Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 18:00, реферат

Описание работы

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Файлы: 1 файл

53___.doc

— 284.00 Кб (Скачать файл)

         Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың  қарсаңында Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық саясатында  шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

      Батыс  елдерінің экономикалық әдебиетінде  шағын бизнесті «өсу үстіндегі  бала» деп қарау орын алған.  Жеке жағдайда, «шағын бизнес  – бұл өсу үстіндегі бала  ретінде, сондықтан ол барлық  уақытта сәби бесігінде қала  алмайды. Ол үлкен мекен-жайға  мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

      Шағын  кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе  көрсеткендей, ең алдымен капитал  тезірек айналатын салдарда, атап  айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру  және қызметтер салаларында туады.  Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық

8

саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең  инфляциямен басталды, бұл пайыз  өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын  бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

       Осы  уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

       Қазіргі  кездегі әлемдік экономиканың  одан әрі даму жағдайында, ірі  компаиялардың айбынының артуы  ғылыми техникалық революцияның  болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

       Қазіргі  уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

       АҚШ-тың  сатып алу федералды басқармасының  ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың  ортасынан 70-ші жылдардың ортасына  дейін шағын фирмалар (жұмысшылар  саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық  фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі өндірушілердің біріне айналды.

        Шағын бизнес капиталистік елдерде  халықты жұмыспен қамтуды  кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс

орындарының  60%-ы 20 адамнан  аз жұмыскерлері бар компанияларға  келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады.  Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

       Шағын  және орта бищнестің болуы  және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір  дайын өнімді жасау үшін мыңдаған  әртүрлі детальдар қажет етіледі.  Олардың өндірісіне концерндер мен келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен  келісім арақатынастары арқасында жұмыс

9

істейді.  Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы  монополиялармен байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар  жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

        80-ші жылдардың басында шағын  кәсіпорындар иелерінің тек өз  жанұяларындағы адамдарының еңбектерін  қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың  32%, Италияда - 29%,    Францияда  - 21% құрады.

        Монополистік емес фирмалар жаңа  салалар қатарында, әсіресе, ақпарат  кешенінде өздерінің жағдайларын  әжептәуір нығайтты. ҒТП негізінде  іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т.б.) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

         Демек, шағын және орта бизнестің  ролі мына көрсетілген алты  қызметтерден көрінеді.

         Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес.

         Екіншіден, шағын бизнес әлі  іске жаратылмаған әжептәуір  қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады.  Осындай биқнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

         Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке  күресін қалыптастыруда айтарлықтай  үлес қосады. Бұл кез келген  мемлекеттің жоғары деңгейде  монополия экономикасы жағдайында  бірінші кезекте маңызды.

         Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60%    және жаңа жұмыс

орындарының   70-80% келеді.

         Бесіншіден,  атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палароид» типті фотоаппараттар).

         Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік  қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас бөлігі  бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

         Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі  көрсеткендей, өтпелі экономикада  мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа  басталған сауда кәсіпкерлігі  көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.

         Өтпелі экономика үшін нарықтың  инфрақұрылымының дамымағандығы  тән, бұл шағын кәсіпкерліктің  дамуын тежейді. 

         Қазақстан Республикасындағы 1998жылға  дейін тоқтамаған өндірістің  құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі,

10

тұрғындардың номиналды  табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік  қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

        Соңында шағын кәсіпкерліктің  дамуының тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

        70-80ж дамыған елдердегі болған  кәсіпкерлік «бум» ғалымдар мен  практиктердің шағын бизнеске  қатысты бұрынғы көзқарастарынан  – шағын кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең ірі компаниялардың маңынан құрылуы тиіс.

         Нақты көрсеткіштер көрсеткендей  соңғы онжылдықта (1990-2000ж) олардың  саны екі есеге артты, олардың  санының саудада және қызметтер  саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогрессивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер – айтарлықтай ролі бар.

       Өтпелі  экономикада жаңа өркен жайған  шағын кәсіпкерлікті дамыту және  қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

  • еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
  • оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);
  • бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
  • шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;
  • ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

    Қазақстан   Республикасында шағын кәсіпкерлікті  дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар

туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы  қаулысының үлкен ролі бар.

      Құжат  өзінің мазмұны бойынша өтпелі  экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

      2001ж  басында Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерліктің  348 мың субъектілері  тіркелді, бұл елдің жұмыпен қамтылғандардың  жалпы санын  500мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер  40%-на жеткізу міндеті қойылды.

 

2.2. Орта және ірі  бизнестің кәсіпкерлік қызметі  және оның көздері.

 

        Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы

11

экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсәз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың  стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985ж толық шаруашылық есепте болжы, яғни өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын  табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.

        Осындай құнды бағдарлар бірнеше  ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан  бір сағатта өзгере алған жоқ  және нарықтық сипаттағы түсінік  пен құндылықтар қалыптаса алған  жоқ. 

        Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен қалыптасады.  ТМД және шығыс Европаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары жылжу үшін  үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды.

        Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары, құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді.

 

2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың  қазіргі жағдайына талдау.

 

        Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік.

        Экономикадағы қиындылық жағдайларына  қарамастан еліміздің территориясында  қызмет ететін біріккен және  шетел кәсіпорындарының саны  жылдан-жылға өсуде. 2004 жылдың 1 қаңтарда  тіркелген кәсіпорындардың саны 5444 болды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. 2004жылы Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген кәсіпорындардың ішінде:

ірі кәсіпорындар саны –191;

орта кәсіпорындар – 206;

кіші кәсіпорындар – 5147.

        Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында  кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.

Қазақстан Республикасы территориясында қызмет ету түрлері  бойынша кәсіпорындардың тіркелген санын 3-кестеден көруге болады.

 

 

 

 

12

Кесте – 3: Қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны

 

 

 

2002 ж

 

2003 ж

 

2004 ж

Қазақстан Республикасы

Кіші

Орта

Ірі

2738

2505

163

70

3731

3472

190

69

5444

5147

206

91

Ауыл шаруашылығы, аңшылық  және орман өсірушілер

Кіші

Орта

Ірі

 

48

45

3

-

 

79

75

2

2

 

112

100

10

2

Балық өсіру және балық  аулау кәсібі

Кіші

Орта

Ірі

1

1

-

-

3

3

-

-

7

7

-

-

Тау-кен өнеркәсібі

Кіші

Орта

Ірі

88

55

20

13

97

64

16

17

131

93

20

18

Өндіру өнеркәсібі

Кіші

Орта

Ірі

511

427

49

35

674

581

61

32

910

814

59

37

Газды, суды, электроэнергияны өндіру және бөлу (үйлестіру)

Кіші

Орта

Ірі

 

26

17

2

7

 

31

25

5

1

 

27

22

3

2

Құрылыс

Кіші

Орта

Ірі

211

197

14

-

301

284

15

2

562

541

18

3

Үй бұйымдарын және автокөліктерді жөндеу, сауда

Кіші

Орта

Ірі

 

1050

1023

24

3

 

1511

1474

33

4

 

2214

2175

30

9

Қонақжайлар және мейрамханалар

Кіші

Орта

Ірі

71

62

6

3

84

75

5

4

93

84

5

4

Көлік және байланыс

Кіші

Орта

Ірі

201

185

12

4

266

239

23

4

353

326

23

4

Қаржылық қызмет

Кіші

Орта

Ірі

70

62

8

-

76

68

7

1

89

77

9

3

Қозғалмайтын мүлікпен жасалатын операциялар

Кіші

Орта

Ірі

 

336

319

14

3

 

449

438

11

-

 

657

639

15

3

Білім беру

Кіші

Орта

Ірі

21

19

2

-

35

31

3

1

-

-

-

-

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

Кіші

Орта

Ірі

 

25

24

1

-

 

37

34

2

1

 

40

37

1

2

Басқа да коммуналдық  және жекелеген қызмет көрсету

Кіші

Орта

Ірі

 

77

67

8

2

 

88

81

7

-

 

46

41

4

1

Үй шаруашылығы жүргізу  жөнінен қызмет көрсету

Кіші

Орта

Ірі

 

-

-

-

-

 

-

-

-

-

 

203

191

9

3

Экстерриториялық ұйымдардың қызметі

Кіші

Орта

Ірі

 

-

-

-

-

 

-

-

-

-

 

-

-

-

-

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау