Қоғамдық өндірістің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 17:25, доклад

Описание работы

Адамның және қоғам өмірінің негізі шаруашылық қызмет,өндіріс болып табылады. Өндіріс – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі. Өндіріс адамның еңбегін,еңбек заттары және еңбек құралдарының көмегімен іске асады,оларды қарапайым еңбек процесі элементтері деп атайды.
Еңбек – материалдық және рухани игіліктерді, қызметтерді қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.

Содержание работы

1. Қоғамдық өндipicтiң нeгізгі факторлары, өзара байланысы
2.Қоғамдық ұдайы өндіріс
3.Қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуы.

Файлы: 1 файл

Қоғамдық өндіріс негіздері.doc

— 89.00 Кб (Скачать файл)

Қостанай  Мемлекеттік Педагогикалық Институт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Қоғамдық өндірістің негіздері

 

 

 

 

 

                                                                 

 

                                                        Орындаған: Шет тілі: екі шет тілі тобының

                                                                              II-курс студенті                            

Құлымбет Данагүл

          

Тексерген: Айдналиева Айгүл

Кабылдиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2013

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР:

 

 

 

 

1. Қоғамдық өндipicтiң нeгізгі факторлары, өзара байланысы

2.Қоғамдық ұдайы өндіріс

3.Қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Қоғамдық өндіріс негіздері

Адамның және қоғам өмірінің негізі шаруашылық қызмет,өндіріс болып табылады. Өндіріс – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі. Өндіріс адамның еңбегін,еңбек заттары және еңбек құралдарының көмегімен іске асады,оларды қарапайым еңбек процесі элементтері деп атайды.

Еңбек – материалдық  және рухани игіліктерді, қызметтерді  қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.

Еңбек заттары – дайын  өнімді жасау мақсатында адамдардың бір нәрсеге еңбек арқылы әсері  немесе адамдардың әсер ететін заты.

Еңбек құралдары –  еңбек заттарына әсер ететін құралдар.

Қандайда бір товарды  өндіруге қажет еңбек заттарымен еңбек құралдары өндірістік құрал-жабдықтар  деп аталады.

Игіліктерді өндіру кезінде 1-ден адам мен табиғат арасында қатынас орнайды оны өндіргіш күштер деп аталады,ал 2-ден адамдар арасында қатынас орнайды,оны экономикалық қатынастар деп атайды.

Өндіргіш күштер –  жұмысшы күшімен заттай факторлар  және олардың ара қатынасы. Өндірістік құралдар жаңа технологияның пайда  болуымен жаңарады,өзгеріске ұшырайды.

Еңбек сапасы жағынан  ұшырауы мүмкін, себебі, жұмысшының квалификациясын жоғарлататын ғылыми ұйымдар пайда болды, кәсіпкерлік  қабілеттіліктің маңызы артады.

Экономикалық қатынастар — өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастың сипаты өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік формаларымен анықталады. Ол 1-ден өндірістік қатынастарға байланысты, 2-ден өндірістік емес сфераға байланысты болды. Ұйымдастырушылық қатынастар өндіріс,бөлу,айырбастың қалай ұйымдастырғандығына байланысты. Ұйымдастыру формалары: еңбек бөлінісі,еңбек кооперациясы,өндіріс концентрациясы және централизация (орталықтандыру) және т.б. жатады.

 Тарихи даму кезеңдерін  атайтын болсақ:

  1. 1.      қарапайым еңбек кооперациясы
  2. 2.      мануфактура
  3. 3.      машиналық өндіріс

Еңбек кооперациясы –  бір адамның басқаруы мен бірнеше  адамның біртекті жұмыс түрін  орындаумен байланысты.Мануфактура  – еңбек кооперациясының бір  түрі,бірақ онда еңбек бөлінісі қатысады.Машиналық өндіріс – еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін қамтамасыз етті.Әлеуметтік экономикалық қатынастар адамдар арасында өндірістік жағдайға қатысты өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік формаларын анықтайды. Меншік түріне байланысты әлемдік экономикалық қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үшін белгіленеді. Сол қатынастың дамуы меншік иелерінің мүддесін іске асырады. Адамның жыл көлемінде шаруашылық қызметінің нәтижесі өндірілген қоғамдық өнім деп аталады.

Қоғамдық өнім 4 кезеңнен өтеді:

  1. 1.      өндіру (өнімді қалыптастырумен байланысты);
  2. 2.      бөлу (өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін анықтау дегенді білдіреді);
  3. 3.      айырбастау (бір өнімді екінші өніммен айырбастау,бағалау);
  4. 4.      тұтыну (адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірілген игіліктерді пайдалану).

Ұдайы өндіріс — өндіріс  процесінің қайталануы. Оның екі түрі болады: қарапайым және ұлғаймалы.Қарапайым ұдайы өндіріс – бұрынғы масштабта өндірісті қайталау.Ұлғаймалы ұдайы өндіріс — өспелі масштабта өндіріс процесін жүргізу. Қоғамның өнімінің 4 кезеңі өзара тығыз байланысты және қоғамдық өндірісті құрайды.

Қоғамдық өндipicтiң  нeгізгі факторлары, өзара байланысы

 

   Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмip cүpyi үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, 6ipaқ ақылға сыйымды абстракция, ce6e6i ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

   Өндіріс 6ip мезгілде тұтыну  процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндipici жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндipici процесі жоқ..

   Өндipic процесі тек қана  үш факторлардың - адамның жұмыс  күшi, еңбек заты мен еңбек құралдары  - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге  асуы мүмкін.

   Бipiншi фактор жеке түрде  жүзеге асса, eкiншici мен үшiншici - өндipic процесінің заттық факторы ретінде icкe асады. Осы жағдайды ескере отырып келесіде экономикалық ой-пікірлерге тоқтауға болады, яғни қоғамдық өндіріс түрлері қандайда болмасын - жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үшін оның факторы болып табылады.

   Жұмыс күшi - бұл адамның  дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің (жиынтығы) материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күшi әp6ip кезде ic-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.

   Қaзipгi кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикаларындағы    мақта және т.б.  Бұлардың барлығы түптеп     келгенде  табиғат қорынан адамның табиғи   мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.

   Еңбек құрал-саймандары  бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылыс  және т.б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарының  даму деңгейі көп жағдайда өндipicтe жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндipici жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде дамиды; жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми-техникалық революция бұған жаңа компонентті қосты - электронды басқару құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмысын атқарды. Осы компонентті қолдана отырып, жұмыскер жайлап тікелей өндіріс процесінен шығады және өніммен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді.

   Еңбек заты мен құрал-саймандар  6ipгe өндіріс құрал-жабдықтарын  құрайды.

   Әp6ip адам жеке жұмыс істейді, 6ipaқ барлық еңбек процесі ұжымда  қоғамда жүзеге асады. Өндіріс  әрқашан қоғамдық сипат алып, оның eкi жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

   Өндіргіш күштер - бұл өндіріс  құрал-жабдықтары, ең алдымен еңбек  құралдары, сонымен қатар материалдық  игіліктерді өндіретін адамдар.  Адамдар коғамның басты өндіргіш  күшi, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын icкe қосады. Өндіргіш күштер де ерекше орынды жер алады. Keй6ip салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады, басқасында - басты еңбек құралдары ретінде.

   Келтірілген өндіріс факторының  классификациясы мәңгі қатып  қалған болып табылмайды.

   Маржинализм теориясының топтауынша қоғамдық өндірістің негізгі төрт факторын көрсетеді: жер, еңбек капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.  Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер т.б. жатады.

   Жер—шаруашылықты жүргізудің  табиғи объектісі,   ол   меншік   және   жерді пайдалану объектісі  болып табылады. Heгiзгi құрал-жабдық  құрамында жер өтемпұлдық жарна  аударылмайтын жылжымайтын мүлік  ретінде бағаланады.

   Капитал - бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары. Капитал кең мағынада алғанда - табыс және алатын нәрселердің бәpi немесе адам ретінде тіршілік әрекеті барысында тауарлар, өнімдер т.б. өндіру, қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар; тар мағынада алғанда -табыстың жұмыс icтeп тұрған қайнар көзi, ол icкe өндipic - құрал-жабдығы, ақшалай қаражат зияткерлік меншік түрінде жұмсалады.

   Еңбек адамның ақыл-ой  және дене қызметтерін көрсетеді.  Адам еңбегі әрқашанда ойланып  істелетін, мақсатқа сәйкес қызмет  етеді. Еңбек өндірістіңғ тиімділігін арттырудың тұрақты колданыстағы фактоы. Адам еңбегінің ресурстары. Ол ресурстардың көлемі биологиялық және әлеуметтік процестермен анықталады. Өндірістің осы факторы әкeлeтiн табыс-жалақы. Бұған дене еңбек жұмыскерлерінің жалақысы сенілді, ақыл-ой қызметкерлерінің жалақылары да кipeдi. Әp6ip адамның жұмыс күш немесе еңбекке қабілеті болады. Еңбек жұмыс күшін тұтынуды біллдіреді.

   Кез-келген қоғамда  еңбекке мәжбүрлеу бар. Ерте  кезеңдерде бұл экономиканың  сипаттан тыс, яғни құлдың қожайынына тәуелділігімен көpiнeтiн. Экономикалық мәжбүрлеу жалданбалы еңбек категориясымен байланысты. Жалданбалы еңбек пайда болуы үшiн екі шарт қажет; жеке бас бостандығының болуы және өндipic құрал-жабдықтарына меншігінің болмауы, яғни өзінің iciн ашуға мүмкіндігінің болмауы. Осындай жағдайларда адам жұмысқа жалдануға мәжбүр болады. Осы кездегі еңбекке түрткі болатын басты нәрсе материалдық сыйақы алуға тілек немесе ынта.

  Қоғамдық өндірістің  келесі факторы - кәсіпкерлік.  Кәсіпкерлік қабілеттілік арнайы  өндipic факторы ретінде өндipicтi  ұйымдастыруда ынталықты төзімділікті  және тәуелділікті көрсетеді.Өндірістің  дамуының әpбip жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами ашатын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қaзipгi заманғы

өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік, ақпарат, психология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

   Жекелей   факторлардың   ешқайсысы   өнім   шығарып,   табыс   бере алмайды. Сондықтан өндіріс npoцeci факторлардың өзара бipiгуінің  қарым- қатынасын білдіреді. Әр кәсіпкердің өнімді максималды шығаруға жеткізетін факторлардың ара қатынасын табу мәселесін ойландырады.

   Кез-келген өндipic факторының негізінде ақырғы  өнім жатады. Өндіріс факторының  ақырғы өнiмi қосымша өнiм немесе  тағы да өнімдер шығару болып   табылады.   Ол  өнімдер  осы   фактордың  тағы бip  бірлігіне  әкеп қосқанда, басқа факторлар өзгepicciз қалған жағдайда алынады.

   Еңбектің ақырғы  өнiмi қосымша өнім шығару болып  табылады. Ол

өнімдер еңбектің тағы бір  бірлігіне қосқанда, өндірістік шағындардың  басқа барлық түpлepi өзгеріссіз қалған жағдайда алынады. Дәл осылайша, жердің ақырғы өнiмi болып қалған барлық өндірістік шығындардың eшбip өзгеріссіз  келгенде тағы бip жер учаскесінің қосылуы нәтижесінде жиынтық  өнім мөлшерінің өcyi саналады. Кез-келген басқа өндіріс факторлары  үшін де солай.

     Өндipic факторының бағасы әлгі фактордың соңғы бірлігінің ақырғы өніміне тең келеді. Ол сұраным мен ұсынымның тап қaзipгi ара қатынасында қолдану табады. Басқаша да айтуға болады. Өндіріс факторларының бағасы сұраным мен ұсыныммен анықталады, ceбeбi өнiмдiлiк бағытымен   сәйкес келеді, теңдік баға сұраным мен ұсынымның дәл осындай ара қатынасын өндіріс факторларының ақырғы табыстылығымен сәйкес шығады. Өндірісте жасалынған табыс өндірістегі әpбip фактордың баға сапасынан аз болмауы керек,  яғни,  кем  дегенде  ол  факторлардың  әрбірінің ақырғы  табыстық сапасына тең болуға тиіс.

    Батыстық қaзipгi экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған өндіріс факторларынан басқа, ақпараттың, экономикалық және экологиялық факторларды да қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсі ретінде жүзеге асады. Алайда, оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі.

    Өндіріс процесінде  адамдар 6ip-6ipiмeн қатынаста болады. Бipaқ, бұл қатынастар әртүрлі  болады. Бip жағынан, бұл қатынастар; ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру - техникалық өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық - өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.

    Өндіргіш күштер  мен өндірістік қатынастар 6ip-6ipiнe өзара әсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуне ықпал етеді. Өз кезегінде өндірістік қатынастар өндipгіш күштерді тоқтатуы немесе дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндipic әдісін құрайды. Әрбір  өндipic әдiciнe өзінің экономикалық өндірістік қатынастары сай келеді.

Информация о работе Қоғамдық өндірістің негіздері