Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 19:07, реферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ҚР экономиканың дамуына әйелдердің үлесі және қалыптасуы мен дамуы, оның қоғам өмірінен алатын орны, шағын және орта бизнестің әлеуметтік маңызы, солардың қатарында әйел-аналардың ынта-жігерлері мен төзімділіктерінің, еңбексүйгіш қабілеттері және гендерлік саясаттың мәні. Маңғыстау өңіріндегі әйел-аналардың қоғамдағы рөлі, статистикалық мәліметтер, салыстырулар. Сол қалыптастасқан үрдісті тереңінен зерделеу үшін алдымызға төмендегідей мақсаттар қойылды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
« Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі»
Секция: Экономика
УА-11-01с тобының студенті Ізтұрова А.С
Ғылыми жетекші: Экономика пәнінің оқытушысы Сармурзина Ж.О.
Ақтау 2013ж.
Тезис
Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі
Ізтұрова Әйгерім Серікқызы - УА 11-01с тобының студенті, Ақтау қаласы, маңғыстау политехникалық колледжі
Ғылыми жетекшісі: Сармурзина Жания Оңалбайқызы., экономика пәнінің оқытушысы
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ҚР экономиканың дамуына әйелдердің үлесі және қалыптасуы мен дамуы, оның қоғам өмірінен алатын орны, шағын және орта бизнестің әлеуметтік маңызы, солардың қатарында әйел-аналардың ынта-жігерлері мен төзімділіктерінің, еңбексүйгіш қабілеттері және гендерлік саясаттың мәні. Маңғыстау өңіріндегі әйел-аналардың қоғамдағы рөлі, статистикалық мәліметтер, салыстырулар. Сол қалыптастасқан үрдісті тереңінен зерделеу үшін алдымызға төмендегідей мақсаттар қойылды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, экономикадағы, бизнестегі, саясаттағы рөлі мен орнын және оны сипаттайтын деректерді экономика тұрғысынан анықтау. Қазақ әйелінің қоғамдағы рөлінің өлшемі мен экономикалық және әлеуметтік дамуға қосар үлесін ашу.
Зерттеудің болжамы: Қазақ әйелінің экономикадағы үлесін, шағын бизнесті дамытудағы еңбекқорлығы мен төзімділігін айырықша көрсетіп, қазақ әйелінің іскерлік қабілетін ашу және әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету.
Зерттеудің қорытындысы:
Пайдаланған әдебиет
Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі
Ізтұрова Әйгерім Серікқызы УА 11-01с тобының студенті
Ғылыми жетекшісі Сармурзина Жания Оңалбайқызы
Қазіргі таңда Қазақстан мемлекетінің алдындағы ең басты міндет – инновациялық экономиканы қалыптастыру. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары еліміздің жарқын болашағына арналған. Оның іске асырылуына - бүкіл қоғам болып ат салысу парыз. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға әйелдердің белсенді қатысуына ықпал етерлік саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулық, тиімді басқару, әлеуметтік үн қатысу, адам құқықтарын құрметтеу және халықаралық еңбек нормаларын сақтау, кәсіпкерлік мәдениетті, тиімді әрі тұрақты макроэкономикалық саясат, сауда және экономикалық интеграция, бәсекелестік ортаның болуы, қаржы қызметіне қолжетімділік, кәсіби даярлық, әлеуметтік әділеттілік пен сенімді әлеуметтік қорғау сияқты гендерлік өлшемдерге негізделген факторлар мол. Әйел кәсіпкерлігіне қолайлы іс-шаралар қарастырылған.
Қазақстандық
әйелдердің білім беру, медицина және
мәдениеттің дамуындағы рөлі өте
жоғары. «Қазақстан-2030»
Әйел және экономика, әйелдің қоғамдағы рөлі деген сөздер ойға оралғанда әйел кім?,- деген сұрақ ерекше толғандырады.
Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі» дейді. Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі қазақ әйеліне мүлде бөлекше, жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр. Олар тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым, әдебиет, өнер, спортқа да барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Нәзік жандыларымыз журналистика мен білім беру саласының да бел ортасында жүр. ҚР Статистика агентінің мәліметі бойынша өткен жылы ел халқының жалпы саны 16 миллион 719 мың 100 адамды құраған. Оның 8 млн 654 мың 200-і әйелдер болып отыр. Қазақстанның экономикасында 3,7 млн. әйел жұмыс істейді, бұл жұмыс істейтіндердің жалпы санының 49 %-ын құрайды, олардың нақты экономикаға қосып жатқан үлесі 39 пайызға тең. Елдегі әйелдердің жалпы үлесі 51,8 пайыз. Ал өмір сүру ұзақтығы еркектермен салыстырғанда 10 жылға көп. Сонымен қатар, бастапқы білім алушылардың 48,8 пайызы, орта білім алушалырдың 49,4 пайызы, ЖОО-дағы студенттердің - 58,3 пайызы қыздар қауымының өкілдері екен.
Әйелдер саяси биліктегілердің 10,3 пайызын құраса, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 58 пайыз. Қазақстанда 260 әйел түрлі деңгейдегі әкімдік лауазымында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне депутат болып 26 нәзік жанды сайланса, олардың қатарында 2 министр, 5 вице-министр, 4 аудан әкімі қызмет атқаруда. Маңғыстау облысының Статистикалық департаменттінің мәліметі бойынша мемлекеттік қызметкерлері құрамында әйелдер 87,2% құрайды.
Қазақстандық әйелдердің еңбек үлесі ел экономикасының дамуына күшті ықпал етіп отыр. Бюджеттік салада барлық жұмысшылардың үштен екісі әйелдер десек, бизнестегі әйелдердің үлесі де айтарлықтай мол. Заңды тұлғалардың 23 пайызын, ал жеке кәсіпкерлердің 52 пайызын әйелдер құрайды. Жыл өткен сайын әйелдердің көбісі жеңіл өнеркәсіпке, азық-түлік өндірісінде жұмыс жасайды. Осы орайда еліміздің экономикасын өркендетуде еңбек етіп жүрген 3,7 млн. әйелдер қауымының қосар үлесі салмақты болмақ. Қазақстан әйелдері отбасы қам-қарекеті, балалар тәрбиесімен қоса ел игілігін арттыруда қоғам алдындағы міндетін адал атқарып келеді. Қазіргі кезеңде саясатта, басқару ісінде, бизнесте тиімді де табысты болып жүргеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Оның негізгі себебі – мемлекет тарапынан, Мемлекет басшысы тарапынан қазақстандық әйелдер қауымына сенімді серіктес ретінде жоғары баға берілуі. Ал, сенім мен құрмет адамға әрқашан қанат бітіреді.
Индустрияландыру картасына жалпы көлемі 6,5 трлн. теңге құрайтын 162 жоба енгізілді. Соның басым бөлігінің бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020». Бұл жобаға сәйкес мемлекет шағын және орта бизнес субъектілеріне несие бөлу арқылы кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамытады. Нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, тоқыма кәсіпорындарын, туризмді, аграрлық қайта өңдеу салаларын жандандыруға мүмкіндік жасалып отыр. Осы аталған салалардың бәрінде апа-құрбыларымыздың аялы алақаны бар. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің саны да, сапасы да басым екені белгілі. Бүгінгі таңда елімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласында тер төгіп жүргендердің арасында әйелдердің үлесі 52%-ды құрайды, 66%-ы жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. Әсіресе, аграрлық сектордағы әйелдердің үлес салмағы – 60%-ға жетіп отыр. Осы арада Елбасының Қазақстан әйелдерінің V форумында әйел кәсіпкерлігін қаржыландыру мәселесі туралы тапсырма бере тұрып, әйелдердің қаржыны қайда, қалай жұмсауды білетінін атап айтқанын еске сала кету қажет. Әйелдер мен ер адамдардың тең құқықтары және тең мүмкіндіктері туралы Заңның қабылдануы – елімізді кешенді жетілдірудегі құқықтық құндылықтарды кеңейтудің бірден-бір факторы
Әйел кәсіпкерлігін қаржыландыру жобалары қарқынды жүргізілуде. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы әйел кәсіпкерлерге 16 млн. доллар қаржы бөлінді. «Шағын несие ұйымдары туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, несие алу процедуралары жеңілдетілді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар тәжірибесін ұйымдастыру жоспарланған. Бұл бағытта Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті өзінің профессор-оқытушылар құрамының және материалдық-техникалық әлеуетін толық іске қосуға даяр екенін айтқан.
Тиімді тетіктерді жүзеге асырудың бірден-бір жолы - әйелдердің қол жеткен нәтижелерді бағалауға қатысуы. Ол үшін мемлекет тарапынан қандай міндеттемелер бар, бағдарламалардың бюджеті қашан және қалай жүзеге асырылатыны, кімге жауапкершілік жүктелетіні туралы тұрғындар ашық түрде хабардар болса, нұр үстіне нұр. Екінші жақтан, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуын бағалау мүмкіндігіне де ие болады. Бұдан басқа «Экспорт-2020», «Өндіруші- 2020» бағдарламалары аясында сервистік және грант жобалары мемлекет тарапынан қаржыландыру, экономиканың өндіргіш күшін арттыруға арналған технологияларды қолдау қарастырылған. Алайда, аталған бағдарламалар бойынша қанша жұмыс орны әйелдерге берілетіні айқындалмаған. Дәстүрлі өңдеу қызметтерінің орнын ақпараттық-технологиялар басатын болса, әйелдердің жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Отбасының, балаларының игілігін арттыру мақсатында әйел қауымы өзінің кәсіби біліктілік дағдыларын жетілдіруге тырысады. Тұрмыс сапасы әйел еңбегінің өнімділігіне байланысты. Сондықтан әйелдер үшін экономикалық тұрғыда ілгерілеудің дәл қазіргі қоғамда маңызы зор.
Ерлермен бірдей ілгері жылжуға әйелдер үшін қандай кедергілер бар?,- деген сауалға қатысты бірқатар сарапшылардың олардың экономикалық тұрғыдағы мәртебесінің және әлеуметтік қуаттылығының төмендігі деген пікірімен келіспес едім. Себебі әйел-анаға тарихтың субъектісі ретінде өзінің интеллектуалдық кәсіби әлеуетін сарқа пайдалану тән.
Әйелдердің табиғатында әлеуметтік жауаптылық басым. Сондықтан да қоғамдағы негізгі салаларға әйелдердің араласуы – адамдардың өміріне, коммерциялық және өндірістік қызметте әлеуметтік жауапкершіліктің жаңа элементтерін енгізуде. Бұл қазіргі таңда нақты дәлелденген ақиқат. Оны бүгінгі өмір қатынастарынан көріп жүрміз.
Қазіргі таңда көптеген елдерде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі басқару ісіне әйелдердің араласуы тұрақтылық пен мұқияттылықтың барынша көп сақталатындығын дәлелдеп отыр. Шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға әйелдердің қатысуы – қоғам дамуының көрсеткіші. Билік құрылымдарындағы әйелдер 30-40%-ды құрайтын жерлерде қоғам әлдеқайда қарышты әрі әлеуметтік бағдарда тұрақты дамитынын көрсетіп отыр.
Меніңше, қазақ қоғамы әйел мәртебесін әрқашан жоғары қоя білген. Мысалға әйгілі Мөңке бидің «Әйеліңмен дос бол, үйіңнің берекесі кіреді» деген нақылын, Әз-Жәнібек ханның тұсындағы Жиреншенің Қарашаштың қара басын қара орманға балағанын, Қазыбек бидің «Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат» деген кесімді сөзін келтірсек те жеткілікті. «Алашорда» қозғалысының қайраткерлері азаматтар жынысына қарамай өз құқығын заңды саяси талаптар арқылы қорғауы мәселесін көтеріп, әйелдердің саяси құқығы ерлермен тең болуға тиісті деген қаулы қабылданғаны тарихтан белгілі. Ғабит Мүсіреповтің «Мақтасақ әйелді мақтайық, құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш емес пе? Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те» деген асқақ рухты жолдары да сөзімізге дәлел.
1873 жылы Ресей императоры
географиялық қоғамының мүшесі
Н.Северцов қазақ әйелдері
Информация о работе Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі