Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 16:52, реферат
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді.
1. Кіріспе
2. Жұмыссыздық түсінігі
3. Өтпелі экономиканың негізгі көріністері
4. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
5. Жұмыс нарығы
6. Жұмыссыздықпен күрес
7. Қорытынды
8. Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Жұмыссыздық түсінігі
3. Өтпелі экономиканың негізгі көріністері
4. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық
салдары
5. Жұмыс нарығы
6. Жұмыссыздықпен күрес
7. Қорытынды
8. Әдебиеттер тізімі
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың
бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден
екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп
жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды
алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық
проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты
және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан
айрылу олардың табысының азаюына, өмір
сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен
қатар психологиялық стреске алып келеді.
Осы себепті көптеген саясат адамдары
өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс
орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда
болу себептерін аныктайды, мемлекеттің
тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ
сонымен қатар көптеген экономистердің
ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық
ретінде қарастыруға болмайды.
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы
жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені
туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның
мақсатына осы жатады.
Анықтама бойынша жұмыссыздық – халықтың
активті бөлігінің жасауға қабілетті
жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай
келетін адамдардың азаюынан, адамдардың
санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз
ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген,
жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар
айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
• Фрикционды
• Структуралық
• Циклдық
• Сезондық
• Аймақтық
Құрылымдық
және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар
оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл
жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді.
Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи”
деңгейден жоғарылатады.Егер, жұмысбастылық
толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі
“Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп
айтылады және тағы бір жұмыссыздық түрі
бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс
пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде
туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың
дамуына ықпал етіп қалыптасады, және
де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік
тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.Жалпы
ең негізгі жұмыссыздық – фрикциондық,
құрылымдық, циклдық болып келеді.Жалпы
жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде
жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және
жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады.
Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін
талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын
тудыратын нақты факторларын қарайды.
Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады:
жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық,
технологиялық, институтционалды, ерікті,
жасырын тағы басқа.Жасырын жұмыссыздық —
өндірісте және мемлекеттік ақпаратта
артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі
болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың
қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың
жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға
болады.Институтционды жұмыссыздық еңбек
рыногының институтынан, құрылысынан,
ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан
туады.Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен,
өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар
жатады.Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс
күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы:
бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі,
әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т.б.Технологиялық
жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың
нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе
басқа мамандықты игеруді талап етеді.Жұмыссыздық
– экономикалық белсенді халықтың бір
бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеумерінен
туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс;
адамдар жұмыс істеуге қабілетті және
жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс
табылмайтын хал-жағдай.Жалпы жұмыссыздық
– үш критерийге қатар жауап беретін адам
жұмыссыз болып есептелетін кездегі жұмыссыздық,
олар:
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық– маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Жасырын жұмыссыздық(бүркемелі) – жұмыс істеглері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылыңқы жұмыссыздық– 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.
Өнеркәсібі
дамыған елдердегі
Жұмыссыздқ деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖБ=ЖС/ЖК*100
Мұндағы – ЖБ – жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.
2.Өтпелі экономиканың
негізгі көріністері
Өтпелі кезең – экономикалық жүйедегі
түбегейлі езгерістер есебінен елдің
экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін
уақыт аралығы.
Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы
өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының
азаюы экономикалық төмендеудің негізі
болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту
саласында тұрақты экономика мен өтпелі
экономика арасындағы айырмашылық айқын
сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің
төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың
өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі
нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі
инвестиция салудан экономика жағдайы
жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары
мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін
жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді.
Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің
жағдайын ескере отырып, онда статистика
мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы
алшақтықты ескеру қажет.
Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай
өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің
барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде
мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны
мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен
мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен
жалақының өсуі.
Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің
арасындағы корпоративті байланыстрдың
арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына
сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық
және олигаполдық механизмдердің күш
алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді
өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу
қажет.
1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен
макроэкономикалық өзгерістер арқылы
шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға
толтыру.
2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы
экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы
күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық
прогресс қажет.
3.Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық
салдары
Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері
сипатталады да, кумулативті характерге
ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады.
Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына
тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен
өлшенеді.
Енді сол-салдарларға тоқталсақ.
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі
2. әлеуметтік кернеудің өршуі
3. физикалық және психологиялық аурулардың
көбеюі
4. әлеуметтік дифференцияның өсуі
5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі
Пайдалы әсері:
1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының
артуы
2. Өз бос уақытының көбеюі
3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының
артуы
Экономикалық салдарлар:
Кері әсерлер:
1. Алған білімнің құндылығын жоюы
2. Өндірістің төмендеуі
3. Жұмыссыздарға көмек шығындары
4. Квалификациясын жоғалту
5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі
6. Ұлттық табыстың төмендеуі
7. Салықтың аз жиналуы
Пайдалы әсері:
1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс
күшіің резервін жасақтау
2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында
жұмысшылар арасында конкуренция
3. Білімін жоғарылату үшін уақыт
4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі
жоғарылауы
Жұмыс нарығы
Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына
әсер ететін бірқатар факторар пайда болды.
Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға
бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған
ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы
жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық
төлемейтін сектор жатады.
Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен
бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер
жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай
жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып
айта алмайды.
Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы
жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе,
елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын
жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден
бір бөлігін құрайды.
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады,
бірақта онда да жұмыссыздық бар және
ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына
жатқызуға болады.
4.Жұмыссыздықпен
күрес
Қазір көптеген мекемелер әлдекашан
ұмытылған проблема жұмыс кадрларының
кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп
болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне,
квалификациясы төмендеуіне байланысты
өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы
жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір
біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға
шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер
мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл
мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке
осы секторды басқару үшін белгілі бір
стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен
орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды
шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл
жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді,
себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы
салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын
өйткені ол кедей елдерден имигранттар
келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға
жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы
екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық
реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа
жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы
жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске
алған жөн.
Қорытынды
Жоғарыдағы айтылғандардан екі түрлі
қорытынды шығады.
1. Бізде жұмыссыздық бар, ол мәселе шешім
күтеді.
2. Жұмыссыздық қарама қайшылықтарға
толы.
Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық
жұмыс күштерін резервациялайтын қойма
рөлін атқарады. Әртүрлі структуралық
өзгерістерге ұшырау салдарынан пайда
болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі
бір уақыттан кейін басқа салаларды меңгеру
арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға
мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет.
Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі
түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі
кадр тапшылығы болса, екіншісі белгілі
бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер
ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен,
оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық
өзгерістер шешеді. Кез келген қоғамдағы экономикалық даму
барысында тұтыну тауарларының сұранымы
құрылымында және өндіріс технологиясында
маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер
өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның
құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге
байланысты кәсіптердің кейбір түрлері
азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері
көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда
болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге
баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының
нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне
байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық
пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы
елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда
жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына
болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші
жағдайда олар қайта даярланбайынша‚
қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚
тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша
жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық
неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚
ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ
мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол
қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық
болып табылады. Циклдік жұмыссыздық –
елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге
жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан
болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде
сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық
деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық –
кез келген қоғам үшін экономикалық және
әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық
дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚
тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың
елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне
әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың
біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік
қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік
және саяси жанжалдарға апарып соқтырады.
Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын
құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған
елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті
тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы
жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді.
Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық
болмай қоймайды деп есептеледі. Демек,
елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы
– ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын
білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі
жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі
болып саналады. Мұндай жағдай елдегі
жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде,
яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс
орындарының санына тең болғанда пайда
болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі.
Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын
табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық”
жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру,
жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу
мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт
керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны
бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс
күші рыногінің тең болмағаны. Екінші
жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда
жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚
яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа
мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға
өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар
мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын
уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа
ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына
байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы
байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар
саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда
біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі
әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында
жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы
инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс
ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына
орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық
бағдарламасына байланысты жұмыссыздық
деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге
түсе бастады .
Әдебиеттер тізімі:
1. Экономическая теория под ред.
В.Д. Камаева. М.: 1999
2. Общая теория денег и кредита: Учебник
/ Под ред. Б.Ф Жукова. – М: Банки и биржи,
ЮНИТИ, 1995
3.Орысша-қазакша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
4.Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
5.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Көпсалалы Гуманитарлы – Техникалық колледж
Реферат
Тақырыбы: Жұмыссыздық және оның түрлері