Кәсіпкерлік қызметтің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 22:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
1.2. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
1.3. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары
1.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

КӘСІПКЕРЛІК КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 72.33 Кб (Скачать файл)

Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.

 

1.2. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері

  Кәсіпкерлік субектісі:

    1.Қазақстан  Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана).

     2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.

   3.Азаматтық  бірлестіктер.

   Кәсіпкерлік қызмет  төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

    1. Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.

     2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. 
      Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі. Бұл келісімде:

                    - мүлікті пайдаланудың құқықтарын  шектеу;

                    - әр түрлі қызметті іске асыру;

      - материалдық жауапкершілік пен  өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;

    - келісімді  сақтаудың негіздері мен шарттары  жасалад ы.

        Меншік иесінің келісім жасалған  сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне  араласуға құқығы жоқ (алдын-ала  келісімдер мен кәсіпорынның  жарғысында және заңда көзделінген  жағдайларды қоспағанда).

       Кәсіпкердің  құқықтары

      - келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржықаражат тарту;

      - интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

                     - өндірістік бағдарламалар жасау;

     - өз өнімдеріне тұтынушылар  мен жеткізіп берушілерді таңдау;

     - Қазақстан Республикасының заңдары  мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

     - сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру; 
     -  кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

     - кәсіпорын иесінін атынан кызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

       Кәсіпкер тұтынушынын ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет.

      Мәселен, бұлар

     - ғимарат және құрал-жабдықтар;

      - үй-жай, мүлік;

                      - өндіріс және тұтыну тауарлары;

                      - ақпарат;

    интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық  ашу, патент);

                      - ақша, валюта, құнды қағаздар;

                     - басқа да тауарлар, жұмыстар  мен кызметтер болуы мүмкін. 

       Кәсіпкерлік қызмет:

       - өндірістік;

                        - коммерциялық; 

                        - қаржылық;

                       - кеңестер беру болып бөлінеді.

 Бұлардың  әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері  мен жетістіктері бар.

        Өндірістік  кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

        - өнім өндіруге  бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

                        - ақпараттарды өңдеу және жинау;

                        - рухани құндылықтарды игеру;

                        - тұтынуға жататын басқа да  өткізілімдер.

       Бұлардың  негізгі қолдану өрістері:

                       -өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

                      - коммерциялық сауда мекемелері;

                       - тауар-қор биржалары; 

                      - банктер мен халықтар.

        Қызмет түрін  таңдауда алдын-ала маркетингтік  зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

        Өнімді тиімді сату шаралары  кәсіпкерліктің үшінші сатысын  құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз  күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.

       Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

     Мұндағы  ең басты мәселер:

                     - "нені сатып алу керек";

                     - "нені сату керек";

      - "қайда сату керек" деген  сұрақтарға жауап іздеу. 
       Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.

       Міне, осылардың қорытындысында:

                       - сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;

      - тауарларды  көтере сатып алу және сату  бағалары бойынша есеп

         айырысулар;

                      - шығын мен ақырғы нәтижелер;

                      - жұмысшылардың саны;

                      - көлік жұмысының ауқымы;

                       - жарнама;

      - коммерциялық құжаттарды  дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.

      Бизнес-жоспарда бұлардан басқа  мыналар қарастырылады:

      - тауарларды алдағы  уақытта сату үшін көтере сатып алу;

      - ұйымдардан қызмет  көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға       төлем жасау;

      - тауарларды сақтайтын  қоймалар мен тұрғын үйлер  жалдау, өнімдерді өткізетін сауда  орындары;

                       - тауарларды өткізу нысандары;

        - несие және басқа қарыз қаражаттарын  алудың негіздері;

мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.

      Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:

     -  коммерциялық банктер;

     - қор биржалары;

                     - кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;

                    - кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

       Кәсіпкер немесе бизнестің осы  саласына қатыстылар өздерінің  іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы  мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан  бастайды. Сөйтіп бір уақытта  олар ақшаның, валюта мен құнды  қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік  қызметтің тағы бір нысаны  — меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.

Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:

  - құнды  қағазды кәсіпкердің өзінің сатып  алуы (Да);

         - оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв);  

         - Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі. 
         Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса,

онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк).

        Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.

        Кеңес беру қызметіне;

                     - жалпы басқару;

                     - әкімшіліктік басқару;

                      - қаржылық қолдау;

                     - маркетинг;

                     - ақпаратты технология;

      - арнайы қызметтер жатады.

        Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпкерлік қызметтің  ұйымдық-құқықтық нысандары

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
  6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
  7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

 

 

 

 

 

1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні  және түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

  1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
  2. Айқындалған факторларды талдау.
  3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

  1. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
  2. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
  3. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің мәні