Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:55, реферат
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп - зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. ХХ ғасырдың ортасынан бастап саяси зерттеулердегі негізгі әдістер болып дәстүрлі әдіс пен эмпирикалық әдіс саналады.
Дәстүрлі әдіске саясаттанушылар тарихи, заңдық, институционалдық әдістерді кіргізеді.Тарихи әдісте саяси оқиғаларды сипаттауға, өткен саясатты бағалауға; заңдық әдісте конституциялық принциптер мен құқықтық кодекстерді зерттеуге баса көңіл бөлінеді.Институционалдық әдістің олардан айырмашылығы – ол саяси институттардың қызметіне талдау жасауға баса зейін салатын нормативтік-құқықтық тәсілдің басым болуымен сипатталады.