Кейде шетел инвесторының инвестициялық
жобасы аралас өндiрiс пен салалардың
дамуына негiз болады. Мысалы, мемлекет
немесе белгiлi бiр аймақ микросхема
өнiмдерiн өндiретiн компанияны
тарта алса, бұл есептеуiш техника мен бағдарламалық
қамсыздандыру өндiрiсiмен байланысты
жаңа салалардың негiзi болатындығына
күмән жоқ;
- Инвестициялар елдiң немесе аймактың әлемдiк экономикаға интеграциялануына жағдай жасайды. Инвестициялық жоба инвестор мен оның жергiлiктi әрiптестерi арасында кәсiпкерлiк өзара қарым-қатынас жүйесiн құру қажеттiлiгiн туғызады. Инвестициялық жобаға қатысушы екi жақ та аймақтағы әлеуметтiк және экономикалық жағдайды тереңiнен түсiнуге тырысады. Нәтижесiнде басты экономикалық процестер мен бағыттарды түсiнуге және дамытуға жағдай жасалады;
- Инвестициялар әлеуметтiк қажеттi шығындарды азайтады. Қосымша жұмыс орындарының құрылуы жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiне ықпал етедi, сондай-ақ, инвестор кейбiр әлеуметтiк шығындарды өз мойнына алады, бұл мысалы, медициналық, сақтандыру шығындары болуы мүмкiн. Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықтың азаюы жанама түрде психикалық аурулар, қылмыс сияқты қоғамның әлеуметтiк дерттерiн азайтуға септiгiн тигiзедi;
- Инвестицияларды тарту артта қалған, дипрессиялы аудандардың дамуына жағдай жасайды;
- Инвестициялар нәтижесiнде мемлекеттiк табыстардың артуы мемлекеттің жалпы әлеуметтiк-экономикалық өсуiне, тұрғындардың өмiр сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн құруға жағдай туғызады.
Қазақстан
да өтпелi экономикалы және
дамушы елдер сияқты экономикалық
даму жобаларын қаржыландыруда
шетел капиталын сыртқы несиелер
мен қарыздар нысанында тартады
(2-сурет).
2 сурет –
Шетел капиталының экономикаға
ағымы
Халықаралық капитал ағымын
табиғатына байланысты, ұйымдастырушылық
нысанына байланысты, көздерiне, көлемi
мен тарту мақсаттарына қарай ажыратуға
болады:
1)Әртүрлi
несиелер түрiндегi ссудалық нысанында;
2)Кәсiпкерлiк нысанында (халықаралық
кәсiпкерлiк).
Халықаралық
кәсiпкерлiк тiкелей шетел инвестициялары
түрiндегi, портфельдiк және акционерлiк
емес әдiстерiндегi жеке кәсiпкерлiк
капитал қозғалысын бiлдiреді.
1.3
Шетелдік инвестицияларды тарту
бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері
және инвестициялық
стратегиялары
Қазақстан ресми түрде тиімді
нарықтық экономика саясатын таңдады
және оның құрылымы үшін қажетті барлық
алғы шарттары бар. Елдегі бар инвестициялық
потенциал (табиғи ресурстардың үлкен
қоры, жоғары білікті кадрлар ресурстары,
дамыған инфрақұрылым, өнімді өткізу нарықтарының
жақын болуы және т.б.) бизнестің көптеген
бағыттарын дамыту үшін жақсы болашақты
қалыптастырады.
Қазақстан
экономикасы дамуының жағымды
жақтарынан он жылдық кезеңге
келесілерді атап өтуге болады:
- Елімізде жеткілікті тиімді түрде банктік жүйе қалыптасқан;
- Қор нарығы үшін барлық қажетті инфрақұрылым қалыптасқан;
- Ұлттық валютадағы жақсы ақша ағымы бар ірі экспортты-бағдарланған кәсіпорындар қатары қалыптасқан;
- Шикізат салаларының ары қарай дамуы жөнінде стратегиялық келісім-шарттар жасаланған;
- Қызметтің ғылыми сыйымды шеңбері де өте маңызды (телекоммуникация, мұнай химия, фармакология және т.б.)
Инвестиция
тартушы және бизнестің дамуы
үшін барлық қажетті жағдайлар
жасаушы елдер үшін сыртқы инвестордың мүдделеріне
қарау керек деп түсіну керек.
Мысалы,
портфельді инвестициялар неғұрлым
елге тез келуімен қатар, соғұрлым
олар нарықтан тез кетуі мүмкін.
Мақсатты бағытталған акцияларды
сатып алу – бұл қор нарығы
құлдырай бастағанда, ел төменгі сатып алу қабілетімен
сипатталғанда, елде жекешелендіру жүріп
жатқанда кәсіпорын сатып алуға жақсы
жасырын әдіс болып табылады. Бұл қосымша
инвестициялық міндеттемелерсіз кәсіпорынды
сатып алу үшін ең арзан жол болып табылады.
Инвестициялық тәуекелдің көлемі мен
құны бойынша келесісі келешектегі сатып
алумен кәсіпорынды басқаруға алу болып
табылады. Әдетте, кәсіпорынды Үкіметтің
бақылауы кәсіпорын басшылығын ауыстыру
ды қарастырады, барлық қаржылық және
экономикалық саясат инвестордың өзімен
анықталады, яғни ірі шетел компаниясымен.
Барлық жергілікті топ-менеджмент, сондай-ақ
шетелдік, шектелген кеңістіктің шектерінде
ғана шешім қабылдай алады. Бұл жағдайда
кәсіпорынды басқарудың жалпы стратегиясы
елдегі бизнес дамуының ұзақ мерзімді
перспективаларына инвесторлардың көз
қарастары мен талғамдарына, инвестициялық
жобалардың саяси салмағына, инвестордың
мақсатты орналасуына, ағымдағы нарықтық
жағдайлар мен оны қолдану мүмкіндіктеріне
байланысты.
Жоғарыда
келтірілген екі инвестициялық стратегиялар елдің Үкіметінің
келісімдерімен бірге жүреді және осы
келісімдердің ажырамас бөлігі болып
табылатын нақты міндеттемелерді орындауды
талап етеді. Нақты емес орындалулар, бұл
міндеттемелердің еркін трактовкасы және
қайта тапсырыстар, ереже бойынша, шығындар,
бұзылған қатынастар және соттық талқылаулармен
байланысты инвестициялық келісімдердің
нәтижесінде болатын бұзуларға алып келеді.
Классикалық
инвестициялық стратегиялар қаржылық
тұтқаны максимизациялаумен, яғни
символикалық салым (көбінесе жеке құралмен) және қосымша
құрал-жабдықпен қоса, кез келген өтімді
қорды кепілге бере отырып, несие алумен
байланысты. Бұл стратегия басқарылып
отырған кәсіпорын және оның шотына байланысты
тәуекелдерді максимизациялаумен қатар
өзіндік тәуекелдерді минимизациялаумен
сипатталады. Өзіндік инвестициялық шығындардың
көлемі болашақ табыстардың ағымымен
өтеледі.
Келесі
стратегия экспортты-бағдарланған
өндіріс үшін арналған (мұнай-газ
секторына, қара және түсті
металлургия және т.б.). Мұнда сондай-ақ
қаржылық тұтқаны күшейту инвестицияға
қажетті көлемді және салықтық жеңілдіктердің
бөліктердің шешімін қамтамасыз ететін
несиелік сызбалар мен болашақ экспорт
ағымдарының есебінде жетеді.
Экономиканың
маңызды стратегиялық салаларын
инвестициялау және мемлекеттік кепілдіктерді алу
инвестициялық стратегиялардың жағымды
түрінің бірі болып табылады. Бұл жағдайда
ХВҚ түріндегі халықаралық қор және Бүкіләлемдік
банктердің стратегиялық қолдауы үлкен
рөлді атқарады.
Барлық
жоғары келтірілген базалық стратегиялар әртүрлі жаңартуларда
да сәйкестендіріліп қолданылуы мүмкін.
Бірақ та, инвестициялық салымдар табыстылығы
мен перспективасы және қолданылатын
инвестициялық стратегиялары арасында
бір баланс бар.
Инвесторларға
мемлекеттік қолдаудың тиімді
механизмдерін қалыптастыруда келесідей
арнайы міндеттер шешілуі қажет:
- Сыртқы сауда ақпараттар жүйесі және ақпараттық-кеңестік қызметтер құру, сондай-ақ олардың аймақтық және шетелдік үкіметтерімен қоса;
- Мемлекеттің қатысуымен инвестицияны сақтандыру және несиелендіру механизмдерін қалыптастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ берілген несие лер бойынша мемлекеттік кепілдендіру міндеттемелерін беру;
- Шетелде приоритетті инвестициялық жобалардың жылжуы бойынша дипломатиялық қызметтер жұмысын жүзеге асыру.
Ұлттық
инвестициялық стратегияның маңызды
элементі елдің инвестициялық потенциалының
дамуы үшін халықаралық экономикалық
бірлестіктің әртүрлі формаларын тиімді
қолдану болып табылады.
Әлемдік
тәжірибеге экономикалық бірлестіктің
жиырмадан астам негізгі формалары бар екендігі белгілі, және
де көптеген формалар таза күйінде емес,
басқа формалармен байланысып қолданылады.
Әрбір форманың өзінің ұйымдық және
экономикалық ерекшеліктері бар, және
де оларды епті қолдану нақты жағдайларда
ел үшін үлкен қайтарымдар әкелуі кепіл.
Бұл
бағыттағы басты міндет өндірістік
іс-әрекетте бірлескен кәсіпорындардың
өте кең көлемде қатысуы үшін
жағдайлар жасау болып табылады,
әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп пен
машина жасау салаларында, себебі,
қазіргі кезде шетелдік әріптестер
ресурстық базаның дамуы мен отын-энергетика
кешенінің қуаттылығын жаңартуына немесе
қызмет көрсету сферасына инвестиция
салуға көбірек қызығушылық танытуда.
Шетелдік
инвестицияларды тартуды ынталандырудың
экономикалық өлшемдерінің құрамына
мыналар кіруі қажет:
- Экспортқа бағытталған өндіріс пен ұйымдарды айналым қорларымен қамтамасыз ету үшін өкілетті банктермен тартылған несиелік ресурстар арқылы мемлекеттік кепілдендірілген міндеттемелерді тапсыру;
- Жоғары қосылған құнды өнімдер экспортын сақтандыру және несиелендіру механизмдерін қалыптастыру, қазақстандық экспортерлердің әлемдік нарыққа шығуына көмектесу үшін экспортты-импортты сақтандыру құрылымдарын жасау және дамыту;
- Экспортқа бағытталған инвестициялық жобалар үшін экспорттық кепілдіктер және несиелер бойынша кепілдіктер мен контркепілдіктер беру;
- Экспорттық келісімдер бойынша пұрсаттылықты тасымалдау тарифтерін енгізу;
- Қазақстандық тауар өндірушілер өнімдері үшін нарығы бар шетелдік елдерге «байланған» мемлекеттік қарыздар беру.
Ынталандырудың
ұйымдық-құқықтық және арнайыландырылған
өлшемдері:
- Нормативті базаны жаңашаландыру;
- Сыртқы сауда қзметін ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Экспортталатын өнімді сертификациялаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;
- Сыртқы нарықта қазақстандық өнімдердің жүруіне көмектесу;
- Экспортерлардың, сондай-ақ ірі инвестициялық және қаржылық институттардың ресурстарын біріктіруге мүмкіндік беретін қаржылық-өнеркәсіптік топтар және экспорттық консорциумдар құру.
Кең
ұғымда, инвестициялық сфераны мемлекеттік
реттеуді мемлекеттік және жеке
мүдделердің қызметін координациялау
және реттеу процесін қамтамасыз ететін
басқару әдістері, құралдары және органдарының
жиынтығы ретінде, стратегиялық болжамдау
және индикативті жоспарлаудың бірлескен
жүйесінде, экономикадағы тұтыну, қорлану
және инвестициялау арасында рационалды
пропорциялардың қалыптасу әдісі ретінде
анықтауға болады.
Экономикада
мемлекеттің реттеуші рөлі нарықтың
қалыптасуына кішкене араласуынан
басқару немесе координация деңгейіне
дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Осыдан, перманентті
жағдайларға байланысты, мемлекеттік
және нарықтық реттеушілер приоритетті
салалардың дамуын және экономикалық
қатынастардың нақты субъектілерінің
қызметтерін, соның ішінде жеке аймақтарды
оңтайландыруға жетуге қабілетті болуы
керек. Инвестициялық сфераға мемлекеттің
әсер етуінің сипаты мен өлшемі экономиканың
берілген саласында болып жатқан объективті
процестерге байланысты өзгеріп отырады.
Сонымен
қатар, инвестициялық нарықтағы
конъюнктураның өзгеруіне байланыссыз,
инвестициялық сфераны мемлекеттік
реттеудің ұлттық жүйесі қолданылатын
экономикалық немесе әкімшілік реттеушілер
көбіне тиімді әсер ете алмайтын күрделі
құрылымды инвестициялық жобалардың реттілігі
мен сәйкестілігін қамтамасыз ету қажет.
Жалпы
жүйелік аспектіде, көрсетілген жағдайларды,
яғни инвестициялық стратегияларды
біртұтас жүйеде біріктіру келесідей
мазмұндамада көрсетіледі:
- Бастапқы жүйе құраушы факторлардың мақсатты жорамалы;
- Мемлекеттік деңгейде инвестициялық саясаттың нақты концепциясын жасап шығаруға мүмкіндік беретін болжамдау;
- Капитал салымдары мен инвестициялар көлемін есептеуге мүмкіндік беретін мақсатты бағдарламалары,экономиканың жеке салалары мен елдің территориялары бойынша берілген өзгертулерге жету үшін қажетті құрылыс ұйымдарының қуаттылығы мен ресурстары;
- Нақты кезеңдерге анықталған ресурстар, оларды тиімді қолдану және экономикалық-әкімшілік реттеушілердің жүзеге асыру мүмкіндігі инвестициялық сферада, елдің экономикасында және оның салаларында тиімді нәтижелерге жету үшін қажетті индикативті жоспарлау;
- Инвестиция нарығын мемлекеттік реттеу әдістері және формалары, инвестициялық сұранысты жандандыру, сондай-ақ ұдайы жұмыс нарығын, құрылыс материалдары нарығын және жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру;
Жоғары
көрсетілгендер бойынша, елдің экономикалық дамуының
жаңа экономикалық стратегияларын
таңдау инвестициялық стратегияның негізгі
бағыттарын, ең бастысы, жаңа инвестициялық
механизмді жобалау саласында инвестициялық
саясаттың ағылып кетуін қайта қарастырумен
байланысты болуы қажет (3-сурет).