Сақтандырудың экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 19:50, реферат

Описание работы

1.1. Сақтандырудың даму тарихы.
1.2. Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар.
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қаржының рөлі.

Файлы: 1 файл

1366194881.doc

— 76.00 Кб (Скачать файл)

Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экопортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржы қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:

а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипатталады;

ә) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделеріне ықпалымен сипатталады.

Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:

    • қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
    • кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың. Фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
    • қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
    • қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
    • қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рол атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының ролін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

    1. ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
    2. қаржынв қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
    3. қаржының әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                                             «Есеп және қаржы» кафедрасы 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні.

 

 

 

 

 

 

                                                                      Дайындағын:

                                                                      Тексерген:

 

 

 

 

 

Астана 2009

Жоспар

1.1 Сақтандырудың даму тарихы.

1.2 Сақтандыруда қолданылатын түсініктер  мен ұғымдар.

1.3 Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қаржының рөлі.

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика Алматы, 2003.
  2. Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева., Н.Б. Тастандиева. Микро – макроэкономика  терминдерінің орысша қазақша сөздігі. Алмат, 1995.
  3. Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев., Г.К. Султанбекова. Микроэкономика. «Экономика».
  4. Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика», 2000.
  5. С.Р. Тоқсанбай., - Толық  экономикалық орысша қазақша сөздік. «сөздік – словар», 1990.

 

 

 


Информация о работе Сақтандырудың экономикалық мәні