Монополия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 18:32, доклад

Описание работы

Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.

Файлы: 1 файл

Монополия.docx

— 114.82 Кб (Скачать файл)

Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:

• табиғи монополия;

• жасанды монополия.

"Монополияның үш негізгі  көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және жанамалай үкіметтік  қолдау және жеке келісім. Қашан  қандай да бір нақты адам  немесе кәсіпорын, басқа біреулер  билік етуге жол жоқ жерде  өз шарттарын қоя аларлықтай  жағдайда қандай да бір тауарларды  немесе игі қызметтерді бақылай  алса, монополия сол кезде бар  болып шығады".

Монополиялық бағаның  құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушыларүшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.

Монополистік, жетілмеген бәсеке. Бәсекенің формалары.

Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал XIX ғасыр басында монополиялардын, пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдын. Шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманын, монополиялық болмысы жасанды болады. XX ғасыр дейін монополиялар шектелген сфераларда болған.

Кейін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, Бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.Монополияланудың бірнеше формалары болады - картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, тағы басқа. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады:монопсония, олигополия,олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.

Монопсония — белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония — белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Олигополия — Бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

• бірсалалық сауда —  өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;

• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;

• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, "өндірістік пирамида" типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, эдетте "олигополия" деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорадиялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.

Дуополия — белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұл ардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды. Дуополия — Бұл олигополияның ең жабайы түрі. Билатералдық монополия (екі жақты монополия) — тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұл ар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысынын қалыптасуына елеулі әсер етеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекетгік мекемелерге, немесе, контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.

Монополистік бәсекенің  бірнеше формалары болады, оның негізгілері  мыналар: ғылыми-техникалық тіресу; өнеркәсіптік- өндірістік тіресу, сауда сатық тіресу (сайысу).

Ғылыми-техникалық тіресу.Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;

- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.

Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:

1. Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді:бәсекелес фирмадар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп пайданы барлық бәсекелес фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады. 2. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар еңгізудің арқасында таза монополист тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады.

Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздегі әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ, бәсекелестік кезінде шығьндар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиеленісе түседі.

Бұнда екі жағдай қолданылады — ауқым нәтижесі және "х-тиімсіздік" түсінігі.

Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.

"X — тиімсіздік". Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсалуын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін "X — тиімсіздігі" түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.

Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.

Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанды түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең колданылады — шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:

• сатушының монополист болуын;

• сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттеріне сәйкес топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;

• алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметті қайта сата алмауы керек.

Бағалық алалаушылық мынадай  жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).

Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші - тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші — тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар, немесе, соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден — сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.

Өнімді еткізуді жетілдіру  туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.[1]

Бәсекелестік және монополия

 

Нарықтық экономиканың басты  принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.  
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.  
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.  
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.  
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.  
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату. 
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.  
1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.  
2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.  
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату. 
 
 
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу 
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.  
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.  
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:  
- өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру; 
- тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау; 
- шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау; 
- шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау; 
- монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау; 
- еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту; 
- шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау; 
- экспорт-импорт операцияларына лицензия беру; 
- еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.  
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.  
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: 
- дербестік және тәуелсіздік; 
- экономикалық ынталылық; 
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік; 
- жаңашылдық. 
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.  
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.  
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.  
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді: 
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал; 
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік. 
Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б. 
Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.  
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.  
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.


Информация о работе Монополия