Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2015 в 19:26, курсовая работа

Описание работы

Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Содержание работы

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------------------------------------------5

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері--------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы----------10

ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ---------------------------19

Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы-------------------------------------19
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі--------------------21
2.3 Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері----------------------------------------------------------------------------------------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28

Файлы: 1 файл

sbi_nreste_kezindegi_balanyn_psihologiyalyk_erekshelikteri.docx

— 55.10 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3  

 

І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------------------------------------------5  

 

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері--------------------------------------------------------------------------------5

1.2 Ерте сәбилік шақтағы  бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы----------10  

 

ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП  ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ---------------------------19 

 

 Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы-------------------------------------19  

    1. Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі--------------------21

2.3 Мектеп жасындағы  баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері----------------------------------------------------------------------------------------------------22  

 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ       

 Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.       

 Қоғамдақ  жаңару кезеңінде, Қазақстандағы  әлеуметтік, саяси, экономикалық  қатынастардың сипатының өзгеруі  өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Баланың сәби нәресте  кезеңі  - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің, Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің В.Т.Лисаковскийдің  және т.б.еңбектері бар.

Фрейдтің  идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.  

 

 

        Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында  дәнекерші болып көрінеді. Үлкен  адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады 

 Зерттеу жұмысының  міндеттері.

  • сәби нәресте кезіндегі бала психологиясын зерттеу;
  • сәби балалардың жас ерекшелігіне қарай іс-әрекетіне, қимылына назар аудару;
  • сәби нәрестенің үлкен адамдармен қарым – қатынасындағы ерекшеліктерін анықтау;
  • нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктеріне назар аудару т.б.

 

         Зерттеу жұмысының  құрылымы: Зерттеуге берілген «Сәби  нәресте кезіндегі бала психологиясы»  атты курстық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

І. СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1. Нәрестелік шақтағы  психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері

Жаңа туған бала (туған  сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бір-қатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттан басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттелін отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының, тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне не болады1.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда барлық анализаторлардан шартты  рефлекстер  жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту, жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Нәресте мен үлкен адам  (нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі  болып  есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З.Фрейд жарық дүкиеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық  өмірді  қандай  үздіксіз  драмаға   айналдыратының  пессимистік тұрғыда суреттейді. 

Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынады. Француздық прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиялы деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа да совет психологтары тарапынан сыйға ілікті. Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммеи қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-катынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатвнас жасау қажеттілігі — эмоциялық жутаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.

Бала алдымен жетіледі, содан  кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық  психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауғә, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады 2.

Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп   қалғаны нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле: алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайьі үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну меи ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас: алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері  білім құмарлыққа  дейін  өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білім құмарлықты И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.

Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар женді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.

Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.

Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділгінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте қабілетті болады.

Информация о работе Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері