Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2015 в 15:02, реферат
Жұмыстың мақсатыМемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.Ал солардың барлығын терең түсініп білу үшін біз мемлекет және құқық теориясын қандай да бір ғылым саласында сияқты пәні мен әдістерінен бастап оқуымыз тиіс.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.............................3
1.1 Мемлекет және құқық теориясының пәні...................................................... 3
1.2 мемлекет және құқық теориясынданы әдістері..............................................9
2. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны.........................................................................................................16
2.1 Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны........................................................................................................................16
Қорытынды..........................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................23
Заң ғылымының түп негізін білу
нәтижесінде құқық , оның жүзеге асырылуы
және барлық құқықтық құбылыстар танылады.Құқықтық
болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар
,түсініктер , құрылмалар қалыптасады
да , олар құқық құбылыстарды одан ары
танып білудің құралдарына айналады
. Құқықты тану үшін ерекше теориялық
түжырым қолданады. Құқықтық бір мәселені
зерттеп тану үшін өзара пікір таластыру
нәтижесінде шындықты, ақиқатты
айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы , құқықтың
қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама
беру үшін оған норматифтік , философиялық
және қоғамтану тұрғысынан қарау керек.
2. Қоғамдық және заң
ғылымдарының жүйесінде жалпы
2.1 Қоғамдық және
заң ғылымдарының жүйесінде
алатын орны.
Заң ғылымы – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеп, олардың қоғамдық өмірмен байланысын, арақатынасын айқындайтын арнайы білім жүйесі. Заң ғылымы өзі реттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларға бөлінеді.Қазақстан Республикасының заң ғылымдары, біріншіден, мемлекет пен құқық теориясына негізделеді. Теорияда мемлекет пен құқыққа тән жалпы заңдылықтар, олардың жалпы белгілері, түрлері оқытылады. МҚТ-мен тығыз байланыста мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы заң ғылымы болады.Мемлекет пен құқықтың қалыптасуына, дамуына, өзгеруіне саяси және құқықтық ілімдер зор әсер етеді.Әр елдің мемлекет және құқығының шығу, қалыптасу, даму, өзгеру тарихы бар. Бұл такрихты зерттеу және оқыту тек білу үшін ғана керек емес. Мемлекеттің тарихы оның қазіргі жағдайына, болашағына да әсер етеді, қоғамды ұтымды жолмен дамытуға, қажетті саясатты жасауға жол сілтейді. Сондай-ақ ұлттық саяси және құқықтық сананы қалыптастыруға да әсерін тигізеді. Мемлекет пен қоғам өмірінің салаларындағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты құқық салаларының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан құқық салаларының аталуы да, мазмұны да ерекше, айырықша болып келеді.Әр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады және дүниежүзілік қауымдастық шешетін мәселелерге қатысуға ат салысады. Соған байланысты басқа мемлекеттердің ұлттық құқықтық жүйесінің негізгі саласы – конституциялық құқықты білу қажет. Демократиялық даму жолына түскен мемлекет мұндай халықаралық құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті. Сол себепті халықаралық құқықты да білу өте қажет.Заңдарды жүзеге асыруда, қолданбалы қосалқы ілімдердің (криминалистика, сот психиатриясы, т.б.) атқаратын рөлі ерекше.Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.Философия - адамзаттың дүниедегі алып отырған орнын анықтап, соның негізінде адамның дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Философия дүниеге теориялық тұрғыдан көз жіберіп, ерекше логикалық, танымдық критерийлерге сүйене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын тұжырымдайды.Экономикалық ғылым - қоғамның экономикалық базисын, өндірістік қатынастарды, өндіруші күштерді, меншіктің түрлерін зерттеп, олардың қоғамның дамуындағы маңызын жан-жақты анықтап отырады. Тарих - адамзат қоғамының өткен дәуірлерін барлық қырынан жан-жақты зерттеп, көптеген тәжірибе жинақтады, соның ішінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.Социология - қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару әдіс-тәсілдерін, адамдардың әлеуметтік тәртібін, қатынастарын зерттейді.Барлық қоғамдық ғылымдар өз тұрғысынан адамзаттың тарихын зерттеуге тиісті үлес қосады. Бұл ғылымдардың жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының алатын орны өте жоғары.Заң ғылымы, оның ішінде мемлекет пен құқық теориясы қоғамды жеке танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Жалпы теория төрт топқа бөлінеді:
1)Жалпы теория - мемлекет пен құқықтық қоғамды реттеп-басқаруын, мазмұнын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.
2) Ұлттық мемлекет - кұқық пен саясаттың тарихи даму процесін зерттеу пәндері. Шет мемлекеттерінің тарихы.
3)Салалық заң ғылымдары: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
4)Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медицина, психиатрия т.б.
Мемлекет және кұқық теориясы заң ғылымының барлық саласының объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы диалектикалық даму процесінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда Қазақстан мемлекетіміздің заң ғылымының бағыты да, функциясы да күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.Сонымен, адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін пәндерді қоғамдық ғылым деп атайды. Олар қоғамды жан-жақты ғылыми-зерттеу тұрғысынан зор үлес қосады. Бұлардың шінде мемлекет және құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия, саяси экономия мен тарих.Қоғамдық ғылымдар кейбір күрделі мәселелерді бірлесіп зерттейді. Олар қоғамның жалпы объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, дамытып отырады. Бұл мәселелерді, құбылыстарды ғылым қоғамның өткен дәуірінде, қазіргі кезеңде, болашақта қалай дамуға тиісті. Міне, осы үш дәуірде қоғамның диалектикалық даму процесін, санқырлы өзгеріс құбылыстарын зерттеп, қорытынды ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Қоғамның болашағын ғылыми тұрғыдан болжап, қорытынды ұсыныстар беріп отырады. Бұл процесте қоғамдық ғылымдар табиғи-нақты ғылымдар бірлесіп зерттеулер жүргізеді. Өйткені, әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігін ескере отырып, дүние жүзіндегі барлық ғылымдар бірлеспейінше ғылыми-техникалық өрлеу болашақ емес.Кооперациясыз материалдық, қаржылық, табиғи ресурстарды үнемді, тиімді пайдалануға және оның өнімді технологиялық процесін қалыптастыруға мүмкіншілік болмайды. Ғылымның бірлестігі олардың дербестігіне нұқсан келтірмейді. Әр ғылым табиғаттың және қоғамның объективтік даму процесін өз тұрғысынан зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Мысалы, мемлекет пен құқық қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп-басқарып, заңдылықты, тәртіпті жақсартып, демократияны дамытып, қоғамның сапалы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді.Сонымен, қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде заң ғылымының Адамзаттың бірлестігін дағдарысқа ұшыратпай прогрестік жолмен дамытудағы үлесі мол және баға жетпейтін маңызды күш деуге болады.Жалпы теория өзінің ғылыми зерттеуінде бір өлкенің, бір мемлекеттің, бір елдің шеңберімен шектелмейді. Ол өз жұмысында көптеген елдің, кеп мемлекеттердің тәжірибесін қамтып, байланыстырып зерттеу арқылы ғылыми қорытынды жасайды. Жалпы теорияның бұл қорытындылары дүниежүзілік заң ғылымының жетістіктерімен, жаңалықтарымен сәйкес, қалыптасып отыруы керек.
Сонымен, жалпы теория барлық
заң ғылымдарының негізін құраушы, дамытушы,
нұсқаушы, біріктіруші жетекші ғылым.
Жалпы теория заң ғылымдарының жалпы,
арнаулы, ерекше, жекеше бағыттарын ғылыми
тұрғыдан зерттеп, анықтап, көрсетіп отыратын
ғылым. Міне, осы көрсетілген бірлік болмаса,
бағыттар анықталмаса зерттеуге нышан
келтіріп, ғылымның дамуында кемшіліктер
пайда болады. Осы кемшіліктерді болдырмау
жалпы теорияның бірден-бір міндеті.Адам
коғамы диалектикалык даму процесінде
болғандыктан коғамдық ғылымдардың міндеттері
де өзгеріп, толықтырылып, анықталып отырады.
Бұл жұмыс заң ғылымында жалпы теорияның
міндеті.[2;28]
- зерттеуді бір саясаттың, бір идеологияның шеңберінде жүргізу;
- таптық, партиялық тұрғыдан жүргізу;
- кеңістікке шеңбер кою. (шетелмен катынасқа, ғылыми алмасуға, зерттеуге тыйым салу).
Бұл кедергілердің себептері:
- халықты тапқа, мемлекеттерді топқа, блокка бөлу;
- дүниежүзілік, жалпы халыктық проблемаларды ескермеу;
- демократияның, бостандықтың шектелуі;
- ғылымды екі системаға бөлу. Бұл саясаттың зияны:
- қоғамдағы толып жатқан ғылым бағыттары сапалы, нәтижелі дамымады. Қаржының басым үлесі себепсіз корғанысқа бөлініп отырады;
- ғылыми-техникалық прогресс біздің елде нашар дамыды;
- ғылыми-техниканың жетістіктері көп жылдар тәжірибеде колданылмай мемлекеттің шығынын өсірді.
Осының бәрі бірігіп - елімізді
саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарыска
ұшыратты.Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз
мемлекеттердің достастығы (ТМД) құрылып,
Қазақстан тәуелсіз Республикаға қолы
жетіп, өзінің Конституциясын қабылдады.
Өткен тәуелсіздіктің он төрт жылдығы
Республика тарихында ерекше кезеңге
айналып көп жаңалықтармен жетістіктерге
кол жеткізді.Біз, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің
және экономикалык дербестігіміздің 14-15
жылын атап өттік. Дағдарыстан шығу бағытында
осы уакыт ішінде экономикалық, саяси
және қоғамдық өмірдің барлық салаларында
белгіленген түбегейлі реформалар жолымен
ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.Біздің
республика үшін соңғы алты жыл ішінде
Қазақстанда өндірістің құлдырауын тоқтатудың
сәті болды. Соңғы 5-6 ж.ж. өнеркәсіп өнімін
шығару 5-7 процентке ұлғайды, ал ауыл өндірісі
3-4 процентке өсті.Көптеген басқа елдерге
қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін
азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық
және рухани келісім уакыты болды.Қазақстан
Республикасының қазіргі Конституциясының
кіріспе бөлімі ақиқатпен толық үйлесім
таба үндесіп тұр: "Біз – ортақ тарихи
тағдыр біріктірген Қазақстан халкы, байырғы
қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,
өзіміздің егемендік кұқығымызды негізге
ала отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін
құрамыз.Республика қызметінің түбегейлі
принциптері: қоғамдык, татулық пен саяси
тұрактылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін
экономикалық даму; қазақстандық патриотизм;
мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен, оның ішінде
республикалық референдумда немесе Парламентте
дауыс беру аркылы шешу [10;4]
Қорытынды.
Бұл тақырыпты қорыта келе , мен тақырыптын мазмұның толық аша білдім деп ойлаймын.Бұл тақырыптын әрбір тарауын күрделі зерттедім .Бірінші бөлім толық мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері туралы жазылған. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде мемлекет және құқық теориясының жалпы пәні дегеніміз не, бұл пәнді оқи келе біз қандай натижиеге жететінімізді, яғни мемлекет пен құқық туралы не білетінімізді жаздым.Екінші бөлімшесінде мемлекет және құқық теориясының әдістері туралы . Бұл бөлімшеде мемлекет және құқық теориясының әдістері дегеніміз не ,мемлекет және құқық теориясында қанша әдіс бар екені туралы жазылған . Үшінші бөлімде мен мемлекет және құқық теорясының қоғамда , заң ғылымдар жүйесінде алатын орны туралы жаздым . Мемлекет және кұқық теориясы заң ғылымының барлық саласының объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады. Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны