Шығындар түрлері мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 07:15, реферат

Описание работы

Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Шығындардың ұғымы
2 Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
3 Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау шығындары
4 Өндірістік шығындардың есебі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ӘЭ Канжанова Б. МӨЖ.docx

— 69.33 Кб (Скачать файл)

Нормадан ауытқуды нақты материалдар шығындарын нормативпен салыстыру арқылы анықтайды. Ұқсас бақылау қалдықтарғада қатысты жүзеге асырылады.

Норма бойынша шығындарды – дайындалғаи бұйымдардың немесе шалафабрикаттардың санын шығын нормасына көбейту арқылы анықтайды. Ауытқу әрбір материалдар түрлері бойынша нақты шығындарды нормативпен салыстыру жолымен анықталады.

Өндіріске жұмсалған материалдарды шығындарға шығару, кәсіпорын басшысы бекіткен, есеп беруге тиісті тұлғамың есебінің негізінде жүргізіледі. Осы есептің және оған тіркелген бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтер шығын бағыттары  бойынша материалдарды бөлу ведомосын жасайды.

Өндіріс қалдықтарының есебі. Шикізаттар мен материалдар шығындарынан пайдаланылған (қайтарылған) қалдықтардың құны шығарылады.

Қалдықтар дегеніміз – өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру процесіне пайда болатын, өзінің талап етілетін қасиетті толық немесе бөлшектеп жоғалтатын, соған байланысты шығынды көбейте отырып, пайдаланылатын немесе тікелей бағыт бойынша пайдаланылмайтын шикізаттардың, материалдардың, шалафабриқаттардың, жылу өткізгіштердің және басқа материалдардың ресурстар түрлерінің қалдықтары.

Жинақтау және пайдалану мүмкіндігі бойынша қалдықтарды қайтарылатын, кәсіпорынның өзінде қолданылатын немесе басқа жаққа сататын және қайтарылмайтын (кеуіп кету, шаңға айналу және т.б.) деп бөлінеді.

Бухгалгерлік есепте оларды пайдалану немесе сату мүмкін болатын бағамен бағаланған қайтарылатын қалдықтар ғана көрсетіледі.

Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды. Қайтарылатын қалдықтардын саны оларды қоймаға өткізетін накладнойдардың негізінде анықталады. Қайтарылатын қалдықтар өнім турлері бойынша тікелей есепке алынуы мүмкін немесе қалдықтардың шығу нормасы бойынша шығарылған бұйым түрлерінін арасында пропорциональды түрде бөлінеді.

Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы және еңбекақыдан аударылатын аударымдар бойынша шығындар есебі. «Өндіріс жұмысшыларынын еңбекақысы» бабы бойынша өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақылары есептеледі.

Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы өнімдерді пайыйдаумен тікелей байланысты болады.

Өндіріс жұмысшыларынын негізгі еңбекақысы кесімді баға бойынша есептеледі, бастапқы құжаттардың (ведомостъ, нарядтар, маршрут қағаздары, өңдеу жөніндегі рапорт) негізінде белгілі бір өнім түрінін өзіндік құнына енгізіледі.

Бұл жағдайда, егер шығынды тікелей апару мүмкін болмаған жағдайда, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы өнім түрлерінін арасында өнімнін бір данасы белгілеген нормативтік ставка бойынша пропорциональды түрде бөлінеді. Ол үшін нақты шығарылған әрбір өнім түрлерінің көлемі үшін нормативтік еңбекақы сомасы – шығарылған өнімнің бірлігінс белгіленген еңбекақының нормативтік мөлшерін шығарылған өнімнің нақты көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Сонан соң нақты есептелген жұмысшыдардын негізгі еңбекақысы өнім түрлерінің арасында нақты шығарылған өнім үшін нормативтік еңбекақыға пропорциональды түрде бөліп таратылады.

Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысына өндірісте жұмыс істемеген уақытқа төленетін төлем жатады: жұмысшылардын кезекті және қосымша демалысына төленетін ақы, кезекті демалысты пайдаланбағаны үшін төленетін өтемақы, баланы күтіп-бағу демалысына төленетін ақы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындаумен байланысты уақытқа төленетін ақы, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін төленетін төлем және т.б.

Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысы негізнен бұйымдар мен тапсырыстар арасында өндіріс жұмысшыларынын негізгі еңбекақы сомасына сәйкес бұйымға (тапсырыс) апара отырып, пропорционалды түрде бөліп таратылады.

Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі және қосымша еңбекақының есептелген сомаларының көрсетілуі, цехтар мен бөлімшелердің коды, өндіріс шығындарының коды, негізгі және қосымша еңбекақы сомасы және басқа да қажетті көрсеткіштер көрсетілген кестелер, ведомостар негізінде жүзеге асырылады.

«Үстеме шыгындардың есебі. Үстеме   шығындардың   түсінігі   және   олардың   түрлері. Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлік), өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Бұл сөзбен айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтардағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі құралдардың тозуы   және   материалдық   емес   активтердің   амортизациясы; үйлерді, ғимараттрды және жалпы өндірістік (цехтық) бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндірістік (иехтық) сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты басқа да цехтық шығындар.

Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептср бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда (бөлімшелерде) материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар.

Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады. Бірінші сатынын мақсаты барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтары бойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді. Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін пайдаланылады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырландырылған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өмімдерге таратылады.

Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.

Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінін көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:

- өндіріс жұмысшыларының  орындаған нақты уақыты;

- өндіріс жұмысшыларының  еңбекақысына   пропорциональды;

- тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды:

- цех құнына пропорционалды  немесе шикізат құны шегерілген;

- цехтың өзіндік құнына  пропорционалды;

- белігіленген шығындарды таратудың тұрақты коээфиценті бойынша;

- басқа да тарату базалары бойынша.

Үстеме шығындарды төлеу ставкасы. Әрбір өндірістік шығын орталықтары үшін үстеме шығыстар ставкасы орталыққа бөлінген жалпы шығындарды тарату базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Өндірістегі ақаулардың есебі. Өндірістегі ақауларға – өзінің сапасы бойынша белгіленген стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылмайтын не болмаса, ондағы бар ақауларды қалпына келтіру үшін қосымша шығындар жұмсағаннан кейін ғана қолдануға болатын өнімдер (бұйымдар, шалафабрикаттар, бөлшектер және конструкторлар) жатады.

Ақау байқалған орнына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Өнімдерді тұтынушыларға (тапсырыс берушілердің жұмысын тапсырғанға дейін) жеткізгенге дейінгі өндірістін кез-келген бөлімшесінде анықталған ақау ішкі ақау деп аталады. Ал, сыртқы ақау тұтынушылардың тапқан ақауы. Ақаудың анықталу сипатына байланысты түзетілетін және түзетілмейтін   (түпкілікті)  болып  бөлінеді. Түзетілетін   ақауға жөндегеннен кейін техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты болатын және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін болатын бөлшектер, жалғауыштар (узлы), бұйымдар және жұмыстар жатады. Түзетілмейтін ақауларға техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты түзету мүмкін болмайтын өзінін тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін емес бөлшектер, шалафабрикаттар, бұйымдар және жұмыстар жатады.

 

Қорытынды

 

Өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызмет көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Басқару бухгалтериясы шоттардың жоспарының 8-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.   ҚР «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік  туралы» заңы №234- Ш, 28.02.2007 ж.

2. Международные стандарты финансовой отчетности: полного официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008 г. - М.: Аскери - АССА, 2008

3.   Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, № 185 200/ жылдың 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының: қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген.

4.    Ә.Д.Дәулетбеков, К.Т.Тайгашинова, Т.А. Тасмағанбетов.

«Басқарушы - өндірістік есеп». Оқу құралы. Алматы, Принт 2000

5.   Друри К. «Управленческий и производственный учет» (перевод с англ.) М.: ЮНИТИ, 2003.

6. Назарова В.Л. (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Окулық. Алматы, Экономика, 2005

 

 

 


Информация о работе Шығындар түрлері мен әдістері