Монополиялық кірісті реттеу ережесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2015 в 10:53, реферат

Описание работы

«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ Тізілімге кіргізілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басымды (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерінің тауарларына (жұмыстары, қызметтеріне) бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу ережесіне сәйкес, монополияға қарсы органды монопольды өндірілетін тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы және өсіру себебін растайтын құжаттарды ұсынумен оларды өсірудің себептері туралы (мысалы, шикізатты жеткізу құнын ұлғайтқан кезде шарт көшірмесін жіберу және т.б.) жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етуге міндетті.

Содержание работы

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Бәсеке
Қызметтер рыногында басымдылық жағдайды анықтау мысалы.
Монополиялық кірісті реттеу ережесі.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Monopoliany_retteu_referat_www_topreferat_com.doc

— 118.00 Кб (Скачать файл)

18. Монополияға қарсы орган  қарау қорытындылары бойынша, бұйрықпен ресімделетін бір жылдан аспайтын мерзімге бағаның белгілі бір шамасы, кірістілік деңгейі және (немесе) тауарларға (жұмыстарға,

қызметтерге) бағаның жоғарғы (төменгі) шегі түрінде тіркелген бағаны енгізу туралы шешім қабылдайды.

 

Эссе   
Бәсекелестік – бұл тапшылықтың туындысы.                        

                                                                                  Жарыс пен қырғын соғыс арасында  нәзік   
шекара болған және болып та келеді...   
Компаниялар арасындағы бәсекелестік 
қаншалықты қатал болғанымен,  жазылмаған 
           ереже бойынша рыноктағы үлесі үшін бір 
                         компания ашқарақтықпен бәрін иеленіп 
                      алуға тиіс емес. 
Акио Марито.

 

 

        Мен  Акио Маритоның сөзінің мағанасын ашатын болсам, бәсекелестік болған жерде неше түрлі қиыншылықтар, түрлі оқиғалар болады. Одан қиналмай өту үшін сенде – шыдамдылық, ізденіс, алға қарай талпыныс, қанағаттылық, тәуекелшілдік секілді қасиеттер болуы керек. Әрбір тұлғада, кәсіпкерде ондай асыл қасиеттерді жоқ деп айта алмаймын ондай қасиеттер бар, алайда сол қасиеттеріңді тиімді және ақылмен пайдалану кез – келген адамның қолынан келе бермейтін іс. «Біреуге ор қазба өзің түсесің»,- демекші көреалмаушылықтан бәсекелесіңе ашқарақтық танытпа. Бәсекелесімді жеңдім деп тасыма, жеңілдім деп жасыма. Бизнес болған жерде жеңіс те, жеңіліс те болады. Бизнес – бұл ойын, әлемге танымал ұлы ойын – егер де сен оны қалай ойнайтынын білсең. Осында менің айтқым келгені, ақша қолдың кірі секілді бірде бар, бірде жоқ. Сен осы дүниеқорлыққа еріп, адамды адам етіп көрсететін асыл қасиеттеріңнен айырылып қалма демекпін. Ал, енді айтып отырған тақырыбымдағы бәсекелестікке тоқталып кетейін. 
Бәсекелестік дегеніміз – (латынның «concurred» деген сөзінен аударғанда – қақтығысу) шаруашылық субъектілері және нарықтың экономикалық қатысушыларының арасындағы тауарларды сату және сатып алу барысында үстеме пайда табу үшін күресі мен ең жақсы жағдайлары үшін бақталастығы болып табылады.  
Егер де мен қандайда бір бизнеспен айналысатын болсам, менің өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтудың жолдарын іздеймін және жаңа техникамен жетілдіруге, жаңа әртүрлі технологияны енгізуге, шығаратын өнімімнің саны мен сапасын және оның тиімділігін жақсартуға ұмтылар едім. Мысал келтірер болсам, қазір бұрынғыдай машинкамен емес, оның орнына компьютерді қолданамыз. Осы мысалды келтіре отырып, бәсекелестіктің үнемі болатынын және оның дамуына себепші болатынын айқын көруге болатынын көрсеткім келді. Қазіргі заман бұрынғыдай романтика мен поэзия ғасыры емес, қазіргі заман экономика мен компьютер ғасыры демекпін. Осыған қоса мен тағыда мына шараларды қолданар едім, олар: 
Ең жаңа технологияны қолданып, соның негізінде жаңа және жоғарғы сапалы тауарлар мен игі қызметтер шығарар едім; 
Ұқсас тауарлар жасау. Мен дәл бәсекелесімдікіндей емес, оған қарағанда кішкене болса да өзгеше, көзге көрінетіндей блуын қалар едім; 
Өнімімді сатып болғаннан кейін, технологияны жақсы жұмыс істеуін қадағалау. Істен шыққан жері болса, оңдату немесе жаңарту; 
Жасаған адамныңда сапалы товар өндіруіне икемді, қолайлы жағдайлар жасалуға көңіл бөлу керек. 
Өз товарларымның жақсы өтуі үшін, мен оған жарнама жасар едім. Мәселен кір жуатын машинаны алсақ, оны ақысыз жеткізу сол сияқты 3 жылға гарантия беру . Бұл жердегі бәсеке – бағадан тыс бәсеке болып табылады.  
Бағадан тыс бәсеке дегеніміз – бұл қосымша табыс табу үшін кәсіпкерлер арасындағы күрес. Ал, баға бәсекесі – бұл мынадай жолдармен таза табыс алу үшін фирмалар арасындағы күрес: Өндіріс   шығынын азайту және, тиісінше, ассортименттер және тауарлар мен игі қызиеттердің сапаларын өзгертпестен бағаны төмендету. Мен бұл жағдайдағы бәсекелестіктен мынаны ұқтым: Ол -  адамды ынталандырады, жаңа идеялар пайда болады, адамның бір орына тұрып қалмай одан арықарай амуына, кім жақсы еңбек етсе, сол істеген ісінің жемісін көреді, ортаңнан лидерді анықтауға көмектеседі. Менің осы жерде айтқым келгені, өндіруші әрқашанда өз клиенті үшін күреседі, сол арқылы өз товарын көрсете алады. Егер де товары жақсы көрініп жатса, оның одан алдағы уақытта көтерілуіне және әлемдік нарыққа шығуына болады. Әлемдік нарыққа шықса, оның өз елін көрсетуіне болатынын мүмкіндігі бар.  
Ал, мен осы жерде тұтынушы болсам,оның : 
Сапасына (зат болған жағдайда – оның сапасының жоғарлығына, төзімділігіне; жеңіл өнеркәсіп болған жағдайда - оның сапасының жоғарлығына, оның матасының сапасына және өз денеңе шағын, ыңғайлы, әр түрлі адамның денсаулығына зиян келтірмейтіндей болуы қажет «аяғыңдағы аяқ киімім тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?»; ал егер азық – түлік өнеркәсібі болса – мерзімінің өтпегендігін, сапасына қарау керекпіз.) 
Оның басқасына қарағанда ұқсамауында. (Мен жеке өз басым киім алғанда қайталанбауын, ұқсамауын қалар едім. «Адамды киіміне қарап қарсал, ақылына қарап шығарып сал» дегендей оның өзгеше болып киінсе және киімі өзіне үйлесіп тұрса , ол тез адам көзіне түседі және сен ол кісінің талғамының жоғары екенін бірден көруге болады.) 
Өнімнің қазіргі заман үлгісіне сай болуы. ( Тағы да мен өзімді мысалға алатын болсам, оның қазіргі заман үлгісіне сай болуын қалар едім. Алайда, көп темір – терсектің, жартылай жалаңаштық  көп болғанын қаламаймын. Соңғы кезде шет елдің үлгісіне көп еліктеп бара жатқан сиятымыз. «Егер мөлшерден асып кетсең, сүйкімдінің өзі сүйкімсіздену болып кетеді» көне грек филосфы Демокрит айтқандай, мен осы пікірге қосыламын.)     
Өз қаражатына қарауы керек. (Қазіргі кезде барлық қалаған нәрсеңді алу мүмкін емес, сол себептен адам таңдау керек болады. Мен осы жерде шама келсе қаражатымды үнемдеуім қажет. Сондықтан басқа да жерлерді қарап, альтернативті қарап, сәл арзандауын аламын. Бірақ, әрқашанда тұтынушының көзі қымбатқа түсетінін ұмытпайық.  ) 
Осы жерде менің бәсекелестіктен алатын нәрселер көп.  
Мен мұның барлығын сараптай келе өз басым осы салада экономикалық түсініктерді қолдаймын. Қорыта келе мен бәсекені мынадай кішкене тақырыптарға бөлемін. Одан бұрын бәсекенің мынадай формаларын көрсетіп кетейін: 1.Функционалды бәсеке – кез –келген қажеттілікті әртүрлі тәсілдермен қанағаттандыруға болады. 2.Түрлік бәсекесі – егер товар бір қажеттілі   қанағаттандырып, ал бірақ көптеген қасиеттер иеленсе. 3.Заттық бәсеке – товардың сапасы тез ажыратымды болса, онда шығынның төмендеу жолымен қосымша пайда алу үшін товар өндірушілер арасындағы күрес және өнім ассорттары мен сапасына өзгеріс енгізбей – ақ оған бағаны төмендету.  
Бәсекелестік жетілген және жетілмеген  болып екіге бөлінеді. Жетілген бәсеке – басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын рынок деп түсіну керек. Егер нарықта сатушылар көп болса олардың товарлары ұқсас болғанымен бірдей болмаса, онда бұл жетілмеген бәсеке болады. Жетілмеген бәсекенің өзі үш түрге бөлінеді: 1.Таза монополия; 2. Монополия; 3. Олегополоия.           
1.  Таза монополия  
Бір сатушы. Таза немесе жетілген монополия – бір фирма, көп сатып алушылар;  
Монополия өнімі таңғажайып оның теңдесі жоқ. Сатып алушы үшін балама жоқ. Жарнамамен шұғылданудың қажеті жоқ (керісінше жағдай – монопсония және шектеулі монопсония, яғни сатып алушының монопсолиясы); 
Таза монополист тауар мен игі қызметтердің бағаларына билік етеді. өнімге сұраным жүрмей тұрған кезде бағаның өзгерісін жасап, ұсынылған өнімнің санымен амалдау, яғни, ол бағаны бақылайды; 
Монополист өз саласына басып кіру қаупін тудырған жаңа фирмаларға стратегиялық инвестицияны жүзеге асыру арқылы қасарыса жауап қата алады.      
2.  Монополия бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. 
Монополияның түрлері: 
1.табиғи монополия; 
2.жасанды монополия. 
«Монополияның үш негізгі көзі бар: «Техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім... қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады».  
Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады. 
Монополиялық бағаның құрылуы, сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. 
Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бәсеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады:

1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақ сатушылар (Немесе сатып алушылар) болып келеді.

2. Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.

3. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктағы баға туралы және сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.

4. Сатушылардың өнімдері әр текті болып келеді. Сатып алушының көзқарасы тұрғысынан әр бір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез-келген басқа сатушының өнімінен аздап болсада өзгешеленеді.

Төртінші белгісі шешуші болып саналады - әрбір өндіруші басқалардан  
гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға     болатын өнімдерді сатады. Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әр қайсысыларының өнімдері бір –бірінен басқалау және осы қызымет саласында  басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерінен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі салу тәсілдерінің арқасында ажыратылады.    
Монопалистік бәсеке моделіне қарағанда антирестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізге постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардан тұратын болса, онда  барлық сатушылар  белгілі дәрежеде  өздерінің өзара тәуекелділіктерін мойындайды. Сол себептен әрбір сатушы шығарылатын өннің көлемнің және бағасын белгілей отырып, бәсекелестің қабағына да қарайды. Бұл дегеніміз, олигополистер рынктағы өз үлесін ұлғайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады.  
Осының нәтижесінде олигополистік сатушылар үйлестіру мен болжалдауға назар тіктейді. Бәсеке бүркемелеу арқылы бағаны төмендетуге  (Сапаны жақсарту, несие шарты, жеткізіп беру қызметтері арқылы, тіпті болмаса жасырын ішнара бағаны азайту арқылы ) және бағалық емес, бәсекеден, мысалы, өнімдерді бөлшектеу, жарнама және өнім таратуды ынталандырудан көрініс табады. Мұндай бәсеке, алайда бәсекелестіктердің  қарсы шаралары алдындағы қорқынышқа немесе орташа жиынтық шығындардың өсуіне орай шектелінеді (ол олигополистік үстеме таза табыстың бөліп шығарудың мүмкін еместігіне жеткізеді) . Монополистік бәсекедегі олигополияның қарама –қайшылығы – бәсекелес сатушылардың көптігінен таза табыс мөлшері деңгейге дейін төмендейді, олардың әр қайсылары бәсекелестерінің есебінен рынокта өз үлестерін ұлғайтуға тырысады. Сол себепте фирамалар арасында үйлесу мүмкін емес.  

 

 

Қорытынды.

 

 

Сонымен «бәсеке, егер оған кедергі келтірмесе, ол өнімнің өндірілуіне жағдай жасайды: Біріншіден ,кімде болса, нені болсада өндіріп және сатып алу үшін таза пайдалы тиімді бағамен алатын болса, екіншіден, соның бәрін жасай алатын адамдар арқылы өндіріп, болмаған жағдайда, тағы біреулер секілді әбден арзандатып (тіпті, сол бір әлдекім, бәлкім сол өнімді шығармайды да), және үшіншіден, барлығы ең төменгі баға мен сатылатын болады (немесе, аз мөлшерде төменгі бағамен), іс жүзінде сол тауарды сатпайтын кісі солай деп баға беруі мүмкін».


Информация о работе Монополиялық кірісті реттеу ережесі