Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 10:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды
Басты
>
Инвестициялаймыз
>
Жарияланымдар
Шағын кәсіпкерлікті қолдау
Артқа
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту
мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.
Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды
жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.
Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген
кәсіпкерлік субъектілерінің саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген
кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп,
оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1
мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында
338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды.
2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд.
теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан.
Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады.
Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.
Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-74107,9млн.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден
–66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –475,8 млн.
теңге , “Несие беру Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен
кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері
мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн.
теңге. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,3 пайызға өскен.
Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі заңдардың және басқа да республикалық, облыстық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірленді
2007 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы
индустрия және сауда министрлігіне
2008-2010 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту
және қолдау бағдарламасына Халықаралық Сауда Ұйымына кіру барысындағы отандық тауарөндірушілерді кері әсерінен қорғау жолдары, ИСО–сериялы
халықаралық стандарттарды енгізуде
кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру, шағын және орта бизнеске арналған оқыту бағдарламасының тұрақты жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізілді.
“Атамекен” Одағымен бірлесе мемлекет
пен бизнестің әлеуметтік-әріптестікті стратегиясын
және отандық бизнестің экспортқа бағытталған жүйесін қалыптастыру бойынша
2007 жылға арналған негізгі бағыттары белгіленіп,
облыстың әлеуметтік саласындағы қаржылық және тағы басқа мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді тарту
бойынша ұсыныстар енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке
серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша
бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына
бірқатар ұсыныстар енгізілді
олар: құрылысқа және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы
және тағы басқа.
Индустрия және сауда министрлігіне
бәсекелестікті қорғау және дамыту саласының жұмысын ілгерілету мақсатында жаңа компаниялардың нарыққа шығу барысындағы кедергілерді азайту
туралы ұсыныстар берілді.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізуде қолайлы жағдай жасау мақсатында Индустрия
және сауда министрлігіне әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша бақылау-қадағалау функцияларын
жүзеге асырушы мемлекеттік
органдарының кәсіпкерлікке байланысты
нақты қызмет саласындағы өкілеттіктеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс берілді.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік кедергілерді
жою, кәсіпкерлік инфрақұрылымдарды дамыту
және кәсіпкерлердің кредит қаржаттарына қол жеткізуін жеңілдету мәселелері бойынша облыс әкімдігіне жоғарғы деңгейде шешу мақсатында ұсыныс жасалынды.
Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес әкімшілік тосқауыларды жою жөніндегі міндеттерді
іске асыру үшін кәсіпкерлерге арналған жолсілтемесі әзірленді. Онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау-қадағалау функцияларын
жүзеге асыратын және олардың қызметіне жоспарлы
және өзге де тексерулерді
іске асыратын ұйымдардың тізбесі, облыстағы қаржы институттары
мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің тізімі берілді.
БАҚ-да бақылау-қадағалау функцияларын
жүзеге асырушы мемлекеттік
органдардың құзыреттері және тағы басқа мәселелер бойынша тұрақты түрде мақалалар жарияланып,
теледидарда хабарламалар беріледі. „Южный
Казахстан” газетінде арнайы кәсіпкерге арналған айдар ашылған.
Ақпан айында жергілікті
31 телеарнада несие алу мәселелері және Шымкент-Қазақстан телеранасына
желтоқсан айында микрокредиттік ұйымдардың қызметтері және жағдайы туралы сұхбат берілді. Сонымен қатар, „Южный Казахстан”
газетінде кәсіпкерлерге арналған айдар ашылып қазіргі таңда, кәсіпкерлердің мәселелеріне арналған мақалалар тұрақты түрде басылуда. Аталған телехабарлар мен
мақалалар табысты кәсіпкерлердің қызметін көрсету және бизнес жүргізу бойынша, мемлекеттік
бақылау-қадағалау органдарының құзыреттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Семинарда «Жеке кәсіпкерлік туралы»
заңының негізгі функциясы
жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлікпен еркін
айналысуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктері бойынша
түсініктеме жұмысы жүргізілді.
Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерімен
бірлесе кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 2007 жылы
бухгалтерлік, маркетингтік және құқықтық қызметтері бойынша
облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігіне байланысты
1,5 мың кәсіпкерге кеңес берілді, соның ішінде 1017-ы Қордың қаржылық өнімі туралы, 24-бухгалтерлік
есеп, 45-салық төлемдері, 37-құқық мәселелері, 112-ақпараттық және экономиканың және тағы да басқа мәселелер бойынша
Департамент қала және аудан әкімдері, «Атамекен»
жалпыұлттық одағының ОҚФ, СодБи бизнес-инкубаторы,
«Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» ҚҰ, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту ассоциациясының ОҚФ, Қазақстан Республикасы
халықтар Ассамблеясы жанынан құрылған “Шағын және орта бизнесті дамыту
Федерациясымен” бірлесе жұмыс жүргізуде.
Бизнес инкубатор „СодБИ” корпоративтік қордың Shimkent.com порталындағы виртуалдық консалтинтік жүйенің қызметімен кәсіпкерлердің қолдануына мүмкіндік бар.
Сыртқы және ішкі туризммен
және қолөнершілікпен айналысатын
кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Бизнес инкубатор “СодБИ корпоративтік қорының интернет сайтында
“Оңтүстік Қазақстанда жасалынған” атты модулі жарияланған. Интернет сайтта
“Туризм” порталдары бар. Мәлімет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылады.
Ағымдағы жылдың 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстандық көрме компаниясы „Iteca”
мен халықаралық әріптесі ITE Group Plc (Ұлыбритания ) бірлесе ұйымдастырған „Туризм және саяхат” атты 7-ші
Халықаралық көрмесіне облыстың түристік инфрақұрылымының 14 фирмасы және Түркістан қаласының, Сайрам ауданының қолөнершілері қатысты.
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы бағдарламаға (әлеуметтік мәртебесіне) сәйкес 57 қолөнершілікпен айналысатын
кәсіпкерлерге кеңес берді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету және кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасында
және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету мақсатында Сауд Арабиясы
Корольдігіндегі елшілігінің ұсынысы бойынша „Al-Fattouh
For Alum. Accessories” компаниясымен отандық тауарөндірушілердің қатынасын қалыптастыру бойынша
облыстың бірқатар кәсіпорындары туралы
мәлімет Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігіне
жолданды. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасымен 2007
жылға арналған іс-шаралар жоспарында
кәсіпкерлік субъектілерді
көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатыстыру шаралары
көрсетіліп, қазіргі таңда бірлесе жұмыс жүргізілуде.
Иран Ислам Республикасының елшілігінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысы және Харасан губерниясының арасында сауда-экономикалық қарым қатынасты дамыту мақсатында ауыл шаруашылығына арналған машина құрал жабдықтарын, және түрлі құрылыс конструкцияларын
жасайтын компаниялар туралы ақпаратпен облыс кәсіпкерлері хабардар
етілді.
Кәсіпкерлік мәселелері, оның ішінде әйелдер мен жастар
кәсіпкерлігін насихаттау
жөнінде семинарлар,
конференциялар, көрмелер, конкурстар,
“дөңгелек үстелдер”, өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді:
Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан филиалы “Ренхессен”
(Германия) шеберлер палатасымен “Қолөнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту” жобасы
бойынша бірлесе шаштаразы, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде рынокта
отандық тауарөндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру
мақсатында Шымкент, Арыс,
Түркістан қалаларында семинар-тренингтер өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”- фермерлер мен
кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған кредит- 117,4 млн.
теңгенің 33 пайызы, “KazMicroFinans”
ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры) – 4601,5 млн. теңге кредиттік қаражаттың 3184,2 млн. теңгесімен немесе 69,2
пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды.
Бөлінген кредиттік қаражаттар ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 306 әйел кәсіпкерлерге және 398 кәсіпкер жастарға бизнес мәселелері бойынша кеңес берді.
Сонымен қатар, «Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» қоғамдық ұйымымен бірлесе «Жастардың әлеуметтік жобалары»
жобасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының жастарын бизнестің тәжірибесіне үйрету мақсатында 2007 жылдың маусым-шілде айларында
аудан, қалаларда тренинг-семинарлар өткізілді.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жоспарланған шараларына сәйкес өңірлерде қордың жүйесін жетілдіру мақсатында жергілікті
бюджетпен бірлесе 2008-2009 жылдары қаржыландыру жоспарланған болатын. Осыған байланысты қормен бірлесе Арыс қаласында және Бәйдібек, Шардара, Созақ, Түлкібас, Отырар аудандарында өкілеттіктерді ашудың шығыс сметасы және талдау жасалынып, ұсыныс берілді.
Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы бойынша
талдау жұмыстың негізінде, өкілеттік ашудың тиімділігі көрсетіліп, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсыныс жасалынды.
Шағын және орта бизнеске тартымды,
инновация деңгейінде жеткізілген ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдануға кәсіпкерлерді тарту
мақсатында ОҚО мемлекеттік инновациялық қоры 2006-2008 жылдарға арналған жоспар бойынша
облыс экономикасының өндірістерінде инновациялық технологияларды қолдануға арналған ғылыми зерттеулер мен
сынақтар жүргізуде. 2007 жылы жол құрылысында битумды
ауыстыратын ферменттер әзірлеу бойынша лабораториялық сынақтар жүргізілді, фосфорлық тыңайтқыштарды фосфориттен
алу технологиясы және облыстағы пайдалы қазбаларды қолданып жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу және тағы басқа зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе
2008-2010 жылға арналған орта мерзімдік
жоспарды әзірлеуде экономикалық тартымды жобаларға талдау жасалынып,
іріктеу жұмысы жүргізілді.
„Ғылым қоры” АҚ-ның ұсынысы бойынша инновациялық тәжірибелі –конструкторлық жұмыстар, ынталылық және тәуекелді зерттеу жобалары
бойынша, қордың өз қаражатынан қаржыландыруы туралы
ақпарат облыс кәсіпкерлеріне таратылды