Жобаның тақырыбы : «Қаржылық жоспар»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 07:40, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Содержание работы

Кіріспе
Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері

1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау

2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі

ІІІ. Қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы
3.1. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру
жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Каржылык жоспар Сибатов.docx

— 77.10 Кб (Скачать файл)

Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп секторын экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар мыналар: 
1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен халықтың жалпы санының ын  шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны б.т. 
2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне неғұрлым азырақ ұшырайды. 
3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді.

Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады. 
     Инвестициялар, ең алдымен, астық секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өндеу және жеміс - көкеніс дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі  және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.

Қаржылық жоспарлау  – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік  түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы  мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз.

Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне  ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады.

Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен  резервті қаржы көздерін қалыптастыру  жатады.

Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау — бұл экономиканы басқарудың маңызды функциясына жатады. Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар  шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады.  Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау  көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады. 
Қаржылық жоспарлау жағдайында қаржы жүйесінің барлық органдарының қызметі бірдей қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қаржы жүйесінің кейбір буындары  әлсіз болған жағдайда  қаржылық жоспарлау жүйесін даярлаудың қажеттілігі туындайды. Жоспарларды құру келесі жағдайларға әсер етеді 
•    Ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен нысандарына; 
•    Қаржылық ресурстарды салалық және аймақтық қайта бөлістіруге; 
Нақты ақша қорларының ақшалай қаражаттары сәйкес қаржы жоспарларына  сәйкес орналастырылады. Қаржылық жоспарлау жүйесінде ерекше, басты  орын алатын бюджеттік жоспарлау болып табылады. Бюджеттік жоспарлауда бюджетттік қорлардың қозғалысы, қалыптасу әдістері мен көздері, кірістері мен шығыстарының құрылымы айқындалады.  Бюджеттен тыс қорлардың қозғалысы: зейнетақы қорының, әлеуметтік сақтандыру қорының, мемлекеттік еңбекпен қамту қорының қаржылық жоспарларының кірістері мен шығыстарына ықпал етеді.  Бюджеттен тыс қорлардың қаржылық жоспарлауындағы кіріс бөлігіне заңды және жеке тұлғалардың ерікті және міндетті жарналары бейнеленеді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға қаржылары жетіспеген жағдайда бюджеттен займдық қаражат түрінде қаржылар түсуі мүмкін.  Осыған сәйкес бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қормен және басқа да, бюджеттен тыс қорлармен өзара тығыз байланыста болады.

Қаржылық жоспарлаудың көрсеткіштеріне мемлекеттің қаржылық жағдайын  талдауға қажетті  бастапқы материалдар жатады. Олар болашақты жоспарлаудың негізін құрайды.

Болжамдау –  бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау – қаржылық қатынастардың жетілдірілуі. 
Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар  орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады. 
Жоспарлау  бұл  өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.Финансы: учебное пособие – под ред. А.М.Ковалевой – М.: Финансы и статистика, 1998 г. 
2. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебинк /под ред. Е.С.Стояновой. – М.: Изд-во Перспектива, 2000 
3. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.

 


Информация о работе Жобаның тақырыбы : «Қаржылық жоспар»