Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2015 в 01:18, научная работа
Мақала венчурлық бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктерін талдауға арналған. Венчур сөзі, бір жағынан, кәсіпорын, екінші жағынан, тәуекел деген сөзді білдіреді. Бұның мәні – нарықта бұрын-соңды болмаған өнім жасайтын кәсіпорынға үлкен ақша қаражаттарын салу, бұл тәуекелі өте жоғары қадам екені белгілі. Венчурлық бизнес тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немес технологиялық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келеді. Бүгінгі таңда, венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Венчурлық бизнестің басты мақсаты – бір кәсіпкердің қаржылық капиталын және екінші кәсіпкердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін нақты экономикалық секторда бизнес арқылы қоса отырып, болашақта жаңа компанияның екі кәсіпкерге де пайда әкелуі.
Венчурлық бизнесті ұйымдастыру
Мақала венчурлық бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктерін талдауға арналған. Венчур сөзі, бір жағынан, кәсіпорын, екінші жағынан, тәуекел деген сөзді білдіреді. Бұның мәні – нарықта бұрын-соңды болмаған өнім жасайтын кәсіпорынға үлкен ақша қаражаттарын салу, бұл тәуекелі өте жоғары қадам екені белгілі. Венчурлық бизнес тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немес технологиялық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келеді. Бүгінгі таңда, венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Венчурлық бизнестің басты мақсаты – бір кәсіпкердің қаржылық капиталын және екінші кәсіпкердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін нақты экономикалық секторда бизнес арқылы қоса отырып, болашақта жаңа компанияның екі кәсіпкерге де пайда әкелуі.
Инновациялық бизнестегі ең маңызды мәселелердің бірі – бұл инновациялық жобалардың қаржыландырылуы болып табылады. Инновациялық бизнесті тәуекелдік немес венчурлық деп те атайды. Инновациялық бизнестің тәуелділік дәрежесіне қатысты ең негізгі дерек ретінде, орта мөлшерде он жобаның ішінен тек бір-екі ғана жоба сәтті аяқталатындығын айғақтауға болады. Бұл ретте бизнестің инновациялық жобаларын енгізуінен түскен пайда, тәуекел мен қорқыныштан қандай да бір жоғары санаттағы жаңа фирма құрылып, құрылуға кеткен шығындарды жасыратын іспеттес. Егер мұндай жобалар көп болса, заң бойынша тәуекелің көп бөлігі минималдана және инновациялық бизнестің сәтті аяқталу мүмкіндігі жоғарылайды. Инновациялық бизнестің дамуы мақсатымен, барлық дамыған елдерде, инновациялық жобалардың және қаржы тәуекелі диверсификациясы енгізілген негіздегі ұйымдарды орталықтандырумен шұғылданатын венчурлық қаржыландыру жүйесі тәжірибеден өтуде[1].
Венчурлық қаржы пайда болғанға дейін, шағын және орта бизнестің әлемге әйгілі бірнеше көздері болды: банктік қаржы, ірі корпорациялар және компаниялар, сонымен қатар ағылшын тіліне тән америкалықтар мен ағылшындар атаған «business angels» немесе «бизнес періштелері» сынды ауқатты адамдар болған.
1957 жылы Нью-Йорк қаласының инвестициялық банктік фирмасында жұмыс істеген Артур Рок өзінің Колифорния селикон жазығында тұратын әрі Shokley Semiconductor Laboratories фирмасының инжинері боп табылатын танысы Ю. Клейнерден, зерттемені қаржыландыруды жзеге асыратын әрі нақты үлгідегі кремийлік транзистор шығарымын реттеуге келісетін фирма тауып беруі жайлы өтініш хатын алды. Бірде бір компания теоретикалық жоба шынайы түрде жүзеге асыруға қаражат бөлуге ерік білдірмейді, соған қарамастан тек өнертапқыш Фэрчайлд Шерман ғана қаржы көзін тапқан болатын әрі тұңғыш рет бизнестің тарихында өзінің қорқынышы мен тәуекеліне бой алдырмай, келешекте, табиғатта мүлде кездеспейтін ғылыми өнімді өндіруге бағытталған жаңа фирма Fairchild Semiconductor-ды құрған болатын. Біліктілігі мол фирма тек зор пайда мен табысты алып келумен бірге, силикон жазығының Intel стало, Apple Computer, Microsoft және т.б. алып компанияларының бастауы бола білді. Және де Артур Рок венчурлық қаржыландыру сынды ешкімге белгісіз, яғни жеке кәсіпкерлікте табысқа жетудің анықсыз кепілдемесіне негізделген ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруды қаржыландыру терминін қолданған алғашқы адам болды. Осылайша, бизнестің жаңа көрінісі – венчурлық бизнес пайда болды.
Бизнестің осы көрінісі, инновациялық кәсіппен әрі ғылыми өнімдерді өндіретін және жоғары технологияларға жинақталатын шағын және орта компанияларға тікелей инвестиция салумен көрініс табады.
Венчурлық бизнес – тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немес технологиялық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келді. Жоғарғы технолгиялардың кластерлерін құру миссиясын венчурлық инновациялық бизнесте орындайды. Венчурлық бизнес өзінің жүйелі ядросымен, толқынды инновациялық үдерістің басты креативті бөлігі болып табылады.
Дамыған венчурлық
технологиялық бизнес
Венчурлық бизнес АҚШ үкіметі көмегімен 1950 жылдарда белгілі нысанға келе бастады. Осы мақсатпен арнаулы институт – SBA (Small Business Administration) пайда болып, шағын кәсіпкершіліктегі инвестициялар туралы арнаулы заң қабылданды. Мемлекет шағын кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беруді бастады. Егер SBA тарапынан мақұлданған жағдайда, мемлекет қандай да бір жобаға сол бойынша жеңілдікпен несие тағайындайды. Венчурлық бизнесті дамуының негізгі толқындары АҚШ-та келесі сипатта болады:
1970 жыл шалаөткізгіш және биотехнологиялар (гендік инженерия);
1980 жыл дербес компьютерлер;
1990 жыл ғаламтор бизнесі;
Сарапшылар, венчурлық бизнестің дамуының келесідей толқындары болады деп болжайды:
- қауіпсіздік технологиялары кең мағынада (дербес, ақпараттық, корпоративтік, мемлекеттік және т.б.);
- нанотехнологиялар;
- биотехнологиялар.
Венчурлық бизнестің дамуының қаржыландуру тәжірибесі «жетекші» экономикасымен сипатталатын (Жапония, Сингапур, Финляндия, Израиль, Тайвань, оңтүстік Корея) елдері арқылы, жоғары деңгейде бюрократияланған мемлекет тікелей өнімділіксіз инвестор болып табылатныдығын растайды.
Венчурлық жобалар аралас немесе тікелей мемлекеттік инвестициялық қаржыландыру баяу бюрократия жолында дамыған Финляндия, АҚШ сынды елдерде айтарлықтай өнімді боп табылғаны сөзсіз.
Экономикасы жетекші елдер венчурлық кәсіпкер мен АҚШ менеджерлеріне және тағы басқа да озық мемлекеттерге айтарлықтай жағдай жасайды. Мәселен, Израиль мемлекеті, жеке қорын қайта қаржыландыру жолымен және біршама тәуекелдерге бара отырып, салыстырмалы түрде шетелдік венчурлық инвесторлар мен менеджерлерді өзіне тартып, олардың тәжірибесімен алмаса білді.
Сингапур бұдан өзге жолды өтті. 1980 жылдарда силикон жазықта инвестициялары жасалды, пайда сол жерде-ақ таразыланды. Уақыт өте келе сингапурлықтарда, америкалық венчурлық кәсіпкерлермен және менеджерлермен берік қарым-қатынас орнай бастады. Венчурлық кәсіпкерлер де өздерінің серіктестері Сингапурға ауызекі түрде келе бастады.
Венчурлық бизнестің табысты дамуы үшін:
- ұзақ мерзімді мемлекеттік инновациялық саясат және венчурлық бизнестің қайта қаржыландыруға нақты бағдарламасы;
- адами капиталдың дамуына қажетті инвестициялар – венчурлық бизнестің негізін құру және тиімділігі;
- белгіленген шартқа сәйкес, венчурлық менеджерлерден өсіп-өркендейтін венчурлық кәсіпкерлер (бизнес-періштелер);
- венчурлық менеджерлер;
- венчурлық бизнес үшін жаңалықтар, жаңа туындылар жасап шығаруға қабілетті, дамыған іргелі және қолданбалы ғылымдар;
- білімнің заманауи және дамыған жүйесі;
- венчурлық бизнестің қабілеттілік ортасы.
Венчурлық бизнестің негізгі ерекшелігі венчурлық кәсіпкердің және менеджердің өте жоғары зияткерлік және кәсіби деңгейі болып табылады. Олардың білімі және тәжірибелері іргелі және қолданбалы ғылымның, инновациялық менеджменттің және жоғарғы технологиялық өндірістің ұштасуында жатыр. Сол себептен ұлттық венчурлық бизнестің құрылуы кешенді және жүйелі, қаржыландырудың толықтай мақсаттарын шешетін, мамандардың дайындығы мол, инфрақұрылымы құралған және қауіпсіздік жүйесімен және т.б. болуы шарт.
Қазіргі уақытта Қазақстан эконмикасы мен бизнесіне инвестиция тарту мәселесі маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда ең ұтымды инвестициялық құрал ретінде венчурлық қаржыландырылу қарастырылуда. Венчурлық инвестицияның дамуы Қазақстанның инновациялық ортасында экономикалық саясаттағы басымдылығы мол сауалдардың біріне айналып отыр.
Айта кететін тағы бір жайт, бұл Қазақстандағы венчурлық бизнестегі ең үлкен мәселе – ел халқының біразы дерлік бөлігінің осы терминді кездестіру мүмкіндігінің аздығымен не екендігінен хабарсыз болуы. Венчурлық бизнестің дамуының келесі айшықты мәселесі, билік басындағылардың жоғары көзқарасы болып табылады. Расында да сайыстарда бірқатар жобаның ішінен ең жақсысы емес, қалтасы қалыңдары алып жатқаны белгілі. Тіпті осы мәселемен күрескісі келмейтін жандар мұны жанына да жолатпауға тырысады. «Тәуекелділік» кәсіпкердің үшінші мәселесіне сапалы жобалар мен ойлардың таяздығы жатады, бір жағынан ойлап қарасаң бұл мәселеден көбіне демеушінің және инвестордың жетіспеушілігін көруге болады. Мұың өзі ешбір жанның өз қаражатын күдікті жобаға тәуекел ете алмайтындығын көрсетеді. Осы орайда, жобаға бөлінген қаражаттың қайта өндіре алмау қаупі бар. Баршамызға белгілі тендерді ұтып алған жағдайда адамдар көбіне қаражатты жобаға емес, басқаға салады.
Бүгінгі таңда венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Баршамызға белгілі венчурлық қаржыландыру – бұл тәуекелі өте жоғары инновациялық жобаларды қаржыландыру құралы. Бүкіл әлемде аталмыш бизнес, инновациялық қызметтің инвестициялануының ең тиімді әдісі болып табылады. 2004 жылы ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің дамуы бағдарламасының қолдауымен инновациялық қызметтің жүзеге асуымен және сәйкесінше инновациялық инфақұрылымның құрылуына орай, елімізде арнайы құрылған мекемелер қатары қызмет етеді: технопарктер, бизнес жетілдіргіштері, ұлттық инновациялық қор және венчурлық қор.
Қазақстанда венчурлық инфақұрылымның дамуы – Ұлттық инновациялық қордың басты мақсатының бірі. 2005 жылдан бастап, Ұлттық инновациялық қор 2015 жылға дейінгі өңделетін және ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) құрылуы мен дамуы бағдарламасының негізгі операторы болып отыр. Ұлттық инновациялық қор инновациялық жобаны венчурлық қаржыландыруды және Қазақстандағы венчурлық инфақұрылым мен шетелдік технологияның трансфертін жасайды. Оңтүстік-Шығыс Азия, Израиль, Финляндия, Германия тәрізді елдердің тәжірибеіне сәйкес мемлекет «ҰИҚ» АҚ атынан венчурлық қаржыландыруды экономикалық өсудің бір механизімі ретінде ала отырып, венчурлық капитал нарығының дамуы шеңберінде мақсатқа бағытталған саясатты жүргізіп отыр.
Қазақсатан Республикасында
ұлттық инновациялық қордың
Ұлттық Инновациялық Қоры 2005 жылдан бастап венчурлық инвестиция салудың Еуропалық қауымдастығына – EVCA және Сингапур қауымластығына – SVCA мүшелік етті. Сонымен қатар Ұлттық Инновациялық Қор ағымдағы 2007 жылдың алғашқы жартысында өз жұмысын бастайтын Қазақстанның венчурлық қорлар қауымдастығының құрылуына бастама жасады. Қауымдастықты құрудағы негізгі мақсаттары, ҚР венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, венчурлық бизнесті қаржыландырудың тетіктерін өңдеу, отандық және шетелдік капиталдардың қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесін қалпына келтіру болып табылады. Венчурлық қорларды құру, инновациялық қызметке капиталдың бөліндісін тартуға мүмкіндік туғызу, олардың тәуекелдерін төмендету, инновацияның коммерциялануы саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді іс-әрекет тетігін қалыптастыруға негізделеді. Қазақстан венчурлық қорлар арқылы құрылған инвестициялық саясаттың басты белгілерінің бірі ретінде кәсіпорынның технологиялық потенциалының ұзаруын, венчурарлық жобаның экономикалық өнімділігін және тауар мен қызметтердегі сапаның артуы мен көлемінің көбеюін айта аламыз.
Венчурлық қорлардың инвестициялық саясаты инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды қаржыландырумен, жаңа технологияларға бағытталған әрі инновациялық жобалардың коммерциялануының алғашқы кезеңіндегі кәсіпорындарды бастапқы капиталмен камтамасыз етумен сипатталады. Компанияларды қаржыландыруда өндірістегі өнім көлемін кеңейту үшін және инновациялық өнімін өткізуі немесе оның техникалық деңгейде жоғарылауы үшін жаңа нарықтарға шығуы кезінде қосымша салулар талап етіледі. Сонымен қатар венчурлық қорлар қаржыландырудың көлемін көбейту және жоғары техналогиялы жобаларға арналған инвесторлардың қаржысын қызықтырып отыр әрі потенциалдық инвестор үшін жарғылық капиталға және кәсіпорындар мен жобаларға қатысуы есебінен кәсіпорындардың тартымдылығының жоғарылату үшін жұмыс істейді.
Венчурлық жобалардың арасында үш негізгі сала айқын ерекшеленеді: жөндеуді қажет ететін технологиялар, патенттелген туындылар, инновациялық бизнес үлгілері. Жөндеуді қажет ететін технологиялар немесе инновациялық-технологиялық жобалар – ұжымдық шығармашылық еңбек өнімі. Мұндай жобалар заманауи аппаратуралық және аналитикалық базаны талап етеді. Қазақстанда венчурлік капитал өндірісі өте ерте кезден басталады, алайда соңғы жылдары алға жылжу көптеп байқалады. Уақыт өте келе, қаржыландырудың венчурлық институты Қазақстандық экономиканың құрылымына жете кіретіндігін айта кеткен жөн.
Әдебиеттер
1) Купешова С. Т. Инновационный менеджмент. – Алматы: Қазақ университеті, 2011 – 265б.
2) Тургинбаева А. Н. Инновации и риски: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2008 – 118б.
3) Ивина Л. В., Воронцова
В. А. Терминология венчурного
4) Нехорошева Л. Н., Егорова С. А. /Модели государственного регулирования развития венчурной деятельности: мировой опыт и проблемы стран СНГ. – Минск, 2009.
5) Венчурное известирование/ М. А. Мустафин/ Банки Казахстана. – Алматы, 2009. – №1
6) Мировой опыт создания венчурных фондов/ А. И. Нусупов/ Вестник КазНУ. – 2008.– №1