Тұрмыс-салт жырлары, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:35, реферат

Описание работы

Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері:


1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 30.28 Кб (Скачать файл)

 

 

Ақсұңқар ұшты ұядан,

 

 

Қол жетпейтін қиядан, –

 

 

деп, қазаны естіртуші адам айтайын деген ойын жұмбақтап, ишаратпен, тұспалмен бастап, әр түрлі салыстырулар арқылы тыңдаушыларды алдын ала даярлаған. Сондай-ақ,

 

 

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

 

 

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ

 

 

не болмаса «Жетпесті қума, келмеске жылама» деген сөздермен басу, жұбату айтқан. Мұндай өлең түрлері естірту деп аталған. Естірту өлең-жырмен де, қарасөзбен де, күймен де жеткізілген. Естіртудің қарасөз түріне «Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін естірту», «Шыңғыс төреге Шоқан өлімін естіру», «Қанжығалы қарт Бөгенбай өлімін естірту», т.б. жатады. Ауыз әдебиетінде естірту күй түрінде де кездеседі. Мысалы, Жошы ханның жалғыз ұлының өлімін күймен естірткен.

 

 

Көңіл күйге байланысты туған өлең-жырдың көне түрі – жоқтау біреудің жақын адамы, ел қамқоры болған батыр қайтыс болғанда айтылған. Халық үшін жаулармен шайқасып, қол бастаған, ел қорғаған Қанжығалы Бөгенбай батыр өлгенде Үмбетей ақын:

 

 

Уа, Алатаудай Ақшадан

 

 

Асып тудың, Бөгенбай,

 

 

Болмашыдай анадан

 

 

Болат тудың, Бөгенбай, –

 

 

деп жоқтаған.

 

 

Көңіл күйді білдіретін өлеңдерді ғалым, әдебиетші М.О. Әуезов «мұң-шер өлеңдері»деп те атаған.

 

 

Тұрмыс-салт жырларының бірі – бата-тілек. Бата – қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасы. Халық «Жаңбырмен жер көгереді, Батамен ер көгереді» деп бата сөздерге аса үлкен мән берген. Этнограф-фольклорист В.В. Васильев «Бата – қазақ поэзиясының ерекше түрі» деп аса жоғары бағалаған. Батаның көптеген түрлері бар.

 

 

1. Жол батасы.

 

 

Жолыңды Алла қолдасын,

 

 

Сапарыңды оңдасын.

 

 

Пырақ болып мінгенің

 

 

Жорытқанда жаныңда

 

 

Қызыр болсын жолдасың...

 

 

2. Дастарқан батасы:

 

 

Заман тыныш болсын,

 

 

Дастарқанға ырыс толсын.

 

 

Орындарың төр болсын,

 

 

Нәсіптерің мол болсын!

 

 

3. Тұсаукесер батасы:

 

 

Тұсауыңды кесейін,

 

 

Салып ата салтына

 

 

Жалтақтамай аяқ бас.

 

 

4. Шілдехана батасы:

 

 

Құтты болсын бесігің,

 

 

Аштың өмір есігін.

 

 

Батамды оңдап берейін,

 

 

Азамат бол мерейлі!

 

 

5. Көш батасы:

Көшің көлікті болсын,

 

 

Көлігің сенікті болсын!

 

 

Көшбасшың білікті болсын,

 

 

Сапарың сенікті болсын!

 


Информация о работе Тұрмыс-салт жырлары, түрлері