Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 20:18, реферат
“Кәсіп ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға біріктіреді.
Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік, сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік зейнет ақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.
Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты сақтандыру, тәуекелді жауапкершілікті сақтандыру түрлері тікелей жатады.
Кәсіпкерліктің әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара бірі бірімен өте тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып, еріксіз немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды сату немесе айырбастау қажет.
Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді, сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз байланысады. Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне кіреді.
Информация о работе Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері