Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2015 в 17:51, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі өткірлене түсті. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қаматамасыз етеді.
Соңғы жылдары бұл мәселе өткірлігі өсе түсті және кәсіпорындар өздерінің өнімдерін нарыққа өткізуде, жылжытуда сапаға деген қатаң талаптарға тап болды.

Файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 25.98 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай,2015

 

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі өткірлене түсті. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қаматамасыз етеді.

Соңғы жылдары бұл мәселе өткірлігі өсе түсті және кәсіпорындар өздерінің өнімдерін нарыққа өткізуде, жылжытуда сапаға деген қатаң талаптарға тап болды. Сапасыз шығарылатын өнім сапасы мен фирма тұрақтылығына жетуге болмайды. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы озат фирмалардың мақсаты болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының артықшылығы мен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді қамтамасыз етеді.

Сапаны басқаруды алдыңғы қатарға қою тек шетелдік компанияларға тән, өкінішке орай бұған Қазақстанның нарықтық экономикасы әлі өсу керек. Әрбір кәсіпорынның сәтті және тұрақты жұмыс істеуі үшін өнімді шығару көлемін сақтау, белгіленген мерзімде қабылдау, өнімнің өзіндік құны және сапаны қажетті деңгейде қамтамасыз ету керек. Сапаға тұрақты талаптың өсуі сапаны басқарудың одан ары дамуын аңықтайды. Сапа саласындағы отандық және шетелдік компаниялардың қазіргі заман саясаты кәсіпорынның жалпы саясатына негізделеді. Жалпы тәжірибеде қажет материалдық база мен персоналды ынталандыруда сапаны қамтамасыз етудің қажетті факторының бірі – сапа жүйесін енгізу мен оның ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне бейімделуі. Сондықтан, сатып алушылар талабын қанағаттандыратын түрлі жаңа да, сапалы тауарларды ұсыну қажеттілігі нарықтық ортаны реттеудің басты жағдайы болып табылады. Сапа саласындағы саясаттың жүзеге асуы жүйелі сапа арқылы жүзеге асады, оның басты қызметі сапа басқару болып табылады. Өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен мақсатты бағытта ықпал ету және жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдану өнім сапасын басқаруды білдіреді. Сонымен қоса, өнім сапасын басқару бұл өнімді тұтыну кезінде жүргізілетін іс-әрекет. Сапаны басқару – сапа жағынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін күнделікті іс-әрекет пен оның әдістері.

Соңғы кездері кәсіпорындарда сапа мәселесін шешуде кезінде нарықтық қажеттілік есепке алынбай, өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталады. Қазіргі уақытта сапаны басқару кәсіпорынды басқарудың маңызды аспектісі болып табылады. Мәселе мынада, сапаны басқаруды бірінші орынға қою шетелдік компанияларға тән, өкінішке орай Қазақстанның нарықтық экономикасы үшін ол үшін әлі өсу керек. Өнім сапасын көтеру өнімнің ғылыми сйымдылығын арттыру алдыңғы қатарлы озық фирмалардың басты мақсаты. Өнім сапасы бағалы емес бәсекеде, өнім сапасының артықшылығы мен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес фирмалар арасында жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік кәсіпорындардың сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның жалпы саясатымен байланысты. Техникалық, экономикалық, әлеуметтік саясат сапа мәселесін сәтті шешудің нақты нәтижесі болып табылады. Бұндай мақсаттарға жататындар:  жаңа нарықтарды жаулап алу;·  өнімнің техникалық деңгейіне жету;·  өнім сапасының маңызды көрсеткіштеріне жету,·  шығарылатын өнімнің бұзылуын төмендету;·  сервистік қызметтер жүйесін дамыту;·  шығарылатын өнімге кепілдік мерзімін ұзарту.· Бұл мақсаттардың жүзеге асуы үшін басты бағыттарды ерекшелеу керек. Сапа саласындағы бағыт даму стратегиясы болып табылады, оны әзірлеу жоспарлардың жүзеге асу мүмкіндігін береді. Сапа саласындағы саясат құжаттық түрде бекітіледі. Сапа саясаты: 1. тұтынушыларда сенімділік шараларын құру; 2. сапаны жоғарлатуда басшылар сенімінің дәлелдігі; 3. технологиялық процестер, шикізат пен жұмыстардың барлық қатысушыларының міндетті түрде барлық МСТ-қа сәйкес келуі.

Сапа саясаты сапаға деген қызығушылық пен талаптарды бес топқа бөледі: сатып алушылар, штат, акционеры, жеткізушілер мен жалпы қоғам оларды барлық топтар бойынша бейнелейді. Кәсіпорын тарапынан нақты сапа деңгейіне жетуде екі бағыт бар. Біріншісі, берілген сапа деңгейінде цикл, периодқа жету мүмкіндігі. Екіншісі, бұл мақсаттарға қаржыларды жинақтау есебінен сапа деңгейін жоғарлатуды қаржыландыру. Бірінші бағыттың жүзеге асуы болжау мен көп уақыттың керектігін анықтайды. Соңғы жылдары бірінші бағыт басым артықшылықтарға ие болғандықтан, актуалды болып табылады. Біріншіден, өнім өңдеу мен жобалаудың барлық сатыларында үлкен орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұл бағыт әлемдік сапа деңгейіне кәсіпорынды жылжытады. Осыған байланысты, кәсіпорын глобальді интеграцияның барлық артықшылықтарымен қолданылуы мүмкін:  халықаралық еңбек бөлінісі қолданумен байланысты шығындарды төмендету;·  нарыққа ену мерзімдерін жылдамдату;·  ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі;·  шикізатқа қол жеткізу;·  алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану.· Үшіншіден, сапа деңгейіне жетеді, ол кәсіпорынды жоғары артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Ірі фирмалар глобальді қызмет ете отырып, аралас стратегияны қолдануы мүмкін. Мемлекеттік деңгейде несиелеу мен қаржыландыру жоғары тиімді жобаларды таңдауға, прогрессивті өнімдерді игеруге, оларды игеру кезінде кәсіпорындарға жеңілдіктер ұсынуға бағытталады. Сапаны басқару өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Сапаға тұрақты талаптың өсуі сапаны басқарудың одан ары дамуын анықтады. Сапа саласында отандық және шетелдік компаниялардың қазіргі заман саясаты кәсіпорынның жалпы саясатына негізделеді. Сапа саласында саясаттың жүзеге асуы жүйелі сапа арқылы жүзеге асады, оның басты қызметі – сапа басқару болып табылады. Өнім көлемін жоғарлату мен оны шығару мерзімдерін қысқарту көбіне сапаның төмендеуіне, ал сапаны жоғарлату қосымша шығындарды және өндіріс жұмысының төмендеуне әкеледі. Өнім сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:  өнім сапасын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;·  тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;·  өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм· әсерлерін күшейту. Сапаны басқару жүйесін енгізу «Қайнар-АКБ» ЖШС-де мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:  жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;·  өнім көлемін және оны сататын нарықты табу;·  жоғары бағамен сататын өнімді көбейту мүмкіндігін қарастыру;·  өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржылық жағдайының тұрақтылығы жөніндегі· мәселелерді шешу. Сапаны басқару жүйесінің ұйымдық қаматамасыз етілуі сапаны басқару жүйесін басқарудың ұйымдық құрылымы арқылы жүзеге асады. Ол кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымы шегінде белгіленеді және басқару қызметтері сияқты сапаны жалпы басқару, қамтамасыз ету және сапаны жоғарлату қызметтерін тікелей орындаушылардың да құқығы мен міндеттемелерін бөлу болып табылады. Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорын сәтті дами түседі, егер де өнім сапасын жүйелі басқаруды енгізсе.

Өнім сапасын басқару мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталады:  ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде арттыру;·  заттық сапасы ескірген өнімді уақытылы алып тастау;·  шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны бәсекеге қабілетті топқа· көтеру;  өндірістің жалпы көлемінде категориялы сапалы өнімнің, яғни бәсекеге қабілетті өнімнің· үлестік салмағын арттыру;  ең жақсы әлемдік жетістіктерге сай өнімнің жаңа, жоғары сапалы түрлерін жасау мен· игеру. Сапа мәселесін шешуде өнім сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін тәжірибеде қолдануға жоғары білікті кадрлардың бар болуы міндетті шарт болып табылады. Сапаны басқару бүгінгі күні бәсекеге қабілетті өнімді құрудың негізгі әдісі. Оны басқарудың шетелдік тәжірибесі көрсеткендей, өнімнің тұрақты сапасын шығарылатын материалдар сапасынсыз мүмкін емес. «Жақсы сапа» түсінігі өнімді өткізу сатысында және сатылуадан кейін сервисті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық бағаны ұстаудан құрылады. Өнім сапасының деңгейі сапаның нарықтық факторларының есебімен құрылуын ескеру қажет: сатушы талабы, нарықтағы үлестің өзгеруі, бәсекелестер стратегиясы мен тактикасы.

Қазақстан кәсіпорындарында өнім сапасын басқарудың жетілуі жеткіліксіз. Кәсіпорындарда өнім сапасын басқару қазіргі таңда бәсекеге қабілетті өнімді құрудың негізгі әдісі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатымен, тұтынушының талаптарының өсу есебімен өнімнің сапасын жоғарлату мен өзіндік құның төмендету керек. Қазіргі таңда еліміздің кәсіпорындарында сапаны жоғарлатудың басты мақсаты, өнім сапасы көрсеткіштері мен тұтынушы талабы арасындағы теңдікті сақтау болып табылады. Сонымен қоса, өнімнің сапа деңгейі сапаның нарықтық факторлары есебімен құрылады: стаушы талабы, нарық үлесінің өзгеруі, бәсекелестер тактикасы мен стратегиясы. Еліміздің кәсіпорындарында тауарды тұтыну сатысында сапаға кететін шығынның арнайы бағдарламалары жасалуда. Бұл шығындардың есептеу әдісі нақты жағдайларға және өнімді тұтыну әдістеріне тәуелді. Тауарлар сапасын басқару жүйесінің құру мен жетілдіру мемлекет саясатына тәуелді. Бұл шаралардың жүйелігі сапаны басқару жүйесінің әлемдік қоғамда үш негізгі жүйесі құрылған: «итеруші» (АҚШ және басқа фирмалар), «созылмалы» (Жапония) және европалық, ол өзіне бірінші екі жүйесінің элементтерін жинаған. Европалық елдерде көп жылдар аралығында жоғары сапаға қол білікті жұмысшылар есебінен жеткізілген болатын. Мысал ретінде, Германиядағы «Майстер» жүйесін келтіруге болады. Сапаны мемлекеттік реттеу жүйесі өмірлік қажеттілік ретінде есептелген болатын. Бұл жүйе сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ең тиімдісі және ол дүниежүзі бойынша кең тараған болатын. Сапа мәселесінің барлық маңызын ең алдымен Жапония экономистері түсінді. Сапаны басқарудың жапондық бағдарламасының ерекшелігі, ақаулықтарды алдын алуға бағытталуында. Оның нәтижесі Америкамен салыстырғанда жапондық автомобильдерден бас тарту 10 есе сирек. Жапондық автомобильдер америкалық нарықтың 70 % жаулап алған. Жапондықтар үшін технологиялық процестер сапасын бақылау тән.

Сапа үшін жауапкершіліктің рөлі – оны орындаушыға жүктеледі. Әрқайсысы өз жұмыс орнында: келесі үрдісті орындаушы – сенің тұтынушың деген ұстаныммен еңбек етеді. Тауарлар сапасын бақылаудағы жапондық тәжірибе сыртқы саудада басқа елдерде кең қолданыста, әсіресе дамушы елдерде Азия, Африка, Латын Америка. Қазіргі экономикалық жағдайда сапаны қамтамасыз етудегі басты моменттер тауардың тұтынушы талабына сай келуі мен жүйеінің үнемді болып саналуы. Ал, сапаны қамтамасыз ету жүйесі жапондық стандарт бойынша сатып алушы қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтерді ұсыну мен жаңа тауарларды үнемді құруды қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы. Жапондық фирмаларда сапаны стратегиялық жоспарлау үшін өнім сапасын басқарудың ұзақ мерзімді жоспарын жасау жауапкершілігін жоғарғы звено басшылығы атқарады. Бұл жұмыс Деминг циклы бойынша жүзеге асады («жоспарлау – орындау – бақылау және түзету әдістері») және «хосин канри» деп аталады. Әрбір қаржылық жыл басында фирманың талдауын жүргізеді және 3-5 жылға жоспарлар мен мақсаттар жасайды. Жоспардың жобасын жоғары звено басшылығы жасайды, содан кейін фирма бөлімшелерінің басшылармен талқылайды. Бұл үрдіс жоспарлар жобасын реттеуге, фирма жоспарының қорытынды көрсеткішін дайындауға мүмкіндік береді. Осындай жолмен сапаны жоспарлау фирманың барлық бөлімдеріне таралады. Сапаны басқарудың жапондық тәжірибесі электро-тұрмыстық техника түрлерін сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру мысалында көрінеді. Жапондық мамандар ойынша сапа негізінде технологиялық үрдіс құрылса, сапаны бақылау жүйесі сынау орталығы жасырын көмекші болып табылады, ол технологиялық үрдісте сапаны қамтамасыз ету әдістерін талдайды. Жапондық өнімнің жоғары сапасына жету жолындағы қозғалыстың негізін салушылардың бірі Каору Исикава «сападан үнемдеуге болмайтынын, өйткені сапаның өзі үнем екендігін» атап көрсетті. Доктор Исикава басқару әдістері негізінде барлық жерде бірдей және бір принциптер әр түрлі салаларда және әр түрлі елдерде қолданылуы мүмкін деп есептейді. Басқарудың жапондың жүйесін әдістері екі негізгі топқа бөліп қарастыруға болады: біріншісі – іс жүргізудегі мәселелерге қатысты, екіншісі - өнім сапасы мәселелерге қатысты. Жапонияда сапаны басқару мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде көтерілген. Негізгі акцент жұмыс орнында сапаны бақылайтын адамдармен бірлесе жұмыс жасайтын атқарушыларды сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту үшін жасалды. Жапонияда жұмысшылар күрделі статистикалық әдістерді қолдануға қолы жетіп қоймай, оларды сапа мәселесі «әрбір жапондықтың мәселесі» деп нандырып, көздерін жеткізе алды. Сапаны басқарудың жапондық үлгісі – барлық фирмаларда президенттен бастап бірінші қызметкерлерге дейін орындайтын сапаны қамтамасыз ететін біртұтас процесс болып табылады [3,47б.]. 1967 ж. тұжырымдалған сапаны басқарудың жапондық жүйелерінің ерекшеліктері әлі күнге дейін базалық болып табылады. 1. сапаны фирма деңгейінде баршаны қамтып басқару, бұған барлық қызметкерлердің түгел қатысуы; 2. сапаны басқару ауқымында кадрлардың біліктілігін арттыру мен дайындық; 3. сапа төңірегіндегі қызмет; 4. сапаны басқару жөніндегі іс-әрекетті бағалау мен тексеру; 5. статистикалық әдістерді қолдану; 6. сапаны бақылау жөніндегі жалпыұлттық бағдарлама. Бұл ерекшеліктер барлық әлемде кеңінен зерделенуде. Сапаны басқаруды қалайша жүзеге асыруға болады? «Жоспарла - жаса - тексер - әсер ет» формуласына жүгіну керек. Бұл басқару аясы деп аталады. Ол дұрыс бағыт – бағдармен жүруге жәрдемдеседі. Сапаны қамтамасыз ету ұстанымдары мынадай: 1. бақылауға негізделген сапаны қамтамасыз ету; 2. өндірістік үрдістері басқаруға негізделген сапаны қамтамасыз ету; 3. өнімнің жаңа түрлерін жасау саласындағы сапаны қамтамасыз ету. Ғылым мен техниканың алғы шебінде тұрған Жапония фирмалары мынадай міндеттер қояды:  фирманың өркендеуі мен беделінің көтерілуі;·  барлық қызметкерлердің күш-жігерін біріктіру;·  тапсырыс беруші мен тұтынушылардың сеніміне ие болу;·  жаңа өнімді жасауға деген шығармашылық тәсіл;·  сапаны тиімді әкімшілік басқару;·  жеке тұлға, өндіріс мәдениеті, келесі ұрпаққа берілетін дәстүр сабақтастығы;·  сапаны басқарудың статистикалық тәсілдерін қолдану.· Өнеркәсіптік жүйеснің айрықша белгілерінің бірі – басқа елдердің тәжірибесін ескеру ғана емес, бәрінен бұрын өзінің күшті жақтарын қолдану болып табылады. Жапондық тәжірибе 60-жылдардың басында пайда болған сапа үйірмелері ең ықпалды болып шықты. Үйірмелерді құрудың қарапайымдылығы мен олардың жоғары тиімділігі Батыстың жапон тәжірибесін көшіруге ниетін аударды. Сапа үйірмелері мақсаттарының бірі ұжымдық жұмыс арқылы адами қатынастарды тереңдету мен өндірістік мәселелерді бірлесіп шешу.Сапа үйірмесінің жапондық мамандар есебі жұмысқа деген қызығушылықты тудырады. Жапонияда сапа жүйесіне үш жапондық қоғамның «қасиетті сиырлары» үлкен рөл атқарады: өмір бойы жалдану, жалақының ерекше жүйесі, еңбек бірлестіктерінің фирмалақ құрылымы және өздерінің қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер (медициналық сақтандыру, спорт, туризм, тамақтану және т.с.с.). жапондық фирмаларда сапа үйірмелерін құруда сатып алушылар талабына негізделген өнімнің барлық технологиялық тізбегінде сапаны дұрыс және жүйелі бағалауға үйретеді. Сонымен, өнім сапасын жақсартудың шетелдік тәжірибесі келесі нәтижелерді шығаруға мүмкіндік берді : 1. сапа шетелдік фирманың экономикалық қызметіндегі орталығы болды; 2. өнім сапасы деңгейінің шарты болып тек оның бәсекеге қабілеттілігі болып табылады; 3. сапалық өкімді жасаудағы ең басты сатысы алушының сұранысы сөзсіз және эканомды қанағаттандыру қабілеттілігі; 4. сапаны басқарудағы жүйелік сапа танымалы әдістер және тағы сол сияқты.

Шетелдік компаниялар тәжірибесін зерттей отырып, келесіні айтуға болады 1. Қазақстан үшін сапа мәселесі бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау табу керек; 2. тұтыну тауарларының сапасын бақылауды бірінші қажеттілік деп түсіну; 3. шикізат пен құралдарды сатып алуда олардың сапасына көңіл бөлу қажет; 4. технологиялық үрдістердің сапаға лайықты көңіл бөлуі керек; 5. мемлекеттік басқару деңгейінде сапаны басқару жүйесін бірлесе құра отырып республикада стратегияның жасалуы керек. Қорыта келгенде, өнім сапасын басқару – бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен мақсатты бағытта ықпал ету және жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдану. Сонымен қоса, өнім сапасын басқару бұл - өнімді тұтыну кезінде жүргізілетін іс-әрекет. Сапаны басқару – сапа жағынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін күнделікті іс-әрекет пен оның әдістері. Соңғы кездері кәсіпорындарда сапа мәселесін шешуде кезінде нарықтық қажеттілік есепке алынбай, өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Нурпеисова М.М. Качество  – ключ к завоеванию рынка. – Алматы, Экономика, 2001. – 106 Б.

2. Азгалдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – Москва, Наука, 1992. – 300б.

3. Злобин Б.К. Экономика  качества – концепция обновления. – Москва, Экономика, 2000. – 125б. 4. «Қазақстан  Республикасының Менеджмент жүйесін 2015 жылға дейін дамыту концепциясы». – Астана, 2008. – 33б. 5. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Оқу құралы. – Москва, 2006. – 330б


Информация о работе Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару