Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 19:00, дипломная работа
Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
- нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
- ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
- бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Кіріспе..................................................................................................2-4 бет
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы......................................................................................................5-18 бет
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері..............................................................................................19-23 бет
2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері..................24-34 бет
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі........................................35-44 бет
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті................................45-56 бет
3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту..................................................................................................57-64 бет
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту.................................................................................................65-77 бет
Қорытынды............................................................................................78-79 бет
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................80 бет
Баланстар мен өтемділік
коэффициенттері құрылымының
Мекеменің қаржылық жағдайының құрылымы мен динамикасын зерттеу үшін бухгалтерлік есеп беру мәліметтерінің негізінде салыстырмалы талдамалық кестелер құрастырылады.
Тәжірибеде балансты талдау екі кезеңде жүзеге асырылады:
Кәсіпорынның өндіріс қажеттіліктері, әсіресе, шикізат бірінші кезекте халықтан малды және сойылған күйдегі етті сатып алу жолымен қамтамасыз етіледі. Статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес Ұржар және Аягөз аудандарында (ет комбинатының қызмет ету аймағы) ірі қара малдың саны 31.12.2004 жылы- 123589 бас болды. Сонымен қоса, егер жалпы облыс бойынша мал басының төмендеуі көрініс алса, бұл аудандарда табындардың тұрақты сақталуы байқалады. Ет комбинатының жылдық өнім өндіру бағдарламасының қажеттілігі 700 тонна жағдайында тауарлық етке есептегенде сиыр етінің запастары тек бұл аудандарда 16577 тоннаны құрап отыр. Етті халықтан кен шаруа қожалықтарынан сатып алу және оны дайындау жөніндегі тәжірибеленген жүйесі сиыр етімен қамтамасыз етуде қиындық тудырмайды. Ет коминатының шошқа етіне деген жылдық қажеттілігі 500 тонна. Ол да облыс аумағындағы аудандардан, әсіресе Бородулиха және Новошульбинск аудандарынан сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Шошқа санының өткен жылғы өсімі – 122,8%-ды құрады.
Бір мерзімдік келісім-шарттар бойынша шошқа етін шошқа санының артықшылығына ие болып отырған Павлодар облысынан (Алтын-Дән ЖШС; Прилинг ЖШС; Ертіс АҚ ) сатып алынды.
1998 жылдан бастап қазіргі
күнге дейінгі шұжық
Шұжық өнімдері – тұрғындардың тұрақты сұранысына ие болатын еттен жасалған тағамдық өнім. Сұраныс көлемі басқа бірдей жағдайлар кезінде тікелей өнімнің сапасы мен бағасына байланысты болады. Семей шұжықтары өзінің сапасына байланысты тек қала, облыс, республика тұтынушыларына ғана емес, бұрынғы КСРО-ның басқа аймақтарына да белгілі болған.
Ет комбинаты сатып алуға дайындалып жүрген құрылғылар жоғары сапалы өнім өндіруге және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі түрдегі өнімдерді шығарады:
Кейінгі өнеркәсіптік қайта өндеуден өткізу үшін ішек шикізаты мен теріні, ал иттердің тағамын өндіруге ет сіңірлері мен шаңдырларды өткізеді.
"Швав шұжықтары" ЖШС-нің басшылығы өнім өткізу нарығын маркетингтік зерттеуге үлкен назар аударады. Өнімді өткізу және маркетинг бөлімшелерінің мамандары нарықтардың сұранысы мен ұсынысын зертеп, танысады, бәсекелестер тауарларының сапасы мен бағасын талдайды. Техникалық бөлім мен ет комбинатының технолог-мамандарымен бірлесе отырып үнемі үлгілердің салыстырмалы тексерулері, дәмдік дегустациялары жүргізіледі.
"Шваб шұжықтары"
ЖШС-нің 2006 жылға дейінгі стратегиясын
құру кезіндегі маркетингтік
зерттеулердің негізгі
Шығыс Қазақстан және
Павлодар облыстары аймақтарындағы
өнім нарығын кең ауқымды зерттеу
фирма тапсырысы бойынша
"Шваб шұжықтары"
ЖШС құрастырған даму
Жоспарға негізделген экономика тұсында барлық өндірілген өнім мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ұқсату мекемелері – ет, сүт зауаттарына, астық қабылдау пункттері мен іріленген қоймаларға тікелей жөнетілетін. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімді ұқсату, сауда жұмыстарымен айналысу, өзіндік сауда тораптарын құру т.б. үшін қолайлы ұйымдастыру-экономикалық шаралар көзделмейтін. Мұндай көрініс тіпті аграрлық реформаны жүргізудің алғашқы кезеңінде де орын алды. Мәселен, өнімдерді белгілі өңдеуден өткізбей жатып тек сол күйінде айырбастап (бартер) жіберу, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шарттыққатынастардың маңызымен, тауарға деген сұраным мен ұсынымның алшақтауымен санаспау, т.б.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дер кезінде сату (мәселен, егін шаруашылығы өнімдерінің көпшілігін жаңа піскен, балауса кезінде), сөйтіп оарды тұтынушыларға сапалы, экологиялық жағынан таза күйінде жеткізу күні бүгінге дейін шешімін таппай отырған мәселе. Сондықтан халыққа отандық өндірісіміздің есебінен сатылған тауарлардың көлемі жағынан өсуі тым мардымсыз. Әсіресе, мал мен құс шаруашылығы өнімдерін өткізудің жәйі қанағаттанарлық емес. Мәселен, 2003ж. барлық сатылған ет, малдың тірілей салмағымен есептегенде бүкіл еліміз бойынша 1140 мың теңгені құрады, бұл 2002ж. қарағанда 15,3%, ал 1996ж. салыстырғанда екі еседен аса кем. Мұның бірінші себебі етке сатылған мал санының күрт азаюы. Мәселен, 2003ж. тек 4,9 млн қой сатылды, яғни 2002 ж. салыстырғанда 3,6 есе аз. Екінші себебі етке өткізілген малдың қондылығы мен орташа салмағының төмендігі, атап айтқанда, өткізілген ірі қараның әрқайсысының орташа салмағы 280-300кг, қой 35-39кг, жылқы 275-315кг аралығынан аспады.
Қазіргі кезде ауыл азаматтарының бүкіл табысының 17-19 пайызы (ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша) олардың меншігіндегі өнімді (тірілей малды, сүтті, көкеністі, картопты, мүлікті, жемшөпті, т.б.) сатудан түскен. Алайда аграрлық кәсіпте мұндай мөлшерде өндірілген тамақ өнімдері мен шикізатты өткізуде, әсіресе, жеке қосалқы шаруашылық иелері көптеген қиындықтарға кездеседі. Оның ең басты себептері: өндірілген өнімнің көлемінің кішігірімділігі, яғни көтерме саудаға жарамсыздығы, сауда орындарының қашықтығы, көпшілік өнімнің (сүттің, көкеністің, еттің, т.б.) тез бұзылатындығы, жабдықталған мұздатқыштар, тасу, тұтыну құрал-саймандары бар қоймалардың жеткіліксіздігі, көлік қатынастарының нашарлығы, жол ақысының қымбаттығы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуде еркін сауда жүйесі өз өміршеңдігін көрсетуде. Оның негізгі арналарын: елді қоныстарда орналасқан кәсіпкерлік орталықтарына,қоғамдық тамақ өнеркәсібі субъектілеріне келісім-шарттар бойынша тапсырыстау, базарларға шығарып сату, айырбастау, т.б. барынша толық пайдалану ауыл тауарлары өтімділігіне пайдалы әсерін тигізеді. Еркін сауда жүйесі тек ауылдық тауар өндірушілер үшін ғана емес, сонымен қатар, ауылдық жерлерде шағын бизнестің түр-түрімен айналысатын кәсіпкерлер үшін де тиімді. Олар мұнда тұтынушыларға тек өздері өндірген тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынып қана қоймай, қажетті шикізаттарды арзан қақпен, сапасына қарай іріктеп таңдап ала алады.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында, облыс, аудан орталықтарында, ірі-ірі поселкелер мен темір жол станцияларында базарлар ұйымдастырылған. Бұлардың негізгі мақсаты ел тұрғындарына сауда-саттық бағытында қажетті қызмет көрсету, халықтың азық-түліктің сапалы да арзан түрлері жөніндегі талғамын қанағаттандыру, бәсекелесті дамыту, жергілікті бюджетті толықтыру.
Соңғы 2-3 жыл аясында республика ішкі нарығында отандық тауар өндірушілердің үлес салмағы біртіндеп артып келеді. Бірақ қазіргі мәселе өндірілетін өнім мөлшерін өсірумен қатар оның өтімділігін неғұрлым жоғарыдеңгейге көтеру болып табылады. Бұл үшін:
– өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жақсарту, оларды айналым қаржысымен, бәсекеге қабілетті құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз ету керек;
– ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылық көрсеткіштерін жақсарту, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіріп, өнімнің түрлері бойынша нарық арналарын талапқа сай дамыту, ауылдық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке жағдайынан үнемі хабардар болып отыру қажет.
5 кесте. "Шваб шұжық" ЖШС бойынша 2004-2005ж.ж. негізгі экономикалық көрсеткіштері.
№ |
Негізгі көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2004ж |
2005ж |
Ауытқу |
% |
1 |
Өнімді өткізуден түскен табыс |
мың, тг |
35640 |
47240 |
11600 |
|
2 |
Өнімнің өзіндік құны |
мың, тг |
23405 |
28300 |
4895 |
|
3 |
Жалпы табыс |
мың, тг |
12235 |
18940 |
6705 |
|
4 |
Кезең шығындары |
мың, тг |
7560 |
8323 |
763 |
|
5 |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың, тг |
4675 |
10617 |
5942 |
|
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
мың, тг |
11590 |
12448 |
858 |
|
7 |
Салық төлегенге дейінгі табыс |
мың, тг |
16265 |
23065 |
6800 |
|
8 |
Таза табыс |
мың, тг |
11385 |
16145 |
4760 |
|
9 |
Өткізілген өнімнің 1тг кеткен шығын |
тг |
0,87 |
0,78 |
-0,9 |
|
10 |
Өнім рентабельдігі |
% |
||||
11 |
Сату рентабельдігі |
% |
0,32 |
0,34 |
0,02 |
|
12 |
Өндіріс рентабельдігі |
% |
13 |
19 |
6 |
|
13 |
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі |
адам |
584 |
705 |
121 |
|
14 |
Жұмысшылар саны |
мың, тг |
61 |
67 |
6 |
|
15 |
Еңбек ақы қоры |
мың, тг |
14640 |
16080 |
1440 |
|
16 |
Өндірістік негізгі |
мың, тг |
33340 |
28506 |
-4834 |
|
17 |
Айналым құралдарының орташа жылдық құны |
тг |
51842 |
41126 |
-10719 |
|
18 |
Амортизация |
тг |
||||
19 |
Қор сиымдылығы |
0,9 |
0,6 |
-0,3 |
||
20 |
Қор қайтарымдылығы |
1,06 |
1,6 |
0,54 |
||
21 |
Қормен қарулану |
546,5 |
425,5 |
-121 |
Кестеде берілген көрсеткіштерді факторлық талдау барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Өнімді өткізуден түскен
табыс. Әрине, өнімді өткізу
ол кәсіпорынның шығарылған
Өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық деңгейін көруге болады. Жалпы алғанда, өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 23405 мың тг құраса, 2005 жылы 28300 мың тг болып, 4895 мың тг-ге немесе 121% өсті.
Жалпы табыс. Жалпы табыстың соммасы 2004 жылы 12235 мың тг құраса, 2005 жылы 18940 мың тг болып, 6705 мың тг немесе 155% өсті.
Кезең шығындары.
Бұл көрсеткіш жалпы шығындар,
өнімді өткізуге кеткен
Негізгі қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 4675 мың тг құраса, 2005 жылы 10617 мың тг болып, 5942 немесе 227% өсті.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 11590 мың тг құраса, 2005 жылы 12448 мың тг болып, 858 мың тг-ге артты.
Салық салғанға дейінгі табыс, 2004 жылы 16265 мың тг болса, 2005 жылы 23065 мың тг-ге өсіп 6800 мың тг құрады. Бұл көрсеткіштің осылайша өсуі әртүрлі факторларға байланысты.
Таза табыс. Бұл
көрсеткішті есептеу үшін таза
табыс соммасына, жиынтық
Өткізілген өнімнің
1 тг шаққандағы өнімі. Бұл
Өнім рентабельдігі 2004 жылы бұл көрсеткіш 0,52% болса, 2005 жылы 0,72% көтерілді.
Сату рентабельдігі 2005 жылы 0,2 теңгеге дейін кеміген, себебі өнімнің өзіндік құны 1,5 есе өскен.
Өндіріс рентабельдігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельдігі 146% өскен.
Информация о работе Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру