Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 20:48, шпаргалка
Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О.Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның құрылысы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу максатын қояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.
О.Конт – социологияның негізін
қалаушы
Социологияның дербес ғылым ретінде
пайда болып қалыптасуы батыста француз
философы О.Конттың есімімен байланысты
(1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік
философияның негізін салушы болып есептеледі.
Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның
құрылысы» деп аталатын 6 томдық еңбегі
жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен
оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен,
осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт
«социология» деген ұғымды енгізеді және
қоғамды ғылыми негізде зерттеу максатын
қояды. Міне осы пікір социологияның ғылым
ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.
О.Конт социологияның қажеттілігін калай
негіздеді деген сұрак туады? Бұл мәселені
О.Конт философия саласындағы өзінің адам
ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан
заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық,
метафизикалық және позитивтік (ғылыми)
сатылар. Екінші сөзбен айтқанда оларды
адам интеллектінің дамуының үш тарихи
қалпы деп айтуға болады. Яғни, бұл адам
ақылы өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты
ойлаудың ең алдымен теологиялық (діни),
содан кейін метафизикалық, одан кейін
позитивтік (ғылыми) тәсілдерімен қолданатындығын
көрсетеді. Демек, адам ойлаудың алғашқы,
теологиялық сатысында өзін қоршаған
ортаны діни нанымдарға сүйене отырып
түсіндірген. Ал екінші метафизикалық
сатыда діни негіздерден бас тартады да
құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер,
себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші,
позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен
бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы
бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды
анықтауға негізделеді. Конттың пікірінше,
ойлаудың алдыңғы сатылары кейінгілерге
негіз болы