Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 11:06, реферат
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.