Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:57, реферат
Қазақстан Республикасының инновациялық экономикаға өтуі еліміздегі кәсіпкерліктің төмен тиімділігінің мәселесін шешуге көмектеседі, жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлемдік және экономикалық кеңістікте сенімді серіктестікке, инвестицияларға жол ашады. Ол үшін бізге технопарктер, өнеркәсіптік парктер және кластерлер жүйесін ашу керек. Мемлекетке маңызы бар жобалар мемлекет арқылы немесе мемлекеттік банктер арқылы, венчурлық қорлар тарапынан қаржыландырыла алады.
Венчурлық инвестиция қазіргі кезде батыс экономикасында кеңінен тараған. Қазақстанда венчурлық бизнес жай қарқынмен дамуда. Венчурлық индустрияның қарқынды дамымауының негізгі себептері:
• Елдің экономикасын көтеруде бұл механизм жоғары әлеуетке ие болмауы.
• Қазақстанда инновациялық ойлар саны жеткіліксіздігі.
Қазақстан Республикасының инновациялық экономикаға өтуі еліміздегі кәсіпкерліктің төмен тиімділігінің мәселесін шешуге көмектеседі, жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлемдік және экономикалық кеңістікте сенімді серіктестікке, инвестицияларға жол ашады. Ол үшін бізге технопарктер, өнеркәсіптік парктер және кластерлер жүйесін ашу керек. Мемлекетке маңызы бар жобалар мемлекет арқылы немесе мемлекеттік банктер арқылы, венчурлық қорлар тарапынан қаржыландырыла алады.
Венчурлық инвестиция қазіргі кезде батыс экономикасында кеңінен тараған. Қазақстанда венчурлық бизнес жай қарқынмен дамуда. Венчурлық индустрияның қарқынды дамымауының негізгі себептері:
· Елдің экономикасын көтеруде бұл механизм жоғары әлеуетке ие болмауы.
· Қазақстанда инновациялық ойлар саны жеткіліксіздігі.
· Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы. Бәрімізге белгілі - тәжірибе тек іс барысында шыңдалады, ал инновациялық орта мен инновациялық нарықтың қалыптаспауы инфрақұрылым элементтерінің жетілуіне қол байлау болып отыр;
· Қазақстан индустриясына отандық капиталдың аз тартылуы;
· Венчурлық инвесторларды аз тәуекелді жоғары технологиялық бөлімдерге тікелей инвестицияларды тартудың экономикалық белсендірудің жоқтығы;
· Инфрақұрылымның жақсы дамымағандығынан тікелей инвестициялауды қызықтыратын Қазақстанда ғылыми-техникалық саласында жаңа мен шағын және орта тез өсетін инновациялық технологиялық кәсіпкерліктің енгізілуі жүзеге аспауда.
· Шағын және орта бизнес салаларында кәсіпкерлік қызмет беделінің төмендеуі. Жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің тым төмендігі және өндірістік сипаты жоқ салалардағы (сауда-саттық, қызмет көрсету, қаржылық сектор, т.б.) табыстылықтың жоғары болуы. Бұл құбылысты экономистер «экономиканың біржақты дамуы» деп атап жүр. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген инновациялардың пайда болуы мемлекеттік емес ұйымдар мен орталықтардың, өндірістердің ықпалынан және белсенділігінен туындайды.
· Әрбір жаңа іс секілді бұл салаға да дәл осы кезеңде барынша мемлекеттік қамқорлық пен қолдау қажеттігін көрсетті. Қазақстанның патенттердің АҚШ патент бюросының талдуынан бар-жоғы 5 пайызы ғана өтетіндігі бізді бұл салада қандай қиын проблемалар күтіп тұрғандығын, ең бастысы оларды жеңу үшін қандай жүйелі жұмыс істеуіміз керектігін көрсетеді.
· Ең мықты ғалымдарымыздың кетіп қалуы.
· «Идея – жүзеге асыру» үдерісінің әлсіз жүруі.
· Халықаралық бәсекенің жоғары болуынан, отандық өнімнің, қызметтің шығуының шектелуі.
· Тәжірибелі, мықты кадрларымыз мұнай, банк салаларына тартылғандығы өз әсерін тигізуде.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам бизнес-инкубатор қызмет етуде. Алайда, олардың көбі инновациялық сипаты жоқ, тек кәсіпкерлік ортаға икемді шағын кәсіпорындарды дайындаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысуда, яғни еліміздегі технологиялық бизнес-инкубаторлар өзінің мақсатты жұмыстарымен шұғылдана алмай отыр. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес, олар - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі іс-шараны жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады. Қазақстандық бизнес-инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда:
1. Көптеген бизнес-инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
2. Жеке бизнестің бизнес-инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;
3. Жоғары оқу орындары базасындағы инкубаторлардың аз болуы;
4. Технологиялық бизнес-инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;
5. Бизнес-инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;
6. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;
7. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.
Соңғы кездері Қазақстан Республикасының инновациялық даму моделінің өміршеңдігіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Солардың ішінде ұлттық инновациялық даму моделінің басқа елдердің модельдерінен көшірілгені, сондықтан да оның еліміздің экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық ерекшеліктеріне дөп келмейтіні жиі алға тартылады. Автордың пікірінше, Қазақстан Республикасында уақыт талабына сай, біздің экономикамыздың ерекшеліктеріне жауап беретін, ұлттық әл-ауқатымызды өркендетуге мықты серпін беретін өзіндік инновациялық даму моделі әлі де қалыптаспаған. Біз көбіне Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Жапония сынды мемлекеттердің инновациялық даму үлгілерін алып, сол мемлекеттерге тән ерекшеліктерді еліміздің дамуына пайдалануға ұмтылудамыз. Ал мұндай тәжірибенің жемісті және нәтижелі болуы екіталай.
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуға бағытталған. Әйтсе де, бұл қор Қазақстанның инновациялық әлеуетінің дамуына қажетті деңгейде ықпалы болмай отыр. Оның себебі ретінде қордың елдегі венчурлық кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін ұсына алмауын, отандық ғылыми зерттеулерді дайын өнімге дейін жеткізетін ғылыми-өндірістік тізбектің қалыптаспауын, қоғамда ғылымға деген қызығушылықтың төмендігін, қордың қатысуымен құрылған инновациялық жобалардың қажетті тиімділікті көрсетпеуін және жоғарыда автормен анықталған, инновациялық инфрақұрылымның басқа субъектілеріне тән мәселелерді көрсетуге болады.
Әлемдік тәжірибеде венчурлық бизнестің екі нұсқасы қалыптасқан. АҚШ-та және Ұлыбританияда венчурлық бизнес тәуекел бизнесіне мамандандырылған компания түрінде дамиды, ал Европа мен Жапонияда венчурлық капитал мемлекеттің қолдауы арқылы және ішкі венчур түрінде дамиды. Бұл осы мемлекеттердегі кәсіпкерлік дәстүр негізіне және тәуекел мәселелеріне қатынасымен байланысты.
Қазақстанда венчурлық қаржыландыруды көптеген аймақтық бағдарламаларға шашқанша, оны маңызы бар бағыттарға жұмсау қажет. Қазіргі кезде маңызды бағыттарды дамыту үшін, технопарктерді қалыптастыру жобаларын қаржыландыру үшін республикамызда гүлденіп жатқан онға жуық қаламыз бар. Бізге экономикамызда көшбасшы болып жатқан бағыттарға сүйену қажет.
Қазақстан экономикасында «ойлап табу – өндіріс – нарық» тізбегінде тек әлсіз жағы қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар технологиялық дағдының, яғни инновациялық технологияны басқарудың жоқтығы. Республикамызда нарықта ұсынылатын инновациялық өнімнің қасиеттерін білетін, нарықта олармен жұмыс істей алатын, дайындығы бар мамандардың жоқтың қасы. Отандық венчурлық бизнестің тағы бір қарастыратын мәселесі интеллектуалдық меншік құқығы. Себебі шетел инвесторы жоғары технологияларға капитал салатын кезде ол интеллектуалдық меншіктің кімге тиесілі екенін білгісі келеді. Егер де ол мемлекет меншігінде болса, инвестор бұл жобаға капиталын салмауы да мүмкін.
Мамандардың айтуынша, венчурлық бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын тәуекелі жоғары жобаларға салушыларда, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды ұсынушылардың да жеткілікті болуы шарт. Ал бізде соның екеуі де тапшы. Екінші жағынан отандық ғалымдар жасаған инновациялық жобалар елімізде қолдау таппай, көпшілігі Қытайдың өндірісін дамытуға үлес қосуда.
Венчурлық бизнестің республикамыздың болашағы үшін аса қажет екенін біз бұрыннан айтқан болатынбыз. Бұл бизнес әлем үшін де, біздің қаржыгерлер үшін де жаңалық емес. Тек оған бел шешіп, артық ақшасын қорықпай, тәуекелі жоғары жобаларға сала алатын батылдық қажет. Екіншіден, инновациялық идеяларды насихаттау құралдары тиімсіз, сондықтан нәтижесінде көптеген инновациялық жаңалықтарымызды Қытай сатып алып кетіп жатыр. Венчурлық қорлар мен ғалымдар арасын байланыстыратын мықты мамандар жетіспеуде». Елімізде венчурлық индустрияны қалыптастыру үшін келесідей ұсыныстар айтқым келеді:
- Венчурлық индустрияның маңыздылығы жөнінде қоғамда қоғамдық-әлеуметтік түсінікті қалыптастыру қажет.
- Қазақстанның болашағы оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты. Осыған орай біздің мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі ғылым мен білімді барынша дамыту болып табылады. Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы білім беру ісінен бастау керек.
- Венчурлық жобалау менеджерлерінің және венчурлық қор менеджерлер кадрын дайындау мәселелерін шешуіміз қажет. Оқу стандарттарын, біріңғай ғылыми-әдістемелік басшылықты өңдеу мәселесін, квалификация талаптарын анықтауымыз керек.
- Венчурлық инвестиция қатысушыларының құқықтық қатынастарын реттейтін нормативтік базаны құруымыз қажет. Себебі, әлемде венчурлық бизнестің дамуы инвестициялық тәуекелдерді осы үдеріске көптеген қатысушыларының арасында бөлінеді: зейнетақы және сақтандыру қорлары, корпорациялар, мемлекетттік құрылымдар, жеке инвесторлар. Сондықтан, қатысушылар арасында тәуекелдің бөлінуі, инвестициялауға қолайлы жағдай туғызады.
- Батыста венчурлық қорлардың табысты дамуы қор нарығы мен тікелей инвестиция қорларының дамуына байланысты, себебі тікелей инвестиция қоры капиталдың үлкен бөлігімен қамтылған.
- Әлеуетті мүмкіндігі бар салаларды дамыту (ауылшаруашылық, мұнай-химиялық).
- Мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу. Университеттердің жанында бірқатар құрылымдарды жасау. Олар технопарктер, инновациялық-технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлар, шағын инновациялық кәсіпорындар, маркетингтік зерттеу қызметтері жатады. Мысалы, АҚШ-тағы Калифорнияда унивеситеттерде орналасқан технопарктер арқасында, жылда АҚШ-тың 50%-ға жуық венчурлық инвестициясы осы штатқа тиесілі.
- Венчурлық қызметке қатысты арнайы міндеттердің (мысалы, лицензилау) ендірілмеуі.
- Қаржыны өндірістің модернизациялауына мүмкіндік беретін бағытына салу, шетел нарығында бәсекеге төтеп бере алатын жаңа технологияны ендіру арқылы өнім алу.
- Экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерін ойлап табу.
- Венчурлық қорларды аудандарда ашу. Қазіргі кезде осындай қорларды құру бойынша Батыс Қазақстанда, Шығыс Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімшіліктері жағынан қызығушылық танытуда. Израильдік сарапшылары ҒЗТКЖ аймақтық орталықтарда да дамуы қажеттігін ескерген. Өз болашағын ғылыммен байланыстырғысы кегендер студенттік, мектептегі кездерден қалыптастыруды бастауы қажет. Израильде зерттеу және өңдеу аудандық орталықтарын ашып, берілген мәселенің шешімін тапты. Ғылыми ашулар осы ауданға байланысты жасалған, ал ғалымдар жергілікті қоғамға ықпалы бар бөлігіне айналатын. Ал, ҚР-да жағдай өзгеше. Дағдарыс кезеңінде мемлекет ғылыми әлеуетін жоғалтып алды. Біздің Республикамыздың бәсекелік қабілеті, экономикалық қауіпсіздігі инновациялық қызметтің дамуына, инновациялық қызметке көзқарастың өзгеруіне тәуелді болып отыр. Бізге басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып және өзіміздің механизмдеріміз бен қағидаларымызды қайта өңдеу арқылы осы саланы дамыту қажет.
Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Қазіргі венчурлық кәсіпкерлік икемді әрі мобильді құрылымды көрсетіп, жоғары белсенділік пен мақсаттылықты бейнелейді. Яғни, ол фирма қызметкерлерінің және серіктестіктердің венчурлық бизнес бойынша тікелей жеке қызығушылықтарын түсіндіріп, қарастырылып жатқан ойдың, технологияның, объекттің, жаңалықтың аз шығынды жұмсай отырып, коммерциялық тұрғыдан табысқа жетуді жеделдетуді көздейді. Ол жаңалықтар коммерциялық деңгейге жеткенге дейін, ірі, орта, кіші өнеркәсіптік фирмалармен бәсекелесе алмайды.
Электрография, вакуумды шамдар, шарикті қаламсап, пинициллин, реактивті двигатель, түрлі-түсті фотоқағаз секілді ашуларға кіші венчурлық фирмалар жол ашты. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдағы 60%-ға жуық ірі жаңалықтардың «ата-анасы» венчурлық фирмалар болып табылады. Сонымен, венчурлық фирмалар – жаңа ашулардың негізгі көзі. Оларды құру үшін төрт нәрсе керек: коммерциялық ой (болашақтағы ашулардың негізі), осы жаңалықтарға қоғамдық сұраныс (өнім, технология, объект, қызмет көрсету), күтілетін жаңалық негізінде венчурлық фирма құруға дайын кәсіпкер, венчурлық фирманы қаржыландыруға арналған «тәуекел капиталы».
Венчурлық кәсіпорындар тез арада мемлекеттің бүкіл өндірісінің зманауи ғылыми-техникалық қайта жарақтандыруға және қайта құрылымдауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, шағын жоғары технологиялы венчурлық кәсіпорындар, ертенгі күннің ірі компаниялары мен корпорациялары екнін естен шығармаған жөн. Әлемдік экономикаға ену үшін, бізге бәсекеге қабілетті өнімді өндіру қажет, ал венчурлық қаржыландыру осыған мүмкіндік туғызады. Қазақстанда венчурлық бизнесті дамытсақ, ол еліміздің экономикасына үлкен пайда алып келеді. Бүкіл әлемдік деңгейде Қазақстанды индустриалды мемлекеттер қатарына қосып, бірігей ұлттық экономиканың негізін қалайды.
Қазіргі дағдарыстық құбылыстар жағдайында әлемдік экономикада заманауи экономикалық ортаның құраушысы болып табылатын – инновация өмір сүру қабілеттілігі ең жоғары деп бағаланды. Ол белгілі бір ғылыми ашулар немесе құралдармен ғана шектелмейді, өзінің инфрақұрылымы, даму институттары және күрделі ішкі жүйе байланыстары бар, яғни экономиканың жалпы сегментін көрсетеді. Бүгінгі таңда мемлекет ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, оларды қаржыландырады, алайда олардың тәжірибе жүзінде пайдаланылуы іске аспай қалады. Өйткені жекеменшік сектор оларды қажет етпейді. Осылайша, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс ажырап кетті. Мұның себебі қазақстандық өндірістің ғылыми жаңалықтарды керек етпеуінде емес, керісінше отандық өндіріс үшін жоғары технологиялар өте қажет, сол себепті де олар шет елдерден дайын технологияларды сатып алуға мәжбүр.