Тәуелсіз қазақстанның тмд мемлекеттерімен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8
1 ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
1.1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
1.2 Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2.1 Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
2.2 Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

Файлы: 1 файл

Дип.-ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ2006.doc

— 517.50 Кб (Скачать файл)

Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2001 жж. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Одағының ыдырап, мемлекеттің негізі құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерістерінің іске асуымен ерекше. ҚР-сы Халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде ТМД, ЕурАзЭҚ т.т. шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасауда.

Зерттеудің  максаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын анықтау. Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерістегі Қазақстанның орны мен рөлін, қосқан үлесін анықтау, талдау және қорытындылау.

Осы мақсат жолында  автор өзінің алдына мынандай міндеттер  қояды:

  • ТМД     кеңістігіндегі     Қазақстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық     үдерістердің     тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;
  • бұрынғы   кеңестік   республикалар   арасындағы   қарым-қатынас 
    үдерісі     қалыптасуының     саяси-құқықтык     механизмдері     мен 
    түрлеріне,   ондағы   Қазақстан   Республикасының   рөліне   талдау 
    жасау;
  • XXI     ғасырдың     басындағы     экономикалық     байланыс тиімділігін      елдің      тұрақтылығы   мен      одан   арғы      прогресі 
    мақсатында   пайдалану   бағытындағы Қазақстан Республикасының 
    қосқан үлесін және сыртқы саясаты тұжырымдамасының    негізгі 
    элементтерін анықтау;
  • Қазақстанның Орталық  Азиядағы саяси, этникалық,   діни   және 
    мәдени   үдерістердегі рөлін аша отырып, оның интеграцияға және 
    елдің жалпы дамуына әсерін анықтау;
  • ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық 
    ынтымақтастықтағы   Қазақстан   мен   әртүрлі   елдердің   екіжақты 
    мүдделерін анықтау.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысыы кіріспе, екі тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

 

  1. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ

     ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

 

1.1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы   және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері.

КСРО экономикасы  жоғарғы интеграцияланған кешен  ретінде дамып, Одақішілік еңбек  бөлінісі өндіргіш күштердің дамуы тұрғысынан қарағанда тең дәрежеде болмаса да, жекелеген бөліктері бір-бірімен тығыз байланыста болды. КСРО құлағаннан кейін қалыптасқан қарым-қатынастардың үзілуі себебінен республикалар экономикасында дағдарыс басталды (мәлімет бойынша 1992-1995 жылдардағы ТМД елдеріндегі экономиканың құлдырауының үштен бірі осы байланыстардың үзілуі себебінен болды).

Бұрынғы Одақтас республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстар әкімшілік-бұйрықтық негізде құрылып, мемлекеттен қолдау тауып отырды. Сондықтан да нарыққа өту кезеңіндегі тұтас мемлекеттің қирауы салдарынан күрделі құрылымдық деформацияның орын алуы түсінікті де еді. ТМД-ның әрбір еліндегі либералды-нарықтық және дәйекті-орталықтандырылған экономикалық реформалардың бағыттары және олардың жүзеге асырылу қарқындарының әр түрлілігі маңызды рөл атқарды. ТМД кеңістігіндегі көп жақты ынтымақтастықтың дамуын қай кезде де ұлттық ерекшеліктерді және олардың өзара байланысқа деген мүдделілігін ескере бермейтін халықаралық қаржылық ұйымдар да күрделендіре түсті .

Мұның өзі XX ғасырдың аяғында өзара сауда- саттық көлемінің тез төмендеуінен   де   көрініп,   ТМД   мүшелерінің   ішкі   сауда   айналымының жиынтығы үштің бірінен төмен көрсеткішті көрсетті. Осылай Қазақстан мен ТМД елдері   арасындағы   өзара байланысты және өзара тәуелді маңызды экономикалық саласы ажырай бастады. Мысалы, Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ  саласы  іс-жүзінде  даму  жоспарларымен  келіспестен  толықтай дербес жағдайда дами бастады. Даму сипаты да стратегиясы мен нақты нәтижелер   де      әр   түрлі   болды.   Қара   металлургия   және   энергетика экономиканың басқа да салалары дезинтеграцияланып,   КСРО-ның құлауы жаңа тэуелсіз мемлекеттердің алдына кең-байтақ Еуразия кеңістігінде саяси және  экономикалық қатынастарды  кең  масштабта  түбегейлі  қайта құру міндетін қойды. Көптеген бұрынғы кеңестік республикалар алдында (ЕО- кіруге бет алған Балтық елдерінен басқа) өзара интеграция қажеттілігі туды Басында  олар  бүрынғы  БЭК-тің  дизинтеграциялық  үдерістерін әлсірету бағытындағы тәжірибеден көрінді. Әсіресе бұрынғы байланыстардың үзілген халық шаруашылығына кері әсерін тигізіп, (көлік, байланыс, энергетика т.б 1996-1997  жылдар  шамасында ТМД елдерінің     бір бөлігі  жаңа  бағдармен   интеграцияға  ұмтылды.   Біріншіден,   экономиканы   синхронды түрде реформалау және жүргізіп жатқан қайта құруларды келісу міндеті тұрды. Сонымен қатар өндірістік, сауда-саттық басқа да байланыстар және ынтымақтастық үлгілерін   қайта жасау қажет еді. 1990 жылдар ортасында маңызды    ұсыныстар    жасалынып,    ТМД    құру    және    оның    аясын; экономикалық одақ құру туралы Келісім шарт (1993), Еркін сауда аймағын кұру туралы Келісім (1994), Төлем одағы (1994), сонымен қатар Белорус Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Кеден одағы туралы келісімдер (1995), Ресей мен Белоруссияның білім беру туралы Келісім шарты (1996) жасалынды.

Бұл тұста экономикалық интеграция мамандар тарапынан бірлесудің басты және практикалық тұрғыдан жалғыз жолы ретінде қарастырылды.

Мемлекеттердің  экономикадан басқа салаларында  интеграция қабілетсіз екенін дәлелдеп, либералдық көзқарас тұрғысынан А.Загарский былай деді: "Мемллекеттер интеграцияланбайды тек біріге алады. Интеграцияланатын рыноктар ғана. Кеңестер Одағы тұсындағы жағдай - интеграция емес, ол үлкен мемлекеттердің экімшілік-экономикалық бірігуі болғандықтан ТМД елдерінің интеграциясының алғышарттарын элі қалыптастыру қажет. Олар осы елдердің ішкі рыногы пайда болған кезде ғана жүзеге асады . Дегенмен КСРО-да, тіпті Ресей империясы кезеңінде де пайда болған әр түрлі аймақтардың экономикалық салада тығыз байланысы бар болатын. Мұның өзі қайта құру жэне экономикалық өзара әрекет саласында одан әрі алға жылжу үшін зор мүмкіндігі бар объективті негіз болды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша ТМД елдерінде  зерттелген табиғат байлықтарының әлемдік қорының % бөлігі және әлемдік өндіргіш күштердің 10% бар. Бірақ олар әр түрлі есеппен әлемдік ІЖӨ-нен 2 ден 3%-ға дейін, ЕО-тан шамамен 5 рет аз өндіріледі. Посткеңестік альянс елдері соңғы кездерде жылына 400 млн. т. мұнай өндіреді. Бұл оның әлемдік көлемдегі жылдық өндірісінің 12%-ын көрсетеді. ТМД елдері әлемдік электроэнер-гияньщ 11%-ын, алғашқы алюминнің 15%-ын, никелдің шамамен 30%-ын, жездің 10%-дан артығырағын, минералдық тыңайтқыштардың 11 %-ын өндіреді. Болаттың 11%-ын қорытып, әлемге болат экспортының 16%-ын шығарады. Қару-жарақ рыногының 20%-дайы ТМД елдеріне тиесілі, ал олардың зерттеу орталықтарында әлем ғалымдарының 12%-ы еңбек етеді.

Қазақстанның  жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99түрі бар, оның 70-і зерттелді, 60-қа жуығы пайдаланылады. Елімізде жанғыштақта тастың, тас және сұр көмірдің 102 көзі және 155 кен орны, 

бассейні, мұнай  мен газдың мол қоры бар. Металдық руданың 60 түрі шығарылып, марганец, хром, титан, никель, вольфрам, молибден, жез және уран рудасы, алтын, қорғасын, боксит және басқа бағалы кендер зерттеліп, өндірілу үстінде /14-18б/. Шетелдік сарапшылардың пікірінше ТМД елдері рыноғының көлемі шамамен 1600 млн. доллар құрайды.

Достастық елдерінің  экономикалық өміріндегі мүлде жаңа құбылыс деп шағын бизнестің туындап және тез өрістеуін айтуға болады. Бұл мемлекеттік саясаттағы бірден-бір маңызды әрекет. 1997 жылы қаңтарда ТМД елдері үкіметі басшыларының Кеңесі (ҮБК) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, салалық Консультативтік кеңес құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Ол 2001 жылға дейін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетаралық бағдарламасын жасады. Еркін сауда тәртібіне белсенді көшуге байланысты оны жүзеге асырудың маңызы арта түсті. Шағын бизнес өкілдерінің іскерлік ынтымақтастығын кеңейту ушін қажетті жағдайлар жасалды. Бағдарлама шеңберінде бұл секторды қолдау және дамыту шаралары қолданылып, кәсіпкерлердің эріптестік байланыстарын кеңейту жүзеге асырылды. ТМД елдерінде нарықтық инфрақұрылымның дамуы ірі кэсіпорындардан мамандандырылған жұмысшы күшін шағын бизнес саласына бөлуге ынталандырады. Ол Достастық мемлекеттерінің экономикасында тез дамып келе жатқан сектор бола бастады. Осындай кәсіпкерлікпен айналысатын қызметкерлердің санының күннен күнге артуы бұған анық дәлел. Қазіргі танда осы салада 20 млн. адам еңбек етуде. ҚР-нда шағын бизнес кәсіпорындары мен ұйымдары (350 мың шамасы) барлық тауарлардың 70% өндіріп, қызмет көрсетеді. Шағын бизнес саласын одан әрі дамыту мақсатында Н.Ә. Назарбаевтың "Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке деген еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтарын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" бұйрығы шықты. Шағын бизнесті колдау агенттігі көптеген заңнамалық актілердің толықтырылып өзгертілуін талап ету нәтижесінде 1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР шағын бизнес субъектілерінің саны 23% ал, ондағы қызметкерлердің саны 25%-ға көтерілді /13-257б/.

Одақ кұлағаннан кейінгі жылдар бойы теміржол көлігі бойынша ТМД Кеңесі қызметінің арқасында теміржол жүмысы үйлесімді жүргізілі бастады. Кеңес 80-ге жуық келісімдер, заңдар, нұсқаулар, ережелер және басқа да құжаттарды қабылдап іске қосты. Олар жолаушылар мен жүктердің мемлекетаралық тасымалын реттеп жүк вагондары мен контейнерлерді ортақ пайдаланатын болды. Ынтымақтастық пен өзара эрекеттерді көптеген проблемаларының шешуі барлық посткеңестік кеңістіктегі экономиканың "күретамырының" кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті, КеңестІң беделінің көрсеткішіне мысал ретінде Болгария мен Балтық елдері мамандарының белсенді қатысуын айтып өтуге болады. Бұндай міндеттерді мемлекетаралық авиациялық комитет те табысты шешеді. Оның ұсынысы бойынша Америка, Африка, Азия, Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, авиациялық техника-лардың сертификация жүйесін өзара тану жэне ТМД елдерінде эрекет ететін авиациялық стандарттар мен сертификация жүйесін өндіру туралы АҚШ пен үкіметаралық келісімді бекіткеннен кейін халықаралық мэртебе алды.

 

ТМД-ның кейбір құжаттарының мазмұнында мынадай тікелей  үндеу бар: "Достастық елдерінің экономикалық өзара әрекеттерінің келісілген стратегиясын қалыптастыруда, экономиканы трансұлттандыруда элемдік тэжірибені барынша пайдалану". ТМД Статкомитетінің мэліметі бойынша Достастық елдерінде 2 мыңдай бөлімше фирмалар және б^дан сәл аздау жекеменшік Трансұлттық компаниялар (ТҰК) жұмыс істейді. ТМД-ғы ТҰК қалыптасуының нормативтік құқықтық базасы бар және қазіргі талапқа толықтай жауап береді. Барлық мемлекеттер тарапынан өндірістік коммерциялық, несие-қаржылық сақгандыру жэне аралас трансұлттық бірлестіктерді құруға, дамытуға бірлесе жұмылу туралы Келісімге қол қойылды (15 сэуір 1994 ж.). 1994 жылы қазан айында Төлемдік одақ құру туралы Келісімге ел басшылары "Трансұлттық құрылымдарды қалыптастьь рып және дамыту үшін несие-банктік жэне валюталық-қаржылық ыңғайлы шарттар туғызуға міндеттенеді". ТМД үшін бұндай шарттарды қалыптастыру өте қажетті. Біріншіден, бұрынғы кеңестік Республикалардың өндірістік өнеркәсіп кооперациясының жоғары дәрежелілігі жэне мамандандырудың тарихи қалыптасуы, технологиялық тәуелділік жэне жинақгаушы бұйымдар-мен белсенді алмасу, мұндай тығыз тэуелді байланыстар машина құрылысы мен көлік, химия және қорғаныс салаларында да қатаң орныққан. Екіншіден, экономикалық мақсат тұрғысынан бұйымдардың кең түрін қамтыған ортақ тауар рыногын қалыптастыру. Осы жағдайлардың барлығы 1991-2005 жыл-дар аралығында ТМД мемлекеттерінің ұлттық шаруашылықтарында өзара тэуелділік, өзара толықтыру сақталғандығына дәлел болады.

Мүның бәрі "Интеррос", "Халықаралық авиамоторлар", "Электромет-прибор", "Ильюшин", "Гранит" және т.б. сияқты мемлекетаралық қаржылықөндірістік топтар Щру туралы өкіметаралық келісімдерге қол қоюда маңызды рөл атқарды. Дегенмен материалдық қиыншылықтың зардабынан және ұлттық құқықтық кеңістіктердің сәйкеспеуінен көптеген мемлекетаралық қаржылық-өндірістік топтар қалыптаса алмады. Бұл бірінші кезекте Қазақстандық кәсіпорындар (Мемлекетаралық қаржылық-өндірістік топтар "Интеррос" жэне Трансұлттық қаржылық-өндірістік топтар "Электромет-прибор") және Ресейлік-Украиндық мемлекетаралық қаржылық өндірістік топ "Халықаралық авиамоторларға" қатысты. Тұтастай алғанда ТМД бойынша ресми тізімделген мемлекетаралық және Трансұлттық қаржылық-өндірістік топтар әр түрлі меншік түріндегі 300-ге жуық шаруашылық субъектілерін біріктіреді. Әсіресе мына салалардың маңызы ерекше: автомобиль жасау, жалпы машина жасау, электронды машина жасау, химиялық өнеркәсіп, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен. Бірақ көптеген корпорациялардың қалыптасуына ұлттық заңнамалардың әртүрлілігі, экономиканы реформалаудың әртүрлі дэрежесі, қаржылық-экономикалық өзара эрекет шарттары және т.б. кедергі келтіреді /16ен Қазақстан 1997 ж.7 қантар/.

 

2000 жылы 10 ай  ішінде 1999 жылдың дэл осы кезеңімен  салыстырғанда ІЖӨ көптеген мемлекеттерде 4-10%-ға өсті. Қазақстан мен Әзірбайжанда 1,5%-ға, Армения мен Қырғызстанда 4%-ға, Белоруссия мен Украинада 5%-ға, Тәжікстанда 8,3%-ға ал Грузияда бүрынғы көрсетІлген дәрежеден 99,8%-ды құрады. Өнеркәсіптік өндірісі орташа есеппен 9,7%-ға өсті (Қазақстан 1 орында— 15,3%). Шындығында бұл және басқа да көрсеткіштердің жоғарғы дәрежесІ теңестірудің төменгі базасымен шартты түрде алынған. ТМД елдерінің өзара сауда-саттығының жалпы көлемі 2000 жылы 9 ай ішінде 43 млрд. долларға жетті. Бұл 1999 жылғы көрсеткіштерден 39% жоғары. Оның ішінде экспортта 41%, импортта 38% асып жығылды. Көпшілік жағдайда бүл өнеркәсіптік өнім өндірушілердің бағасының қалыпсыз өсуінен болып отыр. Белоруссияда олар тіпті 2 есе көтерілді. Өзбекстанда 57%~ға, Тэжікстан мен Қазақстанда 45-47%-ға, ал басқа елдерде (Армения мен Грузиядан басқа, бұнда өсу 0,9% немесе 6%-ға сәйкес келеді) баға 30-39%-ға көтерілді /17 №3/.

Ресми статистикаға сүйенер болсақ, 2000-2004 жылдары Орталық  Азия елдері макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етті деуге болады: өндірістің құлдырауы тоқтатылды, экономиканың реалды секторындағы бірқатар жандану байқала бастады, экономикалық өрлеу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған қажетті жағдайлар қалыптастыру үшін ауқымды да күрдел міндеттер шешімін таба бастады.

Информация о работе Тәуелсіз қазақстанның тмд мемлекеттерімен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ