Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:56, доклад

Описание работы

Колма-қолсыз есеп айырысу нысандары - «Қазақстан Республикасы аумағында тәлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 21.25 Кб (Скачать файл)

Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары

Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары - «Қазақстан Республикасы аумағында тәлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

Осы ережеге сәйкес, қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем  құжаттарының түрлеріне мыналар  жатады:

  • төлем тапсырмасы;
  • төлем талабы-тапсырмасы;
  • инкассалық үкім;
  • чек;
  • вексель.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу - бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу нысаны. Төлем тапсырмасы—ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады:

  • алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін,
  • тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық жәнет.б. төлемдер) бойынша,
  • жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге,
  • аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған  күннен бастап (оны толтырған күн  есепке алынбайды) он күнге жарайды  және төлеушінің шотында қаражат  болған жағдайда ғана іске асырылады.Төлеуге  кепіл болуы мақсатында телеуші  мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотка  аударып қояды. Төлем тапсырмасы аркылы есеп айырысудың кемшілігіне  қаражат айналымының біршама  қиындығы мен ұзақтығы және клиентгің  шаруашылық айналымынан белгілі  бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады. Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу нысаны ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

Төлем талап-тапсырмасы - бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа нысаны, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және телем тапсырмасынын. элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы —  бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген  өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген  қызмет қунын жіберілген есеп айырысу  құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын  бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжатгармен бірге бірден аударушынын. банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге  береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен  бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем  талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін

Төлем талап-тапсырмасы бойынша  төлеуден бас тартатын болса, оны  осы үш күн ішіңце банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту  құжаттарымен және төлеуден бас тартуын  хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға кайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі:

Төлем талап-тапсырмасымен  есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын  жылдамдатады.          Инкассалық өкім — заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу ушін пайдаланылатын төлем құжаты.Инкассалык өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарынын, инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен берге жүреді.Инкассалық екімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушынын, шотындағы қаражат  көлеміндетөленуі мүмкін, яғни қаражат  келемі толық жетпеген жағдайда, сол  құжаттын, келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражатгың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалыоына тыйым салынды. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

  • егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
  • сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану  барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

 

 

Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Кепілденген чек — чек беруші банкі шотындагы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.
  • Кепілдендірілмеген чек — чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;
  • Қамтамасыз етілген чек — банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек;
  • Қамтамасыз етілмеген чек — депозитпен қамтамасыз етілген чек.

Ережеге сәйкес, чек — бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән төмендегідей көрсеткіштері болады:

  1. «чек» деген атауы;
  2. чек номері мен сериясы;
  3. чектің қызмет ету мерзімі;
  4. чек берушінің аты-жөні;
  5. чек берушінін, СТТН-і;
  6. Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;
  7. чек ұстаушының аты-жөні;
  8. чек ұстаушының СТТН-і;
  9. чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;
  10. чек беруші банктің жеке банктік коды;
  11. «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;
  12. «Төлемнің тағайындалу» кестесі;
  13. Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орыны;

Чектер қолма-қолсыз телемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақшалай  алу үшін пайдаланылады. Қазақстан Республикасында чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық Банктің бекітілген нысанында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің нысанында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. Чектің қызмет ету мерзімі тотырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды. Қолданылатын төлем құралдарының түрлері бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер құрылымы өткен кезендермен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Бұрынғысынша, төлем тапсырмалары (жоғарыда көрсетілген телем құралдарын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан 35,8% және жалпы көлемінен 94,3%) және төлем карточкалары (тиісінше 58,6% және 1,8%). Қазақстанның аумағында ең көп таралған болып табылады.


Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары