Төлем балансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 23:35, курсовая работа

Описание работы

1.
Төлем балансы түсінігі
2.
Ағымдығы опреациялар шоты
3.
Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты
4.
Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі

Файлы: 1 файл

Толем балансы.docx

— 29.55 Кб (Скачать файл)

ақырып 15. Төлем балансы

  1.  
    Төлем балансы түсінігі
  2.  
    Ағымдығы опреациялар шоты
  3.  
    Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты
  4.  
    Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі

 
 
1. Төлем балансы түсінігі. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елді әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге берілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді. 
 
Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық валюта Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұскау, ХВК 5-басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады. 
 
Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:

  •  
    резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды 
    есепке алу;
  •  
    операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;
  •  
    қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету;
  •  
    әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем 
    сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;
  •  
    операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша 
    тіркеу.

 
Резидент және резидент еместер. Төлем  балансын құруда сыртқы экономикалық операцияларды ішкі шаруашылык. операциялардан айыру қажеттігінен резидент ұғымы  үлкен маңызға ие болады. 
 
Сыртқы экономикалық операцияларды нақты ұйымдар, компаниялар немесе жеке тұлғалар жасайтындықтан, олар халықаралық экономикалық қатынастар тұрғысынан қарағанда не елдің резиденті, не резиденті емес есебінде саналады. ХВҚ-ың ұсыныстарында "Мемлекеттің экономикасы басқа территорияға қарағанда осы территориямен тығыз байланысқан шаруашылықтардың жиынтығы. Осы елдің төлем балансы, егер көрсетілген шаруашылықтар елдің резиденті болып саналса, олардың басқа елдермен операцияларын көрсетеді. Ал егер олар резидентдеп есептелмесе, олардың осы елмен операцияларын көрсетеді". 
 
Резиденттерді анықтауда түрлі елдердің өзіндік ерекшеліктері 
бар. Мысалға: АҚШ-та резиденттерге осы елде тұрақты өмір сүріп 
жатқан азаматтар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компания- 
лар жатқызылады. Ал шет елде тұрып жатқан американ азаматта- 
рының (мемлекет қызметкерлерінен басқа) АҚШ резиденттеріне 
жатқызылуы, олардың шет елде болу мерзіміне байланысты. 
Американ корпорацияларының шет елдегі еншілес кәсіпорындары, филиалдары АҚШ үшін шетел фирмалары ретінде саналады. 
 
Алманияда төлем балансы тұрғысынан резиденттерге шаруашылық мүдделерінің ортасы осы елде орналасқан, ұлттық нышаына қарамай, жеке және құқықтық тұлғалар жатқызылады. Осыған байланысты ГФР резиденттеріне ел азаматтары ғана емес, сол елде іс-әрекетін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер де жатады. 
 
Қазақстанда резиденттер қатарына:

  •  
    Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы бар, 
    сонымен бірге шетелде уақытша немесе шетелде мемлекеттік 
    қызметте жүрген жеке тұлғалар кіреді;
  •  
    Қазақстан заңдарына сәйкес құрылған құқықтық тұлғалар, 
    олардың республикада және шет елде орналасқан филиалдары 
    мен өкілдіктері резидент болып саналады:
  •  
    Республикадан тыс орналасқан Қазақстанның диплома- 
    тиялық, сауда және басқадай ресми өкілдіктері кіреді;
  •  
    Валюталық заң тұрғысынан жоғарыда көрсетілгендерден 
    басқа барлық құқықтық не жеке тұлғалар, Қазақстанда немесе 
    шет елдерде орналасқанына қарамастан, біздің елдің резиденті 
    болып саналмайды.

 
Резидент еместерге кіретіндер:

  •  
    елге келген туристер, кеме мен ұшақтардың экипаж мүшелері, 
    маусымдық жұмысшылар, т.б. және шекаралас облыстарда тұрып 
    жатқан шетел жүмысшылары (өйткені олар тұрақты мекен-жайына 
    байланысты сол елдердің резиденттері болып саналады).
  •  
    дипломаттар, консульдік өкілдіктер және мерзіміне қарамастан 
    шетелде жүрген әскери қызметкерлер.

 
Қазіргі заман жағдайларында резиденттік  мәселе күрделене түскенін атап кету қажет. Ол әлемдік шаруашылықтағы капитал  интерұлттануы, трансүлттық корпорациялар  іс-әрекетінің кең ауқымдылығы, еңбек  күші миграциясының қарқындылығы мен  сол сияқты процестерге байланысты. 
 
Егер де төлем балансы резидент пен резидент еместер арасындағы барлық мәмілелерін тіркейтін болса, экономикалық мәмілелер ұғымына түсінік беру маңызды. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мәмілелер деп бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге қүқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбасы аталады (Линдерт Г.Х. Экономика мирохозяйственных связей). 5 мағынада кез келген экономикалық мәмілелер әрқашанда жақты болғандықтан, олар төлем балансында екі жақты жазу пісі бойынша есептеу жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Осы елдің ұрғысынан қарағанда мәмілелердің бұл жақтары дебеттік және кредиттік баптарға бөлінеді. Көп жағдайларда кредит операциялары оң белгісімен, ал дебеттіктер теріс белгісімен жазылады. 
 
Төлем балансында "+" және "-" белгілерінін пайдаланылуы.

 
Операциялар

 
Кредит

 
Дебет

 
1. Ағымды есеп

 

 

 
Тауарлар мен қызмет көрсетулер

 
Тауарлармен қызмет көрсетулер экспорты

 
Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты

 
Табыс

 
Резидент еместерден түскен төлемдер

 
Резидент еместерге жіберілген төлемдер

 
Ағымдағы трансферттер

 
Резидент еместерден түскен төлемдер

 
Резидент еместерге төленген төлемдер

 
2. Капитал, қаржы және қорлармен  жасалатын операциялар есебі

 
Капиталдар трансферті

 
Резидент еместерден түскен төлемдер

 
Резидент еместерге төленген төлемдер

 
Қаржы активтері мен міндеттемелері-мен  жүргізілетін операциялар

 
Қаржы ағымының келуі (резидент еместер  алдында міндеттемелердің ұлғаюы немесе резидент еместерге талаптардың  азаюы)

 
Қаржы ағымының кетуі (резидент еместерге  талаптардың ұлғаюы немесе резидент еместер алдында міндеттемелердің азаюы)


 
 
Кредит - бұл құндардың кетіп, осы  елге оның орнын толтыратын Құндардың  келуі немесе төлемдер түсуі тиіс. Ал дебет -құндардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс екені белгілі. 
 
Екі жақты жазу әдісі есебінде кредиторлық жазулар сомалары Дебеттік жазулар сомаларына тең болып, жалпы нәтижесі нольге тең болуы тиіс, Көптеген алдын ала дайындау есебін өндеу негізінде жинақталған төлем балансына төлемдер мен тұсімдерді немесе елдің басқа елдермен жүргізген операцияларындағы міндеттемелері мен талаптарындағы өзгерістерді керсететін көрсеткіштер енеді. Сөйтіп төлем балансын құру принципіне сәйкес оң көрсеткішердің қорытынды сомасы оның теріс көрсеткіштер сомасына тең болып, барлық жағдайларда формальды тепе-теңікті қамтамасыз етуі қажет. Осыған сәйкес төлем балансы әрқашан тепе-тең болады. Бірақ тәжірибеде есептер балансы шықпайды. Оның негізгі себептеріне мәліметтердің әр түрлі көздерден алынуы, кейбір баптар бойынша ақпараттардың төмендетіліп көрсетілуі немесе есептеуде көрсетілмеуін айтуға болады. Сонымен қатар әдістемелік және есептік сипаттағы қателіктер мен байқаусыздықтар да орын алады. Сондықтан төлем балансының барлық есептерінде "таза қателіктер мен байқаусыздықтар" бабы болып, ол есептеуде көрсетуге тиіс болған операциялары бағалаудағы қателіктер мен байқаусыздықтарды керсетеді. 
 
Төлем балансында көрсетілетін ағымдар (қорлар емес) екі бағытта болады. Ағымдар белгілі бір кезеңде саналса, қорлар тек бір уақыт мезгіліне ғана анықталады. 
 
Төлем балансын құрастыруда ағымдарды тіркеу уақытын білу өте маңызды. Тәжірибеде көбінесе мемлекеттің төлем балансын құрастыруда мәліметтерді жинау мен дайындау мерзімі бір жыл болып белгіленеді. Өйткені кәсіпорындардың төлем балансында көрсетілетін бірқатар операцияларының бағалық мәліметтері жылдық негізде ғана түсетініне байланысты. Бірақта, бұл кейбір мемлекеттердің тоқсан сайынғы ұлттық есептер сметасына сәйкес келетін тоқсандық төлем баланстары үшін мәліметтер дайындауын жоққа шығармайды. Ол кейбір мәліметтердің (мысалға, экспорт пен импорт) көбінесе үш ай, тіпті ай сайын келіп түсу мүмкіндігіне байланысты. 
 
Операциялар меншік құқығының заңды түрде ету мезгілінде тіркеледі. Оны келісімге қатысушы екі жақтың бухгалтерлік кітаптарында операцияны тіркеу кезінде жүзеге асырылады деп саналады. Бүл жерде екі жақта осы операцияға бір мезгілде әсер ету тиіс. Операция бойынша төлем уақыты келгенде есептеп қосу әдісі негізінде, мысалға нақтылай есеп айырысу кезінде емес, пайыздарды төлеу кезінде жүзеге асырылады, Көбінесе сауда, қаржы, қызмет көрсету операциялары екі жақта бір мезгілде тіркелмеуі де мүмкін. Бүл жағдайда кәсіпорындарды сұрастыру нәтижелері мен түскөн сауда және валюта құжаттар негізіндегі бастапкы мәліметтерге уақытша өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды. 
 
 
^ 2. Ағымдығы опреациялар шоты. Операциялар нақты (тауарлар, қызмет көрсетулер, табыс, өндірістік емес және қаржылық емес активтер) және қаржылық ресурстарымен жүргізілетін операцияларға бөлінеді. Ұлттык, есептер жүйесіне сәйкес операциялар мынандай түрлерге бөлінеді: 
 
а) нақты ресурсты нақты (бартер) немесе қаржылық (нақтылай 
ақшасыз есеп айырысу, несие және т.б.) ресурсқа айырбастау. 
 
Соңғысына жаңа қаржы талаптары мен міндеттемелерін жасақтау немесе жоқ қылу (қарызды кешіру) кіреді. 
 
б) бір қаржы ресурстарын басқасына айырбастау; 
 
в) өндіріс факторларын пайдаланудан (еңбек пен капитал) түскен 
табыстар мен төлемдер; 
 
г) қайтарымсыз трансферттер - бір жақтың екінші жаққа 
экономикалық бағалықтарды ешбір талаптарды тудырмай беруі 
немесе ешқандай міндеттемелерді тудырмай бағалықтарды 
кабылдауы. 
 
Трансферттер ағымдағы және капиталды болуы мүмкін. Халықтың көшіп-қонуымен байланысты материалдық және қаржы ресурстарының қозғалысы капиталды трансферттерге кіреді. 
 
Барлық қаржылық, сауда және тағы басқа операциялар нарықтық негізде жүзеге асырылатыны белгілі. Сондыктан төлем балансының операцияларының бағалары сатушы мен сатып алушылар арасында ерікті айырбас кезінде қалыптасатын нарықтық бағалармен бағалануы тиіс. Бұл жерде нарықтық баға түсінігін әлем нарығында қандай да тауарға қалыптасатын баға болып табылатын жалпылама бағалық индикатормен шатастырмау қажет. 
 
Бірақ нарықтық бағаларды қолдануға келмейтін операцияларды қалай бағалау керек? (оларға біз бартерлік мәмілелерді, филиалдар арасындағы операциялар мен трансферттерді жатқызамыз). Бұл жағдайларда нарықтық бағалардың орнына олардың орнын басатын көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Мысалға, бартерлік сауда кезінде, бағалар олардың сатылу жағдайындағы деңгейде есептеледі. 
 
Экспорт пен импорт тауарларының сауда операцияларының тіркелуі Инкотермс талаптарына сәйкес есепке алынады. Басқаша айтқанда, экспорт экспортер елдің кедендік шекарасынан тыс тасымалдау шығындарын есептемейтін франкоборт немесе ФОБ бағаларында есептелінеді. Импорттауарлары кеденде халықаралық сақтандыру мен тасымалдау шығындары кіретін СИФ негізінде тіркеледі. Бірақ төлем балансындағы есептеріне импорт та ФОБ негізінде тіркеліп, сақтандыру мен жүк тасымалдау "қызмет көрсету" бабында көрсетіледі. 
 
Операциялар төлемдерінде кез келген валюта, оның ішінде ұлттық валютаны пайдалану мүмкін болғандықтан, соңғысының уақыт аралығында валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде талдаулық мәні төмендеп кетуі мүмкін. Осы себептен төлем балансының есептерінің жүргізілуі көбінесе бір тұрақты шетел валютасында (мысалға АҚШ долларымен немесе арнайы қарыз құқығымен) есептелініп, елдер арасында салыстыру жүргізуді жеңілдетеді. Мәліметтерді жүзеге асырылған валютамен есептелінетін бірлікке келтіру кезінде, операциялар орындалған күндегі валюталық бағамның нарықтық бағамына сәйкес келемін пайдалану орынды. 
 
Мәміленін орындалу мезетін белгілеу. Төлем балансына енетін мәліметтерде операцияның орындалу мезетін белгілеу мәселесі де өте маңызды болып табылады. Бағалар сияқты, мәмілелерді орыкдау уақытында да кептеген мүмкін шешімдері бар. Операцияның орындалу уақытын көрсететін көрсеткіші ретінде шарттарға қол койылу немесе келісімге келу, тауарды түсіру, оны жеткізу, кедендік процедурадан өту, қызмет көрсету, табыс есептелінуі мен төлемдер жүргізу уақыты қызмет атқаруы мүмкін (ХВҚ басшылығы мәміленін орындалу мерзімін таңцағанда, меншіктің ауысуы ұлттық есепте жүргізу уақытымен бір кезде болуын ұсындық). 
 
Алдында айтылып кеткендей, әр түрлі қателер мен бұрмалауларды болдырмау шарасыздығына байланысты, телем балансына "қателер мен байқаусыздықтар" бабы енгізілген. Төлем балансы әрқашан формальды тепе-теңдікте болу қажет, нақты мәліметтердің ауытқулары осы бапқа енгізіледі. Бірқатар жағдайларда, телем балансы баптарының бар топтастырылуына қандай да бір себептермен жатқызыла алмайтын жағдайда немесе жасыру мақсаттарында көрсеткіштер осы бапқа енгізіледі. Осы баптың көрсеткіш-тері әдістемелік қателіктерді ғана көрсетпей, есепке алынбаған, оның ішінде контрабандалық операцияларды көрсеткендіктен, түрақты болады. 
 
Ағымдағы операциялар есебі - тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен ағымдағы трансферттермен жасалатын нақты операцияларды қамтиды. Ағымдағы операциялар есебінің оң сальдосы тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді. Ал теріс сальдо тауарлар мен қызмет көрсетулердің импортын, табыстар мен трансферттердің төленуін білдіреді. Жоғарыда келтірілген операциялар әр түрлі баптарда төмендегідей топтастырумен көрсетіледі. 
 
Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өнделген одан кейінгі қайта импорт-қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспорт құралдарымен сатып алынған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді. Сыртқы саудадағы операциялардың толық есепке алынбауына байланысты, қамтылуында толықтырулар жасалады. Ол "челноктық" сауда және операциялардың бағалау қундарындағы мәліметтермен толықтырылып, экспорт пен импорт бартерін "эквивалентсіз бартерға" теңестіріліп, резидент және бейрезиденттер жүзеге асырған импорттың СИФ құнын әдістеме талаптарына сәйкес жүк тасымалдау мен сақтандыру құндарын алып тастау арқылы импорттың ФОБ құнына келтіріледі. Қазақстанда жүк тасымалдау немесе фрахт құны ТМД елдерінің тауарларының 7 пайыз құнымен бағаланып, әлемнің басқа елдері үшін 14 пайыз мөлшерінде бағаланып, ресми статистикада көрсетіледі. 
 
Қызмет көрсетулер, олардың барлық деңгейлерін қамтып, оған көбінесе жүк және жолаушылар тасымалдау, туризм, кенес беру мен білім беру қызмет керсетулері сияқты, техникалық көмек геофизикалық, құрылыс, коммуникациялықжәне үкіметтік қызметтер кіреді. 
 
Табыс - өндіріс факторлары болып табылатын еңбек пен капиталды пайдаланудан түскен табыс қызметкерлерге жәрдемақы, тікелей және портфельді, басқадай инвестициядан алынған табыс пен қорлардан құралады. Капиталдан алынған табыс дивиденд, пайыз немесе басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. 
 
Ағымдағы трансферттер. Бұл бапқа, техникалық немесе гуманитарлық көмек сияқты экономикалық құндылықтары қайтарылмайтын грантгардың берілуіне немесе алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен жасалатын операциялар кіреді. Осы бапқа, сонымен қатар жеке тұлғалардың ақша жіберулері мен салықтары, үкіметтің әр түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға төлейтін жарналары да кіреді. 
 
Елдің халықаралық жағдайын анықтауда ең алдымен экспорт пен импорт арақатынасы бағаланады. Шет елде сатылған және елге келген тауарлар көлемдерінің деңгейін анықтау бізге сауда балансын алуға мүмкіндік береді. 
 
Сауда балансының шығарылуы кеден мекемелерінің сауданың статистикалық мәліметтерін өңдеуіне байланысты тұрақты шығарылуы мүмкін. 
 
Сауда балансы экспорт пен импорт арасындағы айырма ретінде шектелген ақпарат берсе де, ол жалпы жағдайды талдаудың өте маңызды мәліметі болып табылады. Өйткені халықаралық қатынастардың 80 пайыз көлеміндегі үлесі саудаға тиесілі. Сауда балансының сальдосын шығарудың есептелуіндегі қиыншылықтар әлемдік статистикада экспортты ФОБ бағаларында есептелуіне байланысты туындауда. Басқаша айтқанда, оған тасымалдау мен сақтандыру және т.б. құндар кірмейді. Ал импорттасымалдау мен сақтандыру құндары енген СИФ бағаларында есептелінеді. Мамандардың пікірінше, әкелінетін тауарлардың құндарының орта есеппен 10 пайызын қүрайтын айырмасы есептеу кезінде алынып тасталынады. 
 
Сауда балансы төлем балансының жалпы нәтижесінің көп бөлігіне әсер еткенмен, бірақ теріс сауда сальдосы міндетті түрде жалпы дефицитке әкелмейді. 
 
Экспорт-импорт операцияларын "көрінбейтін" саудамен (қызмет көрсету) толықтыру тауар мен қызмет көрсетулер балансын алуға мүмкіндік береді. 
 
Кейбір елдер үшін "қызмет көрсету" тарауы өте елеулі болады. Мысалға ел территориясы арқылы ауқымды туристік ағымдары өтетін мемлекеттерде туризмнен түсетін төлемдер маңызды үлес алады. 
 
Қызмет көрсетулерді сату туралы ақпараттардың жанама есептеулер нәтижесінде алынатындығынан баланстардың кешігіп жарық көруіне әкеледі. 
 
 
^ 3. Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты. Енді капиталдар мен операциялар және қаржы операциялар есебін қарастырайық. Ол негізгі екі категориядан: капиталды және қаржылык есептерден тұрады. Капиталды есепке капиталды трансферт пен өндірістік емес, бейқаржылық активтер операциялар енеді. Өз кезегінде қаржы есебі халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады. 
 
Капиталды есептің негізгі құрамдас бөлігі болатын капиталды трансферттерге мүлікке, негізі қорларға меншік құқығын қайтарымсыз беру мен борыштарды кешіру кіреді. 
 
Ақшалай қаржылардың қайтарымсыз берілуі капиталды трансфертке жатқызылуы үшін, ол қаражат негізгі қорлар мен капиталды құрылысқа бағытталған жағдайда ғана саналады. 
 
Қаржы есебі төмендегідей функционалды категорияларға бөлінеді: 
 
Тікелей инвестициялар - негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвести-циялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары. Ол акционерлік капиталға, қайта инвестицияланатын табыстарға және капиталдың басқа түрлеріне бөлінеді. Тікелей инвестициялар көлемі капитал салымдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің тиімділігі мен экономикалық өсу қарқындылығының болашағы бар болуына байланысты. Капитал салымдарын тартуды ынталандыру жағдайын қалыптастыру үшін нақты құқықтық негіздердің болуымен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, сенімділігі мол мемлекеттік саясаттың болуы қажет. 
 
Тікелей инвестициялар тауар, жылжымайтын мүлік пен қаржы ресурстар түрінде болуы мүмкін. Төлем балансында тікелей инвестициялар - шетелдегі экономикалық мәні бар активтергө тікелей инвестициялар (резиденттердің басқа ел экономикасына инвестициялар) және резидент еместер алдында экономикалық міндеттеме сипатындағы ұлттық экономикаға тікелей инвестициялар (осы экономикаға резидент еместердің инвестициялары) болып бөлінеді. 
 
Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, сонымен қатар туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар кіреді. Оның ішіне валюталық және пайыздық своптар да кіреді. Қазақстан Республикасында 6үл категорияға корпоративтік бағалы қағаздарға жасалған инвестициялар кіріп, оның ішінде үлесі 10 пайыздан төмен болған акциялар көлемі мен мемлекеттік қарыздың бағалы қағаздары енеді. Қарыздық бағалы қағаздарға мерзімі бір жылдан астам облигациялар мен айналымдағы вексельдер, ақша нарығының құралдары мен қаржылық туындылар кіреді. 
 
Баскадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жекеше қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, оның ішінде тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді. 
 
Резервтік активтер - мемлекеттін сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансынын маңызды бөлігі болып табылады. Төлем балансының стандартты есептерінде, олар қорларды көрсететін статистикалық көрсеткіштер ретінде емес, жалпы сыртқы активтердің өзгерісін көрсетіп, оның төлем балансының қажеттігіне пайдалана алатындығын меңзейді. Халықаралық резервтер Ұлттық банк операция жүргізетін мемлекеттің сыртқы активтерінен құралады. Олар төлем балансының дефицитін қаржыландыру, валюта бағамын реттеу мен ұлттық валюта тұрақтылығын қолдау үшін валюта нарығында интервенциялар жүргізуге пайдаланыла алады. Резервтік активтерге шетел валюталары (қолма-қол ақша, депозиттер мен бағалы қағаздар), монетарлық алтын, ХВҚ арнайы қарыз құқығы мен ХВҚ-дағы резервтік позиция мен басқадай талаптар кіреді. Төлем балансында алтын қорларының орталық банк пен халықаралық қаржы ұйымдарының алтынды сату-сатып алу операциялар нәтижесіндегі өзгерістерді көрсету қабылданған. 
 
Резервтік активтер ретінде әрекет ету үшін, оған сәйкес келетін баптар ақша-несие реттеу мекемелерінің тиімді бақылауында болуы тиіс. Өйткені олар осы қүралдарды пайдалану арқылы төлем балансының дефицитін тікелей, немесе теріс сальдосын жанама реттеу, мысалға шетел валюта нарығында интервенция жолымен резервтік активтерде және резервтік міндеттемелерде өзгеріс енгізу мақсатында қолдана алу қажет. 
 
Төменде төлем балансының стандартты топтастырылуының құрылымы берілген. 
 
 
^ 4.Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі. Резервті активтер қаржылық шоттың басқа баптарына қарағанда, мемлекеттің тікелей бақылауында болады және онымен экономикалық саясаттың мақсаттарына жету үшін пайдаланылуы мүмкін.  
 
^ Резервті активтер — елдің халықаралық жоғары өтімді активтері, олар үкімет немесе ақша өкіметінің бақылауында болады және қай кезде болсада төлем балансының тапшылығын қаржыландыруға және ұлттық валюта бағамын реттеуге қолданылуы мүмкін. 
 
Атап кету керек, резервті активтер төлем балансын қорғаудың екінші құралы болып табылады. Ағымдағы операциялардың елеулі тепе-теңсіз жағдайы кезінде, яғни тауарлар мен қызметтер импортын төлеуге қаражаттардың жетіспеушілігі кезінде үкімет қосымша сыртқы несиелерді тартуға барады. Тек осы шараларды қолдану ешқандай нәтиже бермеген кезде, үкімет сырты шоттарды төлеуде резервті активтерді пайдаланады.  
 
Төлем балансы шеңберінде көрсетілетін резервті активтер тек нақты қолдағы бар активтерді қамтиды. Жалпы алғанда, өзгерісі төлем балансында «сызықтың астында» көрсетілетін, резервті активтер келесі активтер сомасынан құралады: монетарлық алтын, қарыз алудың ерекше құқы, валюта активтері, басқада міндеттемелер, айрық қаржыландыру.  
 
 
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3 
 
Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

 

 

Қазақстанның төлем балансы

Ұлттық банктің алдын-ала есебі бойынша ҚР І тоқсандағы төлем балансы 3,8 млрд. долларға артығымен орындалды.  
 
Ұлттық банктің алдын-ала есебі бойынша 2012 жылдың І тоқсанында елдің төлем балансы 3,795 млрд. долларға жетіп, артығымен орындалды. Ал, сауда балансы 12,29 млрд. долларлық көрсеткішке жетіп, тағы артығымен орындалды -, деп хабарлады ҚазТАГ. Қаңтар-наурыз айларының аралығында Қазақстаннан экспортқа жөнелтілген тауарлардың құны 22,03 млрд. долларды құрады. Импорт 9,74 млрд. долларға жетті. Баланс 1,66 млрд. долларды құрап отыр. Баланста дефицит байқалды. Тікелей шетелдік инвестициялардың ауқымы 4,5 млрд. доллардан асты. Қазақстандық инвесторлар шетелге 448,4 млн доллар инвестиция құйды.


Информация о работе Төлем балансы