Қазіргі дін және діни қатерлер мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 18:59, контрольная работа

Описание работы

Ерте заманнан бастап адам баласы өзінің шығу тегі, тіршіліктің мәні мен пайда болуын діннің көмегімен түсіндіргісі келді. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін 40–50 мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Оның алғашқы бастамасы ретінде «тотемизм», «анемизм», «шаманизм» секілді ұғымдарды жатқызуға болады. Алайда, қоғамның дамуына байланысты, адамның дінге деген көз қарасы да өзгере бастады. Оның ішінде б.з.б 2-ші мың жылдықта пайда болған «Иудаизм», немесе б.з.б VI-V ғғ. пайда болған «Зароастризм» діндері. Қазіргі кезде дүние жүзі халқы, негізінен, әлемдік үш дінді ұстанады (ислам, христиандық, будда). Соның ішінде мен озімның жобамда «Ислам» діні және оның діни-мәдени негіздеріне толықтай тоқталам.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1) Ислам дінінің пайда болуы және Қазақстанға келуі
2) Ислам дінінің ағымдары
3)Діни Экстремизм
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Файлы: 1 файл

Ислам.docx

— 40.64 Кб (Скачать файл)

 

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

«Экономика және Менеджмент» кафедрасы

 

               Халықаралық Қатынастар факультеті

 

 

 

Тақырыбы: «Қазіргі дін және діни қатерлер мәселесі»

 

 

 

 

                                                             Орындаған:

                                                        Топ:

   Тексерген:               

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

 

 

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі  бөлім:

1) Ислам дінінің пайда болуы және Қазақстанға келуі

2) Ислам  дінінің ағымдары

3)Діни  Экстремизм

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

 

«Барлық ақылды адамдар бір және баянды дінге құлшылық етеді. Қандай? Ақылды адамдар ол туралы ешқашан айтпайды».

 

БЕНДЖАМИН   ДИЗРАЭЛИ


 

 

 

Мен озімнің жобамды Дизраэлидің сөзімен бастауымның өзі тегіннен-тегін емес. Себебі, қазіргі әлемде көптеген діни ағымдар баршылық. Солардың ішінде кайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін анықтау мүмкін емес. Бірақ, бәрімізге ортақ Жаратушының, яғни бір тылсым күштің бар екені анық.

Ж



алпы, «Дін» дегеніміз не? Ең әуелі, Дін (лат. religio,  religare – біріктіру, қосу) дегенді білдіреді. Дін – адамзат қоғамындағы өте күрделі және де аса маңызды әлеуметтік-мәдени санасы. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

    Ерте заманнан  бастап адам баласы өзінің  шығу тегі, тіршіліктің мәні мен  пайда болуын діннің көмегімен түсіндіргісі келді. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін 40–50 мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Оның алғашқы  бастамасы ретінде «тотемизм», «анемизм», «шаманизм» секілді ұғымдарды жатқызуға болады. Алайда, қоғамның дамуына байланысты, адамның дінге деген көз қарасы да өзгере бастады. Оның ішінде б.з.б 2-ші мың жылдықта пайда болған «Иудаизм», немесе б.з.б VI-V ғғ. пайда болған «Зароастризм» діндері. Қазіргі кезде дүние жүзі халқы, негізінен, әлемдік үш дінді ұстанады (ислам, христиандық, будда). Соның ішінде мен озімның жобамда «Ислам» діні және оның діни-мәдени негіздеріне толықтай тоқталам.

ІІ

Ислам дінінің пайда болуы және Қазақстанға келуі


 

Ислам — әлемдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік,  «мойынсыну, бағыну» болып табылады.    Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. 

 

Мұсылмандардың негізгі  діни кітабы Құран Кәрім, Аллаһ тарапынан түсірілген. Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғампарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим(Авраам), Мұса(Моисей), Иса(Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед. Ислам дінінде ерекше орын алатын зат ол Иман.

    Иман — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:

 

  1. Аллаһқа иман келтіру
  2. Періштелерге иман келтіру
  3. Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру
  4. Пайғамбарларға иман келтіру
  5. Ақырет күніне иман келтіру
  6. Тағдыр мен қазаға иман келтіру

 

      Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. X ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Қазақстанға Ислам дінінің келгеніне 1250 жыл болды. Ислам өркениеті қазақ халқына Отырар, Сайрам, Түркістан, Өзкент қалалары арқылы ықпал етті. Оңтүстікте жақсы дамыған қала мәдениеті мұсылманшылықтың орнығуына оңды ықпал етті. Ислам діні — өте икемшіл дін. Ол құранда жазылған уағыздар, шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіре отырып, сол халықтардың жергілікті әдет-ғұрыптарына икемделе де білген, олармен санасқан. Мұсылмандық: «суннит» «шийттік» болып екіге бөлінеді. Қазақтар оның сунниттік бағытына жатады.

     Ислам дінінің қазақ жерінде орнауы халықтың рухани, идеялық жағынан бірігуіне, ынтымақтасуына жағдайжасады. Мұсылмандық: кентті (қалалы) өңірлерде, ең алдымен, оңтүстікте, содан соң Жетісуда таралып орнықты. Орталық, шығыс, солтүстік, батыс аймақтарындағы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтар арасында ислам діні XII ғасырға дейін біртіндеп таралды. Мұсылмандық этикасының, мәдениетінің казак жеріне таралуына әл-Фараби ат-Түрки, әл-Жаухари, Исхан әл- Фараби, әл-Қимани, Бақырғани, Жүсіп Баласағүни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, т.б. өлшеусіз еңбек етті.

Ислам діні — қазақ халқын мұсылмандық мәдениетке жақындастырып, ғылым-білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына,қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуі — қалың бұқара арасында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасады.

Ислам дінінің ағымдары


 

 

Мұхаммед  пайғамбар айтқан:

 

«Шын мәнінде  меннен кейін өмір сүргендерің көптеген қайшылықтар (ихтиләф) көреді, сондықтан  менің және тұра жолмен жүретін әділетті халифалардың Сүннетін ұстаныңдар. Бұны азу тістеріңмен ұстаныңдар және бидғаттан сақтаныңдар, себебі әрбір  бидғат — адасу»


 

 

 

Расында да Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен соң Ислам діні көптеген киыншылықтарға тап болды. Бұрын сонды тату тәтті өмір сүрген «Жамағат» бірін-бірінен бөліне жатып көптеген ағымдарға бөліне бастады. Қазіргі кезде Ислам діні  20 ірі ағымға бөлінген :

  1. Әһлі-Сүннет (сүнниттер)
  2. Сәләфилер
  3. Сопылар
  4. Ашғария
  5. Матуридия
  6. Мутазилалар
  7. Джәһмилер
  8. Қадарилер
  9. Джәбрилер
  10. Құраншылар (құраниттер)
  11. Харижилер
  12. Ибадилер
  13. Мурджиялар
  14. Шиғалар (шииттер)
  15. Зәйдилер
  16. Исмаилиттер
  17. Таблиғи жамағат
  18. Хизб ут-тахрир
  19. Ихуан әл-муслимин
  20. Ваххабизм

 

 

 

Міне осышама көптеген ағымдар Ислам дінінде орын алады. Әр адам өзіне жақын, өзіне дұрыс  көрінетінін таңдар. Алайда, ең бастысы тұрақты шектен шығуға болмайтынын еске алу жөн. Біздің Қазақстан Республикамыз соның Сүнниттік ағымына жатады. Сол себептен бүгін мен, осы тізімның ішіндегі ең ірі, әрі жобамызға қатысы бар ағымдарға тоқталам.

 

 

Әһлі-Сүннет (сүнниттер)


 

Әһл әс-Cунна (араб., Сүннет адамдары) – Сүннетке мойынсұна, оны қолдап-куаттаушы суннитер тобының аты. Сүннет – мұсылмандардың шариғат заңдарының нағыз шынайы қайнар көзі болып табылады.

   Әлем бойынша өздерін мұсылман санайтын адамдардың басым көпшілігі (90%-ға жуық) өздерін Әһлі-Сүннетке (Әһл әс-сунна — сүннетті ұстанушылар) жатқызады. Сүннетті ұстанушылар Мысыр, СаудАрабиясы, Сирия, БАӘ, Қатар, Түркия, Алжир, Ливия, Марокко, Мавритания,Судан, Сомали, Палестина, Иордания, Пәкістан, Ауғанстан, Малайзия, Индонезия, Бангладеш, Орта Азия елдерінде, Татарстан, Башқұртстан,Солтүстік Кавказ елдерінде мұсылмандардың көпшілігін құрайды.

   Әһл әс Суннаның  негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифаны мойындау (Әбу Бәкр, Омар, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб),  алты хадистер жиынтығын мойындау (Сахих әл-Бұхари, Сахих Муслим, Сунан Әбу Дәуд, Жамиғ әт-Тирмизи, әс-Сунан әс-Суғра, Сунан Ибн Маджаһ) және негізгі төрт сунни мазһабтың (фиқһ мектебі) біріне тиістілігі (малики, ханафи, ханбали және шафиғи мазһабы).

    Қазақстан мазһабтардың  ішіндегі Ханафи мектебіне жатады.

 

 

Шиғалар (шииттер)


 

Шиизм (араб.: — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым. Шиғалар алғашқы болған Әбу Бәкр, Омар, Османды халиф ретінде мойындамай қоймай, оларды зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. Олардың көзқарасы бойынша Пайғамбардан кейін мұсылман әлемәнде билікке ең лайық болып Әли ибн Әбу Талибті санады. Олардың көзқарасы бойынша Әли және оның ұрпағы қателерден сақталған, олардың сөздері шариғат саналады. Олар көптеген сахабаларды Мұхаммед пайғамбардан  кейін Ислам дінінен қайтқан кәпір санап, сондықтан Сүннеттен жеткен хадистерді мойындамайды. Осыған қоса олар Құран Кәрім өзгертілген санайды, оның дұрыс нұсқасы Әлиде болды деп ойлайды.  Шииттердің кейбіреулері Айша ананы Әлиге қарсы шыққаны үшін балағаттап, зина жасады деп айыптайды, оны тозақтық санап, қайтыс болған күнін тойлайды.

 

 

Сопылар (тасаууф)


 

Сопылық немесе тасаууф (араб.: taṣawwuf) — зуһд , жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру.Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесехақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء‎ — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы(араб.: صوفي‎, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды.

 

Құраншылар (құраниттер)


 

 

Құраншылар (құраниттер) — Сүннетті мойындамай, тек қана Құранға еретін топ. Олар Сүннетте қателер бар, кей жерде Құранға «қайшы келеді» деп, Сүннетке еруді парыз санамайды, оны ойдан шығарылған санайды. Мұсылман ғалымдары бұл пікірлерді адасу санап, Сүннетсіз намаз, ораза, зекет секілді құлшылықтар мен басқа да үкімдерді реттеу мүмкін еместігін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://adyrna.kz/?p=1635 

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%80%D0%BE%D1%80

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%80%D0%BE%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%BC

http://www.adilet.gov.kz/ru/node/16463


Информация о работе Қазіргі дін және діни қатерлер мәселесі