Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 15:48, реферат
Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады.Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экономикалық тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда.
Көлеңкелі экономика
Көлеңкелі экономика (ағыл. shadow economy)
Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады.Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экономикалық тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда.
Мұндай бейресми
экономикалық қатынастардың қатарына: қоғамд
Көлеңкелі экономика қатынастарының бұл тұрпаты экономикалық қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні – ұйымдасқан экономикалық қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық Көлеңкелі экономиканың кең таралған құбылысына айналады.
Қуатты Қазақстан · 326 рет қаралған
Қазақстандағы көлеңкелі экономика қандай
деңгейде? Тамырын тереңге жіберген осынау
індетпен тиімді күресу үшін қандай шараларды
қолға алу керек? Алматыда «Көлеңкелі
экономика және көшедегі базар» атты тақырыппен
өткен ірі конференцияда аталған мәселе
талқыға түсті.
Бүгінгі күні елімізде көлеңкелі экономиканың
қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы
жасырын емес. Онымен күресудің басты
тетігі саналатын – салық жүйесіне жыл
сайын өзгеріс енгізгенімізбен, аталған
жайдың ауыздықталған түрі көрінбейді.
Алматыдағы жиынға қатысқан Экономикалық
даму және сауда министрлігінің, Кеден,
Салық комитеттері мен қалалық базарлардың,
ірі компаниялардың өкілдері және тәуелсіз
сарапшылар бірауыздан осылай деді. Сонда
бұған себеп не? Шараның өтуіне ұйытқы
болған белді Фридрих Эберт қоры кездесуді
пікірталас жүйесінде ұйымдастырып, қор
төрағасы Пэр Тешендорф бұл мәселеге алаңдаушылық
танытты. «Қазіргі күні Қазақстанда осы
проблема өте өзекті болып отыр. Дәл қазір
көлеңкелі экономика жанбағыс қамымен
өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүргендер
үшін күнкөріс көзі болса, мемлекет үшін
бұл тиімсіз болуда. Сайып келгенде түсінбестік
те содан туындайды», – деді ол. Ал конференцияға
қатысқан бірқатар кәсіпкерлер бүгінгі
таңда базар қауымдастығы өкілдері мен
мемлекеттік атқару органдары арасында
пікір алшақтығы бар екендігін жасырмай
айтты.Бизнесті жүргізуде біз үлгі етіп
алған Еуропаның өзінде барлық елде бірдей
қосымша құн салығы жоқ. Бұлай деген Тәуелсіз
кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы
Талғат Акуов , елімізде бірде-бір кәсіпкер
өз айналымының 30 пайыздан астамын көрсетпейтінін,
оны барлық салықшылар жақсы білетінін
тілге тиек етті. «Қосымша құн салығынан
шағын бизнес 5 жылға босатылған. Өндіріс
пе, сауда ма бәрібір.
Егер айналымы 30 мың есептік айлық көрсеткіштен
аспаса немесе жылына 49 миллион теңгеден
аспаса. Мәселен, Алматыда шағын бизнестің
70 пайызы – шағын дүкендер. Олар қосымша
құн салығын төлемейді», – деп ашып айтты
төраға. Жалпы, жиынға қатысқан кәсіпкерлер
сөзінен түйгеніміз, елімізде қосымша
құн салығы жалпы ішкі өнімнің 0,6 пайызын
құрайды. Ал Қазақстанның сауда серіктестері
саналатын Қытай, БАӘ сияқты елдерде қосымша
құн салығы жоқ. Сондықтан Қазақстан осы
елдердің жолын ұстанса, одан ұтпаса ұтылмайды.
Мұндай жағдайда елімізде не өндіріліп
жатқанын және тауар айналымының көлемі
қанша екенін білуге мүмкіндік туып, сырттан
қанша тауар әкелетініміз де, өзіміз қанша
және қандай тауар өндіретініміз де толық
анықталады.
Жиынға қатысқан Қаржы полициясы өкілдерінің
келтірген дерегіне сүйенсек, көлеңкелі
экономикадағы ақша айналымы 30 миллиард
доллардан асып жығылып отыр. Бұл көлеңкелі
экономиканың жалпы экономикадағы көлемі
16 пайыз деген сөз. Өз кезегінде «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы
директоры Ғабит Лесбеков көлеңкелі бизнесті
ауыздықтауда атқарылып жатқан жұмыстар
аз емес екендігін айтып, бірқатар мәселелердің
басын ашты. Айтар болсақ, елімізде тіркелген
1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің
747 мыңы ғана белсенді түрде жұмыс жасауда.
Бұған әсер етуші факторлар өте көп болғанымен,
ең негізгісі әкімшілік кедергілер болып
отыр. Жиынға қатысушылар аталған мәселені
алдағы уақытта Үкімет отырысының күн
тәртібіне қою керек деген ұсыныс айтты.
Пайдаланған әдебиет