Нарықтық экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 15:06, реферат

Описание работы

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Файлы: 1 файл

нарықтық экономика.docx

— 35.97 Кб (Скачать файл)

Оңтүстік Кореялық үлгі

Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы — экономикалық дамуды жоспарлау. ХХ ғасыр 70-ші жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары ХХ ғасыр 80-жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді. Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған. Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жылдары) экономикаға реанимация жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.

Қытайлық үлгі

Қытайлық үлгі. Қытайда  экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984 жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.

 

Қазіргі жағдайда ауылдың  ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.

 

Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады — мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде «орталықтанған жоспарлы экономика» үлгісінен «социалистік жоспарлы нарық экономикасының» үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс — тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.

 

Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП ХВЫЫ съезі экономикалық реформа жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару — пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.

 

Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.

 

Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің  әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% — үжымдық кәсіпорындарда және 5% — жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.


Информация о работе Нарықтық экономика