Жұмыссыздық пайда болуы мен себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 21:23, реферат

Описание работы

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.

Файлы: 1 файл

Эконо,срс.docx

— 22.41 Кб (Скачать файл)

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР             ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

 

                                Факультет: Халықаралық қатынастар

       Мамандық: Аймақтану

                            Пәні: Экономика теория негіздері 

                               СӨЖ

Тақырыбы:  Жұмыссыздық пайда болуы мен себептері

Орындаған: Данабаева Асем

Тексерген: экономика ғылымдарының кандидаты, профессор М.Д.Исқалиев

Топ:   207

Курс: 2

 

 

 

 

 

 

                                                    Алматы 2013

    Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады. 

    Менің ойымша, қазіргі күнде кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.

    Жалпы қорытындылайтын  болсақ, жұмыссыздық қоғамға көптеген  зиян келтіреді және инфляцияның  өсуіне ықпал жасайды, сондықтан  еңбекке қабілетті адамдардың  бар бөлігі өнім өндіруге қатыса  алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен  қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздықта ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

Анато́лий Фёдорович Ко́ни (29 января (9 февраля) 1844 года, Санкт-Петербург — 17 сентября 1927 года, Ленинград) — российский юрист, судья, государственный и общественный деятель, литератор, судебный оратор, действительный тайный советник, член Государственного совета Российской империи (1907—1917). Почётный академик Императорской Санкт-Петербургской Академии Наук по разряду изящной словесности (1900), доктор уголовного права Харьковского университета (1890), профессор Петроградского университета (1918—1922).

   

 

 

 

 


Информация о работе Жұмыссыздық пайда болуы мен себептері