Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 19:02, реферат
Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Будда ілімі
2.2. Пайда болу тарихы
2.3. Буддизмнің таралуы
2.4.Қазақстандағы будда діні
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Будданың философиялық жүйесі өте күрделі әрі өте мазмұнды. Осының өзі оның Үндістан топырағында ғана дүниеге келгенін паш етеді. Қытай, Жапония, Корея жерлеріне келіп, халық арасына сіңген буддизм оқуы осы елдердің терең және күрделі философиялық жүйелерді қазбаламай, тайыздан қалқитындығына орай жеңіл ілімді секталар түрінде қалыптасқан. Соның бірі Қытайда кеңінен тараған дзэн-буддизм ілімі. Конфуциандық пен даосизмнің отанында ол төмендегі төрт түрлі бағытпен орныққан:
• қасиетті жазулардың қатысуынсыз айрықша ашылу;
• сөз бен әріптен тәуелсіздік;
• адамның рухани әлемімен тура байланыс;
• адамның қастерлі құпияларына қол жеткізу және Будданың кемелділігіне жету.
Дзэн-буддизмнің ерекшелігін білдіретін осы төрт бағытты кімнің және қашан айқындағаны белгісіз. Әйтеуір, Қытайдағы Тан династиясының басқаруы кезінде Будда осы іліммен Қытайда кеңінен тарай бастағаны белгілі. Дзэн ілімі қасиетті жазулардағы сөздерді және оған сүйеніп шығарылған түсініктер мен қорытындыларды жоққа шығарады. Ол адамзат жаратылған кезінен бастап, ақыл-ойды көп қуу сияқты қате жолға түскен. Біз ешқашан іске аспайтын көп ойлар мен көп сөздерді қуамыз. Олардың біздің санамызға әбден сіңіп кеткені сондай, біз оларсыз өмір сүру мүмкін емес дейтін болдық. Біз бәрі сөзде, ал істе ешнәрсе жоқ немесе оны екінші қатардағы дүние деп есептейміз. Осыдан арылу керек, дейді. Қытай халқының көп ойлап, көп сөйлемей, тек іспен көбірек айналысатыны осындай дінде болғандығының әсері секілді.
Буддизмнің Жапонияда таралуының 1500 жылдық тарихы бар. Соның ішінде оның қатты дамуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Соғыстан күйзеліп шыққан жапон халқы Будданың бұл дүниедегі харекет атаулының бәрі жалғандығын уағыздай келіп, төзімшілдікке шақырған идеологиясына мойынсұнған секілді. Бұған дейін де жапон қоғамының даму логикасына Будда ілімі сәйкес келсе, ендігі жерде ол тіпті қарыштай дамып береді. Бірақ Буддизмнің жапон қоғамына келген кезінен-ақ шұғыл қанат жая бастағанын көптеген ғалымдар айтады. Атақты шығыстанушы, академик Николай Конрад «орталықтанған мемлекет құрғысы келген тұлғаларға Будда ілімі барынша қолайлы. Өйткені, ол, біріншіден, адамның бойына жалпы мемлекеттік, әлемдік көзқарас қалыптастырып, топтық шеңбердің тар қыспағына қарсы күресуді сіңіреді. Екіншіден, буддизм ілім ғана емес, тамаша храмдық ұйым құра алды. Будданың храмдық иерархиясы монахтар және әр түрлі шендегі прелаттар Жапония қоғамына феодалдық қоғамның дайын үлгісін бере алды», деп жазған еді. Жапон оқымыстысы Мазахари Анэсаки де өз елінің өркениеті жоғары қарқынмен дамығаны үшін Буддизм мен Конфуциандыққа алғыс айтуы керектігін айтады. Сонымен бірге, «Буддизм өзінің бесаспап идеялары арқылы жапондардың діни өміріне жаңа қуат пен серпін берді және діни-эстетикалық талғамдарын тазартты», дейді ол. Жапония тарихында 794 жылдан басталып, 1185 жылға дейін қалыптасқан Хэйан дәуірінде Буддизм арал мемлекетте қатты дамиды. Дәл осы уақыттарда будда храмдары экономикалық жағынан қуатты және идеологиялық жағынан барынша ықпалды ұйымдарға айналады. Будданың осында ІХ ғасырда туған Тэндай атты бір тармағы бірнеше ғасыр бойы Жапонияның ресми діні ретінде танылды. Оның негізін қалаушы алғашқы патриарх Сайте будда доктринасына сүйене отырып, теократтық мемлекет құру жоспарын да дайындаған. Жапонияда «сэйке – итти» атты дін мен саясаттың бірлігін уағыздайтын қағидат нақ осы кездерде өмірге келген.
Әрине, Буддизмнің дамуына жергілікті діндердің кесірі аз тиген жоқ. Ондай әрекеттер Жапонияда да болды. Әсіресе, Хэйнан дәуіріндегі ребусинто атты жергілікті діннің кедергісі көп болса керек. Бірақ елдің даму болашағына идеологиялық негіз қалайтындығы белгілі болған соң, билік Буддизмнің дамуына еркін жол ашады. Сонымен қатар, Буддизм VІІ – VІІІ ғасырларда Жапонияға келген конфуциандық пен даосизм ілімдерімен бейбіт қарым-қатынас орнату проблемаларына ұшырайды. Бірақ бұл уақыттарда Буддизмнің қоғам мен мемлекеттегі ықпалы оны ығыстырып шығаруға болмайтын дәрежеге жеткен екен.
Жапониядағы Буддизм тарихын зерттеушілер мыңдаған дерек көздеріне тап болады. Мұндағы будда храмдарының ежелгі архитектурасы, қылқалам өнімдерінің стильдері, сонымен бірге, діни рәсімдердің сақталған бұйымдары Жапониядағы Буддизмнің даму генезисінен мол ақпараттар береді. Сонымен бірге, оның материктік Буддизмге қарағандағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқын сезіліп тұрады. Будданың рәсімдері, діни мейрамдарын атап өту салты да осы тұрғыда көптеген ақпараттар бере алады.
Буддизмнің ең жақсы тараған және дамыған өлкелерінің бірі – Тибет. Мұндағы Буддизмге бұрын ламаизм деп қате баға беріліп келген. Буддизмнің мұндағы ерекшелігінің бірі – іліммен қатар, рухани және зайырлылықтың қайта туу деп аталатын өлшем арқылы көрнекті буддист тұлғалардан кейінгілерге берілу салтының ХІІІ ғасырдан бастап өмірге келуі. Бұл – Тибет өркениетін басқа әлемнен қатты ажырататын әрекет. Осы әрекет рухани және зайырлы билікті Далай-ламаның төңірегіне топтастырған.
Буддизмді қабылдаған алғашқы тибеттіктер ІV ғасырдағы цяндар болып табылады. Бірақ түрлі себептермен ол кезде Будда ілімі кеңінен тарай алған жоқ, тек VІІ ғасырдан бастап қана Тибетте махаян ағымы қатты дами бастады. Ол уақытта Тибеттің билігі Шығыс Түркістан жазығындағы оазис – мемлекеттерге де жайылған болатын. Ал Батыс Түркістанда Буддизм Самарқандқа дейін тарады. Қазіргі Қырғызстан аумағында да будда храмдарының қалдықтары табылған. Сондай-ақ мұнда Будданың тасқа қашалған ілімдерінің сілемдері қалған. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанда тараған шаманизм Буддизмнің еркін тарауына кедергі келтірген. Бұл екі діннің ортақтас тіректері көп, әсіресе, Буддизмге шаманизмнен енген салттар көптеп саналады.
ІХ ғасырда Тибетте Буддизм қуғынға ұшыраған. Ол тек Х ғасырда тоқтап, Үндістаннан дінді таратуға жаңа миссионерлер шақыртылған. Тибет Буддизміндегі ұлы тұлға Далай-лама болып табылады. «Далай» деген сөздің өзі моңғол тілінен аударғанда «мұхит» деген мағынаны білдіреді. Демек, Далай-лама мұхиттай мол білімді буддист деген ұғымды танытады.
Тибет Буддизмін дәстүрлі Буддизммен салыстыра отырып, зерттеген оқымыстылар олардың 85 пайызы бір екенін анықтаған. Будданың мәтіндері тибет тіліне санскриттен аударылса, тек аз ғана бөлігі қытай тілінен жеткен екен. Сондықтан да оның дәстүрлі Буддизмнен айырмашылығы шамалы. Тибетте Буддизмнің мәтіндерін, Будданың өз сөздерін сақтаған канджур және үнділік түсініктерді топтастырған танджур атты алып жинақтар бар. Бұлар буддалық әдебиеттің әлемдегі ең үлкен жинағы деп саналады. Өйткені, Үндістанның өзінде буддалық дәстүрлер түркілер жорығынан кейін шеттетіліп, басқа діндерге, соның ішінде Ислам мен Индуизмге жол бере бастаған еді. Буддизмнің кейінгі тарихтағы дамуына Тибеттің қосқан үлесі зор.
Моңғолия буддизм дәстүрімен ХІІІ ғасырдан бері таныс болып келеді. Үгедей ханның баласы Қодан буддизмнің Тибетте пайда болған тармақтарының бірі – Сакья мектебінің басшысы Кунг Гьелценді өзіне шақырып, рухани көсем еткен. Бұл дәстүрді Хубилай хан да жалғастырып, Буддизмнің Моңғолияда тарай түсуіне үлесін қосқан. Оның кезінде Буддизмнің мәтіндерін моңғол тіліне жеңіл аудару үшін жаңа әліпби де енгізілген. Шыңғыс ханның Хубилайдан басқа ұрпақтары да Буддизмге енген. Соның ішінде Шығыс және Батыс Түркістанды билеген Шағатай ұлысының кейінгі хандары, парсы жұртын басқарған Ильхан ұрпақтары Буддизмді қабылдаған. ХVІ ғасырдың аяғында Моңғолияда будда храмдарын салудың жаңа архитектурасы енгізілді. Соның ішінде моңғолдың алғашқы астанасы Қарақорымның орнына салынған Эрдени-дзу монастырын айтуға болады. Мұнда оқымыстылар будда шығармаларына моңғол тілінде түсінік берумен айналысқан. Сондай-ақ Тибеттен келген монахтық дәстүр қалыптасқан. Бір сөзбен айтқанда, тибеттік Буддизм Моңғолияда жергілікті жағдайға икемделіп, берік орын тепкен.
Буддизм Маньчжурияға ХVІІ ғасырда енді. Ал Қытайды қосып алған соң Бейжіңде тибет храмы салынды. Сондай-ақ басқа қалаларда да Будда монастырлары салынды. Тибет тіліндегі Канджур де толығымен маньчжур тіліне аударылды.
Бұрынғы КСРО аумағында буддизм Бурятия мен Тывада тараған. Соның ішінде ол Бурятияға ХVІІ ғасырда Моңғолия арқылы еніп, Байкөл бойындағы тұрғындар арасына жайылған. Ал екінші жол Тибеттің өзінен жеткен. Орыс патшасы буряттардың моңғол Далай-ламасына бағынуын тоқтату үшін бурят буддистерінің көсеміне Хомба-лама деген титул береді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында бурят буддистері қызылдардан қашып, ішкі Моңғолияға өтіп кетеді.
Туваның түркітілдес тұрғындары арасына Буддизм ХVІІІ ғасырда тарады. Сондай-ақ Буддизм Еділдегі қалмақ жұртының арасында жақсы жайылған.
Міне, Буддизмнің қысқаша айтқандағы таралу тарихы мен географиясы осындай
Қазақстандағы будда діні. Қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де ішінара тарала бастады. Әсіресе II-ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағызшылары белсенді әрекеттер жасады. Бірақ, будда дінінің VІ ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. Мәселен, VІ ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында Таспар қағанның өз сарайына соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдыртып, буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.
Бұдан қағандардың будда
діні негізінде әлеуметтік-
VIII ғасырдан түркілер
біртіндеп ислам дінін
Буддизмнің Қазақстанға келуінің жаңа толқыны XVI-XVIII ғғ. жоңғар шапқыншылықтарымен байланысты болды. Сол кезеңдегі будда ғибадатханаларының Жетісу, Балқаш және Орталық Қазақстан далаларында сақталған қалдықтары табылған. XIX ғ. бас кезінде Медеу шатқалында будда ғибадатханасы тұрғызылғаны белгілі.
Алматы маңындағы Тамғалы-Тас қабырғаларындағы будда бейнелері мен діни тексттер әлі күнге дейін сақталған. Тарихшылар осы жазбалардың нақты уақытына қатысты келісімге келе алмай отыр. Бұл кезді олар XII ғ. дан ХVII-ХVIII ғғ. деп көрсетуде.
Қазіргі таңда, Казахстанда ресми деректер бойынша бес буддалық бірлестік тіркелген. Оның үшеуі тибеттік ламаизм және екеуі корейлік вон-буддизм. Тибеттік-буддалық орталықтарының бірі 1996 ж. Орал қаласында ашылды. Будда дінін ұстанушылар негізінен калмыктар мен корей диаспорасы. Будда іліміндегілердің арасында өзге ұлт өкілдері де кездеседі.
Тамғалы-тас мекеніндегі
Текелі мекеніндегі буддалық мүсін “
Бұл дін өзінен көп бұрын пайда болған хиндуизмнің тамырынан нәр алған. Ежелгі үндістандықтардың тарихымен үндесіп, дамыған хиндуизмнен салт-дәстүр, аңыз, символизмнен бастап философиялық ойлар мен пайымдарға дейінгі көп ілімдерді мұра етіп қабылдады. Будда адам баласының дүниеге келуі мен қайтуының циклін түсіндірді. Онда пенде өзінің жасаған әр ісінің нәтижесі мен салдарын көреді деген философиялық тұжырым жасалады. Дәл бүгін тірі организм болып жүрген тәніңіз бұрынғы тірлікте жасаған ісіңіздің нәтижесі деп танытты. Өмір дегеніміздің өзі өлімнің тікелей жалғасы. Аталмыш цикл үзілмейді. Әр жан иесі қиналады, осы ауырпалықтың бәрі оның бұрынғы тірлікте жасаған «иттіктерінің» салдары. Ал, қиналмау үшін бейнеттің өзімен емес, соны тудырған себеппен күресу қажеттігін уағыздады. Себептің өзі бұрынғы тірлікте өтіп кететіндіктен уақытты кері қайтара алмайсың. Сондықтан, тек қана кейін қиналмау үшін алдағы бейнеттің салдарын бүгін тудырмауың керек. Будданың адал өмір сүру жайындағы қағидасы осы тұстан туған. Оны қазақы ұғымға салсақ, «не ексең соны орасың» дегенге келіп саяды. Ғылыми түрде істің нәтижесінен туатын жауапкершілік ретінде түсінуге негіз бар. Осы дүниедегі тірлікте жақсылық жасасаң кейінгі өміріңде жемісін көресің, ал, жамандық істесең азабын тартасың дегеніне қарап адамның қалай болуы тек өзіне байланысты екендігін аңғаруға болады. Будда қайтыс болғаннан кейін шәкірттері оның қағидаларының басын құрап Трипитика атты ғибратнамасын жарыққа шығарған. Тағы бір туындысы бар, ол Дармапад аталады. Будда шәкірттерінің «Нама будаяа, нама дармаяа, нама сангаяа», яғни, «буддаға табынайық, будданың қағидасына табынайық, оның ғибратнамасын таратушыларға тағы бас иейік» деген мағынаны білдіретін сөзі кейін «үш асыл» аталып кеткен.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
2.Маркова “Культуралогия”
3.«Діндер тарихы мен теориясы» 9 томдық анықтамалар
4.Альбедиль М. Ф. Буддизм. — СПб.: Питер, 2007. — 224 с. — (Религии мира).
5.Ежелгі шығыс философиясы. Буддизм