Мен жастарга сенемин!

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 12:23, реферат

Описание работы

XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне М.Жұмабаев куә болды. Олардың бәрін ақын ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді. Қандай алапат өзгерістер, таңғажайып жаңалықтар туындап жатса да ақын жаны күйзелісте күй кешті, жүрегі ештеңеге елжірей қоймады. Өйткені ең негізгі мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбайды. Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға артады:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Файлы: 1 файл

мен жастарга сенемин.doc

— 24.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек  тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаев.

 

XX ғасырдың  бас кезіндегі шытырман оқиғалардың  бәріне М.Жұмабаев куә болды. Олардың бәрін ақын ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді. Қандай алапат өзгерістер, таңғажайып жаңалықтар туындап жатса да ақын жаны күйзелісте күй кешті, жүрегі ештеңеге елжірей қоймады. Өйткені ең негізгі мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбайды. Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға артады:

 

Арыстандай  айбатты,

 

Жолбарыстай қайратты,

 

Қырандай  күшті қанатты,

 

Мен жастарға сенемін!» – деп басталатын өлеңінде ақын, өзінің ертеңнен үміт үзбейтіндігін, бүгінгі кеткен есені, ұтылысты ертең-ақ «көздерінде от ойнаған, сөздері  жалынды, ар-намысты жандарынан да қымбат көретін» жастар қайтаратынына кәміл сенеді.

 

 Мағжан  жүрегіндегі халқына деген махаббат  оның поэзиясынан ерекше орын  алады. Соның жарқын бір мысалы  осы «Мен жастарға сенемін»  деп аталатын өлеңі. Олай дейтініміз ақын езілген, қорғансыз, күйзеліс үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы жанның ыңыранған ауыр күйін жеріне жеткізе суреттегенмен, жалпы халықты, ұлтты ертеңнен үміт үзбеуге шақырады. Себебі ақынның ұғымында оның туған халқы тағдырына қол қусырған, аяғының басына қараған, мұрнының ұшынан әріні көрмейтін, күні біткен, үміті үзілген мүсәпір халық емес. Керісінше, ақын поэзиясында үнемі ой үстінде жүретін, қимыл үстінде көрінетін, «үмітсіз – шайтан» деген түсінікпен күн кешетін халық бар. Олай болса ондай халықтан «Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер, Алтын Арқа жерім дер» жастардың туатындығына неге сенбеске?!

 

«Неге сенбеске?!»  деп бүгін айта салу оңай. Ал Мағжан ақын осы өлеңді жазған кезде (1922) көпшілік ұлттың ертеңінен күдер үзе бастаған. Ал одан кейінгі заманда бұндай үмітпен күн кешу мүмкін емес сияқты болып көрінетін. Сөйтсек ұлы ақын қателеспепті. 1986 жылы қазақ жастары ақынның:

 

Алаш –  айбынды ұраны.

 

 Алаштың  олар құрбаны,

 

 Мен  жастарға сенемін!

 

 Мен  сенемін жастарға,

 

 Алаш  атын аспанға

 

 Шығарар  олар бір таңда,

 

 Мен  жастарға сенемін! – деген  асқақ сенімін ақтап, сәуегей-әулиелігін  дәлелдеп берген жоқ па?!


Информация о работе Мен жастарга сенемин!