Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:55, практическая работа
Ол 1743 жылы қыркүйектің 17-сі Рибмоне (Франция) қаласында дүниеге келді. Аристократтық отбасынан шыққан Кондорсе шіркеу және әскери мансаптан бас тартып, ғылыммен айналыса бастады. Оның, 16 жаста жазған, интегралдық есептер туралы диссертациясы (Опыт интегрального исчисления, Du calcul intgral, 1765) ғылыми аясында жоғары бағаланды. Анализдің тәжірибелері (Essays d'Analyse, 1768) деген еңбегі жарық көргеннен кейін, Кондорсе ғылым Академиясына мүше болды. Ол XVII ғасырда өмір сүрген әйгілі ғалымдар туралы еңбегін жазды (Eloges des acadmiciens... morts depuis 1666 jusqu'en 1699, 1773).
Жан Антуан де Кондорсенің биографиясы
Кондорсе принципі және Кондорсе парадоксы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра «Экономика»
СӨЖ
Жан Антуан де Кондорсе. Кондорсе парадоксы
Орындаған:
Тексерген:
Астана 2013
Жоспар:
I. Мари́ Жан
Антуа́н Николя́ де Карита́,
марки́з де Кондорсе́ (1743 - 1
Ол 1743 жылы қыркүйектің 17-сі Рибмоне (Франция) қаласында дүниеге келді. Аристократтық отбасынан шыққан Кондорсе шіркеу және әскери мансаптан бас тартып, ғылыммен айналыса бастады. Оның, 16 жаста жазған, интегралдық есептер туралы диссертациясы (Опыт интегрального исчисления, Du calcul intgral, 1765) ғылыми аясында жоғары бағаланды. Анализдің тәжірибелері (Essays d'Analyse, 1768) деген еңбегі жарық көргеннен кейін, Кондорсе ғылым Академиясына мүше болды. Ол XVII ғасырда өмір сүрген әйгілі ғалымдар туралы еңбегін жазды (Eloges des acadmiciens... morts depuis 1666 jusqu'en 1699, 1773).
Кондорсенің әлеуметтік ғылымдармен айналысуына септігін тигізгендер – оның ең жақын достары, Вольтер мен Тюрго. 1785 жылы ол Көпшілік дауыспен ықтимал мәселелерді шешудегі анализ қолдану тәжірибесі (Essai sur l'application de l'analyse la probabilit des dcisions rendues la pluralit des voix) деген еңбекті басып шығарды.
1791 жылы Кондорсе Париж
қаласының Заң шығарушы
Сондай-ақ, Кондорсе Жаңа Конституциялық жобаны құрған 9 адамның қатарында болды. Ол сол Конституцияның көлемді кіріспе бөлімін жазған. Бірақ, Ұлттық Конвент Кондорсе ұсынған кіріспесін қабылдамай, Геро де – Сешелеленің жазғанын халыққа жария етті.
Содан кейін, Кондорсе, жарияланған
Конституцияның барлық кемшіліктерін
өзі басып шығарған халыққа жолдауында
толықтай көрсетіп, халықты соны қабылдамауға
шақырды. Сол әрекет үшін, Ұлттық Конвент
оны мемлекеттік қылмыскер
1794 жылдың 26 – наурызда оны Bourg-la-Reine түрмеге отырғызды. Ал 29 – наурызда Кондорсе қайтыс болды.
II. 1785 жылы француз философы және математигі М. Ж. А. де Кондорсе депутаттарды сайлау кезіндегі қоғамдық таңдау мәселесіне байланысты еңбегін басып шығарды. Бұнда ең алғаш рет қоғамдық таңдау теориясына байланысты маңызды түсініктер – Кондорсе принципі және Кондорсе парадоксы еңгізілді.
Кондорсе принципіне сәйкес,
көпшіліктің қалауын аңықтау
үшін ( депутаттарды сайлаудағы абсолютті
дауыс санымен анықталатын
Кондорсе принципін дұрыс ұғу үшін оның еңбегінен сандық мысалын қарастырайық.
А) инфляциямен күресу; Б) қылмыспен күресу; В) жұмыссыздықпен күрес, және бұл жерде дауыс беретін барлығы 3 топ қана бар деп ұйғарамыз. Олар өз таңдауларын (А, Б, В) өз беттерінше бірінші, екінші немесе үшінші орын беру арқылы бағалайды. Бұл жағдайдағы шешім қабылдау үрдісін қарастыру үшін дауыс берушілердің қалауларын кесте түрінде көрсетейік:
Үш альтернативаның ішінен таңдау кезіндегі дауыс берушілердің қалаулары
Сайлаушылардың топтары |
Үш альтернативаның дәрежелері: | ||
1 2 3 |
А |
Б |
В |
1 3 2 |
2 1 3 |
3 2 1 |
Сонымен, сайлау процесі басталады.
Алдымен, сайлаушыларға А және Б бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Бірінші топ А бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын бірінші орынға, Б бағдарламасын екінші орынға қояды), Екінші топ Б бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын үшінші орынға, Б бағдарламасын бірінші орынға қояды), үшінші топ та А бағдарламасын таңдайды (бұл топтың қалауында А бағдарламасы еікнші орын алады, ал Б бағдарламасы болса үшінші орынға ие).
Содан кейін Б және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Б бағдарламасы таңдалады, өйткені бірінші және екінші топтар осыны қалайды.
Соңынан, А және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізілгенде, В бағдарламасы таңдалады, өйткені үшінші және екінші топтар В – ға дауыс береді.
Егер транзитивтілік принципі сақталса, онда Б бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын, В бағдарламасынан гөрі Б бағдарламасын қалай отырып, қоғам В бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын таңдауы тиіс еді. Бірақ, жоғарыда көрсетілгендей, қоғам В бағдарламасын таңдай отырып қарсы таңдау жасайды.
Бұл кесте қарапайым көпшілікпен дауыс берудің сәйкессіздігін, яғни тиянақсыздығын көрсететін Кондорсе парадоксын сипаттайды. Басқаша, Кондорсе парадоксын дауыс беру парадоксы деп те атайды. Сәйкесінше, көпшілікпен дауыс беру мәселесі бұл процедураның демократиялылығына қарамастан, әрқашанда дұрыс және әділ таңдауға апара бермейді.
Информация о работе Жан Антуан де Кондорсе. Кондорсе парадоксы