Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 18:51, реферат

Описание работы

Малазықтық жерлер – шөп жамылғысы бар, мал азығына пайдаланатын ауылшаруашылық жерлері. Шабындық және жайылымды өзіне тән өсімдік жамылғысы бар табиғи, топырақ-климат аймақтарына (орман далалы, далалы, шөл және шөлейт аймақтар) қарай қарастырады. Малазықтық жерлеерді жиынтық ерекшеліктеріне байланысты жіктейді: өсімдіктер, топырақ, ылғалдану жағдайы, мәдени техникалық жағдайы.
Өсімдіктер қауымдастығын жіктеудің негізгі екі бағыты бар: фитотопологиялық және фитоценологиялық.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары

Б) Ауылшаруашылық алқаптар
В) Мал азығын өндіру

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

referat (1).doc

— 75.50 Кб (Скачать файл)

               Жоспар:

      I. Кіріспе

       II. Негізгі бөлім

            А)  Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары

 

           Б)  Ауылшаруашылық алқаптар

               В)  Мал азығын өндіру

 

III. Қорытынды

 

       IV.  Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Малазықтық жерлер – шөп жамылғысы бар, мал азығына пайдаланатын ауылшаруашылық жерлері. Шабындық және жайылымды өзіне тән өсімдік жамылғысы бар табиғи, топырақ-климат аймақтарына (орман далалы, далалы, шөл және шөлейт аймақтар) қарай қарастырады. Малазықтық жерлеерді жиынтық ерекшеліктеріне байланысты жіктейді: өсімдіктер, топырақ, ылғалдану жағдайы, мәдени техникалық жағдайы.

     Өсімдіктер қауымдастығын жіктеудің негізгі екі бағыты бар: фитотопологиялық және фитоценологиялық.

     Өсімдіктер  қауымдастығын фитотопологиялық жіктеу өсімдіктердің өсу ортасы типінің әртүрлігіне байланысты негізделген. Шалғындарға сипаттама бұл кезде өсу ортасын оқу негізінде (рельеф, ылғалдану, топырақ, аналық жыныс және т.б.) жүргізіледі, соның нәтижесінде шалғынның әр түрлі типі анықталады, олар өсу ортасының (жақындастығына)байланысты топтарға(құрғақ аңғарлы, таулы, төменгі, суармалы шалғындар) біріктіріледі.

     Шалғындарды фитоценологиялық жіктеу шалғындардың өсімдіктерін, олардың қасиеттерін сипаттауға байланысты жүргізіледі, соның нәтижесінде флористикалық құрамына және құрылымына байланысты өсімдіктер қауымдастыққа бөлінеді, содан кейін олар ботаникалық және экология-морфологиялық ұқсастығына байланысты оданда ірі топтарға (астық тұқымдасты, астық тұқымдасты – әр түрлі шөпті, қияқ олеңді шалғындар) біріктіріледі.

     Қазақстанның  малазықтық жерлерін топографиялық  және экологиялық қасиеттеріне  байланысты 30 класқа бөлуге болады: механикалық топырақтары әр түрлі топырақтары бар далалы және орман далалы аймақты 7 класқа; шөл және шөлейт аймақты 9 класқа; таулы, тау маңындағы және биік таулы шалғынды 10 класты топтарға бөледі. Кластар подкластарға бөлінеді. Өсімдіктер типіне, топырағына, ылғалдану ұзақтығына және басқа факторларға байланысты подкластар типтер тобына және малазықтық жерлер типіне бөлінеді.

   

Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары

Табиғи жерлер, шабындықтар мен жайылымдар – облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек.Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді.Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады.

      Табиғи жерлер, шабындықтар мен жайылымдар – облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек.Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді.Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады. Табиғи жайылым мен шабындық жерлердің орташа өнімділігі құрғақ салмақта гектарына 0,5-3 центнерді құрайды. Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен жақсарту – бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесі.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғаны анық.Соңғы жылдары жайылымды суландыруды кешенді түрде игеру мен оның тиімділігін арттыру жөнінде ешбір жұмыстар жүргізілмеген. Ғылыми негізделген жайылым айналымы жүйесін енгізу мәселесіне де аса көңіл бөлінбей келеді. Жылдан жылға бір ғана жайылым қолданылады, ол жайылымдық шөптердің мал азық сыйымдылығының қалпына келуіне үлгермей, тозып, ескіреді. Сонымен қатар аймақтың құрғауы – ауқымды территорияның ылғалдылық деңгейінің қысқаруы мен топырақтың биологиялық өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр.

     Тығырықтан шығудың жолы неде? Ең алдымен жайылым мен шабындық жерлердің әрі қарай тозуына, ескіруіне жол бермеу. Табиғи жайылымды жақсартуға ат салысу керек. Оның бір тәсілі – жайылым айналымын іске қосу, ол қандай да бір көп шығынды қажет етпейді.Жайылым айналымынан басқа, ғылыми жасалымдарды да өндіріске енгізудің мезгілі жетті. Ұзақ мерзімді, жоғары өнімділікті, құрғақшылыққа төзімді себілетін жайылымды жасау жөнінде тәжірибе бар, ол мал-азық өнімділігін 2,5-3 есеге арттырады. Құмды жайылымда жабайы шөптерді, негізінен изен мен теріскен шөптерін өсірген жөн. Ол 10-12 метр тереңдіктен ылғалды тартып алуға қабілетті, жаздың ыстық аптадында да күйіп кетпейді, шындығына келсек, жем-шөп қоры ретінде жыл бойына жарай береді.Қар ери салысымен минералды тыңайтқыштарды себу де пайдалы, табиғи шөптердің өнімділігі 2-2,5 есеге артуына ықпал етеді. Мұндай учаскелерде табиғи шөптер бірден күйіп кетпейді. Жабайы өсетін шөптерді себу, оны қоршау, минералды тыңайтқыштар беру жайылымның жақсарып, қалпына келуіне жол ашатын бірден-бір тәсіл болар еді. Мұндай тәсіл жайылым өнімділігін 7-8 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Кең байтақ далаға кейінгі жылдары жоғалтып алған табиғат-ананың күш-қуаты мен әсемдігін қайта алып келсек, «табиғат-ана» да адамзатқа деген өз ырзығын екі есе берері сөзсіз.Құрғақ жайылым аймағының тиімділігі оның суландырылуына тікелей байланысты екендігі де белгілі. Қазіргі таңда мал шаруашылығы дамуының артта қалуының бір себебі табиғи жайылымдарды жеткіліксіз, әрі біркелкі емес түрде суландыру болып саналады.Облысымыздың жайылымдарында 60 % дейін суландыру құрылғылары істен шыққан: су жиналатын әуіттер, мал суаты аумағы мен астаулары, скважинаның павильондары бұзылған; шегенді құдықтар мен түтікті құдықтар бітелген, көміліп қалған; су көтеретін қондырғылар жоқтың қасы және т.б. 1,5-10 л/с едәуір су шығымын құрайтын минералданған су көздері шындығына келсек ешбір пайдаланылмайды десек артық айтқандық емес.

      Облысымызда жайылым аймағын суландыру негізінен қолайлы гидрогеологиялық жағдайы бар жер асты суын пайдалану арқылы іске асады. Жалпы солтүстігі мен солтүстік шығыс бөлігінен басқа, жер асты су қоры мен оның таралуы бойынша облысымыз ауыз су мен шаруашылық суына тапшы емес аймаққа жатады.1988 жылғы жүргізілген тексеру мәліметтері бойынша облыстың 6,840 мың гектар суландырылған жайылымы болған, алайда барлығы бірдей қолданылмаған. Жердің бір бөлігі ауылшаруашылығы айналымынан шығып қалған, өйткені суландыру құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуі, оларды жөндеу және пайдаланудағы кемшіліктер орын алған. Кейбір шаруашылықтар, тіпті жайылым суландыратын құрылғылардың пайдалануға жарамдылығын айтпағанның өзінде, олардың саны қанша екенін де білмейді. Бұл дегеніңіз суландыру құрылғыларына бақылаудың, әрі есепке алудың жоқтығын растайтын бірден-бір дәлел. Шынтуайтқа келгенде, жайылымды суландыратын құрылғылар ешбір мекеменің (шаруашылықтың) бақылауында емес.Жекеменшікке немесе ұзақ мерзімді жалға берілген жайылымдық жерлер тиімсіз пайдаланатыны хақ. Мұндай құбылыстың орын алуының негізгі себебі - жайылым аймағына ғылыми-негізделген ұйымдастырудың жоқтығы. Ол жайылым түрін есепке алу, жайылымдық шөптерді толығымен пайдалану деңгейін сақтау, мал жайылу мерзімінің басталуы мен аяқталуын реттеу, мал жайылымы айналымы мен оған түсетін мал жайылу салмағын, оларды тиімді пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуі тиіс.Суландырылған жайылым аймағында мал шаруашылығын өркендету  өз жемісін берері даусыз. Мал басын көбейту мен оның өнімділігін арттыруға  жыл сайын жаңа жайылымдық жерлерді суландыру арқылы ғана емес, сонымен қоса қолда бар суландыру құрылғыларын дұрыс, әрі тиімді қолдану арқылы да қол жеткізуге болады. Біздің пайымдауымызша, осы мәселелерді кезек күттірмейтін келесі іс-шараларды іске асыра отырып, жүзеге асыруға болады:

        Суландырылған жайылым жерлерін тізімге алу мен геоботаникалық тексеру жүргізу, жаңадан суландырылатын жерлерді тіркеу мен оны қатаң есепке алуды жолға қою;

        Жайылым айналымын  енгізу негізінде жайылым жерлерін  қолдану, бір мал суатымен 2-ден  астпайтын мал отарын суғаруды шектеу ақылы жайылымға түсетін артық салмақ пен жайылымның мал тұяғымен тапталуына жол бермеу;

        Жайылымды  суландыратын құрылғылардың құрылысымен,  техникалық қызмет көрсетуімен  айналысатын мамандан-дырылған мекемелер  ұйымдастыру қажет.

       Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады. 
       Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. 
      Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.  
      Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар. 
      Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп-жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.

       Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тынайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады. 
      Түпкілікті жақсартылған шабындық-бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.  
      Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10% аз бөлігін жабатын учаскелер жатады. 
      Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және күшсіз болып бөлінеді. Егер оның ауданын 10%-дан 20%-ға дейін, ал томарлар 20%-дан көп жапқан болса күшті томарланған деп айтылады. Күшсіз бұталанған немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-ден 30%-ға дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда - ауданның 30%-дан 70%-ға дейін аумағын алып жатады. 
     Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді. 
      Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда болған жер учаскелері. 
       Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақытымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.

        Мал азығын өндіру

   1 Шалғындық мал азығы шаруашылығы 
Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта табиғи шабындық пен жайылымның негізгі типтері. Мал шаруашылығында шалғынның мал азығын өндірудегі орны. Бүгінгі кезеңдегі табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы. Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде шалғындық шаруашылығының дамуы мен келешегі. Еліміздегі және шет елдердегі шалғынтану ерекшеліктері. Мал азықтық жерлерді жіктеу оның көлемі. Әртүрлі аймақтарда таралуы. Табиғатта өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына адамзаттың тигізетін әсері: шөп шабу, суару, минералды тыңайтқыштар пайдалану, гербицидтер пайдалану т.б. 
Табиғи өсімдік қауымын есепке алу, әр типтеріне ерекше құжаттар толтыру, шабындық пен жайылымдардың өсімдік сапасын анықтау. Табиғатты қорғау міндеттері. 
   2 Шалғынтанудың биологиялық және экологиялық негіздері 
Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілік жүйелері және олардың жем шөптік ерекшеліктері. Өсімдіктердің өркен құру және тамыр жаю ерекшеліктері . шабындық және жайылым өсімдіктерінің өніп-өсу, даму кезеңі, оның ұзақтығы. Өсу мерзімі. Өсу мерзімі кезінде өсімдіктердің дамуы, жапырақтардың орналасу ерекшеліктері. Алшынкөк шығу ерекшеліктері. 
    Өсімдік және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы және өзара әсері. Шалғын өсімдіктерінің ылғалға, жылуға, жарыққа және ауаға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігіне топырақтың тигізетін әсері. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін биологиялық және ортаның өзгеру факторлары.  
    3 Табиғи шабындық және жайылымның негізгі өсімдіктері 
Табиғи өсімдіктердің мал азығын өндірудегі маңызы. Өсімдіктердің шаруашылық-ботаникалық топтары: астық, бұршақ, қияқ-өлең және аралас шөптер. Мал азықтық өсімдіктерді желінгіштігі, химиялық құрамы, сіңімділігіне байланысты салыстырмалы бағалау.  
    Астық, бұршақ, қияқ-өлең, күрделігүлділер, шатыршагүлділер, алаботалар, раушан гүлдер, айқышгүлділер, қырықбуындар тұқымдастарына жататын көп тараған өсімдіктердің түрлерінің қысқаша морфологиялық, экологиялық және өндірістік сипаттамалары. Олардың малазықтық қасиеттерін, әр аймақта малға тиімділігін, сіңімділігін бағалау негіздері. Шабындықтың өнімі туралы түсінік, жайылымның мал азықтық көлемі оны есептеу әдістері. 
  4 Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері 
  Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану. Шабындық пен жайылымға жеңіл-желпі мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу. Сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке қою. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту және алдын-ала себудің негіздері. Ауыспалы егіс қолдану. Шөп қоспаларының негіздері. Шөп тұқымдарын себу әдістері мен уақыты. Күтіп баптау негіздері. 
    Үстіртін жақсарту жүйесінің кейбір ерекшеліктері. Өзен алқаптарында екпе шабындықтар мен жайылымдар қолдану. Көлтабандағы табиғи өсімдік қауымын жақсарту. Сортаң жерлердің табиғи өсімдіктерін жақсарту, өнімін көтеру. Шөлейт жерлердің құм басқан жерлерін жақсарту. Таулы жерлердің жартылай шөлейт және шөлейт аймақтарында екпе шабындықтар мен жайылымдар орналастыру. 

     5 Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану 
Жайылым мен шабындықты тиімді пайдаланудың басты теориялық негіздері. Жайылым үлесі, жайылымдық шөптің қоректік құнарлығы және малды жазда жайылымда ұстаудың экономикалық тиімділігі. Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалануда қойылатын негізгі талаптар. Жайылым сыйымдылығы. Жайылымды пайдалану, шабындықты пайдалану жүйелері. Ауыспалы жайылым және шабындық айналымын енгізу. 
Көк балауса конвейері, маңызы және түрлері. Көк шөп пайдалану әдістері. Мәдени жайылымдар мен шабындықтар. 
    6 Мал азықтық егін шаруашылығы 
Мал азығын егістікте өсіру – жемшөп қорын жасап, мал шаруашылығының тікелей өркендететін, ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бір бөлігі. Танаптық дақылдар, оларды жіктеу қағидасы.  
Дақылдар туралы мағлұматтар. Қазақстанда таралуы.Алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы өндірісінің, ғылыми- зерттеу ошақтарының, аудандар мен облыстардың жетістіктері. Мал азығының жалпы өнімін көбейтуде және сапасын арттыруда республика алдында тұрған міндеттер. 
Өсіру технологиясы және жемшөп дақылдарын жинау ерекшеліктері. Интенсивтік егіншілікте малазықтық ауыспалы егістің орны. 
Ферма маңындағы малазықтық ауыспалы егістік, шабындық-жайылым ауыспалы егістігі. 
Өндіріске малазықтық егісті енгізу, оны толықтай пайдалану.  
    7 Жемдік дәнді дақылдар 
Жемдік астық дақылдарының өнімін молайту- мал шаруашылығын құнарлы жемдермен қамтамасыз ету, олардың тағамдық мал азықтық құндылығы және қолданылуы. 
Ерте егілетін жаздық дақылдар. Арпаның, сұлының шаруашылық маңызы. Биологиялық қасиеттері, таралуы, өнімі және сорттары. Интенсивтік өсіру технологиясы. Өнімді жинау мерзімі мен әдістері. 
Күздік дақылдар. Жүгерінің, қонақ жүгерінің, тритикале, дәнді мал азықтық бидай, қара бидайдың шаруашылық маңызы. Биологиялық қасиеттері, таралуы, өнімі және сорттары. Интенсивтік өсіру технологиясы. Мал азығына пайдалану ерекшеліктері. 
    8 Дәнді бұршақ дақылдары 
Халық шаруашылық маңызы және азық белогын көбейтудегі дәнді бұршақ тұқымдас дақылдардың алатын орны. Олардың малазықтық және агротехникалық маңызы. Қазақстанда ас бұршақ, ноқат, жасымық, май бұршақ, мал азықтық бұршақ өсірілетін аудандар. Өсірудің интенсивті технологиясы. Дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды басқа дақылдармен араластырып себу жолдары, маңызы. 
     9 Сүрлемдік дақылдар 
Жем-шөп қорын жасауда сүрлемдік дақылдардың маңызы. Сүрлемге салудың мән-мағынасы. Жоғары сапалы сүрлем салудың жолдары. Негізгі сүрлемдік дақылдар – жүгері, күнбағыс, қонақ жүгері. Олардың биологиялық және өсіру агротехникалық ерекшеліктері. Басқа да, әдеттен тыс сүрлемдік дақылдар (құлқайыр, мақсары, гүлтәжі, перко, рапс т.б.). олардың өсіру технологиясы. 
    10 Тамыр жемісті, түйнек жемісті және бақша шырынды мал азықтары 
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда шырынды мал азығының маңызы. Мал азықтық тамыр жемістілер. Қант қызылшасы және мал азықтық қызылша. Олардың халық шаруашылық маңызы. Биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы. 
Мал азықтық сәбіз, шалқан, тарна. Мал азықтық маңызы және өсетін аудандары. Оларды өсірудің агротехникалық негіздері. Тамыр жемістілерді қоймаға салу және сақтау жолдары. Тамыр жемістілердің сабағы мен жапырағын пайдалану. Түйнекті жемістілер. Мал азықтық маңызы. Картоп пен жер алмұртының мал азықтық құндылығы, өсетін аудандары, сорттары, өсіру технологиясы. 
Мал азықтық бақша дақылдары. Олардың мал азықтық құндылығы, таралуы. Мал азықтық қарбыздың, асқабақтың, кәдінің биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы. 
    11 Мал азықтық шөптер 
Екпе шөптердің азықтық ерекшеліктері мен маңызы. Олардың топырақ құнарлығын арттырудағы рөлі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер- жоңышқа, түйе жоңышқа, сиыр жоңышқа, беде, мүйізбас шөп. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер – еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жима тарғақ, тарлау, бидайық, субетеге, шалғындық қарабас, субидайық. Олардың малазықтық құндылығы, биологиялық ерекшеліктері, тарауы және өсіру технологиясы. 
Біржылдық бұршақ тұқымдастары (сиыр жоңышқа, сераделла, парсы бедесі, ноқат, жасымық, вигна, сары үрме бұршақ, егістік бұршақ, бөрі бұршақ) және астық тұқымдастары (судан шөбі, атқонақ, қонақ тары, күздік қара бидай, сорго-суданка буданы, біржылдық үй бидайығы). 
     12 Мал азығын дайындау және сақтау технологиясы 
Шөп дайындаудың және кептірудің теориялық негіздері. Әртүрлі пішен дайындаудың технологиясы (пішен-престелген, ұсақталған, түйіршіктер т.б.). 
   Пішендеме. Оны дайындауда қойылатын талаптар. Дайындау технологиясы. Сүрлем салу, оның сипаттамасы. 
   Мемлекеттік стандарт бойынша мал азықтары сапасын анықтау.  
    13 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы 
Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығының маңызы. Шабындық- жайылым өсімдіктерін тұқым алу үшін өсіру әдістері. Көпжылдық шөптерден тұқым алу жоспары. Тұқым шаруашылығында интенсивті технология қолдану. Әдеттен тыс өсімдіктердің тұқымын өсіру ерекшеліктері.  
    

Информация о работе Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары