Шагын бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Шағын бизнес тәуелсіз менеджементпен, меншікті капиталмен, жергілікті қызметпен, икемділікпен, жылдам құрылымдық және техникалық алғырлық мүмкінділігін, сонымен қатар, шағын нарықтық сегментке қызмет ете алуымен сипатталады.
Шағын бизнес дұрыс, оңтайлы басқарушылыққа нарық конъюктурасының кез келген өзгерісіне бейімдеушілікке мүмкін ететін бірқатар ерекшеліктерді иемденеді.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың стратегиялық факторлары..........4
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен
ролі............................................................................................................4
1.2 Шағын бизнес кәсіпорындарының ұйымдық формалары және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі..................................................................................7
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқарудың қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері.......................................13
II Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару........................20
2.1 Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері.....................20
2.2 Шағын бизнестің ұйымдық құқықтық базасы..............................................23
III Басқару бойынша шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің функциялары..........................................................................................................26
3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және жіктелуі...........................26
3.2 Өндіріс және оның функцияларына сипаттама............................................29
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................35

Файлы: 1 файл

шагын бизнес.docx

— 59.47 Кб (Скачать файл)


Жоспар

Кіріспе.......................................................................................................................3

I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың  стратегиялық факторлары..........4

1.1 Шағын  бизнес кәсіпорындарының нарықтық  экономикадағы                                                                     мәні мен ролі............................................................................................................4

1.2 Шағын  бизнес кәсіпорындарының ұйымдық  формалары және олардың құқықтық  қамтамасыз етілуі..................................................................................7

1.3 Әлемде  және Қазақстан Республикасында   шағын кәсіпкерлікті басқарудың  қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері.......................................13  

II Шағын бизнес  кәсіпорындарын құру және тіркеуді  басқару........................20

2.1 Шағын  бизнес қызметінің тиімділігін  бағалау критерийлері.....................20

2.2 Шағын  бизнестің ұйымдық құқықтық базасы..............................................23

III Басқару  бойынша шағын бизнес кәсіпорындары  қызметінің                                                                                    функциялары..........................................................................................................26

3.1 Өндірісті  басқару функциясының түсінігі  және жіктелуі...........................26

3.2 Өндіріс  және оның функцияларына сипаттама............................................29

Қорытынды............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................35   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай дамушы елдердің экономикасының ерекшелігі –  ол ірі және шағын кәсіпорындардың  қатар қызмет етуі. Шағын және орта кәсіпорындардың барлық өндірістік қажеттіліктері – ақпараттық, материалды-техникалық, ғылыми жобалы конструкторлық  және басқа да нарық қажеттілігін қанағаттандырады.

Шағын кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы  болып, олардың икемділігі, жұмылдырғыштығы, яғни сатып алушыны тез таба алу  мен оның қажеттілігін жедел қанағаттандыру қабілеттілігі, сонымен қатар нарыққа  өтімді тауарды «жіберуі».

Шағын бизнес тәуелсіз менеджементпен, меншікті капиталмен, жергілікті қызметпен, икемділікпен, жылдам құрылымдық және техникалық алғырлық мүмкінділігін, сонымен қатар, шағын  нарықтық сегментке қызмет ете алуымен  сипатталады.

Шағын бизнес дұрыс, оңтайлы басқарушылыққа нарық  конъюктурасының кез келген өзгерісіне бейімдеушілікке мүмкін ететін бірқатар ерекшеліктерді иемденеді.

Мемлекет экономикасының бүкіл аясы мен салаларында кіші нарықтық құрылымдардың құрылуы  экономикалық үдерістердің әлемдік  – шаруашылық тенденцияларына сәйкес келгендіктен барлық салалардағы түрлі  бейіндер бойынша кәсіпорындардың  дамуы әлемдік тәжірибеде танымдық құбылыс болып саналады.

Қазіргі кезде біздің экономикада  бір мезгілде ірі, орта және шағын  кәсіпорындар қызмет етеді, сонымен  бірге жеке және жанұялық еңбекке  негізделген қызмет түрлері жүзеге асырылуда.

Қазақстанның алдағы он жылдықта әлемдегі бәсекеқабілетті алдыңғы  қатарлы 50 мемлекеттер санатында  тұруына шағын бизнес қолқабыс болатын  экономикамыздың жоғарғы қарқынды дамуына үлес беретін мығым, қуаты  мол сала ретінде қарастырылатындықтан оның маңыздылығы зор.

 

І ШАҒЫН БИЗНЕС – НАРЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының  нарықтық экономикадағы мәні  және ролі

Нарықтағы экономикамонополизм билігін  төмендетіп, бәсекенің дамуына бағытталған  қоғамдық өндіріс құрылымының өзгеруін талап етеді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселені шағын бизнес, яғни шағын экономиканың дамуынсыз шешуге болмайтындығы анықталып отыр. Шағын  экономика кәсіпорындары үстемдік етіп отырған қоғамдық – саяси  құрылымға тәуелсіз экономикада  маңызды роль атқарады және нарықтық жүйенің объективті элементі болып  табылады.

Республикамыз тәуелсіздік  алғанға дейінгі КСРО өнеркәсіп  кәсіпорындары үлкен өлшемімен  ерекшеленді. Қызметкерлерінің саны 800 адамнан жоғары бола отырып, 10 адамға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындар үлесі жалпы кәсіпорындар көлемінің  – 3,5% құрады, ал жұмысбастылар саны бойынша – 11,1% және өндірілетін өнім көлемі бойынша – 0,1%-ға тиесілі болды. 2,5 мың адамнан асатын қызметкерлер саны бар кәсіпорындар үлесі - 21%, ал олардың өндіретін өнім көлемі - 80% құрады.

Шағын экономиканың ролі ХХ ғ. 90 жылдарынан өсе бастағанымен, ірі  кәсіпорындар өздерінің массалық өндіріс  тиімділігі, еңбек бөлінісінің тереңдігімен автоматтандыру деңгейі, шикізаттарды пайдаланудың кешенділігі, ғылыми - өндірістік циклдің бірлігі және т.б. көрсеткіштер бойынша өзінің артықшылығын сақтап отыр.

Шағын және орта кәсіпорындар ең алдымен ұсақ сериялы, қысқа номенклатуралы өндірістерде, бірлік өнім, сонымен  бірге ірі кәсіпорындар тапсырыстары бойынша түрлі бөлшектермен қосалқы  бұйымдар өндірісіне маманданған және олар әртүрлі қызметтер көрсетумен айналысады, сонымен қатар қоғамдық жұмыстармен қызметтердің түрлі  салаларында қоғамдық экономиканың көп түрлі жақтарының тиімділігін жоғарылата отырып оңтайлы қызмет атқара алады.

Әлемдегі 75 мемлекеттің заңдары  бойынша фирманы шағын және орта ретінде анықтаудың 50 критерийлері бар (ол жылдық айналым көлемі,пайда  табыстылық деңгейі, капитал көлемі, инвестициялар көлемі, жұмысшылар саны және т.б.).

Отандық тәжірибеде ҚР Президентінің 1997 жылғы 6-шы наурызындағы “Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау және белсендіруді күшейту бойынша іс-шаралар туралы”  Жарлығы жарық көргенше шағын  және орта бизнес салаларында жұмысшылар саны бойынша келесі шектеулер әсер етті: өнеркәсіпте - 200 адамға дейін; ғылымда  және ғылыми қызмет көрсетуде – 100; мемлекеттің басқа салаларында  – 15 адамға дейін. Жарлықты күшіне енгізгеннен  кейін: өндіріс, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында – 50 адамға дейін, көлік және байланыс саласында- 25; ғылымда – 20, бөлшек саудада, тұрғындарға  тұрмыстық қызмет көрстуде – 30, басқа  салаларда – 10 адамға дейін қызмет ету мүмкіншілігі пайда болды.

Бұл сандық көрсеткіштер (шағын  және орта фирмалар үшін) Жапонияда  – 50 жұмысшыға дейін; Италия мен  Финляндияда – 100 адамға дейін, Англияда – 200 дейін, ал АҚШ-да – 500 дейін.

Әдістемелік көзқарас бойынша  «Шағын бизнес» ұғымына көптеген зерттеушілер тек шағын кәсіпорындарды ғана емес, орташаларды да жатқызады.

Шағын бизнестің аталған  сандық сипаттамаларынан басқа, сапалық  сипаттамаларын атап көрсетуге болады:

  • ең алдымен шағын бизнестің икемділігі мен ұтқырлығы (мобильділігі)– нарық талаптарына шұғыл түрде әсер береді;
  • бейімділігі - өзгерілетін шарттарға тез бейім болады;
  • шағын бизнес меншік иесі мен басқарушының бір тұлғада сипатталуына негіз береді;
  • жұмысшылардың өзара алмастырушылығы. Шағын ұжым үшін оның қызметкерлері функциясының белгілі бір шектеулерінде бірін-бірі қолдау, көмек көрсету, ал өте қажет болған жағдайда бірін-бірі алмастырушылығы оңай түрде жүргізіліп, жалпы кәсіпорындар қызметін оңтайландыруға себеп болады;
  • шағын фирманың маңызды бір артықшылығы – ақпарат өтудің жоғары жылдамдығы. Бұл жағдай ақпараттың өз көлемімен және басшы мен жұмысшылардың тікелей араласуымен шартталынады.
  • Фирманың шағын көлемі салыстырмалы түрде басқарушылық шығындардың төменгі дәрежесінде оның сапалы басқарылуын қамтамасыз етеді;
  • Шағын бизнесті ұйымдастыру үшін негізгі қорларға ірі көлемде салымдар талап етілмейді.

        Қазіргі  экономикаға түрлі ауқымдағы  өндірістердің күрделі тәсілдемесі  тән. Шағын кәсіпкерліктің, әсіресе  үлкен көлемдегі капиталды, құрал-жабдықтарды  және түрлі жұмысшылар кооперациясын  әлі аса қажет етпейтін аяларда  өркендеуі байқалады. Бұл кәсіпорындар  әсіресе өндірістің ғылымды қажет  ететін түрлерінде, және тұтыну  тауарлар өндірісімен байланысты  салаларда көптеп кездеседі.

Өндірістің шағын фирмаларының тиімді қызмет атқару мүмкіндігі олардың  ірі өндірістерге қарағандағы артықшылықтарына байланысты: жергілікті шикізат нарықтарына  және клиент тапсырыстарына бейімделу; шағын топтамалы өндіріс; басқарудың артық буындарын жою және т.б.

Шағын өндіріске сұранымның өндірістік және жеке тұтыну аяларындағы  саралау мен дараландыру тән.

Өз кезегінде шағын  өндірістің дамуы экономиканың сауығуына  жағымды жағдай қалыптастырады: бәсекелестік орта дамиды; қосымша жұмыс орындары құрылады; құрылымды қайта құру белсенді түрде жүреді;тұтыну секторы кеңейді. Осы кәсіпорындардың дамуы нарықты  тауарлармен және қызметтермен толтыруға, экспорттық әлеуметтің жоғарлауына, жергілікті шикізат ресурстарын тиімді қолдануға септігін тигізеді.

Шағын кәсіпорындардың шығармашылық күштерінің  бос өндіріс қуаттарын  тиімді пайдалану қабілеттігінің болуы  өте маңызды. Шағын бизнес әлемде маңызды роль атқарады. Соңғы бірнеше  жыл ішінде Батыс Еуропа, АҚШ, Жапонияда  шағын және орта кәсіпорындарының жиынтығы есебіне осы  елдерде жұмыссыздық  деңгейі төмендетіліп, жаңа жұмыс  орындарының 2/3 өсімшесі қамтамасыз етіліп отыр.

Шағын бизнестің үлкен  резервтері және нарықтық экономикадағы  ролі АҚШ пен Еуропа елдерінің  берілген мәліметтері көрсетеді. Мысалы, АҚШ-тың шағын және орта кәсіпорындары  жолпы ұлттық өнімнің 40 % және жеке сектордың  жиынтық өнімінің жартысын өндіреді; оның ішінде: өңдеуші өнеркәсіпте - 21%, құрылыста – 80 %, көтерме саудада  – 86%, қызмет көрсету аясында - 81%. Осы  кәсіпорындарда жеке сектордағы бүкіл  жұмысбастылықтардың жартысы шоғырланған.

Олар АҚШ экономикасындағы жаңалық енгізулердің жартысына  дерлігін құрылып, игерілуін қамтамасыз етеді. Бұл жаңалық енгізулер  ғылыми-техникалық прогресс аясына қатысты.

 

1.2 Шағын және  орта бизнес кәсіпорындарының  ерекшеліктері, ұйымдық формалары  және олардың құқықтық қамтамасыз  етілуі

       Меншік  формаларының  түрлілігі кәсіпорындардың  түрлі ұйымдық-құқықтық формаларын  құруда негіз болып саналады. Қоғамдық өндірісті: нақты салалар  жиынтығы не территориялық немесе  салааралық кешен ретінде қарастырсақ  барлығында кәсіпорындар және  кәсіпорындардың бір комбинациясы  туралы сөз болады.

Кәсіпорын – қоғамдық өндірістің алғашқы негізгі буыны.

Өйткені кәсіпорында өндіру, тасымалдау, сату, яғни “өндіріс факторларының  және өндірілген өнім қозғалысы” жүзеге асырылады. Өндірісті, өнімді сатуды басқару және ұйымдастыру пайда әкелу керек. Кез келген кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі осы мақсатқа бағытталады.

Кәсіпорын (фирма) – пайда табу мақсатымен өнім өндіру, қызмет көрсету үшін құрылған жеке (тәуелсіз) шаруашылық субьект.

Кәсіпорынның толық анықтамасы бойынша негізгісі: 1) тәуелсіздік (дербестік) 2) пайда табу.

Егер кәсіпорынның банктегі дербес шоты, мөрі болса, түрлі операциялар  мен мәмілелерді жүзеге асырса, бірақ  басқа кәсіпорынның немесе мемлекеттің  қаражатымен қызмет атқарса, ол оперативті – шаруашылық дербестік (тәуелсіздік).

Тек тұрақты қаржылық жағдай ғана кәсіпорынның экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді.

Дегенмен экономикалық дербестігінің  құрылуының бастамасы болып оның дербес оперативті – шаруашылық бірлік немесе заңдық тұлға ретінде айқындалуы саналады.

Заңдық тұлғаның өзінің Жарғысы, табыстар мен шығындар балансы, Банкте шоты, келісімдік қатынастар жүргізуге  құқығы болады.

Ол үшін кәсіпорынның келесі нысандары болуы керек:

  1. Ұйымдық бірлік – құрылтай құжаттарында бекітілген өзінің ішкі құрылымы мен басқару тәртібі бар ұйымдастырылған ұжым.
  2. Жеке мүлік – жеке мүлкі бар (негізгі және айналым құралдары) және ол мүлікті иемденеді, пайдаланады, сатады, істен шығарады, мүлікке салық төлейді.
  3. Мүліктік жауапкершілік. Заң бойынша кәсіпорын өз міндеттері бойынша жауапты.
  4. Өз атынан азаматтық айналымда болу. Кәсіпорын адам сияқты, басқа кәсіпорындардан ерекшеленіп танылу керек. Оның атауы болу керек. Сол атауы бойынша кәсіпорын тіркеліп, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын иемденеді, аластатады, міндет алады, сотта, арбитражда немесе үштік сотта талапкер не жауап беруші ретінде шыға алады.

         Кәсіпорынның негізгі ұйымдық – құқықтық формалары.

Кәсіпорындар меншік түрлеріне  байланысты 2 түрге бөлінеді: қоғамдық және жеке.

Бірінші түр. Мемлекеттік  және муниципалды кәсіпорындар жиынтығы –  экономиканың қоғамдық секторын  құрайды.

Екінші түр. Серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, аралас кәсіпорындар, кооперативтер – экономиканың жеке секторын  құрайды.

Экономиканың жеке секторының кәсіпорындары бір-бірінен кәсіпорын  қожайындарының саны жөнінен, кәсіпорынның қызметі үшін жауапкершілігі, жеке капиталды кәсіпорынның жалпы капиталына енгізу әдістері бойынша ажыратылады.

Жауапкершіліктің шектелуі бойынша кәсіпорындар жауапкершілігі шектелген және шектелмеген, ал жеке сектор кәсіпорындарының ұйымдық формалары: индивидуалды (жанұялық), толық серіктестік  – мүшелердің үлестік мүлкі және барлық мүшелердің толық жауапкершілігі негізінде  сипатталады. Бұл форма  жеке даралық кәсіпорын сияқты заңдық тұлға болып табылмайды.

Информация о работе Шагын бизнес