Казіргі заманың ұрыстық сипаттамасы және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июля 2014 в 12:48, реферат

Описание работы

Ұрыс — соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің), әскерлерінің ұйымдаскан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір құралы және қарсыласты жою немесе түтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды (объектілерді, шептерді) ұстап тұру мақсатьшда жүргізіледі.
Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теніз жағалау бағыттары қимылдарында — шекара қызметіндегі теңіз дашизия кемелері және әскери-теңіз күштері қатысады.

Файлы: 1 файл

Казіргі заманғы ұрыс сипаты.doc

— 572.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ  АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ  БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ  БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

 

 

Өзіндік  жұмыс

 

Тақырып:     Казіргі  заманың  ұрыстық  сипаттамасы  және  оның  түрлері 

 

 

 

Орындаған:  Искаков  М.К.

 

 

 

 

 

 

 

  АЛМАТЫ  2014

 

 

 

КАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҰРЫС СИПАТЫ

Ұрыс — соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің), әскерлерінің ұйымдаскан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір құралы және қарсыласты жою немесе түтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды (объектілерді, шептерді) ұстап тұру мақсатьшда жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теніз жағалау бағыттары қимылдарында — шекара қызметіндегі теңіз дашизия кемелері және әскери-теңіз күштері қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық кару және жеңіліске үшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізілуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, карудың барлық тұрлерінің куатты соққылары, ұрысқа катысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдык және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.

Шет мемлекеттердің Қарулануға ядролық қару-жарақ пен жоғары дәлдіктегі қаруды (ЖДҚ) енгізу, құрлық әскерлерін артиллерияның, танкілердің және басқа да сауытталған ұрыс машиналардың көп мөлшерімен, әуе шабуылына карсы корғаныстың казіргі заманғы құрал-дарымен және әр түрлі электронды техникамен жарактау казіргі заманғы ұрыс сипатын өзгертті.

Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалылық (маневрлілік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шүғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір калыпсыздығы, ұрыс жүргізу төсілдерінің әр тұрлілігі, жеке құрамның моральдык-психологиялық және дене күш салуының жоғары болуы.

 

Ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы

Қазіргі заманғы ұрыстың мұндай сипаты жауынгерлерден, белімдер мен бөлімшелерден жоғары жауынгерлік машықты, қару-жарақ пен ұрыс техникасын білікті тұрде қолдануды, жоғары моральдық тұрақтылықты, ұйымшылдьщты, төртіптілікті және дене дайындығьш талап етеді.

Ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады шабуыл, корғаныс және шабуылдың ұрыстық түрі ретінде — бетпе-бет ұрыс.

Шабуыл — ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыласты жеңуде негізгі мәнге ие. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты толық талқандауға болады. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық колда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды колдану жағдайында ядролық Қаруды пайдаланып, карсыласты талқандап және қол Жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан терендікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күші қару-жарағын, ұрыс техникасын жояды да, қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Қорғанатын қарсыласқа шабуыл жасау қарсыласпен тікелей түйіскен жерден немесе тереңдіктен шығару жолымен жүргізілуі мүмкін.

Шабуыл алдында, әдетте, атыстық дайындық жүргізіледі. Ол карсыластың ең маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авицияның алдын ала жоспарланған және дайындалған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін. Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жеңіліске ұшырату дәрежесіне байланысты ЖҰМ-да немесе жаяу ретте шабуылдауы мүмкін.

Қорғаныс — қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі (позицияны) ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен закым келтіру, бекіністер (позициялар) мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу, сонымен бірге сыналап кірген қарсыласты жою және жағдайды қалпына келтіру мақсатында шешуші қарсы шабуыл жүргізумен сипатталады.

Бөлімшенің корғанысқа көшуі карсыласпен тікелей түйісуі немесе онымен түйісуінен тыс жағдайында жүргізілуі мүмкін.

Бетпе-бет ұрыс — шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ койылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі.

Бетпе-бет ұрыс көбіне шеру жасайтын әскерлерге тән. Ол ұрыс барысында: шабуылда—қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста — шабуылдаушы қарсыласқа карсы шабуыл жасау кезінде де тууы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезіндегі әскерлердің кимылы негізіне — колда бар барлық атыс құралдарымен карсыласка зақым келтіру, ал ядролық кару пайдалану жағдайында қарсылас жазалауға үлгергенге дейінгі шектік кашықтықта ядролық карумен зақым келтіру тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соккы беру қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.

Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру. Штаттық қарулануы мен ұрыс техникасы. Мотоатқыш бөлімшелері — тактикалық бөлімшелер болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше больш табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататкыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және атқыш юлады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге карсы гранат-атқыш, автоматтар, жарыкшақты және танкіге қарсы қол гранаттары болады.

ЖҰМ — бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы баскарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз, батпак, жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына Қарсы корғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған.

Мотоатқыш бөлімшелері казіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, карсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен Уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды Корғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары карқынмен шабуылдай алады.

Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады. Ол шабуылды дайындайды және шабуылдаушы бөлімшелерді өзімен алып жүреді, ал қорғаныс кезінде атыс қорғаныстын беріктігі мен жеңілмейтіндігінің негізі болып табылады.

Мотоатқыш бөлімшелері карсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы (ЖҰМ, БТР, пулемет, гранат-атқыш) немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс — бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердін шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.

Атыс бағытына байланысты ату жаппай, капталдан және айқастыра ату болуы мүмкін (9-сурет). Жаппай ату нысананың мандай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді. Қапталдан ату — нысана капталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға үшыратады. Бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс бойлата ату деп аталады.

Бөлімшенің атыс құралдары командир жоспарымен ұрыста жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігі, кызметі ескеріле отырып пайдаланылады. Бүның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аральщта атудың барлық тұрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала корғаныс жүргізу мүкіндігін камтамасыз етуі тиіс.

Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге (бөлім, взводқа) атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводка бұдан баска шоғырланған атыс учаскесі тағайындалады (бекітіледі). Атыс құралдарына негізгі және косалқы атыс бекінісі бекітіліп беріледі және нақты атудың қашықтығында атқылаудың негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататкыштық атыс бөлімшенің атыс жолағында дайындалады. Көрші бөлімшелердің аткылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындауымен, оқ-дәрінің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үпгін (мысалы, корғаныста) бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды (1О-сурет).

Ұрыстағы маневр. Қазіргі заманғы ұрыстағы табысты бөлімшелердщ (күштер мен құралдардьщ) атыс маневрін кең қолдануынсыз көзге елестету мүмкін емес.

Ұрыста бөлімшенің (взводтың) мандай шебі алдында маңыздылығы жағынан өр тұрлі бірнеше нысаналар бір мезгілде пайда болуы мүмкін: тірі күш, атыс құралдары танкілер және баска да ұрыс машиналары.

Өз уакытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс кұралдарының атысын бір маңызды нысанаға (нысана тобына) шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне біріяен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру — мұның барлығы атыс маневрін жасау болып табылады.

Атыс маневрін әрбір жауынгер колдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне атысты ауыстыра отырып жоюы қажет.

Бөлімшелер (күштер мен құралдар) маневрі қарсыластың барынша әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ карсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту тұрінде маневр жасай алады.

Қамту — қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол мандай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстык және тактикалық өзара қимылы арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.

Айналып өту — қарсыластың капталы мен тылына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимылда жүргізіледі. Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстык шепке ие болу, Каптал немесе тылға шыкқан қарсыласты тойтару мақсатында және карсы шабуыл үшін жүргізіледі.

Ұлы Отан соғысының және бейбіт өмірдегі бөлімшелердің Ұрыстык жаттығуларының тәжірибесі көрсеткендей, Ұрыста маневрді тез және жасырын жүргізу қажет. Маневр ясүргізу үшін ашык қапталдар мен аралықтар, жергілікті жасырын кіреберістер, ал корғаныста бұдан баска — орлар мен байланыс жолы пайдаланылады. Қазіргі заманғы ұрыста әрбір жауынгер маневр қолдана алады: маневр қарсылас күтпеген жерде жауынгердің қимыл жасауына мүмкіндік береді.

Ұрыстағы бастамашылдық және кенеттілік. Ұрыс кимылдарын жүргізу тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезеңде батыл, қорыкпайтын өз ерік-жігерін карсыласка күштеп таңатьш, өзінің тапкырлығьш және ойлы бастамашылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті.

Ұрыста әрбір жауынгер берілген тапсырманы мерзімінде және толық орындау үшін калай қимылдау керектігін өз бетінше шешу кажеттілігі туатын жағдайға тап болуы мүмкін. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды тұрде енгізу біліктілігі — бастама көрінісі болып табылады.

Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамашылдык көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамашылдьщ көрсете алу қабілеті, карсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу — әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы касиет болып табылады. Әрбір жауынгер үшін бастама-шылдык — ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде езін-өзі ұстау, мінез-кұлық нормасы, ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шарттардың бірі — кенеттілік.

Кенеттілік — қарсылас үшін күтпеген кимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық. керсету кабілетінен айырады. Кенеттілікке қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші кимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікті бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді. 

 

 


Информация о работе Казіргі заманың ұрыстық сипаттамасы және оның түрлері