Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:50, лекция
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа экономиканы басқару құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметі мен рөлін түбірлі өзгертуді қарастырды. Жаңа нарықтық қатынас жағдайында министрліктер қызметі түбірімен өзгерді. Ендігі олардың міндеті кәсіпорындарды басқару емес, саланың дамуын үйлестіру, техникалық прогрестің маңызды бағытын таңдауды және өндірісті дамытуды негіздеу болды. Өзара пайдалы ынтымақтастық, икемді өндірістік құрылым жасау мақсатымен терең экономикалық реформа жағдайында 1992 жылға қарай 35 тұрақты қоғам, 75 салааралық және сыртқы экономикалық қауымдастықтар, 30 концерн мен консорциум, 30-дан аса коммерциялық банк құрылды.
Нарықтық экономиканы қалыптастыру[өңдеу]
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа экономиканы басқару құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметі мен рөлін түбірлі өзгертуді қарастырды. Жаңа нарықтық қатынас жағдайында министрліктер қызметі түбірімен өзгерді. Ендігі олардың міндеті кәсіпорындарды басқару емес, саланың дамуын үйлестіру, техникалық прогрестің маңызды бағытын таңдауды және өндірісті дамытуды негіздеу болды. Өзара пайдалы ынтымақтастық, икемді өндірістік құрылым жасау мақсатымен терең экономикалық реформа жағдайында 1992 жылға қарай 35 тұрақты қоғам, 75 салааралық және сыртқы экономикалық қауымдастықтар, 30 концерн мен консорциум, 30-дан аса коммерциялық банк құрылды.
Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды.
Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды мәселе - меншік түрлеріне қатысты мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Жекешелендіру экономикалық дағдарыстың тереңдеуімен қатар келді. Республикада ірі кәсіпорындардың үлестік салмағы жоғары болатын. Шикізат шығаратын және өңдеуші өнеркәсіп саласы басым еді. Сондықтан жекешелендіруге өтуде республиканың экономикалық даму ерекшелігін ескеру қажет болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі ақтамаған мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті қойылды.
«Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» Заң мемлекеттік меншік түрлерін төмендегідей өзгертуді қарастырды: мүлікті жалға беру; жалға берілген мүлікті сатып алу; мүлікті еңбек ұжымдары мүшелерінің сатып алуы; мүлікті конкурс немесе аукцион арқылы сатып алу; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдырып қайта құру.
Меншік құрылымдары түрлерінің артықшылығымен қатар кемшіліктері де болғанын айтып өту керек. Орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруде акционерлік қоғам құру (АҚ) басым болды. Ұсақ және орта кәсіпорындарды жекешелендіруде сауда, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері тікелей сатуға шығарылды.
Қазақстандағы жекешелендіру төрт кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде (1991-1992 жылдар) жекешелендіру белсенділік байқату сипатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Онан соң аукцион, конкурс өткізу арқылы сатылды немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ұжымына ақысыз берілді. Осы тәртіппен 4,5 мыңнан астам мекеме жекешелендірілді, оның ішінде 0,5 мың совхоз ұжымдық меншікке берілді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995 жылдар) «Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің; ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алады. Бұл бағдарлама - бәсекеге қабілетті тұтынушы нарығын құру, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс тиімділігін арттыруды мақсат етіп қойды. Қазақстан экономикасының базалық саласын қамтитын: өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, құрылыс мекемелерін, банк ісін, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар шығарушы салаларды, ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды кең көлемді жекешелендіру қарастырылды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі - мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді.
Кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру жұмысы қатар жүргізілді. Алғаш рет жеке жоба бойынша Алматы темекі комбинаты мен Шымкент кондитер фабрикасы сатылды. Осы кезеңде айтарлықтай қиын жағдайда тұрған «Қарметкомбинатты» тек ірі көлемді инвестиция құтқара алатын еді. Комбинат сатылып, оның жаңа меншік иелері еңбекақы бойынша қарыздарды бірден жапты. Домна пештеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді, маңызды технологиялық жобаларды қайта жаңғыртып, цех құрылысына ыстық мырыштау мен алюминдеу процесін енгізді.
1995 жылы «Жезқазғантүстіметалл» комбинаты банкротқа ұшыраудың алдында тұрды. Кәсіпорынның 170 миллион доллар қарызы болды, оның 10 миллионы еңбекақы үшін қарыз еді. 1996 жылы «Жезқазғантүстіметалл» комбинаты акциясын сатып алу бойынша өткен тендерде «Самсунг» компаниясы жеңіске жетті, комбинатқа жүздеген миллион доллар инвестиция салды.
Жекешелендірудің үшінші
кезеңі (1996-1998 жылдар) - электр қуаты
мен мұнай-газ саласын
1999 жылдан басталып, бүгінгі
күнге дейін жалғасып отырған
төртінші кезең мемлекеттік
Нарықтық экономикаға көшудің құқықтық, негізін құру мақсатында Республика Парламенті көптеген заңдар мен нормативтік актілерді қабылдады, олардың ішінде мынадай: «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы», «Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлары», «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкершілікті дамыту және шаруашылықтағы қызмет бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» т. б. маңызды заңдар болды.
Меншік туралы заңға сәйкес меншік нысандары мен түрлері белгіленді. «Кемелденген социализм» дәуірінен ерекшелігі - Қазақстандағы меншік азаматтар меншігі, ұжымдық және мемлекеттік меншік түрінде болды. Республикадағы шаруашылық қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заң негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді анықтады.
Реформа үшін монополия қызметін шектеу туралы Заңды іс жүзіне асырудың маңызы зор болды. Онда нарықты басқару тетіктерін іске қосу, ерікті бәсеке кәсіпкерлікті, республикадағы сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету карастырылды. Басқарудың монополиялық құрылымдарын тарату, олардың пайда болуына жол бермеу, тауар нарқында сапасыз бәсекені жою шаралары белгіленген.
Дегенмен, мемлекеттік монополия электр энергиясы, темір жол салу мен пайдалану, қорғаныс қажетін қамтамасыз ететін салаларда, ғарыштық жұмыс пен зерттеуде, сонымен бірге магистральдің құбыр жүйелерінде, коммуникациялар мен байланыс желілерінде уақытша сақталды. Әр түрлі банктерді біріктіретін банктік құрылым жүйесі жасалды. Бірақ жасалған құрылымдық өзгерістер республиканың материалдық қиын жағдайын тез арада жақсарта алмады. 1993 жылдың өн бойында Н. Ә. Назарбаев Парламент пен үкіметтің бар күшін ТМД елдері экономикасын интеграциялауға бағыттады, ол өзара пайдалы ынтымактастықтың артықшылығын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін еді. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Қазақстан жаңа типтегі сом аймағын құруды ұсынды. Қазақстан Ресей басшылығының тең құқықты негіздегі жаңа сом аймағы құрылатыны туралы мәлімдемесін бірнеше рет алды.
Қарашаның басында республика
Премьер-Министрі С. Терещенко бастаған
Қазақстан делегациясы
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.[1]