Нарық және оның қызмет көрсету заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 18:19, творческая работа

Описание работы

Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
А)Мемлекеттік нарық-бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады.
Ә)Олигополиялық нарықта аз ғана сатушылар іс-әрекет жасап,олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін.

Файлы: 1 файл

нарық.ppt

— 3.37 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Денсаулық Сақтау Министрлігі 
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті 
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлы пәндер кафедрасы

 

 

 

Орындаған: Жүніспаева А.У.

 

 

 

           СЕМЕЙ 2013 Ж

  Нарық- бұл ұдайы өндірістің барлық буынында:өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық экономикалық қатынастардың жүйесі. 

І

 

ІІ

 

ІІІ

 

 

$

 

KZT

 

                       Нарықтың маңызды қызметтері:  
 
-ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші, 
-ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі, 
-экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын, 
-экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат көзі, 
-тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал. 

4

 

Нарықты реттеу  әдістері

 

Тікелей реттеу

 

Жанама реттеу

 

Мемлекеттік сатып 

алу және тапсырыстар

жасау

 

Салықтық саясат

 

 Лимиттерді бекіту

 

несиелік саясат

 

 Орталықтандырылған

күрделі қаржы

 жұмыстар.

 

Ақша саясаты

 

 

Амортизациялық 

саясат

 

  • Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі  тұрғысынан нарықты жіктейміз: дамыған нарық,   қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары.

 

  • Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
  • А)Мемлекеттік нарық-бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады.
  • Ә)Олигополиялық нарықта аз ғана сатушылар іс-әрекет жасап,олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін.
  • Б)Монополиялық бәсеке нарығы-еркін нарық тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы.

 

  • “Сатушы нарығы” және “сатып алушы нарығы” болып жіктеледі.”
  • Сатушы нарығы деп- сатушы көп билікке ие болып,субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз.
  • Сатып алушылар нарығы деп- сатып алушылар көп билікке ие болып,нарықтың субъекті “белсенділігін” сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.

 

  •    Атқарылып жатқан зандылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктейміз:ресми және ресми емес.
  • Нарықты ірі тауар топтарына қарай- азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар,жекелеген тауарлар нарығы болып жіктеледі.

 

        Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз.Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында,қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап,шығыс пен кірісті айналым жасайды.

         Үй шаруашылығы материалдық және адами ресурстарды өткере отырып,оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып,ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды.

 

 

Рыноктың белгілі бір  құрылымы бар. Рыноктың құрылымы – бұл рыноктың жекелеген элементтерінің ішкі құрылысы. 
Рыноктың инфрақұрылымы – бұл рыноктық қатынастардың қызмет етуін табысты қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы. 
Тауар рыногының инфрақұрылымы тауар биржаларымен, бөлшек және көтерме сауда кәсіпорындармен, жәрмеңкелермен, биржалық емес сипаттағы делдал фирмалармен көрсетілген. 
Қаржы рыногының инфрақұрылымының құрамына қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары жатады. 
Еңбек рыногының инфрақұрылымының құрамына еңбек биржалары, жұмыспен қамтамасыз ету қызметі мен кадрларды қайта дайындау, жұмыс күшінің миграциясының реттеу және т.б. кіреді

Жалпы нарық немесе  қазіргі экономика үш тағанға  сүйенеді.  
Оның бірі – менеджмент, екіншісі – маркетинг (ақпарат жинау, шаруашылықты жүргізуді  жоспарлау, ненің қажет екенін болжау), үшіншісі – қаржы. 
Маркетинг – істелетін іс пайдамен шығу ұшін оны алдын – ала жоспарлайды, сол сала бойынша басқалар не істеп жатқаны жөнінде мәлімет ақпарат жинайды. Бәсекелестік жағдайында ұтып шығудың жолын қарастырады. Ол алдын-ала жиналған ақпараттарды талдау, өндеу барысында зиянга қалатынын немесе пайдаға шығатынын біледі. Соған орай шаруа немесе өндіріс орындарына кеңес береді.  
Дамдыған елдерде маркетинг қызметінсіз бір қадам да жасалмайды. Маркетинг шығарылған өнімді қозғалысқа түсіреді. Яғни маркетингтік ақпарат бағыт – бағдар беретін барометр сияқты. Сонымен, маркетинг дегеніміз – рынокты зерттеу. 
Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. 
Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі»-, деп бекер айтпайды

Өнімнің өндірушіден тұтынушыға  қарай қозғалысымен байланысты  экономикалық қызмет ету аясы  айналыс сферасы деп аталады. Айналыс сферасында өнім сатушыдан  сатып алушыға өтеді, яғни олардың  арасында сауда айналымы жүреді.

   Сауда – бұл тауар айырбасы мен сату және сатып алу актісін іске асыру жөніндегі адамдардың қызметі.Сату-сатып алу операциялары өнімді тудырмайды, олар тек тауарды өткізудегі қоғамның қажеттілігін қанағаттандырады.Негізгі сауда қызметтеріне тауарды өткізуге, жарнамаға, сатушы сұранысын зерттеуге, тауарды жәрмеңкелерде, аукциондарда көрсетуге байланысты қызметтер жатады. 
Сауда капиталы – бұл айналыс сферасында қызмет ететін және өнеркәсіптік капиталдан ерекшеленген капитал. Сауда нені сатумен ғана емес, қалай сатумен де сипатталады. Ұйымдастыру әдістері бойынша былай бөлінеді: 
- қолма-қол ақша сату 
- нақты ақшасыз сату.Бұл жағдайда рыноктың қажетті элементі бола отырып, сатып алушы үшін банк төлейді 
- тауарды несиеге сату 
- сатып алушының мүлкін кепілдікке ала отырып сату 
- тауар айырбастау(бартер) 
Сатушы үшін тауарды пайдалы сату есебімен табыс алуға бағытталған сауда қызметі коммерция деп аталады. 
 

Магазин (фр.magazine – қойма, сақтау орны) тауарды сақтау орны және сату орны. 
Аукцион (лат.auction – жұрт алдындағы сауда) – бұл тауарларды сатып алушылардың арасындағы жарыс жағдайындағы сату. 
Жәрмеңке (нем. Jahmarkt – жыл сайынғы рынок) – бұл белгіленген уақытта белгілі бір орында мезгілімен оқтын-оқтын қызмет ететін ұйымдастырылған рынок.

  БИРЖА (ЛАТ.BURCA - ӘМИЯН, КІШКЕНЕ ҚАЛТА) РЫНОКТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ 16 Ғ БЕЛГІЛІ.ӘЛЕМ БОЙЫНША БІРІНШІ БОЛЫП 1531 Ж АНТВЕРПЕНДЕ ҚҰРЫЛҒАН БИРЖА ТАБЫЛАДЫ, ОНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА “ БАРЛЫҚ ХАЛЫҚ ПЕН ТІЛДЕРДІҢ, САУДАГЕР ЕЛДЕРДІҢ АДАМДАРЫ ҮШІН” ДЕГЕН ЖАЗУ БОЛҒАН. 
БИРЖА – БҰЛ СТАНДАРТТЫ КӨТЕРМЕ САУДА РЫНОГЫ НЕМЕСЕ ВАЛЮТАНЫ, БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС КҮШТЕРІН САТУ-САТЫП АЛУ ОПЕРАЦИЯЛАР РЫНОГЫ. 
ҚОР БИРЖАЛАРЫ – БҰЛ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ РЫНОГЫ, ӘСІРЕСЕ ОБЛИГАЦИЯНЫ БЕЛГІЛЕНГЕН БАҒАМЕН САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫ ЖАСАЛАТЫН РЫНОК. 
ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР – ВАЛЮТАЛАРДЫҢ ІРІ ПАРТИЯЛАР САУДАСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРУІ МҮМКІН. 
ЕҢБЕК БИРЖАСЫ – АРНАЙЫ ТАУАР РЕТІНДЕ ЖҰМЫС КҮШІН САТУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН МАМАНДАНҒАН. ОЛАР ЖАЛДАНУШЫ МЕН ЖАЛДАУШЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ДЕЛДАЛ РЕТІНДЕ СИПАТТАЛАДЫ.

Биржалық тәжірибеде келісім  шарттарды мынадай типтерге бөледі: 
- Форвордтық келісім шарт – бұл нақты тауармен жасалған келісім.Бұл жерде сатушының қолында тауары болуы керек және келісімде көрсетілгендей, мерзімінде ұсынуы керек. 
- Фьючерлік келісім шарт – бұл келісім шарт жасау кезінде қолда болмайтын тауарлармен жасалатын келісім.Бұл жерде тауар емес, тауарға құқық сатып алынады. 
- Опцион – бұл белгіленген баға бойынша тауарлар мен бағалы қағаздарды төлемге алынатын құқыққа ие болу. 
- Хеджирлеу (ағ.hedge-сақтандыру) бағаның бірден ауытқуынан болатын жоғалтулардан сақтандыруды қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Биржада негізгі қызмет  етуші тұлғалар брокер,маклер,дилер  қызмет атқарады. 
- Брокер (ағ. Broker – комиссионер) – клиенттерінің тапсырмасын және мүдделерін олардың атынан ұсынатын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы делдал. 
- Маклер (нем.makler) – бұл биржаның мүшелерінің арасындағы келісімдерді жасауды белгілейтін және сол үшін мадақтар –куртаж алатын биржалық сауданың қатысушысы. 
-Дилер (ағ. Dealer) – тауарлар мен бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сататын жеке және заңды тұлғалар. 
-Өгіз- бұл тауардың бағасының көтерілуімен ойнайтын сауданың қатысушысы: тауарды белгілі бір уақытта кейіннен қымбатқа сату үшін сатып алады. 
-Аю- бұл бағаның түсуімен ойнайтын сауданың қатысушысы.

Қолданылған әдебиеттер: 
 
1.Экономикалық теория Алматы “Қазақ университеті” 1999ж Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова,Т.П.Табеев  
2.Интернет желісі


Информация о работе Нарық және оның қызмет көрсету заңдары