мемлекеттен алу мен жекешелендіруге Польша мен Венгрияға қарағанда көп уақыт қажет болды. Біз атап отырған екі елде мемлекеттік меншік үлесі 14 %-дан асқан жоқ, ал жеке меншік үлесі — 76 % құрады.
Осыдан байқайтынымыз, Польша мен Венгрияға нарыққа өтудін жедел «шоктық» варианты әбден келеді, ал бұл Ресей үшін болмайтын жай. Алайда Ресейде осы аталған өту варианты «500 күн» бағдарламасымен жүзеге асты.
Өтпелі процестер өзінін сипаты жағынан табиғи-эволюциялық және табиғи-реформаторлық болып келеді.
Қоғамның бір жүйеден екіншісіне табиғи-эволюциялық процеске көшуі әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Алайда ғаламдық өзгерістер шеңберінде өтпелі процесс табиғи-реформаторлық сипаткд ие болуы мүмкін. Өтпелі процестің табиғи-реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың локалдык типінде байкалуы мүмкін.
Мысал ретінде, реформаторлык сипаттағы локальды өтпелі экономикаға 1917-ші жылдан кейінгі Ресейдегі социализм құрылысы кезеңін айта аламыз. Осындай жағдай 1946-шы жылдан соң Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде болды. Реформаторлық сыйпаттағы эволюциялық типке мысал ретінде, соғыстан кейінгі Германияның тоталитарлық қазіргі типтегі нарықтық экономикаға өтуін айтамыз Белгілі неміс ғалымы әрі экономисі Людвиг Эрхардтың (1897-1977 жж.) жасаған бағдарламасынын негізінде ету жүзеге асты.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру. Мемлекетсіздендіру — мемлекеттін экономиканы тікелей басқару қызметін алып тастауын айтамыз. Меншікті жеке меншікке жекешелендіру мемлекеттің абсолютгік монополиялық меншіктілігін жоюды білдіреді. Мемлекеттік меншіктің үлесі азайып, шамамен 30-40 % шеңберде қалады.
2. Қазакстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымнын қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен кор биржасы және басқада әртүрлі нарықтың құрылуы.
4. Бәсекелістік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
5. Бағаны бейтараптандыру, сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
Нарыққа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас экономиканы құрудың құралы. Экономика адам үшін емес, экономика адам үшін болуы керек.
Нарықтық қатынастардың
Қазақстан Республикасындағы
Біріншіден, етпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.
Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудін халықаралық тәжірибесі Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік элементін қолданғандығы қажет нәрсе. Бірақ көзді жұмып қойып, ұлттық, құндылық пен дәстүрді ескермей жат елдің тәжірбиесін кешіре салу, экономиканы реформалауға толық мүмкіндік жасамайды. Сондықтан, әлемдік өркениеттіліктің біздің ұлттық құндылығымызбен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұстағанымыз жөн.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық-географиялық жағдайы — өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өткелі кезендегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан Ресдубликасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.
Ол КСРО-ның ыдырауымен,
бұрынғы жалпы одақтық, халық
шаруашылығы көшенінің
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия-мұнай кәсіпорындарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – совхоздар кеп болды. Республикада олар — 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының 75% құрады. Казақстан Совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың орқайсысында 16 орташа алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі қара мал басы болды. Осындай ерекшеліктер осы аядағы жекешелендіру сипатына әсер етпей коймады.
Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) ғана аяқтала бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен өңдірісті көтеру өнеркәсіптегі сияқты ауыл шаруашылығында шет инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.
Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикас таңдап алған бағыт — аралас әлеуметтік бағыттағы нарықты экономиканы қалыптастыру — республиканың өзіндік жағдайын өзінің моделін құру факторын көбірек ескереді.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арашндағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы кеп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлык шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өңдірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесіңце орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық д Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұңда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.