Макроэкономика – экономиканың негiзгi бірлiгi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 05:38, курсовая работа

Описание работы

Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.
Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.

Содержание работы

I. Макроэкономиканың пәні және әдісі…………………………….5
1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.........5
1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар..............................................................7
1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары.....................................................................................................9
II. Макроэкономика – экономиканың негiзгi бірлiгi........................11
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы............................11
2.2 Макроэкономикалың модельдерi........................................................15
2.3 Макроэкономикалық көрсеткiштер..................................................17
2.4 Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы........21
III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу..................................................................23
3.1 Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi............................23
3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары...........................................26
Қорытынды...............................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

395_2531_6jM.doc

— 270.00 Кб (Скачать файл)

Ұлттық есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң көрсеткiшi – бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шығын құрауыштары және табыс көрсеткiштерi деп 25-топқа бөлуге болады.

Экономистердiң көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бөлiнуi және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:

    1. Тұтыну (С)
    2. Инвестициялар (I)
    3. Мемлекеттiк сатып алу (G)
    4. Таза экспорт (Хn)

Сонымен, ЖҰӨ-дi Y символымен јрнектеп, мына јрнектi аламыз:

 

Y =  С+ I + G + Xn

 

ЖҰӨ–бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттiк шығындардың және таза экспорт көлемдерiнiң жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбiр шығын құрауышы осы топтардың бiреуiне жатады. Бұл теңдiк өрнек болуы – осыған кiретiн айналымдардың анықтамасы әсерiнен теңдiк орындалады. Бұл Ұлттық есепшот тепе-теңдiгi деген атау алады.

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлiнедi:

    1. Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
    2. Ұзақ мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
    3. Көрсетiлген қызмет.

Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киiм және азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.

Ұзақ мерзiмдi тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мысалы, машиналар, кiржуатын машиналар, т.б. жатады.

Көрсетiлген қызмет түрiне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.

Инвестиция мынадай топтарға бөлiнедi:

1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясы жатады);

2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;

3) Қор инвестициясы.

Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретiн үйлердi салудағы шығындар.

Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).

Мемлекеттiк шығындар – өкiмет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.

Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда шеңберiнде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар жиынтығына тең болады:

ЖҰӨ =С + I + G

 

Бiрақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда әлемдiк нарыққа “нетто-экспортшы” ретiнде қатысады, сонда ЖҰӨ iшкi шығын көлемiн жоғарылатады Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда бiз әлемдiк нарыққа “нетто-импортершы” ретiнде қатысады, сонда таза экспорт терiс мән болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен жоғары болады.

2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы.

Негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк табыс пен шығынның теңдiгiн көрсетедi.

Y  = C  + I  +  G  + Xn                             (1)

Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдiктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдiгiн төменгiдей көрсетуге болады. Талдауды жеңiлдету үшiн жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:

 

                                  ЖҰӨ  = Тұтыну  +  Инвестиция                    (2)

Табыс бойынша:

 

                  ЖҰӨ  = Қор жинағы  +  Тұтыну                    (3)

 

Жалпы өнiм өндiруге кететiн шығындар мен табыс бiр-бiрiне тең болғандықтан, (2) және (3) формулаларды теңестiре отырып, төмендегi теңдеудi аламыз. 

 

                     С  +  I = S + С немесе I = S                         (4)

 

Бұл қарапайым тепе-теңдiк мемлекет пен шет мемлекеттi енгiзгеннен соң күрделене түседi.

Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.

Sp  = Sp  +  Sq + Sr                                          (5)

Жеке қор жинағы төмендегiдей бейнеленген:

Sp  = (Y  +  TR  + N  - T)  - C                        (6)

Мұндағы:

                                    Y - табыс сомасы,

                                   ТR  - трансферттер;

N-мемлекеттiк қарыз бойынша пайыз  мөлшерлемесi;

Т – салық және С – тұтыну.

 

Мемлекеттiң қор жинағы төмендегiдей бейнеленген.

      

                                  Sg  = (Т  - ТR  - N) -  G                               (7)

                                 

Sg > 0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg < 0 болса,  онда бюджет тапшылығы болады.

ВD  =  -Sg                                            (8)

 

Sr  = IM  - X Sr =  - NX

S = Sp + Sr = (Y + TR + N – T)  - C + (T – TR –N) –G + (-NX) = Y – C – G – X; S = I

 

 

Қорыта айтқанда:

1) ЖҰӨ-де елдiң барлық азаматтарының табысы, яғни елдiң өндiрiс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығын көлемi де көрсетiледi.

2) Атаулы ЖҰӨ көлемiнде тауарлар  мен қызметтер құны ағымды  бағамен өлшенедi, ал нақты ЖҰӨ көлемiнде тұрақты бағамен өлшенедi. Сол себептi нақты ЖҰӨ тек тауар мен қызметтер санының жоғарылауы нәтижесiнде жоғарылайды, ал атаулы ЖҰӨ өндiрiлген өнiм саны мен бағаның жоғарылауынан да жоғарылай бередi.

3) ЖҰӨ төрт шығын құраушы сома болып табылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттiк және таза экспорт.

4) Тұтыну бағасының индексi (ТБИ) қарапайым тұтынушы тұтынатын белгiлi бiр тауармен, қызметтер жиынының баға деңгейiн көрсетедi. ЖҰө дефляторы, атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ көлемiнiң қатынасы болып табылады, тұтыну бағасының индексi жалпы баға деңгейiн сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу.

3.1. Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi.

Негiзiнен жеке экономикалық субъектiнiң әрекетiн зерттейтiн микроэкономикадан өзгешелiгi, макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бiрлескен экономикалық қызметiнiң нәтижелерi мен зардаптары бiр уақытта зерттеледi.

Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зертейдi. Экономикалық талдаудың мәнi ұлттық шаруашылық дамуының қалыптасу теориясын әзiрлеу болып табылады. Соңғының негiзiнде макроэкономикалық саясаттың құралдары қалыптасады оған қазынагерлiк, несие-ақша саясаты, табыс саясаты және сыртқы экономикалық саясат жатады.

Макроэкономикалық саясаттың мақсаты мен құралдары.

Мақсаты:

1. Өндiрiс – жоғары деңгей, өсудiң жоғары қарқыны.

2. Жұмыспен қамтылу – жұмыспен  қамтудың жоғары деңгейi жұмыссыздықтың төмендiлiгi.

3. Еркiн нарықтағы бағаның тұрақтылығы.

4. Халықаралық сауда – экспорт  пен импорттың тепе-теңдiгi. Валюта  бағамының тұрақтылығы.

Құралдары:

1. Қазыналық саясат. Мемлекеттiк  шығыстар және салық салу.

2. Табыстар және шығыстар саясаты.

3. Монетарлық саясат. Ақшалық ұсыныстарды басқару.

4. Сыртқы экономикалық саясат.

Елiмiздiң экономикалық жағдайын талдау ұлттық шоттардың жүйесiне (ҰШЖ) негiзделедi. Ұлттық шоттар жүйесi – ұдайы өндiрiстiң шарттарын, процесiн және нәтижелерiн сипаттайтын өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткiштер жүйесi болып табылады, бұл – елдiң негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн бағалайтын халықаралық стандарт.

Жалпы ұлттық өнiм ұлттық өндiрiстiң көлемiн өлшейтiн негiзгi көрсеткiш болып табылады. Жалпы Ұлттыє Өнiм (ЖҰӨ) – бұл ел азаматтары белгiлi кезеңде (бiр жыл iшiндегi) өндiрген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтерiнiң нарықтық бағасы.

Жалпы Ішкi Өнiм (ЖIӨ) – белгiлi кезеңде елдiң iшiнде өндiрiлген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтердiң нарықтық бағасы.

Таза Ұлттыє Өнiм (ТҰӨ) – бұл ЖҰӨ-нен амортизация сомасын алып тастағаннан қалған, жабдықтың тозу бағасы болып есептеледi.

   


 

 

Ұлттық  табыс (ҰТ) – бұл экономикада өндiрiстiң барлық факторларымен (жермен, еңбекпен, капиталмен, кәсiпкерлiкпен) өндiрiлген өнiмнiң бағасы.

 


 

 

Немесе

 

 


 

 

 

Жеке табыс (ЖТ) –барлық үй шаруашылықтары табыстарының сомасы + трансферттiк төлемдер. Ол тұтынуға, ақшаны жинауға, салықтарды төлеуге кетедi.

 


 

 

Қолдағы бар  табыс (ҚБТ) – бұл барлық салықтар мен салықтан тыс төлемдердi төлегеннен кейiн шаруашылықтардың иелiгiнде қалатын табыс.

 


 

 

 

Жалпы Ұлттық өнiмдi екi түрлi әдiспен: қоғамның осы жылы өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге жұмсаған барлық шығындары жиынтығымен, немесе осы жылғы өндiрiстiң нәтижесiнде алынған өнiмнiң ақша табыстарын қосу жолымен өлшеуге болады.

Ұлттық өндiрiстiң макроэкономикалық көрсеткiштерi нарықтық бағалар арқылы көрсетiледi. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда, олардың мөлшерi атаулы шама түрiнде болады. Егерде тұрақты бағалар (базалық жылдың бағалары) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетедi. Атаулы ЖҰӨ өндiрiстiң көлемiнiң өзгеруiне де, бағалардың деңгейiне де тәуелдi болады. Нақты ЖҰӨ тек қана өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне тәуелдi.

Атаулы ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң ағымдағы бағалармен көрсетiлген көлемi.

Нақты ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң тұрақты бағалармен көрсетiлген көлемi.

ЖҰӨ дефляторы – ағымдағы бағалардың базистiк кезеңдегi баға деңгейiне қатынасын, яғни өндiрiс көлемiн емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруiн сипаттайды.

Қазақстан экономикасы үшiн 1991-2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену және реформалар кезеңi деп белгiлендi. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елiмiзде 1994-1998 жж. ешқандай алға басу болған жоқ. Қазақстанда 1994-1998 жж. ЖҰӨ-нiң өсуi терiс (-4,2%) қарқын алды. 1996 және 1997 жж. бұдан өзгеше болды онда ЖҰӨ тиiсiнше 0,5 және 1,7 %–ды құрады (өткен жылдың тиiстi кезеңiне шаққанда). 1998ж. ЖҰӨ көлемi 1994 ж. деңгейдiң 91,4 %–ын құрады. Экономистердiң есебi бойынша, 2001 жылы 1990 жылдың деңгейiне жету үшiн ЖҰӨ-нiң өсуiн жыл сайын 3,5-4 %-ға қамтамасыз ету қажет болды. Мұндай сәтсiз нәтижелер тек қана iшкi факторлардың емес, сонымен бiрге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресейдегi қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуi және т.б. салдарынан туындайды.

1999 жылдан мұнайға және шикiзаттың  басқа түрлерiне бағалардың өсуiне, теңгенiң құнсыздануына байланысты  жағдай жақсарды. 1999 ж. ЖҰӨ 2,7 %-ға (1998 ж. салыстырғанда), 2000 ж. – 9,8 %-ға, ал 2001 ж. – 7 %-ға өстi. Болжанған мәлiметтер бойынша ЖҰӨ-нiң дамуы (өткен жылға есебiмен) 2002ж. –4,9; 2003ж. –4,2; 2004ж. –3,6% болды.

   



"Экономиканы түпкілікті реформалауға  бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар. "

ҚР Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшiн республиканың орта мерзiмдегi әлеуметтiк-экономикалық Стратегиясында келесi iс-шаралар белгiленген:

  •  Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
  •   Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы
  • Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы
  • Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы
  • Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы
  • Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлік кеңесін құру туралы
  • Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары.

Экономикалық даму – әлемнiң барлық елдерiнiң алдында тұрған басты проблема. Германия және Жапонияның Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлiк қирағанын көрсетедi. Қазiр осы елдер тұрақты экономикалық дамудың үлгiсi болып отыр.

Экономикалық өсу  - бұл ұлттық өнiмнiң сандық көбеюi және сапалық тұрғыда жетiлуi.

Әрбiр елдiң үкiметi экономикалық өсу қарқынын iшкi ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншiк құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оны табыстылығының төмендеумен қосарлана жүредi. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседi. Сондықтан жиналған ақша үлесiнiң көбеюi алғашқы кезде жылдамдырақ дамуыға әкеледi де содан кейiн экономика капитал мен еңбек өнiмдiлiгi артуының ең жоғары деңгейiне жеткенде баяулай бастайды.

Информация о работе Макроэкономика – экономиканың негiзгi бірлiгi