Жекешелендірудің заңды негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 12:44, реферат

Описание работы

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.

Файлы: 1 файл

Жекешелендірудің заңды негізі.docx

— 20.27 Кб (Скачать файл)

Жекешелендірудің заңды негізі

 

 

Қазақстан Республикасында  мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру  процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.

Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси  даналығы, қайтпас жігері республикамызда  мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі – 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік  орган – Мемлекеттік мүлікті  басқару жөніндегі Қазақ ССР  Мемлекеттік комитетінің құрылуы  болды, кейіннен «Мемлекеттік мүлікті  басқару жөніндегі Қазақ ССР  Мемлекеттік комитетінің мәселелері» туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.

1991 жылдан бастап мемлекеттік  мүлікті басқару тиімділігін  қамтамасыз ету және оны жекешелендіру  процестеріндегі заңдық және  нормативтік-әдістемелік базаны реторспективті талдау олардың заңды және нормавтивтік-әдістемелік актілермен біршама ретке келтірілгендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды  дамыта отырып, мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші  негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған  «Мемлекет иелігінен алу мен  жекешелендіру туралы» Қазақ  ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.

Келесі кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған «1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» қабылданды.

1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасында мемлекеттік меншікті  жекешелендіру мен құрылымын  өзгерту бағдарламасына сәйкес  жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің  бастауы болған, Жекешелендіру процесінің  қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995 жылы желтоқсанда заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіру туралы» Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.

1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.

Бұл жерде мемлекеттік  мүлікті басқару және оны жекешелендіру  процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.

2000 жылдан бастап республикамызда  жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.

2000 жылдан бастап қазіргі  күнге дейін Қазақстан Республикасында  мемлекеттік мүлікті басқару  және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік  мүлікті басқару тиімділігі және  жекешелендірудің салалық бағдарламасы  бірінші рет әзірленді және бекітілді, «Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Бұл ретте Мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз болып табылады.

Мемлекеттік мүлікті басқару  және жекешелендіру мәселелері жөніндегі  бағдарламалық, заң актілерін қабылдау осы процестерді реттейтін заңнамалық нормативтік құжаттардың бірқатар комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару мен оны жекешелендіру мәселелері ең басынан бастап уақыт шындықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып республика дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес тексерілген негізді, кешенді концептуалды, бағдарламалық, заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді. Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:

 

Мемлекет қарамағынан  алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;

 

Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.

 

Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырлады.

 

Тұрғын үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы және мемлекет мүлікті сатып алу купон әдісі негізінде екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:

 

Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.

 

Оны жузеге асыру келесі әдістермен өтті:

 

Келісілген жағдайда белгілі  бір инвесторға сату;

 

Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;

 

Акцияларды ашық сату.

 

Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру.

 

Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:

 

Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК);

 

ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.

 

Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион  және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру. ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын , барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталады.

 

Қосымша ақпарат. 5 мыңнан аса адам жұмыс істеген, кәсіпорынды қамтитын жеке жек... шелендіру шеңберінде, 5 кәсіпорын сатылған, оның ішінде шетелдік компанияларға 42 кәсіпорын сенімді басқаруға берілген.

 

Салалық құрлымда жеке меншік нысанының барлығынан аз көбі ауыл шаруашылығында болды – 32,2 пайыз, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда – 17 пайыз, өнеркәсіпте – 11,8 пайыз, құрлыста – 8,6 пайыз. Жеке меншік нысанында барлығынан аз кәсіпорындар сақтандыру, геология және жер қойнауын барлау кәсіпорындарында – 0,2 пайыз, жылжымайтын мүлік операциялары аясында – 0,1 пайыз болды.

 

Үшінші кезең Мемлекеттік  меншікті қайта құрлымдау мен  жекешелендіру бағдарламасында әзірленген шеңберде жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты – экономикада жеке секторды басым болуын бекіту мен жекешелендірудің негізгі үдерісін аяқтау болатын.

 

Кейбір кәсіпорындар жекешелендіру алдында қайта құрылымдалуы тиісті еді. Яғни бұл олардың белгілі бір құрлымдық өзгерістерден өтуі тиістігін білдіреді: мысалы, залалды кәсіпорынды алдын ала қалпына келтіру немесе оның ішінде өз бетімен жұмыс істей алатын құрлымды бөлу.

 

1996 жылдан бастап Қазақстанда,  мемлекеттік меншіктегі кез келген  жекешелендіру тек ақшалай қаражаттармен жүзеге асырлады. Бірақ қолданыстағы заң жекешелендірудің екі түрін қарастырады:

 

1. Саудада сату (аукциондар, тендер).

 

2. Тікелей атаулы сату  ( заңды тұлғада жалға алу құқығы немесе мемлекет акциясының бақылау пакеті болған жағдайда жүзеге асады, өйткені соңында сатып алу құқығымен сенімді басқаруға келісім бекітілген).

 

Үкімет жекешелендіруді секторлық бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Сөйтіп, мұнай-газ, көлік-өатнастық кешендерде; ҚР Сауда және экономика министрлігіндегі кәсіпорындар жүйесінде, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спортта жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы белгіленеді. Онда мемлекеттік меншіктің мена ерекше объектілері жекешелендіруге жатпайтыны көрсетілген: жер, оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, тарихи және мәдени ескерткіштер, мемлекеттік бюджет қоры, республикалық сақтандыру мен резервтік қорлар.


Информация о работе Жекешелендірудің заңды негізі