ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 23:29, курсовая работа

Описание работы

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................

Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Файлы: 1 файл

1. 1 Ша-ын ж-не орта бизнес т-сінігі.doc

— 676.50 Кб (Скачать файл)

Енді Литвадағы шағын  кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі  уақытта бұл сектор экономика  тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.

- бірінші екі жылдай  пайдаға салық тарифі 70 % проценттен  төмендейді, ал үш жылдан бастап 50 %14. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.

Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың  тиімді саясатын жүргізеді.

Олардың басшылыққа алған  негізгі қағидалары келесілер:

1. Құқықтық және әкімшілік  құрылымдарға негізделген нарықтық  экономикалық саясат.

2. Жаңадан бастап келе  жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.

3. Кіші жаңа кәсіпорындар үшін  капиталға қол жеткізуді қамтамасыз  ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

Жоғарғы үш шартта өте  маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының  қиын заң жүйелеріне тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.

Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.

Осылайша, шағын бизнестің  болашағы өте жарқын, бастысы –  оны басқара білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тарау. ҚР – дағы шағын   және  орта  бизнестің  

даму  тенденциялары.

2.1. ҚР – дағы  шағын   және  орта  бизнестің  жағдайы.

Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кезедегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады.

Дамыған  индустриалды  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  өзі  ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50% - дан астамын  алады. Біздің  елімізде болса, шағын   бизнесті  және  оған  орта  бизнесті  қосқанның  өзінде  олардың ЖІӨ - гі сыбағалы  үлесі 30% - дан аспайды.  Мәселен, 2002 жылдың  нәтижелері  бойынша  еліміздегі  шағын  және орта  бизнес  субъектілерінің жалпы іші өнімдегі  үлесі 17%  болды,  ал  2003 жылы бұл пайыздық  қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер  осы сектордың ұлттық  экономикасындағы  елеулі   еместігін көрсетеді. /1.,2../.

Бірақ  шағын  бизнес  субъектілерінің  елеулігі  бөлшек  сауда  саласында  байқалады. Осы  саладағы  олардың  үлесі 90% - ға жетеді.

Мұндай жағдайдың  қалыптасуын ең  алдымен  осы  сектордың  бәсекелестік  еместік  қабілетімен   байланысты.

Шағын  және   орта  кәсіпкерлік  секторындағы  қалыптасып  отырған  жағдайдың  қандай  екенін  көру  үшін енді статистикалық  мәліметтерді  келтірейік.

Қазақстандық  экономиканың  соңғы  бес жылдағы  қарқынды  өсуі өзінің  бастауын  әлемдік  рыноктардағы  шикізат  ресурстарына  бағалардың шарықтауынан  және  үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады.  Олардың нәтижесінде Қазақстандық  экономикаға ақша  массасының (мұнай долларының  түсімінен) қысымы  артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің  елімізде инвестициялау  объектілерінің  тапшылығы  байқалуда. Сондықтан  көптеген  тұлғалар  өз  істерін  ашуға  тырысуда.

Статистика  бойынша  ҚР – сы агенттігінің  мағлұматтары  бойынша  2004 жылғы  1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде  шағын  бизнестің  130779  субъектілері  тіркелген. Олардың 71,5%  әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы  осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2004 жылдың 1 қаңтарында  белсенді  кіші  кәсіпорындарының  42,2%  саудаға, автомобильдерді жөндеуге   және  үй  шаруашылығы қолдамындағы  өнімдерді  өндіруге  мамандырылған. Ал өнеркәсіптік  бағыттағы  әрекет ететін  белсенді  шағын  кәсіпорындардың  үлесі  12,5% , ал осы  кәсіпорындардың 90,2% өңдеу  бойынша  өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асырады /3./.

Жоғарыда келтіріліп  кеткен  статистикалық  мәлеметтерден  көріп  отырғанымыздай  шағын  бизнес субъектілері  көбінесе  сауда  мен сервис  саласында  әрекет  етеді. Ол көбінесе  шағын  кәсіпорында  ашушылардың  бастапқы  қапиталдарының  аздығымен байланысты.  Сондай – ақ, өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асыратын  кіші  бизнес  субъектілерінің  аз  үлесі  мемлекеттік  реттеудің  жетілмегендігімен  және құрал – жабдықтармен  технологияларды  импорттауға  кедендік  төлемдердің  ауыртпалығымен   түсіндіріледі.

Одан ары  біз  Қазақстанда  әрекет  ететін  шағын  кәсіпорындардың  салалар  бойынша  ұсынысының  құрылымын  қарастырамыз. Олардың    ұсыныстарының салалар  бойынша  құрылымы  келесі (2.1. кесте)  кестеде  берілген /1/.

2.1.  кесте. Салалар   бойынша кіші  бизнес  субъектілерінің   ұсыныс құрылымы. (01.01.05)14

 

Қызмет  ету  сферасы

Үлесі,  %

Орташа  құны

Сауда

28,9

94300

Аптекалар, формакология

2,5

90100

Ойын - сауық  индустриясы

4,2

527500

Қоғамдық  тағамдану

11,3

240800

Өндіріс

23,1

418300

Ауыл  шаруашылығы

10,0

222100

Сервис  сферасы

19,5

428050

Барлығы

100

288736


 

Келесі  статистикалық  мәліметтерде  біз  шағын бизнестің  сфералары  бойынша  инвесторлардың  артықшылықтарын  беруді  қарастырамыз. Олар  келесі  кестеде (2.1.2)  берілген:

2.1.2 кесте. Шағын бизнестің  сфералары бойынша инвесторлардың  артықшылық  берулері. (2005ж. 1 қаңтар)15

 

Қызмет  ету  сферасы

Үлесі, %

Сауда

17,6

Аптекалар, формакология

8,8

Ойын – сауық  индустриясы

5,9

Қоғамдық  тағамдандыру

17,6

Өндіріс

29,4

Ауыл  шаруашылығы

10,0

Сервис  сферасы 

20,6

Барлығы

100


 

Көріп  отырғанымыздай  кіші бизнес субъектілерінің  ұсынысындағы  сауданың алатын сапалық үлесі ең жоғары болып тұр.  Екінші орында өндіріс секторы – 23,1% , ал үшінші сервис секторы - 19,5%. Төртінші орында қоғамдық тағамдандыру 11,3% - бен алады.

Сапалар бойынша инвесторлардыуң  артықшылық беруіне келетін болсақ, инвесторлар қазіргі  таңда шағын  бизнес секторы бойынша өндіріске  капитал салымын жасағанды қалайды. 2.1.2. кесте бойынша ол өндіріс  секторына инвесторлардың артықшылық беруі  29,4% - да пайыз құрады.  Мұндай тендецияның   қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ақша массасының тез өсуі  мен экономикадағы сапаны инвестициялық объектілер мен жобалардың тапшылығымен байлынысты.  Сондай-ақ сауда секторы бойынша қазіргі кезде бәсекелестік  өте күшті және рентабелділік төмен, сол

_______________________________________________

14,15 Панорама № 14,   9.апреля, 2004 год - 12 стр.

себепті  бірінші орында болып келген сауда секторына  инвестициалау қазіргі 

кезде төмендеп,  шағын  бизнестегі инвестиция  тарту бойынша сауда 3-ші орынға түсіп қалып отыр. Инвестиция тарту бойынша шағын бизнес секторында 2-ші орында Сервис секторы ашады.  Көптеген дамыған елдердің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп  отырғандай экономика  дамыған сайын,  оның басым бөлігін қызмет көрсету сапасы ала бастайды. Статистикалық қорытындыларға сәйкес мұндай тендеция бізде де орын  алып келе жатыр, инвестициялық тартымдылығы жағынан өткен жыл  бойынша 3-ші орынға сауда секторымен қоғамдық тағамдандыру бөлісіп тұр.

2006 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны бойынша 1-ші орынға Алматы қаласы алады. Осы кезде Алматы қаласында 45512 кіші кәсіпорындар тіркелген.  Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте  жұмысбастылардың саны 174435 адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Егер 1998 ж. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте 80 мың адам жұмыс басты болса, 2005ж. осы сектордағы  жұмыс бастылар саны 175 мыңға жетті. Ал жаңа жұмыс орындарының саны  95 мыңды  құрады. Оңтүстік Астанада баршыға 42 мың кәсіпорындар тіркелген. Олардың 27677 нақты әрекет етеді. 20602 жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл 2003 жылдың ұқсас периодымен салыстырғанда 48 %-ғы  көп. Жалпы Алматы қаласы бойынша кіші бизнес қазынаға 30 млрд теңге түсім түсірген. Бұл қашанда бюджет бойынша шығындарын жабады. 

Сондай-ақ шағын кәсіпорындардың  тіркелуінің көптігі Астанада, Оңтүстік Қазақстан облысында, шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар  облыстарында бақыланады.

Ал өткен жыл бойынша  шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі батыс- қазақстан, солтүстік – қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорндар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған. Оны біз келесі кестеден көре аламыз (2.1.3 кесте): Шағын бизнес кәсіпорындарының саны.16

 

 

Барлық тіркелген

қожалықтар

Олардан әрекет етушілердің  саны

           барлығы

 

бірлік

Бар/на %

бірлік

үлесі

бірлік 

үлесі

1

Республика бойынша

132308

100,0

94696

100,00

46745

100,00

2

Ақмола облысы

4365

3,3

3523

3,7

2174

4,7

3

Ақтөбе облысы

4921

3,7

3787

4,0

1520

3,3

4

Алматы облысы

5844

4,4

4673

4,9

3181

6,8

5

 Атырау облысы 

3385

2,6

2911

3,1

1044

2,2

6

Шығыс Қазақстан

8971

6,8

6282

6,6

3674

7,9

7

Жамбыл облысы

4027

3,0

2817

3,0

1131

2,4

8

Батыс Қазақстан облысы

2848

2,2

2389

2,5

1296

2,8

9

Қарағанды облысы

8590

6,5

6585

7,0

2849

6,1

10

Қостанай облысы

5336

4,0

4038

4,3

1981

4,2

11

Қызылорда облысы

2593

2,0

2157

2,3

1269

2,7

12

Маңғыстау облысы

3639

2,8

2922

3,1

1270

2,7

13

Павлодар облысы

6549

4,9

5009

5,3

2832

6,1

14

Сол.т Қазақстан облысы

3055

2,3

2470

2,6

1238

2,6

15

Оңт.т Қазақстан облысы

11971

9,0

7737

8,2

3180

6,8

16

Астана қаласы

10082

7,6

8646

9,1

4582

9,8

17

Алматы қаласы

46132

34,9

28750

30,3

13524

28,9

Информация о работе ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары