Саясаттану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 16:14, реферат

Описание работы

Саясаттану терминінің тағы да басқа анықтамаларына келетін болсақ саясаттану (орысша «политология») термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада), polis (қала-мемлекет) және logos (ілім, ғылым) сөздерінен құралған. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше.

Содержание работы

1.Саясаттану түсінігі.
2.Саясаттану ғылым ретінде қалыптасуы.
3. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
4.Қорытынды.

Файлы: 1 файл

Саясаттану ғылым ретінде.docx

— 24.16 Кб (Скачать файл)

Саясаттану ғылым ретінде

Жоспар:

1.Саясаттану түсінігі.

2.Саясаттану ғылым ретінде  қалыптасуы.

3. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

4.Қорытынды.

1.Саясаттану түсінігі.

          Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.                Саясаттану терминінің тағы да басқа анықтамаларына келетін болсақ саясаттану (орысша «политология») термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада),  polis (қала-мемлекет) және  logos (ілім, ғылым) сөздерінен құралған. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

       Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.

   Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.  
            Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

2.Саясаттану ғылым  ретінде қалыптасуы.

       Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, өркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – саясаттану.                                                           Саясаттанудың немесе саяси ғылымның өзіндік әдістік принциптері, түсінік, ұғымдық аппараты бар өз алдына дербес оқу пәні ретінде қоғамтану пәндерінен бөлініп қарастырыла бастауы – қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерімен байланысты. «Саясат» («политика») сөзі Аристотельдің «Политика» деп аталған мемлекет, басқару, үкімет туралы трактаты ықпалымен пайда болған.

     Саяси ғылымның пайда болуын ХІХ – ХХ ғғ. межесімен байланыстырады. Бұл кезеңде саяси құбылыстарды зерттеудің жаңа әдістемелері қалыптасты, олар қазіргі заманғы саясаттанудың дамуында маңызды роль атқарған түрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкелді. Саясаттанудың әдістемелері: позитивтік әдістеме (өкілдері О.Конт, Г.Спенсер), эмпирикалық  (тәжірибелік) әдістеме (Ч. Мерриам),  әлеуметтік әдістеме, марксизм, психоанализ (З.Фрейд), бихевиоризм. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттану өзінің зерттеу мәселелерінің шеңберін кеңейтті. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап саясаттану ұйымдық жағынан да қалыптаса бастады.

  1948 жылы Парижде өткен саяси ғылым мәселелері жөніндегі Халықаралық коллоквиумда саясаттанудың мазмұнын, оның негізгі мәселелерін анықтайтын құжат қабылданды. Онда саяси ғылымның негізгі зерттеу мәселелері болып төрт мәселе көрсетілді: саясат теориясы және саяси идеялар тарихы; саяси институттар; партиялар, топтар және қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы (СҒХА) зор роль атқарды. ХХ ғ. 70-90 жж. саяси ғылымның түпкілікті институционалдануы жүзеге асты. Саясаттану жалпы мойындалған, ұйымдық жағынан құрылған, кең тармақталған білім беру және зерттеу мекемелері бар академиялық пәнге айналды.

             Ал біздің еліміздегі саяси ғылымның дамуы күрделі қиын жолдан өтті. Алғаш болып саясат, мемлекет, билік жөнінде араб тілді түрік ойшылдары, ғалымдары — Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи өз еңбектерін жазды. XV-XVIII ғғ. қазақ хандары, Тәуке хан, ХІХғ. ағартушы-демократтары Шоқан, Ыбырай, Абай, ХХ ғасыр басында Алаш зиялылары – еліміздің саяси тағдыры, өз халқының болашағы туралы өз ойларын айтты. Бұрынғы Кеңес Одағы елінде саясаттануды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық  ғылым деп оқытпады. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде саяси сауатты адамдарды дайындауға мүдделі болмады. Бірақ бұл біздің елімізде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеді деген сөз емес. Саяси мәселелер тарихи материализм, ғылыми коммунизм, КОКП тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндер шеңберінде, ең алдымен қандай әлеуметтік- саяси процестер социализм мен коммунизмге әкеледі, сол тұрғыдан оқытылды. Алайда тек 80-ж. соңында саясаттануға деген көзқарас КСРО-дағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. Қазіргі Қазақстанның барлық жоғары оқу оындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылады.

3. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

       Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. 
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.  
Саясаттану экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді. 
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. 
Саясаттану күкықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес.  

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.  
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. 
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

4.Қорытынды.

 Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі жәнемінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

 

 


Информация о работе Саясаттану ғылым ретінде