Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 07:44, статья
Қазақстандағы буддизм тарихы Зерттеушілердің пайымдауынша, Пәкістан және Ауғансатн аумағы арқылы Үндістаннан Орталық Азияға буддизмнің енуі б.д.д. І ғ. басталды. ІІ-ІІІ ғғ. бастап буддизм ілімі қатарында соғдылық тайпа өкілдері басым болған буддизм діні миссионерлері арқылы белсенді түрде тарала бастады. Ежелгі Жібек жолы (Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан аумағы) бойында будда мәдениетінің көптеген ескерткіштері табылған. Оның ішінде ең танымалдары Термезедегі ІІ-ІІІ ғғ. Қаратөбе монастыры,
Қазақстандағы буддизм тарихы
Зерттеушілердің пайымдауынша, Пәкістан
және Ауғансатн аумағы арқылы Үндістаннан
Орталық Азияға буддизмнің енуі б.д.д.
І ғ. басталды. ІІ-ІІІ ғғ. бастап буддизм
ілімі қатарында соғдылық тайпа өкілдері
басым болған буддизм діні миссионерлері
арқылы белсенді түрде тарала бастады.
Ежелгі Жібек жолы (Қазақстан, Өзбекстан,
Түркіменстан және Қырғызстан аумағы)
бойында будда мәдениетінің көптеген
ескерткіштері табылған. Оның ішінде ең
танымалдары Термезедегі ІІ-ІІІ ғғ. Қаратөбе
монастыры, Смугдадағы Санзара алқабында
табылған ғибадат үйі, Марадағы ескерткіштер
кешені, Тоқарыстандағы VII-VIII ғғ. Ажына-тепе
будда монастыры, Кувадағы (Ферғана) будда
храмы, Жетісудағы Ақ-Бешім және Қызыл
теңіз храмдары болды. Шу алқабында орналасқан
Ақ-Бешім (ежелгі Суяб) қалашығындағы екі
ірі будда храмдарының қазбалары үлкен
қызығушылыққа ие. Храмдарда Будданың
мүсіндері, буддизм пантеоны кейіпкерлерінің
бейнелері табылған. VI ғ. бастап буддизм
түркілерге маңызды ықпал ете бастады.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда археологтар
буддизм дінінің кейіпкерлері мен оқиғалары
бейнеленген храмдар, монастырлар, сондай-ақ
мүсіндер табылды. Ұқсас ескерткіштер
Шымкентке жақын жерде Талас өзенінің
бойында, сонымен қатар Жамбыл облысында
– Тектұрмас пен Баласағұнда да табылған
болатын. Атақты ортағасырлық шахар Исфиджаб
(Сайрам) қаласының үйінділеріне жақын
жерде жерасты будда монастыры табылған.
Орталық Азияда ерте тибеттік буддизмнің
таралуына қытайлық ықпал болды. VIII ғ.
Тибет бақылауында Шығыс Түркістан мен
Қырғызстанынң бір бөлігін қоса алғанда,
көптеген көрші жерлер болған ірі мемлекет
болған. Х ғ. ислам діні Қараханид мемлекетінің
мемлекеттік діін болып жарияланғаннан
кейін буддизм дінінің ықпалы әлсірей
бастады. Бірақ, кейінгі жүз жылдықтарда
да буддизм діні белгілі деңгейде өз ықпалын
сақтап қалды. XVI-XVIII ғғ. жоңғарлардың қоныс
аударуы мен шапқыншылықтарының нәтижесінде
буддизм Қазақстанда да тарала бастады.
Жоңғар хандығы кезеңіне тән монастырлар
Жетісу мен Орталық Қазақстанның далалық
алқаптарында табылды. Сондай-ақ, XIX ғ.
басында Алматы қаласына жақын жердегі
Медеу шатқалында ағаштан жасалған буддалық
монастыр салынған. Алматы маңындағы
Тамғалы-Тас шатқалында табылған бірнеше
буддалар мен буддалық мәтіндер де археологиялық
ескерткіштер болып табылады. Бейнелердің
жасалу уақыты ретінде XII ғ. бастап ХVII-ХVIII
ғғ. белгіленген. 1996 жылы Орал қаласында
Тибеттік будда орталығының негізі қаланды.
Қайта тіркеу үдерісі нәтижесінде 2012 ж.
Қазақстанда Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан
облысында орналасқан 2 будда діни орталықтары
қызмет етеді.
Источник: http://e-history.kz/
©
e-history.kz