Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 07:32, курсовая работа

Описание работы

"Кластер" ұғымына көптеген анықтама беруге болады. Ең негізгі анықтаманы XX ғасырдағы стратегиялық жоспарлау саласындағы ең мықты эксперттердің бірі профессор Майкл Портер берген. Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар.
Профессор Портердің тұжырымдары ең белгілі әрі мойындалған болып отыр. Мысалы, ерекше танылғаны "Портердің бес күші", "жинақталған құн тізбегі", "кластерлік теория". Аталғандар бәсекелестіктің өсудің жаңа фазасын жүзеге асыру мақсатында, ұлттық экономиканың мықты макроэкономикалық негізін құру үшін кластерлік саясат жүргізіп отырған дамушы және дамыған елдер негіз болып танылды.

Содержание работы

1 Кластерлік дамудың теориялық аспектілері
Кластер түсінігі және түрлері
Аймақ экономикасында кластерді дамыту бәсекеге қабілеттілікті көтерудің факторы ретінде


Қазақстан Республикасының аймақтардында кластерлердің рөлі және олардың дамуын талдау
Қазақстанда кластерлік жүйенің қалыптасуы
Шығыс Қазақстан облысындағы кластерлік әдістің негізгі формаларының дамуын талдау
Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары
Кластерлік жүйенің әлемдік тәжірибедегі ролі
Кластерлік жүйенің тиімділігі және дамыту бағыттары
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Диплом Ермекова.doc

— 540.50 Кб (Скачать файл)

- жергілікті  және жаһандық сұраныстың сәйкессіздігі.  Ел ішінде ішкі сұраныс параметрлері  алдыңғы қатарлы елдердегі сұраныс  параметрлерімен сай келмесе,  бәсеке қабілеттілігіне қауіп  төнеді. Сөйтіп жергілікті сатып  алушылар ұлттық фирманы дұрыс бағыттан шығарып жібереді. Бұны АҚШ автокөлік жасау өндірісінен анық байқауға болады.

- жергілікті  сатып алушылардың шетелдіктерге  қарағанда өздерінің талап қойғыштығынан  айрылуы. Егер жергілікті сатып  алушыларға қарағанда шетелдіктер  неғұрлым талапшыл болса, онда ұлттық фирмалар елеулі қиындықтарға тап болады. Мысалы, өндірісті автоматтандырылған құрал – жабдықтар шығаруда американдықтар жаппай өндірістік технологиялар өндіруден бір кезде алда болады. Кейінгі онжылдықта жапондық, неміс және итальяндық компаниялар көптеген салаларда жаңалық тапқыш болды. Олар робототехниканы және икемді өндіріс жүйелерін пайдаланды. Осындай айырмашылық орташа және шағын кәсіпорындарда анық көрінеді.

    - мамандандырылған  өндірістік факторлардағы жеңуге  болмайтын кемшіліктердің туындауына әкелетін технологиялық өзгерістер немесе жаңа, әзірге болмайтын қолдаушы салалардың қажеттілігі. Технологиялық өзгеріс ұлттық деңгейдегі бәсекелестік қабілетке жаңа дем беріп, ескі артықшылықты жоққа шығарып, жаңасын туындатады. Ұлттық фирма бір технологиялық салада көптеген жетістіктерге жеткенмен, оны өзгерткенде қиындықтар мен зиянға ұшырайды. Кейбір кезде жаңа технологияны енгізгенде қажетті факторлардың арақатынастары өзгереді. Ол адам ресурстары, білім немесе инфрақұрылымдардың жетімсіздігіне әкеліп соғады. Қандай да бір басқа ұлттық фирма қайта құру басталмас бұрын артықшылықты иемденеді.

 

 

 

 

Бұл тарауда  нақты  бәсекеге қабілеттілікті арттыруда  кластерлердің артықшылығы, аймақтың  бәсекеге қабіеттілігін арттыруда  кластерлердің рөлі туралы жазу керек. Тақырыптан ауытқыма!!!! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРДЫНДА  КЛАСТЕРЛЕРДІҢ РӨЛІ  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  ДАМУЫН ТАЛДАУ

2.1.Қазақстанда кластерлік жүйенің қалыптасуы

1991 жыл Егемендік алғанға  дейін экономикадағы Қазақстанның орны тек астық өсірумен, метал шығарумен және пайдалы қазбаларды табумен ғана шектелді. Қазақстан экономиканы басқарудың әкімшілік басқарушылық үлгісі кезінде бәсекелестіктен қорғалған өз тауарлары үшін, сапаға байланыссыз өткізім нарығына және ресурстарына ғана сүйенетін.  Кеңес өкіметінен кейін бұл орталық жоспарлау жүйесі құлады, бұл өз кезегінде еңбек өндірісінің құлауына әкеп соқты. Соның нәтижесінде нарықтық экономикада өндірістік көп салалары бәсекеге қабілетсіз болды. Егемендіктің басқы 5 жылында экономикалық құлдырау жылына 10%, ЖҰӨ-дегі өндірістің үлесі 1992 жылы 31%-ға түсті, 1996 жылы 21,2% болды. 1996 жылдан бастап экономикалық дамудың жаңа кезеңі басталды.  Мұнайға баға өскеннен бастап экономикалық өсім жылына 9-10% құрады.

Соңғы жылдары мұнай саудасынан түскен түсім артуда, бұл өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік жағдайдың артуына көп септігін тигізеді. Мұнайға баға өсуіне байланысты қысқамерзімді өсу экономикадағы жалған бәсекеқабілеттілікті тудырады. Үкімет мұнайдың бағасының өсуіне байланысты туындайтын қатерді біледі. Сол себептен бәсекеқабілеттілікті арттыру үшін жоспар ойлап щығарды.  Экономикалық саясаттың артықшылығы болып экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыру болып табылады. Осы мақсатпен 2003 жылы 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялды – инновациялық стратегия қабылданды.  Бұл стратегияның мақсаттарының ішіне еңбек өнімділігін 3 есе арттыру, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы климат,   жоғары технологиялы өндіріс салаларын дамыту жатады.

Экономиканы диверсификациялау, еңбек өнімділігін арттыру үшін Қазақстандық кластерлік бастама туындады.

Қазақстандық кластерлік бастаманың мақсаты (жобаны жүзеге асыру 2004 жылы маусым айында басталды) - жоспарды игеру экономиканың маңызды салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданылады.  Жоспарды игеру процесі келесідей жоба бойынша кластерлерге бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін талпыныс береді. Өйткені бұл процесске БАҚ бар болуымен байланысты басқа да қызығушы тараптар қатысады, жылдам нәтижелерді алуға бағытталған шаралар қолданылады. Ол өз кезегінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін артқанын көрсетеді. JAA (J.E. Austin Associates Inc.) Қазақстанға кең тәжірибеде дәлелдемеге негізделген динамикалық әдісті қолданып, мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бұл жобаның мақсаты  – Қазақстандағы кластерлердің  өміршеңдігін құптау, бәсекеге қабілетті  артттыру үшін индустриалды базаны жасау  мақсатында 5-7 пилоттық кластерлерді анықтайды. Экономиканың табылмайтын секторларының бәсекелестік дамуы еңбек өнімділігін арттыруға, елдің экономикалық өсуін жеделдетуге көмектеседі. Бұл секторға кіретін кәсіпорындардың көбі: шағын және орта кәсіпорындар. Бұл кәсіпорындардың басты артықшылығы инновацияға негізделген, жылдам экономикалық өсуді арттырады. Жобаны табысты жүзеге асырудың Қазақстан үшін маңызды салдары бар, оның көбі жобаның соңына қарай белгілі болады. Мынадай нәтижелер күтіледі:

- тұрақты экономикалық өсу және одан болған кірістерді тең бөлу;

- экономикалық диверсификацияның өсуі;

- ішкі инвестицияның өсуі;

- табылмайтын өндіріс  саласындағы мықты бизнес-қоғам бәсекелестікке негізделген, іскерлік климатттың нақты жақсаруы;

- тікелей шетел инвестициясымен байланысты Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті ел ретінде тану;

- көршілес елдермен  сауда байланысы. 

Кластерлік бастаманың соңғы мақсаты Қазақстан азаматтарының  өмір сүру деңгейін арттыру. Мұнайға  және минералды ресурстарға  деген  баға әрқашанда жоғары болып қала алмайды. Табиғи ресурстарға бай елдер ұзақмерзімді өмір сүру деңгейінің тұрақтылығына қол жеткізе алмай отыр.  Қазақстан үкіметі өндірістің мұнайға байланыссыз салаларында экономикалық диверсификация жоспарын жүзеге асырып, игеруі өте ұтымды шешім.

 «Кластер» - Қазақстандық  экономистердің сөздігіндегі жаңа  сөздердің бірі. Аударғандағы мағынасы "жиналым", "концентрация". Қазақстанда  экономикаға байланысты кластерлік  даму белгілі-бір саладағы, бір-бірімен  байланысты және сол салаға  қатысы бар басқа да институттар, қосылған құн тізбегіндегі барлық қатысушылардың бірігуі (құнның қосылу процесі шикізаттан дайын өнімге дейін ).

Қазақстан Республикасының  президенті Н.Назарбаев жолдау ма?,  Қайда не айтты?: «Қазақстандық кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру үшін, пилоттық кластерлердің құрылуын аяқтау қажет, ары қарайғы экономика диверсификациясы біздің тауарларымыздың  максималды бәсекеқабілеттілігі, әсіресе өңдеу саласында өнімділіктің артуы  жағдайында жүру қажет» - деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда 7 перспективті пилоттық кластер анықталған, бұл – туризм, азық – түлік өндірісі, машинажасау және мұнайгаз, тігін өнеркәсібі, көлік - логистикалық қызметтер, құрылыс материалдар.

Президенттің айтуынша: «Кластерлік даму жеке және мемлекеттік  сектор арасындағы нақты серіктестік байланыстың үлгісі бола алады».  Сондай-ақ, «бұл кластерлерді мемлекеттің қолдауы, экономиканың басқа салалары дамусыз қалады дегенді білдірмейді».

Қазіргі таңда Республикада 20 кластерлік кездесу және 40 шақты  жұмысшылардың отырысы болып өтті. Бұл кездесулерде кластер қатысушылары тарапынан салалар үшін және де стратегиялық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға, ең қиын деген проблемаларды шешу үшінде шаралар қолданылды. Кластерлердің даму деңгейінің әртүрлі екенін ескеру қажет. Алғашқы орында туризм, содан кейін азық-түлік өнімдері, мұнайгаздық машинажасау және  көлік – логистикалық қызметтер. Бірақ бұл осы кластерлердің бірінің өмірсүру қабілеттілігі, екіншісінен төмен дегенді білдірмейді. Қазірде сәйкес кластерді дамыту бойынша жеке сектор қызметін акселерациялауда  жұмыстар жүргізілуде.

Экономиканы дамыту үшін әкімшілік барьерді төмендету, жемқорлықпен күресу, сотөндірісінің тәуелсіздігі сияқты ауқымды институтцианалды реформалар керек.

Кластер жобасының маңыздылығы  әкімшілік реттеудің тиімсіздігі, жемқорлық, сотөндірісінің тәуелсіздігі және басқа да проблемалар кластер айналасында талқаланады.

Индустрияның дамуына  кластерлік көзқарасты қолдануда –  максималды тәжірибелік тиімділігі бар, алдыңғы халықаралық тәжірибе енгізіледі. Бұл көзқарас өндіріс факторларының критикалық салмағын бір орынға бағыттауда және әлемдік, аймақтық нарықта дайын өнімнің бәсекеқабілеттілікке қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Қойылған мақсаттарға  жету жолында даму инстититуттары тиімді құрал болуы тиіс. Кластерды дамытуда бизнес үшін тиімді пайдалардың ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:

- жеткізушілермен жұмыстың  тиімділігін арттыру (алдымен  жергілікті);

- жаңа өнім мен технологияны  жасауда инновациялық потенциалмен  икемділікті арттыру;

- мамандандырылған және өндіруші адам ресурстарының қолжетімділігі және т.с.с

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кластерлік көзқарас аймақтық  экономикалық дамудың тиімді құралын ұсынады (бұл құралдарды әкімшілік, сондай –  ақ аймақтағы қызығушылық топтары  да қолдана алады, мысалы, бизнес ассоциациясы немесе тұтынушылар қоғамы). Бұл экономикалық дамудың көрсеткіштері бола алады:

- аймақтағы жұмысбастылықтың  артуы; 

- еңбекақының өсуі;

- әртүрлі деңгейдегі  бюджетке шығарылымдардың өсуі  және ең маңыздысы, аймақтық  өндірістің тұрақтылығымен бәсекеқабілеттілігінің артуы.

Соңғы жылдары шағын  фирмалардың кластеріне қызығушылық  арта түсті.  Кластер негізінен  өндірістің белгілі – бір секторында мамандалған кәсіпорындардан тұрады.

"Қазақстандық кластерлік  бастама" жобасында  кластерлердің даму процесін үкімет үйлестіреді. Министрліктер және басқа да үкіметтік органдар бизнеспен серіктестік жүргізуде, кластер қатысушыларының жиналыстарына, жұмыс топтарының кездесулеріне  қатысады. Бизнес өкілдерімен ресми өкілдер бірге туындаған 19 мәселені шешу жолдарын қарастыратын Үйлестіруші кеңестерді құру жайында жұмыс жүргізілуде. Бұл кеңес аясында негізгі қызығушы жақтар диалог өткізеді. Үкімет әрбір пилотты кластер үшін Үкіметтің 2005 жылдың 25 маусымында  № 633 қаулысымен бекітілген жоспар жасайды. Бұл жоспарлар пайда болған сұрақтарға байланысты, кластерлерге қатысты Үкімет қабылдайтын шараларды қосады. Мысалы,  адам ресурстарын, маркетингпен қаржыландыру, стандарттар қоюда салық және кеден саясаты саласында.

"Қазақстандық кластерлік  бастама" жобасын нәтижелі жүзеге асыру үшін бес негізгі компонент қажет:

1 іскерлік ортаны және  оларға байланысты сұрақтарды, өндіріс  салаларын білу;

2 кластер қатысушыларымен,  дамуымен  байланыс; 

3 мемлекет пен бизнес  арасындағы құрылымдықты арттыру  шаралары;

4 қоғамды ақпараттандыру және берілген сұраққа деген қатынасын өзгерту;

5 потенциалды арттыру. 

Кластердің  Қазақстанда  пайда болғанына көп болған жоқ  және арнайы жобалар олардың дамуына  септігін тигізеді.  Төмендегі географиялық карта біріншілік кластерлік бастаманы көрсетеді, соның ішінде акиматтар мен әртүрлі экономикалық сектордағы бизнес өкілдері бар.

Қазақстандағы кластерлік дамуды үш негізгі кезеңге бөліп  қарастыруға болады:

1. Кластер орталығын анықтау

2. Кластердің потенциалды қатысушыларын тарту 

3. Кластердің пайда болуына байланысты жұмыс

1. Кластер орталығын анықтау. Экономикалық аналитикалық зерттеу жүргізілгеннен кейін кластер орнау үшін салалар таңдап алынды, сондай-ақ кластер орталығын анықтау керек. Бұл кезеңде кластердің дұрыс анықтамасы көпбұрышты тас секілді. Кластердің кең анықтамасын қолдану бітпейтін кедергілерге ұласуы мүмкін, оларға кластердің потенциалды қатысушыларының төмен қызығушылығы, ортақ қызығушылықтың, мақсаттың болмауы, жоба координаттарын күшейтуде келіспеушілік жатады.   Кластер жақсы дамуы үшін кластердің орталығын анықтау керек.

 

 


 



 


 

 

 

 

 

Сурет 1. Қазақстандық кластерлік бастама 

Кесте, суреттерге текстте ссылка керек, әрбір суретті  текстте талдау, кестені талдау. Құр қоя салуға болмайды!!!

Кластер орталығын анықтау өзіне бірнеше кезеңді қосады. Біріншіден, нарықты немесе саланы сегменттеу қажет: 

– тұтынушылардың немесе клиенттердің типі бойынша;

– өнім типі бойынша;

– қызмет типі бойынша.

2 Кластердің потенциалды  қатысушыларын тарту. Кластер орталығын анықтағаннан кейін кезең қатысушыларды тарту екені анық.  Бұл кезеңде кластер дамуы туралы ақпарат жайылады және саланың негізгі кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізіледі, оларды кластерді орнату процесіне қатыстыру шаралары өткізіледі.

Бұл кезеңде мынадай қиындықтар болуы мүмкін:

- байланыс орнату. Кластер  қатысушыларының бірінші базасын  дайындау көп уақыт алуы мүмкін.

- сәйкес кәсіпорынды  анықтау.

Кесте 2. Кесте екінің анализі қайда?

Кластерлік жоғары потенциалды  салалар және орталық кластерлер

 

Кластерлік даму үшін жоғары потенциалды салалар

Орталық кластерлер

Құрылыс материалдары

Алматыдағы құрғақ ерітінділер  қоспасын өндіру бойынша кластер,

Астанадағы лак пен бояу өндіру бойынша кластер 

Азық - түлік өндірісі

Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Алматыдағы сүт өндірісі кластерлері,

Алматы облысындағы жеміс- жидек  өндірісінің кластері

Металлургия

Қарағандыдағы металлургиялық кластер

Мұнай – газ құрал жабдықтары

Алматы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысындағы  жоғары қысым резервуарларын өндіруші кластер

Транспорт және материалды-техникалық қамсыздандыру

Алматы қаласындағы транспорт  – логистикалық кластер

Тігін өнеркәсібі

Шымкент, Алматы  қалаларындағы  тігін кластерлері

Туризм

Оңтүстік Қазақстандағы, Алматыдағы туристік кластерлер

Информация о работе Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары